Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет Умит.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
75.79 Кб
Скачать

2.Ұйымдастыру бөлімінің ағымдағы жағдайын талдау

Ұйымдастыру және кадр бөлімі

Жалпы ережелер

    1. Ұйымдастыру бөлімінің бастығы Әйтеке би кенті әкіміне, кент әкімінің орынбасарларына, кент әкімі аппараты басшысына бағынады және тиісті қызметтік нұсқаулар мен тапсырмалар алады.

    2. Кент әкімі ұйымдастыру бөлімінің бастығын конкурстық негізде немесе біліктілік талаптары сай келген жағдайда қызметшінің және уәкілетті органның келісімімен іріктеусіз ауысу тәртібімен қызметке тағайындайды және Қазақстан Республикасы “ Мемлекеттік қызмет туралы” Заңында көрсетілген жағдайларға сәйкес қызметінен босатады.

    3. Ұйымдастыру бөлімнің бастығы өз қызметінде өзінің қызмет саласын реттейтін Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, ҚР Президенті мен Үкіметінің жарлықтарын мен қаулыларын, облыс, аудан әкімдерінің шешім, өкімдерін, нормативтік актілерді және осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.

    1. Кесте. Ұйымдастыру бөлімінің қызметшілері

Ұйымдастыру бөлімінің басшысы

Кулмуратов Тауиржан Задашович

Ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы

Есмамбетова Гулсара

Ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы

 Құрманова Бақыт

Әйтеке би кенті әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімі басшысының құқығы

2.1. Қазақстан республикасының заңнамасын орындаудағы, аудан экономикасын тұрақтандыру мен көтеруге, әлеуметтік ахуалды жақсартуға, нарықтық қатынастарды, шағын кәсіпкерлікті, меншіктің барлық түрлерін дамытуға жағдай жасаудағы, аудандық бағдарламаларын жүзеге асырудағы кент және басқа жергілікті мемлекеттік басқару органдарының жұмыс тәжірибесін зерттеу мен жинақтау;

2.2. Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімдігі мен әкімінің, аудан әкімдігінің және кент әкімнің актілерін, орындауды ұйымдастыру және олардың кент, өзге де жергілікті мемлекеттік басқару органдарының жүзеге асырып жатқанына бақылау;

2.3. Мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдар мен тұлғалардан кент әкімдігі мен әкімнің құзырына жататын мәселелер бойынша тиісті ақпараттар мен құжаттар сұрауға және алуға, сараптама және кеңес жүргізу үшін мамандар мен тәуелсіз сарапшылар тартуға;

2.4. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, кент әкімдігі мен әкімінің актілерінің орындалуына тексерулерді тұрақты негізде жүргізуге, анықталған бұрмалаушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауға;

2.5. Нормативтік – құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға; 2.6. Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепілдік берілетін құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;

2.7. Өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешім қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге; 2.8. Белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдар алуға, лауазымдық міндеттерді атқару үшін белгіленген тәртіппен меншік нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;

2.9. Басшыдан мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымына сәйкес қызметтік өкілеттік міндеттері мен көлемін дәл белгілеуді талап етуге;

2.10. Жеке басының қадір- қасиетінің құрметтелуіне, басшылар,өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзіне әділ және құрметпен көзқарас жасалуына;

2.11. Біліктілігі мен қабілеті, өзінің қызметтік міндеттерін адал орындауы ескеріле отырып, қызметі бойынша жоғарылауға, жұмыс сапасына, тәжірибесіне және осы Заңда белгіленген өзге де негіздерге қарай ынталандырылуына және еңбегіне ақы төленуіне;

2.12. Тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және біліктілігін арттыруға;

2.13. Өзінің мемлекеттік қызмет өткеруіне қатысты материалдармен кедергісіз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсініктеме беруге, қызметшінің пікірінше негізсіз айып тағылған жағдайда қызметтік тексеру жүргізілуін талап етуге;

2.14. Еңбегінің қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және жоғары өнімді жұмыс істеуі үшін қажетті еңбек жағдайына;

2.15. Әлеуметтік және құқықтық қорғалуға, мемлекеттік қызметттен өз қалауы бойынша босауға, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандырылуға;

2.16. Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар

Әйтеке би кенті әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімі басшысының міндеттері

3.1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Заңдарының , Үкімет қаулыларының, облыс, аудан, кент әкімдерінің өкім, шешімдерінің, қаулыларын орындалуын қамтамасыз ету. 3.2. Ішкі саясат, ұлтаралық келісім және тіл саясаты, білім беру, денсаулық сақтау, мәдени салада шаралар қабылдау және оны жүзеге асыру. Саяси партиялармен, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдармен әріптестік байланыс жасау жұмыстарын үйлестіру.

