
3.Әйтеке би кентіндегі мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатындағы мемлекеттік бағдарламаларға жыл сайын ішінара өзгерістер енгізіліп, бірқатар жеңілдіктер қарастырылуда:
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында, «Даму Старт Ап» бағдарламасы бойынша ісін жаңадан бастайтын кәсіпкерлер үшін кепілдік беру шарттары жеңілдетілген түрде ұсынылуда.
Сонымен қатар, ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жаңа бизнес-идеялары бірегейлігімен және жаңалығымен ерекшеленетін болса қайтарымсыз негізде 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайтын сомада грант беру қарастырылып отыр.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» бағыты бойынша 2014 жылдың 1 қаңтарына 497 адамнан несие алуға өтініш түскен.
«Сыбаға» бағдарламасы аясында «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» жобасы бойынша 2014 жылға МІҚ мал басын 2361 басқа көбейту жоспарланған.
Жалпы 2014 жылдан бастап «Сыбаға» бағдарламасы арқылы қаржыландыру «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы немесе тиісті бөлімшелерімен жүргізілетін болады.
2014 жылға мал басын көбейту мақсатында 15 шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасына қатысуға ниет білдіріп отыр және «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты бойынша мал шаруашылығын дамытуға 260 адам 515,0 млн. теңге несие алуға өтініштерін берген.
Мал шаруашылығын дамыту бойынша «Шебер Жоспармен» сатып алу арқылы мүйізді ірі қара, жылқы, түйеуақ мал, мал басын көбейтуге басымдық беріліп отыр.
«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалы арқылы 2014 жылдан бастап қаржыландыру бағыттарына өзгерістер енгізіліп «Жылыжай», «Кәсіпкер» бағдарламалары енгізіліп отыр.
«Жылыжай» бағдарламасы
5 жылға 9,5 пайызбен 3,0 млн. теңгеге дейін шағын жылыжайды дамыту шаруашылығын дамытуға
5 жылға 14 пайызбен 3,0 млн. теңгеге дейін ауылшаруашылығы саласынан дамыту
«Кәсіпкер» бағдарламасы
арнаулы техникалыр мен құрал-жабдықтар алуға несие беру
«Сәтті» бағдарламасы
Ал жекелеген кәсіпкерлік қызмет көрсету орындары бойынша 20-дан астам кәсіпкерлік нысаны жаңадан пайдалануға беріліп 217адам жаңа жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Сонымен қатар 2014 жылға ауылдық жерлерде шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, шағын нан өндіру цехы, құс шаруашылығын дамытып жұмыртқа өндіру, қызмет көрсету бағытында «Бизнес инкубатор» ұйымдастыру, көкөніс өнімдерін өндіру, өңдеу бағытында бизнес-жоба әзірлеп ұсыну жоспарлануда.
Бұл өз кезегінде әрбір ауылдан кемінде 4-5 жаңа жұмыс орнын ашуға өз ықпалын тигізетін болады.
Бөлім тарапынан ауданда шағын кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті одан әрі дамыту мақсатында кәсіпкерлікті дамытушылар арасында өнім өндіру бағытындағы қызметтердің (жұмыстар) көлемін ұлғайту, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына ауыл кәсіпкерлерінің белсенді қамтылуына ықпал ету, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында ауылда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы әрбір берілген несиенің өз мақсатында пайдаланылып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жергілікті салық базасының көбеюіне ықпал ету кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мемлекет тарапынан беріліп жатырған барлық көмектердің пайдалануына ықпал етілетін болады
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының пайыздық ставканы субсидиялау бағыты бойынша 5 жоба аймақтық үйлестіру кеңесінен мақұлданып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ы Қызылорда облыстық өкілдігі арқылы субсидияланды. Нәтижесінде 64 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылды.
