- •Сынып жетекшісі жоғарыда аталған міндетіне сай 5 қызметті атқаруы тиіс.
- •Мектеп пен жанұяның әрекеттестік формалары
- •2.2 Мектептің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының формалары мен әдістемелері.
- •Тәрбие барысында Егеменді Республикамыздың және оның
- •Мектеп пен отбасының ынтымақтастығының жасөспірімдер тәрбиесіндегі рөлі
- •Сурет 1. Мектеп педагогикалық ұжымы ата-аналар қауымымен бірлесіп жүргізетін жұмыстар
- •Сурет 3 - Жасөспірімдерді тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығының моделі
Кіру Тіркелу . . сұрақ жауап сайты сұрақ қою қазақша » Отбасы мен мектептің ынтымақтастығы Жонисова Алмагуль Салимгереевна орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Соркөл орта мектебі Ойыл ауданы Ақтөбе облысы «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады». Н.Ә.Назарбаев. Бүгінгі күнгі педагогтардың, отбасы мен жұртшылықтың күш-жігерін үйлестіріп отыру – сынып жетекшісінің міндеті. Баланың алғашқы тәрбиешісі ата-ана десек, баланың көзқарасы және нанымы, мінез-құлық дағдылары мен әдеттері отбасында қалыптасады. Ал бала тәрбиелеуде, оқытуда мектеп шешуші роль атқарады. Мемлекет балаларды тәрбиелеуде отбасыға мектеп арқылы көмектесіп, отбасылық тәрбиенің мазмұны мен ұйымдастырылуына әсер етіп отырады. Яғни мектеп мемлекеттік мекеме есебінде жасөспірімдер мен жастарды дұрыс тәрбиелеуде отбасына жәрдемдесуге, ата-аналар арасында педагогикалық насихатты белсене жүргізуге міндетті. Мектеп пен отбасы бірлесіп күш-жігер жұмсамай отырып, жеткіншек ұрпақтың жан-жақты дамуына ат салысулары тиіс. Кемелденген ел жағдайында мектептің отбасы өміріне белсене араласудың үлкен маңызы бар. Бұл ең алдымен балалардың адамгершілік кемелдігін қамтамасыз ету үшін керек. Ендеше білім ордасының отбасымен және жұртшылықпен байланысы, негізінен, сынып жетекшілері арқылы жүзеге асады. Төменгі сыныптарда мұғалімдер ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен үнемі байланыста болады. Ата-аналармен кездескенді оларды мектептің талабымен таныстырып, оқушыларға әсер етудің формалары мен әдістері жөнінде келісіп алады. Олар көпшілікке педагогикалық білім таратып, ата-аналарға олардың жаңа адам тәрбиелеу жөніндегі өздерінің ізгі міндеттерін жақсы орындауына көмектеседі, барлық ата-аналардың өз балаларының қамқоршы ұстазы болуы үшін тырысады. Егер ата-аналар мұғалімдердің талаптарын жақсы түсініп, қолдап отырса, балаларының дұрыс тәрбиеленуіне ықпал етіп, сондай-ақ мектепке зор көмек көрсетеді. Бірақ кейбір ата-аналар өз отбасыларының аясынан шыға алмай, қоғамдық тәрбие талаптарына өзінің жеке бір ерекше бағытын, балалармен қарым-қатынастығы дара әдісін қарама-қарсы қояды. Кейбірі балаларын еркелетіп, шолжыңдандырып жібереді, барлық тілектерін орындауға тырысады, еңбектен қол үздіреді. Мұндай отбасыларда балалар тіпті жеңіл үй жұмысына да араласпайды. Бұл бірте-бірте оқу еңбегіне де теріс әсерін тигізеді. Нәтижесінде балалар нашар оқып, үйге берілген тапсырмаларды орындамайтын болады. Мұндай кемшіліктерді көрісімен сынып жетекшісі педагогикалық сипаттағы шаралар қолдану керек. Яғни балаларға сезімталдықпен қарау, олардың бастамаларын және дербестігін тұншықтырмау керек екенін ата-аналарға ескертіп отырған жөн. Кейде отбасы мен мектептің арасында келіспеушіліктер болып қалады. Бұл балалардың сана-сезімі мен мінез-құлқын қалыптастыру үрдісін қиындатады. Ал мектеп пен отбасының тығыз ынтымақтастығы талап пен тәрбиелік ықпалдың бірлігін қамтамасыз етеді. Бірақ отбасы бұрынғысынша тәрбиенің маңызды ұясы болып қала береді. Ал мектептің отбасымен ынтымақтастығы оқушыға беретін тәрбие жұмысы ең алдымен оқушыны, оның отбасы жағдайын зерттеуден басталады. Ол сынып жетекшісі тарапынан төмендегідей жүйеде жүзеге