- •Мазмұны:
- •Кәсіпкерліктің дамуының теориялық негіздері........ 4
- •Қазақстандағы шағын бизнестің даму жағдайын талдау .................................................................................................... 13
- •Кәсіпкерліктің дамуының теориялық негіздері
- •1.1 Кәсіпкерліктің даму эволюциясы
- •1.2. Кәсіпкерліктің экономикалық мәні
- •Шағын бизнес ерекшеліктері
- •2. Қазақстандағы шағын бизнестің даму жағдайын талдау
- •2.1 Қазақстан Республикасындағы дамыған шағын бизнестің қазіргі жағдайы
- •Кесте 1 - Залал шеккен кәсіпорындар саны
- •. Қазақстандағы шағын бизнесті дамытудағы потенциялды салалар
- •2.3 Шағын бизнесті дамытудың проблемалары
- •3. Шағын бизнесті дамытудағы проблемаларды шешу жолдары және дамудың перспективті бағыттары
- •3.1 Шағын және орта бизнесті дамытудағы проблемаларды стратегиялық даму негізінде шешу
- •3.2 Кластерлік жүйе шағын бизнесті дамытудың негізгі перспективті бағыты
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
3. Шағын бизнесті дамытудағы проблемаларды шешу жолдары және дамудың перспективті бағыттары
3.1 Шағын және орта бизнесті дамытудағы проблемаларды стратегиялық даму негізінде шешу
Қазақстан экономикасы қазіргі түбірлі өзгерістің екінші кезеңінде. Бірінші кезеңі ( жобамен 1991 жылдан 2004 жылға дейін ) әкімшіл -әміршіл жүйеден қазіргі нарықтық экономикаға өтумен белгілі. Ал екінші кезең болса, ( 2005 жылдан бастап ) « жергілікті » экономикадан глобальды экономикаға өтумен түсіндіріледі. Ендігі жерде кәсіпкерлер алдында стратегиялық таңдау жатыр. Ештеңені өзгертпей жергілікті экономикада қалу немесе қызметте түбірлі өзгерістер жасап глобальды экономикада бәсекеге қабілетті болу.
Қазіргі Қазақстан экономикасын тұйық су немесе шығанаққа теңестіруге болады. Өйткен себебі, көптеген кәсіпкерлер өз өнімдерін тек белгілі бір территорияда ғана өткізе алады, былайша айтқанда халықаралық аренада көрінбейді. Үкімет осы шығанақтың қоректенушілеріне қолайлы жағдай жасап, тырысуда. Судағы тірі ағзалар өздерімен өздері, белгілі бір су темпуратурасында тыныш өмір сүреді. Келешек Қазақстан Біріккен Сауда Ұйымына кіргенде, осы шығанақтың қоректенушілері глобальды экономика деп аталатын толқыны қатты, тасқынды өзенге құйылады. Сол кезде шығанақтың қоректенушілері үшін бір жағынан өзендегі ағыспен бірге жүзетіндей жаңа мүмкіндіктер туады, екінші жағынан оларға өзеннің қатты толқыны қауіп төндіреді. Қазақстанның кәсіпорындары басқа ортада жұмыс істеуге дайын ба, әлде дайын емес пе ? Егер дайын болмаса, компания қызметі тоқтап қалмау үшін не істеу керек ?
Бүгінгі таңда шағын және орта бизнес субъектілерімен стратегиялық даму туралы айтатын болсақ, онда олар бірден қазіргі проблемаларын айтып шыға келеді. Қазіргі мәселелер тұрғанда, болащақ туралы сөз қозғап қайтемін дейді. Әрине қазіргі мәселелерді шешу алып керек, бірақ кәсіпорын стратегиялық даму туралы ойлау керек.
Кәсіпкерлер немқұрайлы қарағандықтан, кәсіпорын залал шегіп қалады. Қазақстан кәсіпорындарынан бір мысал келтіре болсақ, отандық зейнетақы қорлары өз активтерін теңгеде емес, АҚШ долларында ұстағанды құп көрді. Олар теңгенің долларға қарағанда күшейе түскен сәтті жіберіп салды да нәтижесінде біраз шығынға ұшырады.
Бәрімізге белгілі жақын арада Біріккен Сауда Ұйымына кірмекшіміз.Үкімет осыған байланысты шаралар қолдануда. Біздің отандық кәсіпорындарды бәсекелес бола алатындай етіп дайындау керек.Осыған байланысты үш сұрақ туындайды:
3,5 және 10 жылдан кейін отандық кәсіпорындар қандай деңгейде болуы қажет ?
Қазіргі кезде отандық кәсіпорындар қандай жағдайда ?
Қандай әдістермен қалағанымызға жетуге болады ?
« Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриялды-инновациялық даму стратегиясында » көрсетілгендей және нарықтың талап етуі бойынша үкімет отандық кәсіпорындардың жетекшілерін БСҰ-на кіру барысында біз тек өздеңгейімізді сақтап қалу ғана емес, сонымен қатар батыс компанияларымен бәсекелес бола алатындай деңгейге жетуге шақырады. Бұны екі жолмен іске асыруға болады: біріншіден, отандық компаниялар экспортқа шыға алатын тауарларды ғана өндіру керек, яғни әлемдік нарыққа шығару, екіншіден ең жоғарғы қосылған құны бар өнімді ғана игеру керек.
Қазіргі заманғы әлемдік тәжірибеде экономиканың саласына негізделген қосылған құн тізбегі сияқты даму стратегиясын жасау және талдау әдісі кеңінен қолданып жүр.
Шикізат өндірушілер |
|
т |
|
д |
К иім тігу фабрикалары |
|
к өтерме сатушылар |
|
Бөлшек сату дүкендері |
2 – сурет. Қосылған құн тізбегі.
Қазақстанның шағын және орта бизнесті 10-15 жылда ондай деңгейге жетпейді немесе экспортқа шығарып көрді бірақ ештеңе шықпады деген пікір болуы мүмкін. Бұл кәсіпкерлердің пікірі келесілермен сипаттталады:
жағдайдың өзгеруін елемеу ;
өткен тәжірибеге ізденіспен қарамау ;
хабар алуда болжам жасау ;
балама жолдарды қараудан бас тарту.
Кез келген елде экономиканың екі типі бар: біріншісі – « жергілікті » - соңғы тұтынушыға тауар жеткізіп отырады, екіншісі – « глобальды » құн көрсеткішінің әлемдік басқару жүйесімен байланысты. Экономиканың екі түрінің арасында қарама-қайшылықтар туындайды. Барлық елде глобальды экономиканың рольі саны жағынан да, сапасы жағынан да өсіп келе жатыр. Нидерландының жалпы ішкі өнімінің 50 пайызы халықаралық келісімдермен байланысты ( Малайзия, Гонконг, Сингапур және Ирландияда бұл көрсеткіш одан да жоғары ), ал еуропа мемлекеттері үшін орта есеппен 30 пайызды құрайды.
Қазақстан өзінің индустриялды-инновациялық даму стратегиясында Малайзия, Гонконг, Сингапур сияқты елдердің тәжірибесіне сүйенеді.

ігін
фабрикалары
изайнерлік
фирмалар