Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Салық жүйесінің даму тарихы. Әлемдегі қазіргі с...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407 Кб
Скачать
☆

2. Шет мемлекеттердің заңды тұлғаларға салық салу ерекшеліктері

2.1. Шет мемлекеттердің салық салу жүесіне жалпы сипаттама

Соңғы он бес жылда Испания өзінің экономикалық даму жағынан орташа дамыған еуропалық елдердің қатарына енді. Бұған елдегі тұрақты саяси жағдай мен салық саясаты өз әсерін тигізді. Испанияның салық жүйесі:

  • жалпы ұлттық;

  • жергілікті салықтар тұрады.

Жалпы ұлттық салықтардың негізгі түрлеріне:

  • компания пайдасына салынатын салық;

  • азаматтардың табысына салынатын салық;

  • ҚҚС;

  • Мұра мен сыйға салынатын салық;

  • әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын төлемдер т.б. жатады.

Жергілікті салықтарға:

  • жылжымайтын мүлікке салынатын салық;

  • коммерциялық қызметпен айналысуға салынатын салық т.б. жатады.

Салықтарды бекітетін жоғарғы органына парламент (кортесы), ал салық жүйесін басқаратын жоғарғы органға Экономика және қаржы министрлігі жатады. Салықтардың дер кезінде толық көлемде бюджетке түсуімен салық органдары айналысады. Оның бас кеңсесі Мадридте, аймақтық басқармалары әрбір провинцияның орталықтарында орналасқан. Испания елінің мемлекеттік бюджетінің кірісінің 60 пайызын тура салықтар, 25 пайызын жанама салықтар, 15 пайызын әлеуметтік сақтандыру төлемдері құрайды.

Азаматтарға салық 1991 жылғы «Азаматтардың табысына салынатын салық туралы» Заң негізінде салынады және ол жыл сайын бюджет қабылданған тұста өзгертіліп, толықтырылып отырылады.

Салық төлеу барысында азаматтар резидент және бейрезидент болып бөлінеді.

Резидент-салық төлеуші деп Испания аумағында 183 күннен артық болған немесе Испанияда негізгі экономикалық мүддесі бар жеке тұлғалар танылады.

Бейрезидент-салық төлеушілер – 183 күннен аз уақыт ел аумағында табыс тапқан жеке тұлғалар.

Осы заңға сәйкес азаматтарға салық жеке өзіне немесе отбасына салынады. Бірақ бір ерекшелігі – егер отбасы мүшесінің біреуі қандай әдіспен төлейтінін таңдаса, қалған мүшелерінің барлығы да сол әдісті ұстануы керек.

Салық төлеу барысында салық төлеушілердің табысы тұрақты және тұрақсыз болып бөлінеді.

Тұрақты табыстарына коммерциялық немесе кәсіби қызметінен алған барлық табыстары, жалдамалы жұмыстан алған табыстары, дивиденд, роялти, жалдық төлемдер, пайыздар, бір жылдан аз уақыт меншігінде болған мүліктерді сатудан түскен табыстар т.б. жатады.

Тұрақсыз табыстарына меншігінде бір жылдан астам уақыт болған мүліктерді сатудан түскен табыстар, басқа да кездейсоқ табыстар жатады.

Азаматтардың табыс салығы 20-56 пайыз аралығында прогрессивтік ставкамен есептелінеді. Бейрезиденттердің капитал өсімі түріндегі табысына 35 пайыздық, қалған табыстарының барлығына 25 пайыздық тұрақты ставка қолданылады.

Компания пайдасына салынатын салық бойынша салық салу объектісі болып кәсіпорынның жиынтық табысы мен өндіріс процесінде жұмсалған шығындар арасындағы айырма саналады.

Резидент компаниялар пайдаға салынатын салықты 35 пайыздық ставкамен төлейді. Мұнай өндіру мен өңдеу саласындағы компаниялар пайдаға салынатын салықты – 40, сақтандыру және несие кооперативтері – 26, өндірістік кооперативтер 20 пайыздық ставкамен төлейді. Бұған қосымша барлық компаниялар есептелген пайдаға салық сомасынан 1,5 пайыз мөлшерінде жергілікті сауда палатасының есебінен арнайы салық төлейді.