асырылады. Зерттеу жұмысын жүргізе отырып сынып жетекшісі балалар тәрбиесін тиімді ұйымдастыруда ата-аналармен байланысады. Олар әр түрлі формада ұйымдастырылады. Сынып жетекшісінің ата-аналармен ынтымақтасқан бірліктегі еңбектерінің бағыттары іс жүзінде іске асырылса, онда тәрбиелеу тиімді болады, тәрбие сағаттары, кәсіптік бағдар, экскурсиялар, сайыстар, олимпиадалар мақсатымызға жете түсуге негіздеме бола алады. Отбасы тәрбиесі. Ата-ананың баласына қалдыратын ең үлкен мұрасы – оны жақсы тәрбиелеу. Мектептің отбасы тәрбиесіне ықпалын арттыру үшін ата-аналарға мектеп есігін айқара ашып, балалармен өткізілетін әр түрлі тәрбиелік іс-шаралар мен сабақтарға қатысуына мүмкіндік туғызуы қажет. Тіпті кейде ата-аналар арнай дайындықты талап ететін үйірмелерді басқаруға саяхаттар мен серуендерді ұйымдастыруға шақырылады. Оларға оқушылар тарапынан концерттер мен қойылымдар, көрмелер ұйымдастырылады. Мұғалімдер мен сынып жетекшілері қажет болғанда отбасына оқушы арқылы баласының сабақтағы үлгерім жетістіктері мен ұнамды әрекеттері жайлы хабарлап, хаттар жолдайды. Мектептің ата-аналармен жүргізілетін негізгі мақсаты: ата-аналар мектепті балаларының шын жүрегімен қабылдайтын үйі деп санап, өздері де мектеп жұмысына көмектесуге дайын болуын қамтамасыз ету; ата-аналарды отбасында балаларымен өзара ынтымақты қарым-қатынаста болуға үйрету. Осындай мақсатпен мектептің әдістемелік бірлестігі отбасы тәрбиесі мәселелері бойынша ата – аналар семинарларын ұйымдастырады. Онда ата – аналар балалардың дамуға, есеюге, бостандыққа ұмтылуының табиғатын және баланың бойында рухани байлықты қалыптастырудың маңыздылығын, ол үшін қоршаған ортадан сүйіспеншілік сезімін, мейірімділік пен сыпайылықтың қажеттілігін біледі. Ата – аналар балаларымен ынтымақты қарым – қатынас нақтылы әдістерін үйренеді, отбасында пайда болған өзара түсініспеушіліктерге байланысты жеке дара кеңестер беру ұйымдастырылады. Отбасы-саналықпен ынтымақтастықтың және болашақтың бастау алар негізі. 1. Балаға дұрыс тәрбие беру-ата-ананың моральбық қана емес, заң жүзінде міндеті. 2. Бала тәрбиесі мәселесіінде ата-ана арасында толық келісім болуға тиіс. 3. Бала бойындағы ізгілік, жақсылық атаулының бәрін , оның үлгі болуға тырысқан талабын көтермелеп отыру керек. 4. Баланың адал да ізгі адам болып өсуі үшін оған ата – анасы үлгі болуға тиіс «Отбасы мықты болса, Отан да мықты». Яғни өнегелі отбасының мәуелі жемісі – саналы тәрбиеленген өскелең ұрпақ болары даусыз. Ендеше тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы екендігін әрбір тәрбиелі азамат өзінің өміріне талдау жасап, мол мәліметтер жинақтап байқайды. Ата-аналар мен мектептің бірден-бір мақсаты жан-жақты жетілген, үйлесімді дамыған, адамгершілігі мол парасатты, ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру. Баланы тәрбиелеуде әр ана-ана өздері білімді болуы керек. Ол үшін ата-ана мұғаліммен тығыз байланыста болып, түсінбегенін сұрап, пікірлесіп отыруы керек. Осындай жағдайда ғана балалардың жағдайын түсініп, олардың адами қасиетінің дамуына ықпал жасай аламыз деп ойлаймын. Пайдаланылған әдебиеттер 1. «Отбасы және балабақша» журналы 2. «Сыныптағы тәрбие» журналы 3. «Тәрбие құралы» журналы 4. «Бала тәрбиесі» журналы Дереккөзі: http://www.zharar.com/kz/4552-mektep.html?Like © www.ZHARAR.com
Ой санасы дамыған адамгершілік және дене тұрғысынан салауатты, мәдениетті тұлғаны жан-жақты қалыптастыруды көздеген тәрбиенің мәселелері мектепті де , ата- ананы да әрқашан толғандырып келеді. Тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі мектеп пен ата- аналар арасындағы ынтымақтастық қарым- қатынаста. Өйткені адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы ата –ана. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алып өседі.