3.3. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауының кент көлемінде өз деңгейінде насихатталуын және кенттегі ақпараттық насихаттық топтарымен жұмыстарды ұйымдастыру, кент әкімдігі қабылдаған нормативтік актілердегі тапсырмалар мен бағдарламалардың орындалуын қадағалау.

3.4. Аудандық білім, мәдениет және тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері және денсаулық сақтау саласымен өзара қызметтік байланыста болып, бірлескен іс- шараларды жүзеге асыру.

3.5. Орталық және облыстық сайлау комиссияларының нұсқау тәртібіне байланысты шаралар кешенін жүзеге асыру, тиісінше аудандық сайлау комиссиясымен бірлесе жұмыс жасау, сайлауалды дайындық жұмыстарын үйлестіру және сайлауды өткізуді ұйымдастыру.

3.6. Саласына қарай кент әкімі орынбасарларының іс- қимылын ұйымдастыру. Кент әкімі тапсырмаларының орындалуын тиісті салалар арқылы үйлестіру.

3.7. Қатыстылығына қарай кенті әкімдігі мен аппарат мәжілістерінде берген тапсырмалардың орындалуын тиісті салалар арқылы үйлестіру.

3.8. Кент әкімінің есеп беру жиналысын өткізілуін, оларды берілген тапсырмалар мен ұсыныс- пікірлердің орындалуын және олардың БАҚ- тарда жариялануын ұйымдастыру.

3.9. Кент бойыша ұйымдастырылатын іс- шараларға қатысу.

3.10. Қатыстылығына қарай кент әкімдігі мен кент әкімі аппараты мәжілістері мен селекторлық мәжілістерінде қаралатын мәселелерді дайындау.

Әйтеке би кенті әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімі басшысының жауапкершілігі

4.1. Бекітілген міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше (уақытылы, сапалы) орындамағаны үшін жеке жауаптылықта болады.

4.2. Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақтамағаны үшін арнайы жауапқа тартылады.

4.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, Мемлекеттік қызмет туралы т.б. заң талаптарына сәйкес белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.

4.4. Қызметтік құжаттардың конфиденциалдығын сақтау.

Ұйымдастыру бөліміндегі атқарылған қызметтер барысы

Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастау жол» атты жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» болмақ. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын ерекше атап өткен болатын.

Елбасымыздың саралы саясатын қолдап, оны орындау барысында ұйымдастыру бөлімі қажырлы еңбек атқаруда.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналған кенттік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

Қазақстан халқы Ассамблеясына - 20 жыл Ассамблея – татулық темірқазығы Қазақстан халқы Ассамблеясы - ол әрі іргетас, әрі бейбітшілік, рухани келісім мәдениетінің негізгі қағидаты. Ассамблея мемлекеттік органдардың халықпен жемісті үнқатысуын, барлық этностар өмірлерінің өзекті мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етуші ұйым. «Дамудың сыры - бірлікте, Табыстың сыры - тірлікте». Мұратқа жолын тапқан жетеді. Еңбегіміздің жанбағы біздің ортақ үйімізді бейбітшіліктің бесігі етіп, барды бағалай білуімізге байланысты. Қазақты қасиетті қара шаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар - сол шаңыраққа шаншылған уықтар.  Ортақ ордамыз - Қазақстанның босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыру - елдік мақсат. Сонда ғана Қазақстан «2050» Стратегиясында айтылған үздік 30 елдің қатарынан табылады. Біздің Отанымыз - ортақ, тілегіміз - бір, мақсатымыз - жалғыз. Ол - жері гүлденген, елі түрленген, дамуы жедел, ұрпағы кемел Мәңгілік Қазақстан! 

Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті

Жолдауды қолдау барысында бөлімде келесідей тапсырмалар берілді және орындалды:

- Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын мерекелеу жөніндегі аудандық, қалалық іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және бекіту;

-Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналған көрнекі насихат құралдарының нобайларын әзірлеу мен шығаруды қамтамасыз ету;

- Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналған көрнекі насихаттық құралдарды (билборд, керме) орналастыруды қамтамасыз ету;

- Әйтеке би кентінде орналасқан мектептерде “Бейбітшілік және келісім” сабағын, Қазалы техникалық колледжінде кенті әкімінің лекциясын ұйымдастыру;

-Әйтеке би кенті әкімінің қолдауымен этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісіне арналған жас ғалымдардың арасында ғылыми жұмыстар конкурсын өткізу; және т.б тапсырмаларды ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша қызметтер атқарылды;

Сайлау 2015

Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес елбасымыз қаулы еткен болатын. Қаулы бойынша:

-Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2015 жылдың 26 сәуіріне тағайындалсын;

- Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін дер кезінде жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етсін, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан- жақты көмек көрсетсін деген болатын.

Соған байланысты Әйтеке би кентінде 10 сайлау учаскесі жұмыс жасайды.

2015 жылғы 9- 12 сәуір аралығында кенттегі сайлау участкелерінің сайлауға дайындығы жөнінде пресс- тур ұйымдастырылды. Мұнда БАҚ өкілдері Қазақстан Республикасы Президентін сайлауға байланысты №58, №61, №63 сайлау учаскелерінің жұмысымен танысты. №61 сайлау учаскесінде 206 сайлаушы тіркелген.

Жалпы сайлау учаскелерінің дайындық жұмыстарына республикалық бюджеттен 38 млн 176 теңге қарастырылған. Әйтеке би кенті бойынша 10 сайлау учаскесі бар. Барлық сайлау учаскелерінде дауыс беруге арналған арнайы жәшіктер орналастырлған. 11 сәуірден бастап барлық сайлау учаскелерінде сайлаушылар тізімі ілінді.

Сайлау учаскелері

Әкімшілік- аумақтық бірліктер

Орналасқан жері

№ 56 сайлау учаскесі

Әйтеке би кенті

"Оқушылар үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын, Әйтеке би көшесі N 1 үй

№ 57 сайлау учаскесі

Әйтеке би кенті

"Қазалы ауданының білім бөлімінің Жанқожа батыр атындағы N 70 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Владимир Счастнов көшесі N 17 үй

№ 58 сайлау учаскесі

Әйтеке би кенті

"Қазалы ауданының білім бөлімінің N 266 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Желтоқсан көшесі N 20 үй

№ 59 сайлау учаскесі

Әйтеке би кенті

"Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжі" білім беру мекемесі, Владимир Счастнов көшесі н/ж

№ 61 сайлау учаскесі

Әйтеке би кенті

"Қазалы ауданының білім бөлімінің Қ.Сәтбаев атындағы N 216 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жанқожа Нұрмағамбетұлы көшесі, N 92 үй

№ 57 сайлау учаскесі

Әйтеке би кенті

"Қазалы ауданының білім бөлімінің Б.К.Мергенбаев атындағы N 226 гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Үмбет Би көшесі N 8 үй

№ 62 сайлау учаскесі

Әйтеке би кенті

"Қазалы ауданының білім бөлімінің Ж.Жабаев атындағы N 234 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қобыланды батыр көшесі N 20 үй

№ 63 сайлау учаскесі

Әйтеке би кенті

"Қазалы ауданының білім бөлімінің С.Сейфуллин атындағы N 165 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ш.Айманов көшесі, N 4 үй

№ 92 сайлау учаскесі

Әйтеке би кенті

"Қазалы көліктік-техникалық колледжі" мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, Михайлюк көшесі, N 12 үй

№ 93 сайлау учаскесі

Әйтеке би кенті

"Қазалы ауданының білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы N 204 орта-мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Михайлюк көшесі, N 5 үй

Ұйымдастыру бөлімінде тәжірибе барысында сайлауға байланысты үй аралау, шақырту, есепке алу, статистикалық мәліметтермен жұмыс атқарылды.