Тауар, қызмет сату-сатып алу операцияларын жүзеге асыратын кез келген кәсіпорын қосылған құнға салынатын салықты төлеушілер болып табылады. Азық-түлік тауарларына, дәрі-дәрмектерге, газет, кітап, журнал өнімдеріне, мейрамхана, мейманхана, көлік тасымалы кәсіпорындарының қызметіне 4-7 пайыздық төмендетілген ставка қолданылса, сәндік бұйымдар мен автокөліктерге 28 пайыздық жоғарлатылған ставка қолданылады. Бұдан басқаларының барлығына 16 пайызбен ҚҚС салынады.

Мұра мен сыйға салынатын салықты жеке тұлғалар төлейді. Резидент-жеке тұлғалар аталмыш салықты мұраның орналасқан аумағынан тәуелсіз төлесе, бейрезидент-жеке тұлғалар тек ел аумағында орналасқан мұрадан (сыйдан) төлейді. Салық ставкасы мүлік құны мен туыстық деңгейіне байланысты 7,65-34 пайыз аралығындағы прогрессивтік шкаламен анықталады.

Жылжымайтын мүлікке салынатын салық объектінің кадастрлық құнына байланысты алынады. Салық ставкасын әр муниципалитет өздері бекітеді. Орташа салық ставкасы қалалар үшін – 0,4-1,3, селолық жерлер үшін – 0,3-1,22 пайыз аралығында белгіленген.

Жылжымайтын мүлік құнының өсімінен алынатын салық 20 және одан кем уақыт жеке меншігінде болған мүлікті сатқан жағдайда төлейді. Салық салу объектісі болып мүліктің сатылған бағасы мен кадастрлық құны арасындағы айырма саналады. Салық ставкасын жергілікті билік органдары белгілейді, орташа салық ставкасы – 16-30 пайыз.

Францияның қаржы жүйесі өзінің көп салалығымен ерекшеленіп: жалпы бюджет, қазынашылықтың арнайы шоттары, біріккен бюджеттер, арнайы қорлар, жергілікті қаржылар және мемлекеттік кәсіпорын қаржыларынан тұрады.

Мемлекеттік бюджетке жалпы ел қаржыларының 47%, жергілікті бюджетке 9%, әлеуметтік сақтандыру қорына- 4% үлесі тиеді.

Мемлекттік бюджет- бұл мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясаттарын сипаттайтын қаржы жүйесінің негізгі саласы. Франциядағы мемлекеттік қаржылардың айрықша бөлігінің бірі-біріккен бюджеттер.

Бұлар қаржы автономиясын қолдана отырып, сауда- өнеркәсіптік операцияларымен айналысатын және де өзднрі заңды тұлға болып саналмайтын ұйымдар үшін енгізілген. Қазірде біріккен 7 бюджет бар- 1 әскери және 6 азаматтық. Олардың ішінде- пошта бюджеті, телеграф пен телефон бюджеті, әлеуметтік ауыл шаруашылық жәрдемақылар бюджеті, ұлттық баспахана, т.б. тұрады.

Бірікккен бюджет құрамында: ағымдағы іс- қызметтерге байланысты табыстар мен шығыстар, инвестициялық шығыстар мен оларды жабуға бөлінген арнайы ресурстар. Біріккен бюджеттер сальдосы жалпы бюджетте көрсетіледі, егер біріккен бюджеттердің қаражаттары жеткіліксіз болса субсидиялар жалпы бюджеттен бөлінеді.

Мемлекеттік бюджет кірістері салықтардан, мемлекеттік кәсіпорын қаражаттарынан, займдардан және т.б. түсімдерден тұрады. Бюджет табысының негізгі көзі болып салықтар саналады, барлық түсімдердің 90% салықтардан құралады.

Салықтар арқылы ұттық табыстың 50% қайта бөлінеді.

Бюджеттің кірістері мен шығыстары екі бөлікке бөлінеді:

1) Қорытынды сипаттағы операциялар; (қайтарымсыз қаржыландыру).