Бүгінгі қоғам алдындағы басты мақсат өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы, мектеп, қоғам және жұртшылықтың тәрбие ісі кіріктіріліп жүзеге асуы тиіс. Өйткені отбасына мектеп тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтар мен ата аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуге болады. Мектеп, мұғалім және ата-ана орны бөлек, себебі бала бір жақты тәрбие алу мүмкін емес. Үйде ата-ана баулыса, мектепте мұғалімдер тәрбие береді. Тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына: мұғалімге, ата-анаға, бірге оқыған құрбы-достарына, олардың күнделікті іс-әрекеттеріне байланысты.
Осы тұрғыда мектебімізде, Қобда қазақ орта мектебінде, оқушы , ұстаз, ата- ана ынтымақтастығы жүйелі түрде жұмыс жасайды. Негізгі мақсатымыз әр баланың мектепте, мектептен тыс уақытын дұрыс пайдалануын қадағалау және тәрбие жұмысында , алуан түрлі бірлескен іс — шаралар барысында оқушы , ұстаз,ата- ана арасындағы берік ынтымақтастықты қалыптастыру. Осы мақсата жету барысында алдымызға атқарылуға тиіс негізгі іс шараларды міндеттедік.
Біріншіден, ата — аналдардың өзін-өзі басқару жұмысының қалыптасуын ұйымдастыру мен ұстаздық көмек көрсету.
-мектеп және отбасының біріккен тәрбиелік қызметін жоспарлау;
ата-аналарға педагогикалық рефлексияны қалыптастыруда, отбасында тәрбие технологиясын және әдістемесін таңдауда және қолдануда көмек көрсетeу.
Осы міндеттерді шешу барысында мектепте жоспарлы түрде ата-аналар апталығы, ата ана, ұстаз, оқушы атты айлықтар жүргізіледі. Ата аналар ұйымы ашық есік күндерінің кезекшілігін жасап, ата -аналардың мектеппен жүйелі түрде байланыс жасауына және мектеп оқушыларының материалдық-әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз етілуіне көмек беріп отырады.жетекшілер мен ата аналар тығыз байланыста болып,сынып сағаттар мен сыныптан тыс жұмыстарға белсене қатысуға ықпал жасайды. Мектепте жылма жыл «Ең үлгілі отбасы» байқауы өтіп отырады. Сонымен қатар ата –аналар апталығында «Ата- аналар белсенділігін қалай атқаруға болады?» тқырыбында дөңгелек үстел, «Мен ата -анаммен мақтанамын» тақырыбында альбомдар, буклеттер, ата аналар бұрышы, «Өз үйім -өлең төсегім» тақырыбында ұйымдастырылады. Мұндай іс- шаралар ата- анамен баланың арасын одан әрі жақындата түседі. Сынып жетекшілер мен мектеп психологтары ата аналармен жеке әңгімелер жүргізіп, баламен ата ана арасындағы қарым қатынасты анықтау барысында сауалнамалар алып, қорытындысы бойынша түзету жұмыстарын жүргізеді. Мектепте ата- аналар мен балаларды біріктіре отырып жұмыс жасау, түрлі шаралар өткізу, оқушылар мен ата -аналар арасында көзге көрінбейтін белгілі бір бәсекелестікті туғызады. Ата- ана мен балалар бір біріне түрткі болып, өзара біз неге мұндай шараларға қатыспасқа, біз неге көрінбейміз деген ой тудырады.Мұндай бәсекелестік ата ананың мектеппен байланысын арттыра түседі. Мұндай ата — аналар өздерінің саналы өмірімен және сапалы іс-әрекетімен тек өз балаларына ғана тәрбие беріп қоймай, мектептегі қоғамдық жұмыстарға қолғабыс етіп, басқа ата-аналарға үлгі көрсетеді. Мектепте мектеп өміріне белсене араласып, көпке үлгі болар ата аналар жылына екі рет І және ІІ жарты жылдықта марапатталып, арнайы құттықтауларға ие болады.
