Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет Умит.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
75.79 Кб
Скачать

Әл-Фараби атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және бизнес Жоғарғы мектебі

менеджмент және Маркетинг кафедрасы

Өндірістік тәжірибе өту туралы

ЕСЕП

Экономика және бизнес Жоғары мектебінің

“Мемлекеттік және жергілікті басқару”

мамандығының 4 курс студенті

Сермағамбет Үміт Маратқызы

Университеттен тәжірибе жетекшісі

Аға оқытушы Жумагазиева Алмира Галимжановна

Өнеркәсіптен (ұйымнан) тәжірибе жетекшісі

Мақтаарал аудандық мәслихат аппарат басшысы Молдабек.И

Алматы 2015

Мазмұны

Кіріспе .............................................................................................................3

1. Әйтеке би кенті әкімінің аппаратының атқаратын қызметтері..............4

2.Ұйымдастыру бөлімінің ағымдағы жағдайын талдау............................................................................................................12

3.Әйтеке би кентіндегі мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы....................................................................................................20

Қорытынды...................................................................................................26

Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................... 27

Кіріспе

«Әйтеке би кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі– әкімнің қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және

заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай – ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Аппарат мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды

тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай – ақ заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

Аппарат өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Әйтеке би кенті әкімінің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

Өндірістік тәжірибенің негізгі объектісі- кенттегі тұрақты әлеуметтік – саяси жағдайды қалыптастыратын, кенттің экономикалық жағдайын тұрақтандыру мен көтеру үшін жағдай жасайтын Әйтеке би кенті әкімінің аппараты болып табылады.

Тәжірибенің негізгі мақсаты болып- негізгі қызмет барысымен танысу, құжаттармен жұмыс істеу және білікті кадрлардан тәжірибе жинау.

Мақсатқа сәйкес келесідей міндеттемелер туындайды:

  • Әйтеке би кені әкімінің аппаратының жұмысын зерттеу;

  • Негізгі міндеттері мен мақсаттарын, атқаратын функцияларын анықтау;

  • Өндірістік тәжірибені өту барысында негізгі жұмыстарды атқаруға белсенді қатысу;

  • Тәжірибеге қатысты негізгі іс- шаралармен танысу;

  • Мамандыққа қажетті материалдар тізімін жинау;

  • Ұйымдастыру бөліміндегі кадрлардан тәжірибе жинау;

  • Оқу барысында жинақтаған білімімді тәжірибе барысында пайдалануды үйрену;

Тәжірибе барысында Әйтеке би кентіндегі стратегиялық, әлеуметтік, экономикалық мәселелер қарастырылып, жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру зерттелді.

1.Әйтеке би кенті әкімінің аппаратының мақсаттары мен міндеттері

Әйтеке би кенті әкімінің аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Әйтеке би кенті әкімінің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды. Аппараттың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

Әйтеке би кенті әкімінің құрылымы

  1. Ішкі саясат бөлімі

  2. Есеп және шаруашылық бөлімі

  3. Ұйымдастыру бөлімі

  4. Құжаттамалық қамтамасыз ету және құқықтық жұмыстар бөлімі

  5. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

  6. Құрылыс бөлімі

Аппараттың миссиясы, негізгі міндеттері функциялары,

құқықтары мен міндеттері

 Аппараттың миссиясы:

-         Әйтеке би кенті аумағында әлеуметтік, құқықтық, аумақтық даму мен

стратегиялық, экономикалық, бюджеттік жоспарлау саласындағы функцияларды және аудан бюджетінің орындалуын ұйымдастыру мен жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру.

Міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;

  • Жалпы мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатқа, оның ішінде қаржылық саясатқа сай келмейтін шешімдерінің қабылдануына жол бермеу;

  • Қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды сақтау;

  • Өз қызметін жүзеге асыру кезінде жариялылық пен ашықтық, қоғамдық пікірді ескеру принциптерін ұстану;

  • Кенттегі тұрақты әлеуметтік – саяси жағдайды қалыптастыру;

  • Кент әкімінің іс – қимылын құжаттамалық қамтамасыз ету;

  • Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентерінің Жарлықтарын, Үкіметінің қаулыларын, облыс, аудан әкімдігі қаулыларын, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің және жоғары органдардың басқа да актілерін орындау;

  • Кенттің экономикалық жағдайын тұрақтандыру мен көтеру үшін жағдай жасау, әлеуметтік ахуалды жақсартуға, экономикалық қатынастарды, шағын кәсіпкерлікті, меншіктің барлық түрлеріне қарамастан дамыту мақсатындағы мемлекеттік (оның ішінде облыстық, аудандық) бағдарламаларды жүзеге асыру;

  • «Мемлекеттік қызмет туралы» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес мемлекеттік органда кадр саясаты мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдерінің бағытын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, кадарлардың оқуы мен қайта даярлауын ұйымдастырады.

Функциялары:

  • Азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;

  • Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі.

  • Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік баңдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін аудандық әкімдіктің қарауына енгізеді;

  • Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

  • Өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

  • Кенттің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, сондай - ақ кентте автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;

  • Шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;

  • Өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай – ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

  • Тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

  • Табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

  • Қылмыстық – атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік – құқықтық көмектер көрсетеді;

  • Жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымының дамуына жәрдемдеседі;

  • Қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;

  • Шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсету, таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

  • Жергілікті өзін – өзі басқару органдарымен өзара іс – қимыл жасайды;

  • Шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады;

  • Жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

  • Мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

  • кенттегі абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

  • туысы жоқ адамдарды жерлеуді ұйымдастырады және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп – ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

  • ауданда көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы орынға ұсыныстар енгізу, сондай – ақ кентте оқушыларды мектепке дейін және кейін тегін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

  • Қазақстан Республикасының аумағында кәсіби емес негізде медиацияны жүзеге асыратын кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

Құқықтары мен міндеттері:

  • Жергілікті мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан өз функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

  • Өз құзыры шегінде мемлекеттік басқарушы органдардың қарауына мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар беруге;

  • Мемлекеттік баңдарламалар бойынша қызмет түрлері, тауарларды, жұмыс түрлерін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға;

  • Заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

    1. кесте. Әйтеке би кенті әкімі аппаратының құрылымы

Р/с

Тегі, аты, жөні

Лауазымы

1

Аманов Самат Кемалович

Әйтеке би кентінің әкімі

2

Сансызбаев Куаныш Каражанович

Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары

3

Кузембаев Нурбек Кенжебаевич

Есеп және шаруашылық бөлімінің басшысы

4

Кулмуратов Тауиржан Задашович

Ұйымдастыру бөлімінің басшысы

5

Сералиев Нуркен

Құжаттамалық қамтамасыз ету және құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы

6

Сайлыбай Тиллагул

Есеп және шаруашылық бөлімінің бас маманы

7

Еримбетов Бакытбек Андасович

Ұйымдастыру бөлімінің бас маманы

8

Өтепбай Кылышбек Елубекұлы

Құжаттамалық қамтамасыз ету және құқықтықжұмыстар бөлімінің бас маманы

9

Алтынбаев Елемес Шоланович

Есеп және шаруашылық бөлімінің жетекші маманы

10

Жөлекешов Әділхан Оңдасынұлы

Ішкі саясат бөлімінің басшысы

11

Көбейсінов Алмас Әнуарұлы

Құрылыс бөлімінің басшысы

12

Оңталапов Нұржан Ертасұлы

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

Әйтеке би кентінің әкімінің функционалдық міндеттері:

1. ҚР Заңдарының, ҚР Президенті мен Үкіметі актілерінің, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың және облыс, аудан әкімдіктері мен әкімдерінің құқықтық және нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын бақылауға алу.

 2. Мемлекеттік саясатты айқындауға және іске асыруға жәрдемдесетін шешімдер қабылдау, олардың орындалуын бақылау. Мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобалардың орындалу барысын реттеу және бағалау, сондай-ақ орындалуы үшін дербес жауапкершілікте болу. Мемлекеттік органның жұмысын басқару.

 3. Экономиканы жедел басқару, өңірлік және инвестициялық саясат және бизнес-қоғамдастықтың мемлекеттік органдармен өзара байланысын үйлестіру мәселелері мәселелері. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, сауда және тарифтік саясат, бағаны тұрақтандыру бағытында жұмыс жасау.Индустриялық-инновациялық даму, сауда және мемлекеттік сатып алу, шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды үйлестіру.

 4. Ішкі саясат, ұлтаралық келісім және тіл саясаты, әлеуметтік-мәдени саладағы бағдарламаларды жүзеге асыру. Әлеуметтік-саяси ахуалды зерттеу және болжау, партиялар және үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктер және бұқаралық ақпарат құралдарымен ҚР Президенті мен Үкіметінің ішкі мемлекеттік саясатын жүзеге асыруда өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. Әлеуметтік қарама-қайшылықтардың алдын алу мен жою, діни экстремизмді болдырмау тетіктерін қалыптастыру. Білім беруді, ақпаратты, мәдениетті, спортты, әлеуметтік саясат пен әлеуметтік әріптестікті дамыту.

5. Ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіптік кешен, ауылдық аумақтарды дамыту, жер, су қатынастары, қоршаған ортаны қорғау, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту және жаңғырту, ауылшаруашылығы құрылымдарын қаржылай сауықтыруда инвестициялар тарту, маркетингтік қызметі, селекциялық және тұқымды жұмысты жақсарту, суды тиімді пайдалану және суландыру жүйесін дамыту мәселелері. Мал шаруашылығын, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуда жұмыстар жүргізу.

Әйтеке би кентінің әкімінің орынбасарының функционалдық міндеттері:

 1. Кент әкімі актілерінің дайындалуы және орындалу бөлігінің жүзеге асырылуын, атқарушы органдардың жоғары тұрған ұйымдары актілерінің орындалуын бақылау.

2. Кент әкімі аппаратының аудан әкімдігімен, басқа да жоғары органдардың аппараттарымен, сонымен қатар жергілікті атқарушы және өкілді органдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.

3. Әйтеке би кентінің ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету.

4. Мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіру, электрондық Үкімет және электрондық әкімдікті енгізу, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын енгізу және оны бақылауды қамтамасыз ету.

6. Әйтеке би кент әкімінің кадр саясатын жүзеге асыру және кент әкімі тағайындайтын кадрлар жөнінде зерттеу жүргізу, оларды марапаттау немесе тәртіптік жазаға тарту жөнінде ұсыныстар енгізу.

8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасы-Тәртіптік кеңесімен өзара іс-әрекетте болып, тиісті жұмыстарды үйлестіру және кенттегі мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы Ережелері (Ар-намыс кодексі) талаптарын орындауын қадағалау.

9. Жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жұмыстарын үйлестіру, бағалауға сәйкес берілетін статистикалық ақпараттарды бақылау.

10. Өз өкілеттіктері шегінде жетекшілік ететін іс-қимыл бағыттары бойынша қоғамдық, үкіметтік емес және өзге де ұйымдармен қарым-қатынасты ұйымдастыру.

11. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын және басқа да жоғары мемлекеттік органдардың, мемлекеттік басқарудың республикалық органдары актілерінің орындалуын қамтамасыз ету.

12. Кент әкімі аппаратының қызметіне жалпы басшылық жасауда жұмысты тиімді және нәтижелі ұйымдастыра білу.