Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кур. “РИЗА” ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕЛГЕН СЕРІКТЕСТІ...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
231.42 Кб
Скачать

35

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ

1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын

ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ МЕН МӘНІ

1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың

ғылыми теориялық негізі

1.2 Қаржылық жағдайды талдаудың негізгі әдістері

мен тәсілдері

1.3 Қаржылық тұрақтылықты талдаудың ақпарат көздері

2 “Риза” жауапкершілігі шектелген

СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚАРЖЫ ЖАҒДАЙЫН ТЕРЕҢ

ТАЛДАУ

2.1 Баланс активтері мен олардың құрылым көздерінің

ара-қатынасын талдау

2.2 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау

2.3 Іскерлік белсенділігін талдау

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорындарға өндірістің тиімділігін арттыруын, өнімнің және қызмет көрсетудің ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін ендіруіне негізделген, шаруаландырудың тиімді формалары мен өндірісті басқарудың бәсекелесу қабілеттілігін талап етеді.

Бұл міндетті іс-жүзіне жеткізу үшін кәсіпорынның шаруашылық қызметіне және оның қаражаттық жағдайының талдауына маңызды роль береді.

Маманды экономист, қаражаттаушы бухгалтер мен аудитор нарықтық қытынастарға өту жағайындағы экономикалық даму тенденциялары мен жалпы заңдылықтарын ғана жақсы біліп қоймай өзінің кәсіпорынының тәжірибесіндегі жалпы, арнайы және жеке экономикалық заңдарды толық түсінуі, өндірістің тиімділігін көтеретін мүмкіншіліктер мен тенденциялары дер мезгіліне байқауы керек.

Соңғы жылдарда Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебінің тәжірибесі мен әдістемесінде өте маңызды өзгерістер байқалынады, бұның басы мәселесі біздің мемлекет экономикасының нарықтық қатынастарға көшуі болды.

1997 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап бухгалтерлік есеп стандарттарын, шотардың Бас жоспарын және қаржылық есеп берудің формаларын келтіріп бәрін іске енгізуі, нарық экономикасының талаптарына сәйкес, қаржылық талдаудың жаңа әдістемесін құруды талап етеді.

Тәжірибе жүзінде дәстүрлі бухгалтерия қаржы ақпаратының тұтынушыларына толық мәлімет бере алмайды. Сондықтан бұл мәлімет қалыптастырылған немесе толысып-жетілдірілген болу керек, яғни осы мәліметтер арқылы белгілі бір шешім шешу үшін. Қазіргі заман экономикасында бухгалтер қаржы нәтижесінің құрылымдық әдістемесін білу керек, басқару органдарына есептік саясатты таңдап бере алу керек, яғни оның қызмет сферасы шоттаудан қаржы менеджментіне ейін өрлеу керек.

Экономикада қаржылық талдаудың мәні өте зор: кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың маңызды түсініктемелері мен көрсеткіштеріне, мүліктік жағдайын білмей, қанша табыс және шығын бар екенін білмей және өндірістің қаражаттық тұрақтылығын, төеу қабіліттілігін, іскерлік-белсенділігін және тиімділігін бағалауға арналған. Бұлардың бәрі керек жағдай. Әсіресе қазір біз жоспарлы жүйеден нарықтық қатынастарға көшкен кезде. Нарықтық экономикада қорлардың жатып, шіріп қалуын келтірмеу керек.

Нарықтық қатынастар кезінде кәсіпорындар өз-өзімен шаруашылық субъект болып, мәселелерін өзі шешуге мүмкіншілігі бар. Бұл мәселелердің ішінде сыртқы және ішкі нарықта өздеріне жақсы әрітестерді таңдау. Нарықтық экономикада кәсіпорын өз (жұмыстарын) қызметтерін дұрыс және қатесіз жүргізсе, оның жұмысының нәтижесінде тиімді болуы тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, шаруашылық субъектісінің қызметінің тиімділігі, басқарушылардың объективтілігі оперативтілігімен, мәселелерді шешуінің дұрыстылығымен көрсетіледі.

Нарықтық жағдайда кәсіпорынның өмір сүруі және нарықта тұрақтылығы қаржы тұрақтылығына тәуелді. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның қаржы қорларының жағдайын көрсетіп, ақша қаражаттарын маневрлендіріп және тиімді қолданып өнім сату және өндіріс процесстің үзіліссіздігін қамтамасыздандырады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін, өндірістік және қаржылық мәселелерін шешу үшін, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау керек. Терең және нақты талдаудың арқасында кәсіпорынның қызметін бағалап, басқару органдарына нақты ұсыныстарды қаржы тұрақтылығын және іскерлік белсенділігін жоғарлату үшін деуге болады.