Мұғалім, ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынас
Мұғалім, ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынас Қазіргі заманда адам баласының бақытты болуы үшін: не керек деп ойлайсыздар?. Кейбір ғалым адамдар былай дейді: Негізгі бес нәрсе тікелей қатысты болуы: • Ата-ананың жақсы болуы; • Ұстаз жақсы болуы; • Мамандықты дұрыс таңдауы; • Сүйген жармен одақтасуы; • Өз балаларыңның болуы керек; Осы факторлар тек отбасында ғана бақытты болуы емес, әрине бүкіл адамзаттың өмірін жақсартуға арналған факторлар. Өмірде адам баласының яғни, жеке адамның өзін-өзі шынайы бақытты, тәуелсіз екенін сезінуіне көмектесетін қандай факторлар қажет деген сұрақтар, әсіресе, мектеп жасындағы балаларда пайда болады. Көбінесе орта, жоғарғы буын оқушыларында туады. Бұл сұраққа былай жауап беруге болады: әр дені сау адам «мен» деген атқа ие болғанда, алдында қандай мақсат қоя және оны орындау керек екенін біледі. Сол алға қойған мақсат арқылы өмір сүру керек екенін біледі. Сіздер баламен жұмыс істейсіздер, балаға кеңес бересіздер. Сондықтан балаға өз мақсатына жету жолы оңай еместігін түсіндіру керек. Қандай жолдар, қандай қиыншылықтарға соқтығысуы мүмкін екенін түсіндіру керек. Бір балада қиыншылықтар мүлдем болмауы мүмкін, ал екіншісінде аяқ қойған жерде. Сондай жағдайда жеңілмеу керектігін айтып, «ұстаз» деген атақты ұмытпай өмірдің күшті жағын көрсету, айту біздің міндет, парызымыз. Балаларға аңыздар оқып бере отырып, өмірден түңілмеуін, жеңілмеуін айта отырып, талдата отырып, образдық жағдаяттар арқылы өзіне деген сенімін арттыру. "Екі бақа” туралы аңыз Сарайда тұрған шыныдағы қаймаққа екі бақа түсіп кетеді. Біреуі, шығалмайтынына көзі жетіп, қақтығыспай өліп қалады. Ал екіншісі, шығалмайтынына көзі жетіп тұрса да, қақтығысқанының бәрі бекер сияқты көрінсе де, секіре береді. Бірақ, аяғында қаймақ, әлгі бақаның секіргенінен, қоюланып, майға айналады. Әлгі бақа сөйтіп, секіріп шыныдан шығып кетеді. (Аңыз талданады 1) Мен кіммін, қандаймын?! тренингі. Мақсаты: өзіндік анықтауға, ішкі сезімін сыртқа шығару. 10 аса сөз жазуға болады. 3 минут беріледі. Мен Жаеркемін. Мен әдемі, сұлу қызбын. Мен қазақпын... Мен ........т.с.с. 2) Менің жан-жақты ерекшеліктерім тренингі. Мақсаты:Іштегі негативті (комплексы) шығару.. Жағымды-жағымсыз жақтарын жазу. 5-минут беріледі. 10 аса сөз жазуға болады. Дәптердің қақ ортасынан сызып: Жағымды ерекшеліктер: -Мен кішіпейілді қасиетіме ризамын т.б.... Жағымсыз ерекшеліктер: -Менің жылай салатын жаман қасиетім бар т.с.с. 3) Менің эмоциям және сезімім тренингі. Мақсаты: Адамның ішкі сезімі мен көңіл - күйінің көрініс табуы. Көңіл-күй түрлерін жазасыз. Сол көңіл -күйді мимикамен көрсетесіз. 2-минут беріледі. Мысалы, күлу, ойлау, қиялдау, аңсау, жылау, уайымдау т.с.с Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі. Питер Клайн. Адамның жеке тұлға ретінде өз бетінше зерттенуі - қайда жүрсе де өз орнын таба алатын, өз мүмкіндігін көрсете білетін, ойын ашық айтып, тыңдай алатын, ықпал ету, көмек көрсету, жанашырлық таныту сияқты т.