2) уақытша сипаттағы операциялар. (несиелік операциялар).

Франциядағы мемлекеттік қаржылардың дамуы басқа елдердегідей бюджет шығындарының өсіп отыруымен сипатталуда. Ұлттық табыстағы мемлекеттік шығындар үлесі жылдан жылға өсуде. Бүгінгі таңда бұл үлес 50% құрайды.

Экномика шығындары өсіп келеді. Бюджет шығындарының ішіндегі үлесі 25-35%. Экономиканы реттеу шығындарының құрамына өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласының шығындары, транспорт пен байланыс, ауыл шаруашылығы кіреді. Мемлекеттің экономикаға араласуы ұлттық шаруашылықтың бәсеке қабілеттілігін жоғарылату мақсатында жүзеге асырылады. Көбінесе қомақты қаражаттар субсидия түрінде мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыруға жұмсалады. Машина жасау өнеркәсібі, әуе қатынасы құрылысы, мұнай өңдеу сияқты салалардағы мемлекеттік тапсырыс әрдайым өсіп отыр.

Әскери шығындар. Франция «НАТО» әскери ұймынынан шығып ектсе де, оның мүшесі болып қалды. 90-шы жылдары мемлекет тікелей әскери шығындары бойынша әлемде 4-ші орынға шыққан. Қорғаныс министірлігінің әскери шығындарынан басқа, премьер-министр бюджетінің шығындары да айтарлықтай (бас штабы шығындары, барлау органдары, радио бақылау қызметері).

Ал, жанама әскери шығындарға: мемлекеттік қарызды басқару шығындары мен әскери зейнетақылар жатады. Әскери мақсатқа жұмсалатын жалпы қаржыландыру мемлекеттік бюджет көлемнің шамамен 35% дейін жетеді, бұл ЖҰӨ-ң 4% деген сөз.

Әлеуметтік қажеттілік шығындары салыстырмалары түрде төмендеуде. Үкімет бұл қаражаттарды тек әлеуметтік теңестіру үшін ғана емес, экономиканы реттеу мақсатында жұмсайды. Ең төменгі жалақы және мүгедектік бойынша берілетін зейнетақы көтерілді. Сонымен бірге әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын жұмысшылар жарнасының көлемі де ұлғайды. Бұл шығындардың ішіндегі ең көп көңіл бөлетіні- білім беруге бөлінетін қаржы, оның үлесі бюджеттің жалпы шығыстарының 25% құрайды.

Басқару шығындары мемлекеттік биліктің барлық органдарын қамтиды. Құрамында шамамен 1 млн-ға жуық адамы бар үлкен әкімшілік аппаратының бар болуы, мемлекеттік саяси, экономикалық және әлеуметтік қызметтерімен тағыз байланысты. Бұл бағыттағы шығындар мемлекеттік бюджет шығындарының шамамен 12% құрайды.

Сыртқы байланыс шығындары- халықаралық байланыстарға, қарым- қатынастарға байланысты шығындар. Бұл тізімге Африка мемлекеттеріне көмек кіреді. Дамушы елдерге көмек беру жағынан Франция АҚШ-тан кейін екінші орынды иемденеді.

Бұл шығындар өзінше жеке дара «сыртқы байланыстар» деген бапқа кіреді. Осы бапқа сай халықаралық зерттеу ұйымдарына қатысуына байланысты шығындар қарастырылған. Бұл баптағы қаражат көлемі шамамен 1,3 млрд франк, халықаралық ұйымдарға жарналар 1,5 млрд франк, сондай-ақ дипломатиялық және консулдық аппарат шығындары да осы бапқа енеді.

Қайта өндіріс процесінде мемлекеттік бюджет аса маңызды функциялар орындайды, оның ЖІӨ-гі үлесі 20% астам.

Жалпы, Францияда бюджет процесі 4 сатыдан тұрады және ол 3 жылдан астам уақытқа созылады. Алғашқы саты- бюджет жобасын құру, экономика және қаржы министірлігінің (ЭҚМ) бақылаумен 9 ай бойы жүргізіледі.

