- •Мазмұны:
- •Кәсіпкерліктің дамуының теориялық негіздері........ 4
- •Қазақстандағы шағын бизнестің даму жағдайын талдау .................................................................................................... 13
- •Кәсіпкерліктің дамуының теориялық негіздері
- •1.1 Кәсіпкерліктің даму эволюциясы
- •1.2. Кәсіпкерліктің экономикалық мәні
- •Шағын бизнес ерекшеліктері
- •2. Қазақстандағы шағын бизнестің даму жағдайын талдау
- •2.1 Қазақстан Республикасындағы дамыған шағын бизнестің қазіргі жағдайы
- •Кесте 1 - Залал шеккен кәсіпорындар саны
- •. Қазақстандағы шағын бизнесті дамытудағы потенциялды салалар
- •2.3 Шағын бизнесті дамытудың проблемалары
- •3. Шағын бизнесті дамытудағы проблемаларды шешу жолдары және дамудың перспективті бағыттары
- •3.1 Шағын және орта бизнесті дамытудағы проблемаларды стратегиялық даму негізінде шешу
- •3.2 Кластерлік жүйе шағын бизнесті дамытудың негізгі перспективті бағыты
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
2. Қазақстандағы шағын бизнестің даму жағдайын талдау
2.1 Қазақстан Республикасындағы дамыған шағын бизнестің қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасы өз алдына дербес мемлекет болғаннан бері шағын және орта бизнес субъектілерінің саны жылдан- жылға ұлғая түсуде. Олардан түскен табыс мөлшері де сәйкесінше өсе түсуде. Мысалға алатын болсақ, осы тәуелсіздік алғаннан бастап 2000 жылға дейін шағын және орта кәсіпорындар саны 6 есеге көбейген. Қазақстан Республикасы Агентігінің мамандырылған бюллетенінде жарияланған статистикалық мәліметтерге сәйкес 2005 жылы 1 қаңтарда республикада 626 187 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген, бұл дегеніміз өткен 2003 жылдың соңымен салыстырғанда 20,1 % өскен. Тіркелген шағын бизнес субъектілерінің ішінде 76,9 % жұмыс істеушілер болып табылады.
Жалпы тіркелген шағын бизнес субъектілерінің ішіндегі заңды тұлғалар 145 087 (23,2 % ), оның ішінде жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар ( кәсіпорын ) – 103 291 (16,5 % ). Жеке кәсіпкерлердің саны және шаруа қожалықтары 378 332 бірлік, бұл 2003 жылдан 18,8 % көп.
Кәсіпкерліктің дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі 1000 тұрғынға шаққандағы жұмыс істеуші шағын бизнес субъектілерінің саны болып табылады. Сонымен, 1000 тұрғынға шаққандағы жұмыс істеуші шағын бизнес субъектілерінің саны 6,9 бірлік, шаруа қожалықтары-22,5, жеке кәсіпкерлер – 15,4 бірлік. Жалпы республика бойынша 1000 тұрғынға шаққандағы шағын бизнес субъектілерінің саны өсуде.
Кесте 3 - 1000 тұрғынға шаққандағы жұмыс істеуші шағын бизнес субъектілердің саны
|
1000 тұрғынға шаққандағы жұмыс істеуші шағын бизнес субъектілердің саны |
||
2003 аяғы |
2004 аяғы |
% өсу |
|
Заңды тұлғалар |
6,3 |
6,9 |
9,5 |
Шаруа қожалықтары |
19,1 |
22,5 |
17,8 |
Жеке кәсіпкерлер |
13,1 |
15,4 |
17,6 |
Шағын бизнес субъектілері өзінің классификациясына байланысты жұмыс істеуші және жұмыс істемейтін болып екіге бөлінеді. Соның ішінде жұмыс істеушілердің құрамы:
белсенді – 51 339 немесе 49,7 % ;
жаңалар - әлі қызметін бастамағандар – 21 068 немесе ( 20,4 % ) ;
уақытша қарапайымдар – 30 884 ( 29,9 % );
Жұмыс істемейтіндердің заңды тұлғалар бөлінеді:
жойылу процесінде – 1818 ( 4,3 % );
«көрінбеушілер» ( куәлігі жоқтар ) – 39978 ( 95,7 % ) ;
Дайын өнімді ( тауалар, қызмет көрсету ) өткізуден түскен шағын бизнес субъектілеріндегі қаржы 2004 жылы 762 728,2 млн. теңгені, 2003 жылы 670 515,9 млн. теңгені құрады. Салыстырмалы түрде 2003 жылдан кірістің сомасы 92212,3 млн теңгеге өскен, номиналды түрде 13,8 % өскен.
Кесте 1 - Залал шеккен кәсіпорындар саны
|
2003 |
2004 |
2003 |
2004 |
|
Залады кәсіпорындар саны |
Залал сомасы млн.теңге |
||
Қазақстан Республикасы |
20486 |
21917 |
88960 |
112389 |
Ақмола |
760 |
987 |
1896 |
2288 |
Ақтөбе |
969 |
982 |
4903 |
3093 |
Алматы |
955 |
962 |
2110 |
2877 |
Атырау |
469 |
620 |
1605 |
3967 |
Шығыс Қазақстан |
1869 |
1993 |
14046 |
8011 |
Жамбыл |
535 |
571 |
374 |
653 |
Батыс Қазақстан |
504 |
532 |
911 |
959 |
Қарағанды |
1535 |
1580 |
4327 |
4220 |
Қостанай |
1060 |
932 |
3408 |
2207 |
Қызылорда |
335 |
417 |
435 |
2405 |
Маңғыстау |
366 |
386 |
2770 |
2696 |
Павлодар |
718 |
749 |
2559 |
2544 |
Солтүстік Қазақстан |
754 |
689 |
1397 |
1079 |
Оңтүстік Қазақстан |
1239 |
1307 |
1655 |
2071 |
Астана қаласы |
1205 |
1433 |
3957 |
6952 |
Алматы қаласы |
7213 |
8077 |
42607 |
66367 |
Егер залал шеккен кәсіпорындар санын 2000 жылмен салыстырар болсақ , 2004 жылы ол 23 % өскен. Республикада құрылған біршама кәсіпкерлер өз бизнестерін жүргізе алмауда. Бұлардың банкротқа ұшырау себептері әртүрлі болып келеді.Кәсіпкерлердің маркетинг, менеджмент ғылымдарынан хабардың жоқтығы, бизнес жоспардағы кемшіліктер, кадр мәселесі, жарнамаға көңіл аудармау, персоналдардың қызмет көрсетуінің төмен деңгейі тағы сол сияқты. Мемлекттің шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында жүргізіп отырған саясатының ең басты аялары ол:
салықтық нормалар ;
еңбек заңдылықтары ;
бюрократиялық процедуралар ;