б. адами мүмкіншілікке қол жеткізу ғана емес, сонымен қатар, өмір сүріп жатқан ортада тұлға ретінде танылып, «АДАМ» деген атқа ие бола білу. Отбасы адам тұрмысын ұйымдастырудың қайнар көзі. Ал, бала өмірінің қайнар көзі- ата-ана. Баламен психологиялық - педагогикалық жұмыстар жүргізу үшін біз ата-анамен жұмыс жүргізіуіміз керек. Ата-бабаларымыз айтқандай: «кемеңгерге де кеңес керек»,- дейді. Кейбір ата-аналар кеңес алудан қашады. Дұрыс ата-ана болса, өз баласы үшін, дұрыс тәрбие беру үшін бәріне баратын сияқты. Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған, Жақсы, жаман болса да бала-солардан. - деп, Баласағұн атамыздың сөзінен кейін қалай десек те, денсаулығы дұрыс ата-ана өз баласының алдындағы міндеттері мен құқықтарын өзінен басқа ешкім бөліп атқара алмайтынын біледі. Сіздер болашақ ұрпақтың төл тумасын зерттейтін педагогсыздар, қарамағыңыздағы мұғалімдермен, оқушылармен қалай жұмыс істеу керектігін жақсы білесіз. Бірақ сырттан келген адаммен қарым-қатынасқа түсу, сізді әрине қиындыққа соқтырады. Өйткені, сіз ол адамды бірінші рет көріп отырсыз. Кім деп ойлайсыз, әрине, ата-ана. Ата-ана сізбен, яғни психологпен сөйлесу үшін, ол бірінші, баласымен сөйлеседі, екінші, сынып жетекшімен сөйлеседі, содан барып, сізбен сөйлеседі бұл бірінші нұсқа. Екінші нұсқа телефон соғып, директорды шағымданып, өз ренішін қыр, телефон арқылы білдіреді. Сіздерге ата-ана екі жағдаймен келеді: 1) Кеңес алу; 2) Негативті көңіл-күй жағдайында; Құрметті, әріптестер осындай жағдайда да сыпайлылық, мейірімділік қасиеттерін ұяластырып, сабырмен, ақылмен шешуге үйренейік. Отбасының әлеуметтік мәселесіне педагогикалық - психологиялық тұрғыда моральдық көмек беріп, ата-анамен жақсы қарым-қатынаста болу бұл біздің міндетіміз, өтеулі парызымыз |
Ата-аналармен жұмыс
Перейти к: навигация, поиск
Ата-ананың мектептегі алатын орны:
Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы. Мен баяндамамның алғы сөзін шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің сөзінен бастағым келеді: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген. Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек. Мақсаты: Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. 1. Сынып жетекшінің атқаратын міндеті 2. Ата-ананың атқаратын міндеті 3. Бірлесіп жасалатын жұмыс, күтілетін нәтиже Сынып жетекшінің міндеті: 1. Ата-аналармен тығыз байланыста болу; 2. Оқушыларды, ата-аналарды сыныптық және қоғамдық ұжымдардың іс-шараларына тарту; 3. Әр оқушының жеке басының қасиетін, психологиялық ерекшелігін, жан-жақты бақылап, зерттеу, олардың кәсіптік бағдарлығын, әрі өмірлік көзқарасын қалыптастыру, қабілетін және танымдық қасиетін дамыту; 4. Тақырыптық ата-аналар жиналысын өткізу; 5. Ата-аналар комитетімен кездесу; 6. Оқушылардың құқықтарын және әлеуметтік жағдайын қорғауға көмек көрсету; 7. Өз сыныбында сабаққа қатысып отыру және пән мұғалімдерімен жұмыс; 8. Сыныпта болған төтенше жағдайларды дереу мектеп әкімшілігіне хабарлау.
