- •05В130100 «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 4 курс білімгерлеріне 2014-2015 оқу жылына арналған объективтік құрылымды клиникалық емтиханның станциялар тізімі.
 - •Орындалу алгоритмі Өкпе аускультациясы.
 - •Орындалу алгоритмі Жүрек аускультациясын және техникасы
 - •Орындалу алгоритмі Артериялық қысымды өлшеу.
 - •Орындалу алгоритмі экг тіркеу техникасы және ережесі
 - •Орындалу алгоритмі экг нормасын талдап беру
 - •Орындалу алгоритмі
 - •Орындалу алгоритмі Пикфлоуметрия
 - •Орындалу алгоритмі Глюкометрия
 - •Ішкі аурулар кафедрасы бағалау парағы Өкпе аускультациясы
 - •Ішкі аурулар кафедрасы бағалау парағы Жүрек аускультациясы
 - •Ішкі аурулар кафедрасы бағалау парағы экг тіркеу ережесі және техникасы
 - •Ішкі аурулар кафедрасы бағалау парағы Электрокардиограмманы түсіндіру және талдап беру
 - •Ішкі аурулар кафедрасы бағалау парағы Рентгенологиялық түсірімді талдап беру
 - •Ішкі аурулар кафедрасы бағалау парағы Пикфлоуметрия
 - •Ішкі аурулар кафедрасы бағалау парағы
 - •Лабораториялы-құрылымды мәліметтерді талдап беру
 - •Ішкі аурулар пәні Емтихан қабылдаушыға ақпарат Жүрек аускультациясы.
 - •Ішкі аурулар пәні Емтихан қабылдаушыға ақпарат Өкпе аускультациясының ережесі және техникасы
 - •Ішкі аурулар пәні Емтихан қабылдаушыға ақпарат экг тіркеу ережесі және техникасы
 
«Астана медицина университеті» АҚ
Ішкі аурулар кафедрасы
5В130100 «Жалпы медицина» мамандығы бойынша ішкі аурулар пәнінен 4 курс білімгерлеріне 2014-2015 оқу жылына
арналған ОҚКЕ методикалық қамтамасыздануы.
Астана 2014 ж
Кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.
«_____»______________20___ж., №____ хаттама
Кафедра меңгерушісі ___________ Байдурин С.А.
(қолы)
05В130100 «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 4 курс білімгерлеріне 2014-2015 оқу жылына арналған объективтік құрылымды клиникалық емтиханның станциялар тізімі.
1. Өкпе аускультациясы (10 балл)
2. Жүрек аускультациясы (10 балл)
3. Электрокардиограмманы тіркеу (10 балл)
4. Электрокардиограмманы талдау және талдап беру (20 балл)
5. Рентгенологиялық түсірімді талдап беру (10 балл)
6. Пикфлоуметрия немесе глюкометрия (10 балл)
7. Лабораториялы-құрылымды мәліметтерді талдап беру (20 балл) + ауру тарихы (10 балл)
Кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.
«_____»______________20___ж., №____ хаттама
Кафедра меңгерушісі ___________ Байдурин С.А.
(қолы)
Факультеттің методикалық кеңесінде талқыланды __________
«_____»______________20___ж., №____ хаттама
Төраға ________________
Орындалу алгоритмі Өкпе аускультациясы.
№  | 
		Қадамдар  | 
		Орындау белгілері  | 
	
1  | 
		Өкпе аускультациясын алды және артынан тындадым  | 
		Өкпе аускультациясы келесі рет-ретімен тыңдалды: 
  | 
	
2  | 
		Жоғарғыдан төмен қарай аускультация жүргіздім  | 
		Муляж сызбасына сәйкес жүйелі түрде жоғарғыдан төмен қарай өкпе аускультациясын жүргіздім.  | 
	
3  | 
		Екі өкпенің симметриялық жерлерінде аускультация жүргіздім.  | 
		Муляж сызбасына сәйкес жүйелі түрде жоғарғыдан төмен қарай симметриялық жерлерінде дәлме-дәл аускультация жүргіздім.  | 
	
4  | 
		Тыныстын қимыл сандарын есептедім.  | 
		Қолымды алдыңғы кеуденің үстіңгі бетіне қойып ТҚС санадым.  | 
	
5  | 
		Қорытынды жасадым.  | 
		Тыныс везикулалық,себебі дыбыс тембрі жұмсақ , ұйтқушы, дем алғанда «ф» әріпін еске салады, дем алу фазасы басымдырақ ; барлық өкпе жерлерінде өткізіледі , патологиялық тыныс шуылы жоқ, ТҚС = 16-18. 
 Патологияда : - Тынысы бронхылық, құрғақ шашыраңқы сырыл естіледі 
 - Тынысы везикулалық, көлемді-орташа немесе ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. 
  | 
	
Орындалу алгоритмі Жүрек аускультациясын және техникасы
 №  | 
		Қадамдар  | 
		Орындау белгілері  | 
	
1  | 
		Жүрек аускультациясын жүргіздім 
  | 
		Жүрек аускультациясы келесі рет-ретімен тыңдалды: 1,2,3,4,5 нүктелер (муляж сызбасына сәйкес).  | 
	
2  | 
		Жүрек ұшына аускультация жүргіздім 
  | 
		Митраль қақпақша нүктесінің аускультациясы  | 
	
3  | 
		Кеуденің оң жағындағы ІІ қабыртқааралықта аускультация жүргіздім  | 
		Қолқа қақпақша нүктесінің аускультациясы  | 
	
4  | 
		Кеуденің сол жағындағы ІІ қабыртқааралықта аускультация жүргіздім  | 
		Өкпелік артерия қақпақша нүктесінің аускультациясы  | 
	
5  | 
		Белгіленген өсінді негізінде, сонымен сол және оң жақта аускультация жүргіздім  | 
		Үшжармалы қақпақша нүктесінің аускультациясы  | 
	
6  | 
		ІV – қабыртқааралық Боткин – Эрба нүктесінде аускультация жүргіздім  | 
		Қолқа қақпақша қосымша нүктесінің аускультациясы  | 
	
7  | 
		Қорытынды жасадым  | 
		1) Ритмі дұрыс, дыбыстары ашық, патологиялық шуылдар естілмейді. 2) Жүрек ұшындағы бірінші дыбыс әлсіреген, осында систолалық шуыл естіледі, ол қолтық астының сол жағына жайылады және т.б.  | 
	
