
- •1. Географиялық ғылымдарындағы туристік елтанудың негізгі
- •3.Туристік елтанудың міндеттері және әдістері
- •4.Елдің туристік бейнесі
- •5.Елдің туристік бейнесінің қалыптасуында табиғи және мәдени мұрасының маңызы
- •6. Халықаралық туризмнің глоболизациялық процесі
- •8 .Әлем елдерінің туристік типологиясы
- •2 Батыс Еуропаның аумағы және халық саны бойынша шағын болып келетін жоғары дамыған мемлекеттері (Австрия, Швейцария, Бельгия,Нидерланды).
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі:
- •1. Ердавлетов с.Р., Алиева ж.Н. География международного туризма – Алматы: Қазақ университеті, 2013 ж.
Сұрақтары:
1 Географиялық ғылымдарындағы туристік елтанудың негізгі
алғышарттарын сипаттап беріңіз
2 Туристік елтанудың кешенді географиялық елтанудан
айырмашылығы неде?
3 Туристік елтанудың міндеттері және әдістері қандай?
4 Елдің туристік бейнесі дегеніміз не? Мысалдар келтіріңіздер
5 Елдің туристік бейнесінің қалыптасуында табиғи және мәдени
мұрасының ролі қандай?
6 Халықаралық туризмнің даму деңгейі бойынша әлем елдерінің
жіктемесімен елдердің туристік типологиясымен ұқсастығы қандай?
7 Ауылдық туризм ауылдық жерлердегі туризмнен айырмашылығы
неде?
8 Әлем елдерінің негізгі туристік типтерін атаңыз, оларды
сипаттаңыз
1. Географиялық ғылымдарындағы туристік елтанудың негізгі
алғышарттарын сипаттап беріңіз
Халықаралық туризм — мемлекетаралық, корпоративті жəне өңірлік (регионалық) келісімдер негізінде елдер арасында туристер алмасумен, туристерді басқа елдерге жіберумен жəне басқа елдерден туристер кабылдаумен айналысатын жұмыстардың жиынтығын біліреді.
Халықаралық (шығу және кіру)туризмі элиталық сипатта қарастырылған.Ол өзінің осы елден шығу және осы елге кірудің төменгі туристік қарқындылығымен ерекшеленеді.Туризм секторы аймақаралық туристік ағымды қабылдауына бағытталған
Халықаралық туризм ұлттық экономикаға елеулі ықпал етеді,яғни елге валюталық түсімді маңызды қайнар көзі ретінде қарастырады
Мемлекеттік саясат халықаралық туризм көмегіне жүгінген.Соңғы кездері табиғи комплекстердің антропогендік салмақта өсуі,Мемлекеттің рөлі,жоспарларды дамытуда маңызды болып саналады,яғни табиғи қорғауға арналған жерлерді қарастыруға мол мүмкіндік алады.
Кең,табиғи потенциалға иемденген бұл топтың елдері табиғи бағытағы туризммен мамандандырылған.
Ұлттық саябақ
Қорық және резерваттар
кадімгі сафариді экотуризмнің
түрі ретінде дамытып келеді,сонымен қоса аң аулау туризмі де дал осындай сипат алған.
Географиялық ғылымдарындағы туристік елтанудың негізгі алғышарттары 1990 жылдың аяғында туристік нарықтың қарқынды дамуы мен саланың ғылыми қамтамасыздануының қажеттілігінен рекреациялық- географиялық және туристік- елтанулық зерттеулер пайда бола бастады. Туризм индустриясының қызметкерлері практикада туристік бизнестің негізгі заңдарымен танысуға, туристік өнім шығаруға мен оны алға жылжытуды үйрунуге мәжбүр болды.
Бірте бірте туристік сұраныс мінезі өзгере бастады. Шетел елдеріне шопинг мақсатымен барған ең алғашқы туристер үшін елдің мәдениеті, оның тарихы, географиялық жағдайы онша қызықтырмады.
Оларға арзан орналастыру орындары, чартерлік орын ауысулар,кеден мен виза формальдықтары көбірек қызықтырды.
1990 жылдардың аяғында туристік нарықта туристердің шетелге шығу мақсаттары ауысты. Көптеген туристер шетелге енді демалу мен сауықтыру мақсатымен шыға бастады. Олардың көбісі танымдық сапар мен экскурсияларға елдің әлеуметтік мәдени ортасымен танысу үшін шықты. Туристтің танымы, қызығушылығы, белсенді демалуға талпынысы үлкейе түсті. Оған қызмет көрсету үшін енді білімі жоғары квалификацияланған кадрлар керек болды.
Туризм мамандығына маман дайындайтын ЖОО-дары өздерінің оқыту программаларына елтану пәнін енгізді. Туристік елтанудың жеке пән етіп шығару өзімен классикалық материалға негізделе жаңа мамандарды тартып ғылыми түрде оны зерттеп көп жұмыс атқаруды көздеді. Мұның бәрі туристік – елтанулық зерттеулерге әкеліп соқты.
2.Туристік елтанудың кешенді географиялық елтанудан айырмашылығы
Туристік елтану мен кешенді географиялық елтанудың арасында принципиалды айырмашылықтар бар ма? Бір қарағанда «туристік» сын есімі тек осы пән бағытталған аудиторияға көңіл аудару керектігін сызып көрсететін сияқты. Бұл жағынан олардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ десе болады. Туристік елтану кешенді географиялық елтану секілді елдер жайлы ақпаратты әкеледі. Алайда курстың мазмұны мен оның мәні жағынан олар айырмашылықта болады. Бұл жерде орыс ғалымдарының проблемалық-ориентациялы елтануды құруының еңбегін атап өту керек. Туристік елтану кешенді географиялық елтанудың проблемалығын сызып көрсетеді. Оның ең басты жұмысы елдің туристік келбетін құрастыру және оны әлемдік туристік нарықта жылжыту болып табылады. Бұл жағынан туристік елтану туристік аймақтардың маркетингімен тығыз байланысады.
Туристік елтанудың ғылыми мазмұны кешенді географиялық елтанудың мазмұнынан алынған деп есептеуге болады. Сонымен қатар, оның талқылайтын сұрақтары географиялық аспектілер ғана емес, сонымен бірге
экономикалық, әлеуметтік, психолгоиялық және басқада аспектілер құрылады.