Ата-ананың міндеті: 1. Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы; 2. Сабақтан келген балаңың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету; 3. Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу; 4. Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу; 5. Балаңыздың мектептегі жағдайын жасау барысында өз еркінізбең оқу-тәрбие іс-шараларына қаржылық көмек көрсету; 6. Мектептегі ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу; Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін олармен байланыстың әрқилы түрлерін қолдану қажет. Кейбір сынып жетекшілері тоқсанның аяғында үлгерім қорытындылары туралы ата-аналар жиналыстарын өткізуімен және оқуға үлгермеуші немесе тәртіпсіз балалардың ата-аналарын барлық уақытта бірдей келісіп әрекет жасамауы мүмкін. Бұдан басқа сыныпта, мектепте болатын кез-келген жұмыстарға мектепішілік іс-шараларға, сынып жетекшілердің ең бірінші қолдап, демеу көрсететін-сынып оқушыларының ата-аналары. Осыған байланысты сынып жетекші ең бірінші сынып ата-аналар төрайымымен және сынып ата-аналарымен тығыз байланыста болуы керек. Кез келген мәселенің жауабы ата-аналармен шешімін табуға тиісті. Осы жоспарды барлық сынып жетекшілері бұл мәселені бірлесіп дұрыс жолға қоя білсе, көптеген жұмыстарымыздан жеңілдіктер байқалар еді. Осыған байланысты көптеген ата-аналар сынып жетекшінің ай сайын өткізетін ата-аналар жиналысына келмей де жатады, оқушыныңыздың ата-анасымен қалай байланыс жасау керектігі жайлы шешілетін көптеген жолдары бар.
1. Оқушының жанұясына барып тұру. Бұл-ата-аналармен жеке жұмыс істеудің неғұрлым кең тараған және тиімді түрі. Жанұяға барғанда сынып жетекшісі өз оқушысының үйдегі өмірімен, тұрмыс жағдайымен танысады. Ата-аналарымен және жанұяның басқа мүшелерімен әңгімелескенде ,сынып жетекшісі оқушының мінезі, қызығуы мен икемділігі туралы ата-аналарына, үлкендер мен кішілерге қарым-қатынасы туралы мағлұматтар алады. Ата-аналарын мектепке тек баласы тәртіп бұзғанда немесе жаман оқи бастағанда ғана шақырмау керек. Кейде оқушы өзін жаман ұстамайды, жақсы оқиды, бірақ сынып жетекшісі оның сыныптан тыс оқуын ұйымдастыру, оны қандай да бір қоғамдық пайдалы жұмысқа қатыстыру, оның белгілі бір саладағы дарынын дамытуға қажетті жағдайлар жасау туралы да ата-аналармен келісіп алуы керек. Ата-аналар мектеп мұғалімдерімен кездесіп отыру пайдалы ғана емес, қажет те. Ол кездесулер мектеп пен жанұя арасында тығыз байланыс орнатуға, оқушылардың оқуы мен тәртібінде кемшіліктерді болдырмауы үшін дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді.
1. Ата-аналармен хат алмасу. Кейбір сынып жетекшілері жанұямен байланыста ата-аналармен хат жазысып тұру түрін қолданады. Хат арқылы мектеп оқушысының үлгерімі мен тәртібі туралы хабарлап тұрады. Кейде хат жазғанда ата-аналардан жанұя тәрбиесіндегі қиындықтар туралы сұрауға, бала тәрбиесі жөнінде олар қандай әдебиеттер оқитынын біліп, ол жөнінде тиісті жаңа кітаптар ұсынуға болады. Ата-аналармен хат жазысуға оқушының күнделік дәптері пайдаланылады. Сынып жетекшілері онда оқушысының оқуға, қоғамдық жұмысқа қатысты тәртібі туралы қысқаша жазып отырады. 2. Сыныптық ата-аналар жиналысы. Бұл-сынып жетекшісінің жанұямен байланысының аса-маңызды бір түрі. Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының жайымен және міндеттерімен ата-аналарды таныстырып отыру үшін мұндай оқу жылының басында және әрбір тоқсанның аяғында өткізіледі. Олардың мақсаты ата-аналарды нақтылы педагогикалық біліммен қаруландырып, жанұяда бала тәрбиелеудің алдыңғы қатарлы тәжірибесімен таныстырып отыру болып табылады. Біз, сынып жетекшілері ең бірінші өзіміздің жетекшілік етіп отырған сыныбымыздың ата-аналарына арналған педагогикалық білімдерді насихаттау үшін әңгімелер мен лекциялар өткізуіміз керек. Олардың мазмұны ата-аналардың талаптарына, оқу-тәрбие жұмыстарының нақтылы міндеттеріне байланысты болады. Әңгімелер мен лекциялар жүйелі түрде белгілі бағдарлама бойынша өткізіліп отырса ғана көздеген мақсатына жете алады. Мысалы: «Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі туралы», «Балаларды ұқыптылыққа үйрету», «Үлкендерді сыйлауға үйрету», «Баланың мінез-құлығын тәрбиелеу туралы», «Сыныптан тыс оқуға қалай басшылық жасау керек» т.