Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ogkr_bilet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
156.87 Кб
Скачать

2. Циферблатты тауар таразы дегеніміз не?

Циферблатты тауарлық таразы дегеніміз есептеу құрылғысы бар таразы, өлшенетін жүктің массасын автоматтаы түрде көрсетеді. Бұл таразы шкалалы таразымен салыстырғанда теңестіруді автоматтандыру есебінен айтарлықтай өнімді болады. Циферблатты тауарлық таразыдағы салмақты теңестіру механизмі платформа астындағы және аралық рычагты мезанизмдерді, сондай ақ таспалы тіректердегі екі квадрантты циферблатты көрсеткішті қамтиды. Ең көп өлшенетін салмақ шегіне қарай таразыда бір немесе екі теліме гірлер болады. Таразы арретирмен және сұйықтықты демпфермен және таразыны дұрыс деңгейде орнатуға арналған деңгей өлшегішпен жабдықталған, мұның алғашқысы таразы теңселмеуі үшін оның өлшегіш құрылғысын жұмыс істемейтін күйде ұстап тұрады, ал екіншісі теңселуді жояды.

3.Ортатонналық контейнерлерде (5т) жүктерді тасымалдауда вагондарға жүк артудың орташа техникалық мөлшерін анықтау

Билет № 6

1. Жүк операция дегеніміз не?

Жүк операцияларын жоспарланудың негізгі бағыты: шағын стансаларында жүк жұмысын жабу және оларды тіректі стансаларында шоғырландыру.

Шағын жүк стансасында жүк жұмысын жауып, оларды тірек стансасына берудің экономикалық тиімділіктерін техникалық-экономикалық есептеулер арқылы шешеді.

Тіректі стансаларды құру:

А).тасымалдаудың өзіндік құнын төмендетуге;

Б).тиеу-түсіру жұмыстарының кешенді деңгейін жоғарылатуға және көтергіш көлік техникасын пайдалануға;

В).жылжымалы құрамның тұруын азайтуға;

Г).жүктерді жеткізуді жылдамдатуға;

Д).теміржолдың өткізгіштік қабілетін жоғарылатуға;

Е).жүктерді қабылдау және жөнелтуге қызмет көрсетуді жақсартуға мүмкіндік береді.

2. Тарифтердің түрлері

Жөнелтілімнің түріне және тасымалдау сипатына қарай барлық жүк тарифтері вагондық, ұсақ жөнелтілімдік және контейнерлік тарифтерге бөлінеді.

Вагондық тарифтер кімге тиіселігіне қарай әмбебап және арнайы вагондарда тасымалданатын барлық жүктерге таралады. Ұсақ жөнелтілім түріндегі жүктерді тасымалдау үшін жөнелтілімнің массасына қарай жіктелген дайын төлем түрінде біыңғай тариф белгіленген. Құйылмалы жүктерді цистерналармен тасымалдау үшін тонналық тарифтер қолданылады, бірақ олардың тарифтік ставкалары жүктердің атаулары бойынша топтастырылады.

Жүктің көліктің әмбебап контейнерімен тасымалдау үшін жұктің тегіне қарамастан, орташа және ірі тоннажды контейнерлер мен тасымалдау үшін дайын төлем түрінде тариф белгілінген.

Көлемді жүктерді тасымалдау тарифтері транпортерлің осьтілігіне , жүккөтерімділігі мен түріне, габариттен тыс жүктің дәрежесі мен түріне байланысты.

Рефрижераторлы вагондармен және контейнерлермен тасымалдау үшін де жеке тариф белгіленген.

3. Габаритсіздік аймақтың түрлері

Габаритсіздік аймақтың түрлері: тиеу габаритіне шығатын жүк рельс басының деңгейінің ұзындығына байланысты, 3негізгі габаритсіздікткң аймағы орнатылған: төменгі габаритсіздіктің аймағы 1626-1760 мм жол өсінің арақашықтығы барысындағы 480 нен 1229 мм ге дейінгі биіктікте және 1626-2240 мм арақашықтық барысындағы 1230-1399 мм дейінгі биіктікте болады. Бүйірлі габаритсіздіктің аймағы 1400-4000мм дейінгі биіктікте болады. Жоғарғы габаритсіздіктің аймағы 4001-5300 мм дейінгі биіктікте болады.

Билет №7

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]