1. Жеке кәсіпкер А.Рахметовтың жалпы құны 16,65 млн. теңге құрайтын «Құрылыс материалдарын өндіру жобасы бойынша «Қазақстан халық банкі» АҚ-ы арқылы алынған 12,0 млн. теңгесі;
2. Жеке кәсіпкер М.Төлегеновтің жалпы құны 10,0 млн. теңге құрайтын «Кондитерлік өнімдер өндіру цехы» жобасын жүзеге асыру үшін «Банк Центр Кредит» АҚ-ы арқылы алынған 3,0 млн. теңгесі;
3. «Ақниет» балабақшасы» ЖШС-нің жалпы құны 15,0 млн. теңге құрайтын «Мектепке дейінгі және мектептен тыс білім беру қызметін кеңейту» мақсатында «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ы арқылы алынған 3,24 млн. теңгесі;
4. «Ақмарал» жеке балабақшасы» ЖШС-нің жалпы құны 10,0 млн. теңге құрайтын «Мектепке дейінгі білім беру қызметін кеңейту» мақсатында «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ы арқылы алынған 12,0 млн. теңгесі;
5. Жеке кәсіпкер К.Аманов тарапынан жалпы құны 20,0 млн. теңге құрайтын «Газобетон шығару» жобасы бойынша «Банк Центр Кредит» АҚ-ы арқылы алынған 12,0 млн. теңгесі.
«Қазақстан Республикасының Индустриялдық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасының» Қазалы ауданы бойынша 2014 жылдың 6 айында орындалуы туралы
ҚР үдемелі индустриялдық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде Қазалы ауданында аймақтық үйлестіру кеңесіне 2010-2013 жылдары жалпы құны 2981,5 млн. теңгені құрайтын 14 жоба ұсынылып, оның ішінде 2 жоба аймақтық индустрияландыру картасына енгізілді. 12 жоба толық іске қосылып 159 жаңа жұмыс орны ашылды.
1. «Рза» АҚ-ның жалпы құны 2228,4 млн. теңге құрайтын «660 басқа арналған ірі қара өсіру кешені және сүт өндеу зауыты жобасы» іске асырылып, қазіргі таңда асыл тұқымды мал саны 1598 басты құрап отыр.
Нақты кезеңде 570 сауынды сиырдан күніне орташа есеппен 26,6 литрден сүт сауылуда. 2014 жылдың 6 айында 2616,7 тонна өнім өндіріліді.
Жоба бойынша ірі қара өсіру кешені мен сүт өңдеу зауытында 102 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жұмысшылардың орташа жалақысы 40-45 мың теңге көлемінде.
Бүгінгі таңда аталған жобаның ІІ кезеңін іске асыру бойынша жоба-сметалық құжаттары рәсімделуде.
2. Балық өнімдерін өңдеу мақсатында «Бақыт» шаруа қожалығы мен «Қызылорда» ӘКК» АҚ-ы бірлесіп жалпы құны 150,0 млн. теңге құрайтын «Балық өңдеу зауытының құрылысын іске асыру» жобасы бойынша «СПК Қызылорда балық» ЖШС-і құрылып, жұмыс жасауда.
«СПК Қызылорда Балық» ЖШС-і 2013 жылы 927,0 тонна балықты мұздатылған күйінде сатып, 154,6 тонна балық филесін өндірді. Бұл «жоспарлы қуаттылықтың» 103,0 пайызы.
2014 жылдың 6 айында 62,9 тонна балық мұздатылған күйінде, 141,75 тонна балық филесі, 3,64 тонна фарш әзірленді.
Серіктестік тарапынан өндіріс көлемін азайтпау мақсатында балық аулау лимиті көлемін толық орындап, қосымша Арал ауданының Бөген елді мекенінде құны 10,0 млн. теңге құрайтын балық сүйегінен ұн дайындайтын цехы мен селолық дайындау орталығының балық сақтау қоймасын пайдалануға берді.
Бағдарлама шеңберінде 2014 жылы жалпы құны 610,0 млн. теңге болатын 10 жоба іске асырылып, түрлі өнім өндіретін цехтар пайдалануға беріледі деп күтілуде. Оның 5-уі «Өндірістік аймақта» жүзеге асатын жобалар.
Оның ішінде, 4 жоба аймақтық үйлестіру кеңесінен оң қорытынды алды.