б. Бала өнегелі болса, сөз жоқ, ол көрікті болады. Сіз, құрметті ата-ана, ұлыңыздың немесе қызыңыздың мектепте нашар оқығанын қаламайтыныңыз белгілі. Кейде, немесе, күнде балаңыз «2» деген нашар баға алса, онда оған ренжисіз, сөгесіз, тіпті тілдеп те жібересіз. Сондай кезде баламен ұрыс-керіс тудырмай-ақ түсінісіп, жөн сілтеуге бола ма? Әрине, болады. Ендеше психологиялық-педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ түріңіз: 1. Таңертен (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз. 2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз. 3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз; 4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз; 5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз; 6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады; 7. Бала бірдеңеге қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз; 8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі-сабаққа әзірленудің сәтті кезі. 9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірлену талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс; 10.Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз. 11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз. 12.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз. 13.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін. 14.Егер балаңы айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз. Халық даналығында: «Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер, 15-ке дейін құлыңдай жұмса, 15-тен кейін досыңдай сыйла,» - деген керемет ұлағатты нақыл бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз. Бала бойындағы жағымсыз мінез-құлықтар үнемі есепке алынса; ата-ана мен мұғалім бірлікте болып, баланың жақсы, жағымды істерін ылғи марапаттау қажет. Қоршаған ортадағы теріс әрекеттерден үнемі сақтандырып отырса, мұғалім мен ата-ана әрқашан сергектік, шыдамдылық танытып, жан жылуын беріп, шеберлік көрсете білсе, онда балаларымыз өзімшіл болмай, қиындықтан қашпай, міндетті мен парызын орындайтын ұрпақ болары анық. Ата-аналар кодексінде: -Ата-ана ерекше жағдайда ғана емес, тәрбиемен ұдайы айналысуға міндетті; -Баланы тәрбиелеу үшін ата-ана өзіміз тәрбиелі болуымыз керек. Тәрбие беру-ақыл айту емес; -Баланы жақсы көргендізінізді мейірімді, жылы сөзбен жеткізіп отырыңыз; -Мектептегі жағдайды жақсарту мақсатында ұсыныстар айтуға құқыңыз бар. -Қателігін түсіне білетін, Дұрыс жүріп, күтіне білетін, Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін, Білімді жинап, дүниені шолатындай, - балаларыңыз, үлкен азамат болып өссің! Сөз соңын ұлы ұстаз Макаренконың: "Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз. Кіре берістегі, жол-жөнекей айтылған сөз бала көңілінде керекті із қалдырмайды деген", - парасатты ойымен түйіндегенді жөн көрдім.
Ата-аналарға арналған этикалық кодекс 1. Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз. 2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз,қолдау көрсетіңіз. 3. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес,ортақ іс екенін ұмытпаңыз. 4. Мектеп туралы,мектепте болған жағдай туралы анық-қанығына көз жеткізбей тұрып ,бөгде орындарға таратпаңыз. 5. Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз,өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз. 6. Мектепішілік және сыныптағы ата-аналар жиналысынан қалыс қалмаңыз. 7. Өз балаңыздың мектептен тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қараңыз. 8. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз оған мектепке қажетті құрал-жабдықтарын уақытылы әперіңіз. 9. Балаңыздың денсаулығы мен жеке басының тазалығына және киіміне жауапты қараңыз. 10. Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін,күнделігін,дәптерін қадағалап отырыңыз. 11. Егер мектепке сабақ уақытында келсеңіз, сынып жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз. 12. Өз мүмкіндігіңізге қарай мектепте өтілетін, қала көлемінде өтілетін мерекелік шараларға,байқауларға қатысыңыз. 13. Өз еріктерімен әрбір ата-ана мектепке ұйымдастырушылық,ақпараттық және материалдық көмек көрсете алады. 14. Мектеп ішінде, сыныпта бола қалған қиын мәселелі жағдайларда оны мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыз: 1. Сынып жетекшісі; 2. Пән мұғалімі (қажет жағдайда); 3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; 4. Әлеуметтік педагог; 5. Мектеп басшысы.
