Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кур. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
176.13 Кб
Скачать

1.2. Кәсіпкерліктің экономикалық мәні

Кәсіпкерлік процесін қозғалысқа келтіретін іргелі күштерге бірінші кезекте, фирманы құрушы және негізін салушы болып табылатын кәсіпкердің өзі, бизнесті жүзеге асыруға қолайлы мүмкіндік пен қажетті қор жатады (сур. 1.)

Кәсіпкерлік процесінің қозғаушы күштері

Кәсіпкерлік процесінің қозғаушы күштері

Кәсіпкер және оның менеджерлер командасы

Бизнесті жүзеге асыру үшін қолайлы

Қажетті қорлардың болуы

Сурет 1 - Кәсіпкерлік процесінің қозғаушы күштері

Тағы да ескеретін маңызды фактор, ол - кәсіпорынның болжамсыздықпен, қарама-қарсылықпен және тұрақсыздықпен сипатталатын нақты әлемде өмір сүруі. Сондықтан кәсіпкерлік процесі - бұл технологиядағы, маркетингтегі, менеджменттегі әрдайым болып жататын өзгерістер процесі, сәтсіздіктер және қателіктер арқылы дұрыс инвестициялық шешімдерді интеративті іздестіру процесі. Жаңа фирманың шешуші мезеттері (кәсіпкер, табыскерлігіне қолайлы мүмкіндік және қорлар) тек қоршаған әлемге ғана емес, сонымен қатар бір-біріне де бейімделген болулары қажет. Кәсіпкер тек жаңа бизнес мүмкіндіктерін ұғынып қана қоймай, сондай-ақ осы мүкіндіктерді іс-жүзінде қалай жүзеге асыруды білетін, жаттыққан пікірлестер командасыиа ие болуы тиіс. Сонда олардың бәрі фирма жүмысын бірге бастау үшін және оның, әрі қарай жұмыс істеуін жалғастыра беру үшін жеткілікті қорларға ие болулары керек.

Жоғарыда кестеленіп көрсетілген кәсіпкерлік процесінің негізгі қозғаушы күштерінің ішінде кәсіпкерлер (қүрылтайшылар, негізін салушылар) негізгі орын алады. Венчурлік кәсіпкерлер мен өте тәжірибелі кәсіпкерлерден, кәсіпкерлік табысты алдын-ала анықгайтын 5 аса маңызды факторларды түгендеп беруді сұрағанда олар мұны тағы да растады. Олар: 4 рет кәсіпкер және оның білікті командасы содан соң барып маркетингтік әлеует деп, қарапайым жауап берді. Кәсіпкер — бастамашыл негізде, толық экономикалық жауапкершіліктен қорықпай тәуекелге баратын және келешекте табыс әкелетіндей етіп басқа өндіріс факторларын ұтымды түрде біріктіруге қабілетті ұдайы өндірістің субъективті факторы.

Қазіргі нарықтың қиын жағдайында, жақсы жинақталған жоғары білікті командасы бар фирмалар, кәсіпкері жеке жұмыс істейтін фирмаларға қарағанда бәсекеге анағұрлым қабілетті болып табылады. Менеджерлер командасына келесі анықтаманы беруге болады. Менеджерлер командасы деп тек қорларды таба алатын ғана емес, сонымен қатар оны тиімді пайдалана алатын, бәсекелік күрестегі өзгерістерге тез жауап беруге қабілетті, мақсаты тек кәсіпорынды дамыту және тиімді өндіріспен қамтамасыз ету болып табылатын жоғары білікті мамандар тобын айтамыз.

Команда негізді және жетілгсн саласына сәйкес еңбек тәжірибесіне машықтанған болуы керек. Сөйте тұра кәсіпкер негізгі жауапкершілікті өз мойнына алуы керек және жақсы ойластырылған нарыққа кіру стратегиясына ие болуы керек. Кәсіпкерлік процесінің екінші қозғаушы күші - бизнесті іске асыру үшін қолайлы мүмкіндіктер. Бүгінде бүкіл әлем кәсіпкерлік жарылыс нәтижесінде пайда болған "үнсіз" төңкеріс жайлы айтуда. Шет елдік ғалымдар кәсіпкерлік түсінігіндегі негізгі орынды ой (Idea) және оларды іске асыру мумкіндіктері сияқты категорияларға береді. Ойды іске асыру мүмкіндіктері деп ойдың жүзеге асу дәрежесі мен ойды іске асыру нарығының ашық тауашасының бар болуын айтуға болады. Дегенмен осы жерде ойлар оларды іске асыру үшін қолайлы мүмкіндікгерге қарағанда анағұрлым көп. Сонымен жаңа куаттарға, объектілерге деген қажеттілік пайда болғанда, қүрылыстар мен ғимараттарды қайта құру қажеттілігі пайда болғанда, тапсырыс берушілердің жаңадан туындаған қажеттіліктерін қанағаттандыруда тапшылық пайда болғанда немесе тапсырыс берушілердің бар қажеттіліктерін бәсекелестердің ұсынған қызметтеріне қарағанда толығырақ қанағаттандыру мүмкіндігі туғанда құрылыс бизнесі үшін де мүмкіндік пайда болады. Кәсіпкер үшін осы мүмкіндікті уақытысында байқау ғана емес, сондай-ақ оны дұрыс пайдалану да маңызды.

Ұзақ уақыт аралығы бойында пайда және табыспен қамтамасыз ететін ашылып келе жатқан нарық тауашасын таба білу қабілетіне ие кәсіпкерлер, табысты кәсіпкерлер болып саналады. Кәсіпкердің қызмет саласын талдауына тура келетін өнімдер мен қызмет көрсету нарығы тұрлаусыздықпен, мәліметтің жетіспеушілігімен және тәуекел деңгейінің жоғарылығымен өзгешеленеді.

Кәсіпкерлік шеберлік дегеніміз — бұл басқаларға әлі көріне қоймаған, көрінсе де не өте ерте, не өте кеш көрінген жерде кәсіпорын құру және дамыту мүмкіндігін бірінші болып көру. Кәсіпкерлік процесінің үшінші қозғаушы күші - бұл қажетті қорлардың болуы. Қорларды басқаруда келесі көзқарасты ұстану ұсынылады: Шағын фирмалардың негізгі өндіріс қорларының үлкен бөлігінің сатып алынуымен емес, ал жалға алынумен қамтамасыз етілетін ең aз мөлшердегі қорлармен жоғары нәтижелілікке жету.