Әйтеке би кенті әкімінің ағымдағы және таяу болашақтағы
іс-шаралар жоспары туралы.
Қазақстан Республикасының Жергілікті мемлекеттік басқару заңының талаптарын жүзеге асыру;
Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және олардың алдын алу мақсатындағы іс-шараларды ұйымдастыру;
Әйтеке би кентіндегі көшелерді, жаяу жүргіншілер жолдарын кезеңімен жөндеуден өткізіп, түнгі жарықтандыру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру, оның ішінде кенттің шет аймағындағы жаңадан ашылған кварталдардың проблемалық мәселелерін шешуге жұмыстар жасау;
2014 жылы Әйтеке би кенті - Қазалы қаласы аралығынан жаңадан ашылатын кварталдарға инфрақұрылым жүргізу және бұл аймақтан 80-ге жуық жеке тұрғын үйге жер учаскелерін кезекке сәйкес бөлу;
Кент тұрғындарын 100 пайыз таза ауыз сумен қамту мақсатында мемлекеттік «Ақбұлақ» бағдарламасының тиімді және сапалы орындалуына қол жеткізу;
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес азаматтарға тұрғын-үй салу үшін жер учаскелерінің кезектілігімен берілуіне және жаңадан ашылған кварталды инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге жұмыстар жасау;
Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бағытында халықтың шағын кәсіпкерлік субьектілерін ашуына, шағын несиелер алуына мүмкіндіктер жасау;
«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын іске асыруды ұйымдастыру;
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының іске асырылуын ұйымдастыру;
Жастарды өңірдің қоғамдық өміріне белсенді араластыру мақсатында жастардың жұмыс орындарымен қамтылуына жұмыстар жүргізу;
«Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы аясында кенттегі көпқабатты тұрғын үйлерге кезеңімен жаңғырту жұмыстарын жүргізу;
Кенттің аяқ су мәселесін түбегейлі шешуге жұмыстар жасау бағытында жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп, қаржы бөлдіруге атсалысу. Жаңадан су насостарын алу жолдарын қарастыру;
5-кварталдың әлеуметтік жағдайын жақсартуға оның ішінде мәдени, спорттық кешендер салуға, тұрмыстық қызмет көрсету орындарын ашуға жұмыстар жасау;
Кенттегі орналасқан қорымдарды қоршау және күтімге алу жұмыстарын ұйымдастыру;
Тұрғындардың мал шаруашылығымен айналысуына қолайлы жағдайлар жасау, кент сыртындағы мал жайылымдарын суландыру мәселелерін қолға алу;
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, халықты жергілікті өнімдермен қамтамасыз етуді қолға алу;
«Жеңіс» саябағын мәдени-демалыс орнына айналдыруға жұмыстар жүргізу;
«Мелиоратор» мөлтек ауданына қарасты көп-қабатты үйлердің әлеуметтік мәселелерін реттеу мақсатында пәтер иелері кооперативін ашуға атсалысу;
Қорытынды
Елбасы Жолдауын басшылыққа алған біздің қоғам өз дамуында жаңа биіктерге қарай қадам басып келеді.
Бүгінгі күні Әйтеке би кенті – ауылшаруашылығы саласын, кіші және орта бизнесті дамытуда, индустриалдық-инновациялық дамуда және басқа да салаларда ауқымды нәтижелерге қол жеткізуде.
Әйтеке би кенті әкімі аппараты кенттің әлеуметтік, экономикалық, стратегиялық, құқықтық дамуы үшін жоспарлы, нәтижелі жұмыс атқаруда. Сонымен қатар, Елбасымыздың бастамасымен жасалып жатырған бүгінде игілігі мол мемлекеттік бағадарламалар кент көлемінде де үздік нәтижесін беруде.
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүйесiн реформалау және дамыту мәселелерін жетілдіру мақсатында, кент әкімдігінің штаттық бірлігі қосымша 6 лауазыммен толықтырылып, жаңадан кент әкімінің экономика жөніндегі орынбасары, есеп және шаруашылық бөлімі ашылып жұмыс жасауда. Әйтеке би кенті әкімі аппаратындағы Ұйымдастыру бөлімі кенттегі негізгі ішкі саясат, ұлтаралық келісім және тіл саясаты, білім беру, денсаулық сақтау, мәдени салада шаралар қабылдау және оны жүзеге асыруда қарышты қызмет жасап жатыр.