Ұлы жеңіске 70 жыл

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 - жылдығын мерекелеуге байланысты Қызылорда облысында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөнінде облыс әкімінің 2014 жылдың 14 тамызында № 505- ө өкімімен іс-шаралар жоспары бекітілді.

Қызылорда облысының делегациясын (17 адам), оның ішінде Әйтеке би кентінен 4 адам Астана қаласында өтетін мерекелік іс-шараларға қатыстыруға 3,5 млн. теңге бөлінді. Делегация мүшелерін бірыңғай киім нысанымен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 1,2 млн. теңге бөлінді.

Жеңіс мерекесі қарсаңында мемлекеттік наградалармен марапаттауға 2 ардагер ұсынылды.

Тағзым алаңындағы «Даңқ аллеясына» орналасатын мәрмәр ескерткіште көрсету үшін «Боздақтар» кітабына енген  Ұлы Отан соғысына қатысушылар есімдерінің тізімі жасақталып отыр.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Ұйымдастыру бөліміне берілген тапсырмалар мен атқарылған қызметтер тізімі:

-Қазақстан Республикасы Президентінің «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» құрмет орденімен және Қазақстан Республикасы Президентінің «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске  70 жыл» мерекелік медалімен марапатталатын азаматтардың ұсынымдарын дайындау;

-Облыстық ардагерлер ұйымының және әскери басқару жергілікті органдарының келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, ардагерлік қозғалыстың белсенділерін, құрбан болғандарды мәңгі есте сақтауға, әскери-патриоттық жұмысқа, азаматтарды батырлық-патриоттық тәрбие беру, ардагерлік қозғалысқа көмек көрсету 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларын ұйымдастыруға маңызды үлес қосқан Қызылорда облысының басқа да азаматтарын мемлекеттік наградалармен наградтау туралы ұсынымдарды дайындау;

-1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңінде қайтыс болған (қаза тапқан, хабарсыз кеткен) әскери қызметшілердің жесір әйелдерін және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдары кемінде алты ай жұмыс істеген тыл еңбеккерлерін әлеуметтік қолдаудың қосымша нысандары бойынша шаралар қабылдау (қосымша материалдық көмек көрсету, коммуналдық қызметтерді төлеу үшін жәрдемақы беру, отынмен қамтамасыз ету және көмектің басқа да түрлері, газеттер мен журналдарға жазылу, азық-түлік жиынтығын тапсыру, тіс протезін салу, монша және шаштараз қызметтері, әлеуметтік такси қызметі, экскурсиялық турлар, санаторлық-курорттық емделу)

-1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларға Астана және Мәскеу қалаларына Қызылорда облысынан, оның ішінде Әйтеке би кентінен делегация мүшелерінің тізімін қалыптастыру және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Астана қаласына жіберуді қамтамасыз ету;

-Қазіргі таңдағы Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінің  өмірлері, еңбектері, ерліктері жайлы облыстық БАҚ-та кеңінен жариялау, кітап шығару, арнайы билбордтар, бейнероликтер мен альбомдарды жасау;

-Қазіргі таңдағы Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінің өмірлері, еңбектері, ерліктері жайлы бейнефильмдерді түсіру, бір таспаға жинақтап Қызылорда облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының қорына өткізу;

-1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған имидждік материалдарды (күнтізбелерді, плакаттарды, буклеттерді және басқа да полиграфиялық өнімдерді, «Даңқ» орденіне кішкене ленталарды) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде шығаруды ұйымдастыру;

-Мемлекет басшылары кеңесінің 2013 жылғы                     25 қазандағы ұсынысы бойынша армияны Ұлы Отан соғысы жылдары барлық қажетімен қамтамасыз етуде ерекше маңызды рөл атқарған қалалар үшін «Еңбек даңқы қаласы» құрметті атағын беруге ұсыныс дайындау;

Сонымен қатар, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында Әйтеке би кенті әкімінің жүлдесі үшін үстел теннисінен аудандық жекелей біріншілік өткізілді. Саламатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылар арасында үстел теннисін насихаттау, шеберліктерін шыңдау, спортпен жүйелі шұғылдануға тарту мақсатында өткізілген жарысқа Қазалы ауданы орталығындағы мектептерден барлығы 30 оқушы қатысты.

Ұйымдастыру бөлімі Әйтеке би кентінің ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік функцияларды іске асырады.