Әрбір министірлік пен ведомство өз сметаларын жасап, қаржылық бақылаушы тіркегеннен кейін бюджет жобасын даярлау үшін ҚЭМ-не жіберіледі. Бюджет жобасын үкімет мақұлдағаннан кейін парламентке жіберіледі.

Екінші саты- үш ай уақытқа созылатын бюджетті қарастыру мен бекіту. Франция Ата заңына сәйкес бюджетті қарастыру, бекіту құқығы парламентке берілген. Бюджет жобасы әр палатының қаржы комиссиясының тексеруінен өтеді. Комиссияның бас баяндаушысы палата отырысында бюджеттің жалпы мәселелері бойынша баяндама жасайды. Алдымен бюджет жобасы төменгі палатада (ұлттық жиналыс) талқыланып,содаң соң жоғарғы палатаға (сенатқа) талқылауға қарауға беріледі.

Бюджет бекітілуі қос палатаның біріккен отырысында өтеді. Егер сенат берілген бюджет жобасымен келіспейтін болса, онда жобаны қайта қарауға төменгі палатаға қайта қайтарып береді. Егер бюджет жобасы 70 күн бойы екі мәрте талқылауға түсіп, мақұлданбаса, онда президент өзінің жарлығымен (ордонанс) бюджетті заң деп жариялайды. Бұл жағдайда ордонанстық бюджет күшіне енеді.

Франция парламентінің бюджеттік құқықтары Ата Заңмен шектелген. Парламенттің ұсыныс немесе өзгертулер еңгізуге құқығы жоқ.. Жалақының төменгі шегі, отбасылық жәрдемақылар сияқты халықтың көп бөлігін қызықтыратын, толғандыратын мәселелер бойынша бірқатар баптарды бекіту де парламент құзырынан алынып тасталған. Ол тек аса маңызды баптардың жалпы сомасын бекіте алады. Ал, кейбір баптар тіптен бірнеше жылдарға бекітіліп, парламенттік бақылауды әлсіздендіре түседі.

Үшінші саты- бюджеттің орындалуы, ол бір жылды қамтып, бюджет жылы деп аталады. Францияда ол күнтізбелік жылмен сай келеді. Бюджет орындалуының жалпы жетекшілігі ҚЭМ-не жүктелген. ҚЭМ-гі министірліктер мен ведомстволар берген ұсыныстар (заявкалар) бойынша шығындардың айлық кестесін жасайды. Бюджеттің кассалық орындалуы қазынашылық кассалар жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Бюджет жылы аяқталғаннан кейін- төртінші саты басталады, яғни, экономика және қаржы министірлігі бюджет орындалуы туралы есеп беруді құрайды. Арнайы бақылау органы, яғни есеп палатасы бюджеттің орындалуы туралы есепті тексергеннен кейін парламент бекітуіне кіреді.

Бюджет процесі барысында қаржы бақылауы жүзеге асып отырады. Мемлекеттік бақылаудың арнайы органы болып есеп палатасы саналады, ол алдын ала, ағымдағы және кезекті бақылауларды орындайды. Әр министрлік пен ведомствода қаржы бақылаушысы болады. Олардың негізгі айналысатын ісі- қаражаттардың жұмсалуын тексеру. Жоғарыда аталып кеткендей, Франциядағы мемлекеттік табыс бөлігінің 90% салықтардан тұрады, ал шығыс бөлігінің бағыттары сан қилы.

Жалпы Франциядағы мемлекеттік бюджет шығындарын төмендегі суреттен бақылауға болады:

Шетел істері

Және халық-қ

Ынтымақтас- 2%

әділ сот

өнеркәсіп 1%

ауыл шаруа-ғы және рт

балық аулау 3% басқа да министр-р 1%

ғ ылыми зерт-р және

ғ ылыми техно-р 3%

мәдениет 1%

қаржы қызметі 4%

ішкі қызмет-р орта және жоғары

және жергілікті білім беру 28%

өзін-өзі басқаруды

дамыту 7% қорғаныс 20%

көлік, тұрғын үй 10% әлеумет-к

министр-р 18%

басқа да министр-р 1

Францияның мемлекеттік бюджетінің шығыс

бөлігінің құрылымы (1998)