Атап айтқанда, 1. «Сыр маржаны» ЖШС-нің жалпы құны 444,14 млн. теңге құрайтын «500 басқа арналған мал бордақылау кешенін салу» жобасы.
2. Жеке кәсіпкер Р.Мәмбетжановтың жалпы құны 50,0 млн. теңге құрайтын темірбетон бұйымдарын шығару жобасы.
3. Жеке кәсіпкер А.Рахметовтың жалпы құны 16,65 млн. теңге құрайтын құрылыс және жиһаз бұйымдарын дайындау цехын іске асыру жобасы.
4. Жеке кәсіпкер М.Абдрасулованың жалпы құны 9,2 млн. теңге құрайтын алкогольсіз сусындар шығару цехын іске асыру жобасы.
Сонымен қатар, қазіргі таңда 6 жобаның құжаттары әзірленуде.
Атап айтқанда, 5. Жеке кәсіпкер Т.Бисенәлі жалпы құны 10,0 млн. теңгені құрайтын нан өнімдерін дайындау цехы және 200 тонналық ұн сақтау қоймасының жобасы.
6. «Ар-М-Кон» ЖШС-нің жалпы құны 6,0 млн. теңге құрайтын брусчатка шығару цехын іске қосу жобасы.
7. Жеке кәсіпкер Н.Қожабергеновтың жалпы құны 5,5 млн. теңге құрайтын құрылысқа қажетті қаңылтыр жабындыларын дайындау цехын іске асыру жобасы.
8. «Энергомера» ЖШС-і тарапынан жалпы құны 40,0 млн. теңге құрайтын электрмен жабдықтау өндірістік базасы және темірден құрылысқа қажетті бұйымдар шығару жобасы.
9. Жеке кәсіпкер Ж.Қарымсақовтың жалпы құны 22,0 млн.теңге құрайтын темірбетон және кірпіш шығару жобасы.
10. Жеке кәсіпкер Е.Алданазаровтың жалпы құны 6,5 млн. теңге құрайтын «Тазартылған, құйылмалы ауыз су шығару» жобасы.
Осы жобалар толық іске асырылғанда 102 адамды жаңа жұмыспен қамтуға мүмкіндік болады
«Қол жетімді баспана 2020» бағдарламасының Қазалы ауданы бойынша 2014 жылдың 6 айында орындалуы туралы
2014 жылы «Қол жетімді баспана 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 12 арендалық тұрғын үй құрылысы жүргізілетін болады. Бөлінген қаржы 73,0 млн. теңге (РБ-45,0 млн. теңге, ОБ-28,0 млн. теңге). Бас мердігері «ҚазалыСтройСервис» ЖШС-гі.
Бүгінгі күнге 7 үйдің кірпіші қаланып, 2 үйдің ірге тасы құйылды. Қалған 3 үйдің жер жұмыстары атқарылды.
Сонымен қатар, аталған бағдарлама аясында жоспарланып отырған тұрғын үйлерді инженерлік коммуникацялық инфрақұрлыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүруде. Жоба құны 457,8 млн теңге. Бас мердігері «Қазалы жолшы» ЖШС-гі.
Осы мақсатқа 2014 жылға 203,5 млн. теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстары жүруде (РБ-157,8 млн. теңге, ОБ-45,6 млн. теңге). Нысанды тапсыру мерзімі 2014 жылдың 30 қазан айы.
Бүгінгі күнге жер жұмыстары 4,325 км, жол жабыны (дорожная одежда) 3,525 км, электрмен жабдықтау ВЛ10 кВ-5,329 км, ВЛ04 кВ-6,014 км электр желісінің жұмыстары атқарылды. Жарықтандыру жұмыстары жүруде.
Сондай-ақ Әйтеке би кентінен бір 18 пәтерлік тұрғын үй құрылысын салу жоспарлануда. Жоба құны 206,1 млн. теңге. 2014 жылға бөлінген қаржысы 33,0 млн. теңге. Бас мердігері «Болашақ» ЖШС-гі.
Бүгінгі күнге тапсырыс берушімен мердігер арасында келісім-шартқа отыру жұмыстары жүруде.