- •1. Географиялық ғылымдарындағы туристік елтанудың негізгі
- •3.Туристік елтанудың міндеттері және әдістері
- •4.Елдің туристік бейнесі
- •5.Елдің туристік бейнесінің қалыптасуында табиғи және мәдени мұрасының маңызы
- •6. Халықаралық туризмнің глоболизациялық процесі
- •8 .Әлем елдерінің туристік типологиясы
- •2 Батыс Еуропаның аумағы және халық саны бойынша шағын болып келетін жоғары дамыған мемлекеттері (Австрия, Швейцария, Бельгия,Нидерланды).
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі:
- •1. Ердавлетов с.Р., Алиева ж.Н. География международного туризма – Алматы: Қазақ университеті, 2013 ж.
4.Елдің туристік бейнесі
Елдің туристік бейнесі – елдің визиттік карточкасы. Н.Н Баранскийдің косплексті елтанулық зерттеуге арналған схемасын жаңартып және дамыта отырып, Я.Г Машбиц елдің өзгешелігіне көңіл аударған. Я.Г Машбиц бойынша, ең алғаш территориямен танысу «генерализацияланған және концентрленген ел жайлы жалпы ақпараттан» басталады, ол «географиялық әртүрлілік пен оның типажының анықталуы» ашылғанда болады деген. Ары қарай зерттеуші территория, табиғат, тарих, адамдары, шаруашылығы, қоныстануы, қоғамдар, райондар, әртүрлілік механихзмдеріне, экологиялық ситуация мен территорияның дамыту перспективаларына түсініктеме береді.
Туристік елтану аумақтың белгілі бейнесін тұрақтандыруға не ол туралы аңызды жоюға бағытталады. Жасалған елтанушылық зерттеудің нәтижесінде турбизнес өкілі мен туристік өнімнің тұтынушысында туристік аумақ туралы кешенді түсінік оның барлық спецификалық туристік ресурстарымен, жағдайлары мен туризмнің қазіргі даму деңгейімен қалыптасу керек.
Бұқаралық шетелдік сапарларға шығуға мүмкіндік бермейтін «темір шымылдық», сапалы елтанулық әдебиеттің көптеп болмауы, кейбір тапсырыс берілген басылымдар кей туристік бағыттар туралы аңыздарды тудырды. Солай Сицилия аралы (Италия) көптеген ресейліктерде «Кіндік әке», мафия, қылмыскерлікпен ассоциацияланады. Бөлек адамдар осы бейнені ауылшаруашылық ландшафттар мен кедей крестьяндық ауылдар туралы естеліктермен толықтыра алады. Ал Ресейдің туристік нарығында тұрақталған Испания ресейліктердің ойынша алуантүрлі: коррида, Бизе операсының батырлары, Севилья қалалары, Барселона соборлары, Дали мұражайы, ал кейбіреулері үшін Еуропадағы ең жақсы аквапарк, теңіз өнімдері мен жақсы қызмет көрсету.
Аумақтар мен мемлекеттердің осындай ассоциациялық бейнелер тізімін шексіз келтіре беруге болады. Мемлекеттің туристік бейнесі адамдарда кеңістік бейнемен (шынайы мен бұқаралық ақпарат құралдары, теледидарлық бағдарламалар мен бейнебаяндар қалыптастырған виртуалды) және бастыға айналған онымен байланысты тарихи тәжірибеге байланысты болады.
«Мемлекеттің туристік бейнесі»- туристік елтанудың маңызды ұғымы болып табылады. Оның негізінде географиялық бейнемен байланысты, ол «жарқын, топталған белгілердің шынайы кеңістікті (аумақтар, аудандар, аймақтар, мемлекеттер, ландшафттар, т.б.) суреттеуі ». Туристік бейне тек танымал мен көрнекі болып табылмайды, ол өте таралымды. Типологиялық белгілерді айқындайтын географиялық бейнемен салыстырғанда, мемлекеттің туристік бейнесі мемлекеттің бірегей бейнелеріне екпін жасайды.
Елдің дәстүрлі елтану сипатымен салыстырғанда ,туристтік бейненің бірден бір ерекшелігі – үлкен динамикалығы болып табылады. Оған дәлел ретінде туристтік бейненің жыл мезгілдеріне алмасуы: қыста- тау шаңғы бөліктеріне назар аударылады (қар басқан шыңдар), жазда- ыстық жағажайлар мен жылы теңізге(солнечная, ласковая). Туристтік бейненің әртүрлі уақытша бөліктері жиі бір-бірімен қарама-қайшы болады. Көптеген туроператорлардың ойлауынша, Турцияны жылы климатты және шомылу-жағажайлы туризм елі ретінде есептейтін туристтерге, елді тау шаңғы спорттағы мүмкіндіктеріне сендіру өте қиын. Осы тәрізді қарама-қайшылықтардың басқа мысалы ......
Шығу туризмінің нарығында ол жер Санта Клаустың тұратын жері, қар мекені мен ойын сауық жері. Финляндияның жаздық демалыс орталығы ретінде дамытып отырған компания оның қабылдау стереотипін жеңе алмай және қысы қатты суық мемлекет кейпіне сәйкес келмеді.Мемлекеттің туристік бейнесі жыл бойы өзгермегенде көбінесе ол абсолюттенеді. Мысалы, Тайланд «мәңгілік жаз елі» ретінде қабылданады, бірақ бұл Тайландтың көп бөлігін алып жатқан субэкваторлық климатқа сәйкес келмейді.