Сынып жетекшісінің ата – аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері В.А. Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», - дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтанда педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше. Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарасатары олардың өзара қарым–қатынасы сабақтың ұйымдастыру формаларымен өткізу технологиясы көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысын мектепті басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш – мұғалім - оқушы – ата – анаға қатысты жағдайда жаңа демократиялық қарым – қатынасқа ие болды. Олай болса осы қарым – қатынасты реттеп отыратын әкімшілік басқару жүйеде ендігі жерде келмеске кетті. Бүгінде мектептің ата – аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жоюда: ата – аналар жиналысы, ата – аналар лекториясы мен университеттері, ата – аналардың ашық күні, ата – аналардың жұмыс орындарымен байланыс, баланың отбасына бару т.с.с. Түйіні шешілмеген мәселелерді шешуде мұғалімдер мен оқушылар ата – аналармен оқушылар өзара байланыссыз жалқы қалып отыр. Әсіресе, мұндай жағдай мұғалімдердің ата–аналармен ынтымақтастық қарым – қатынасына кері әсерін тигізуде. Бүгінде бала тәрбиесінде олардың бір – біріне айтар ақыл кеңесі ауадай қажет болып отыр. Сондықтан да ата – аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеп пен қарым – қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының оқу – тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай оқу – тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді. Мектептің ата – аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысымен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады. Мектептің баланы тәрбиелеуге қатысты саясатын отбасының түсінуі, соның жұмысына байланысты. Мұндай жағдайда отбасының негізгі тапсырыс беруші және баланы тәрбиелеуде мектеп пен одақтас ретінде қарастырған жөн. Сондықтан да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысын негізінен мектеп пен ата – аналар және балалардың өзара қарым қатынасымен әрекетінде бірлікке, ынтымақтастыққа қол жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл күй мен жағдай жасау. Оны нәтижелі шешу мүмкіндігі, егерде тәрбие жұмысының негізінде сол ынтымақтастық әрекет орын алған жағдайда ғана болады. Ол үшін өзара сенім мен құрмет, өзара көмек пен қолдау, бір – біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналуы тиіс. Дегенмен, мектеп оқушыларымен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Әсіресе, сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол. Оны оқушылардың ата – аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Сол үшін де ата – аналармен қоян – қолтық жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс. Ол үшін, жанұяны және оның отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен жағдайын жан – жақты әрі жүйелі зерттеуді қажет етеді. Олай болса сынып жетекшісінің ата–аналармен жұмыс істеу қажеттіліг неде:
- баланың өмірін ұйымдастыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелелерді шешуде ортақ көзқарастың болуында баланың отбасы мен мектеп жағдайындағы дамуын және әлеументтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбиенің бірыңғай ұстанымдарын қоюда;
- баланың әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық даму жағдайын ескере отыра, тәрбиенің мақсаты және міндеттері дұрыс анықтау, оларды жүзеге асырудың болуында;
- баланың жан – жақты үйлесімді дамуы үшін тәрбиелік ықпалды тиімді және нәтижелі ұйымдастыруда;
- балаға мектеп пен мектептен тыс тәрбие мекемелерінің, ата – аналармен жұртшылықтың педагогикалық қолдануын ұйымдастыруда;
- баланы әртүрлі ортада, әртүрлі жағдайда жан – жақты жақсы танып білуі үшін;
- балаға ықпал етудің жалпы тәсілімен техникасын ойластыруда, әртүрлі өмір жағдайында оның тұлғасына әсер етуде күш жігерді біріктіру үшін;
- сынып жетекшісі, оқушылар және ата – аналардың жағымды көңіл күйін өзара жағымды түсіністік пен ынтымақтастық қарым – қатынасын орнықтыруда. Осыдан барып мектеп пен отбасы тәрбиесінің жағымды факторларға негізделген өзара қызметінің маңыздылығы түсінікті.
Ата–аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:
1. Ата–аналармен тұрақты байланыс орнату. Ондағы мақсат: отбасының, оның мүшелерінің өзара қарым–қатынасы мәдениет деңгейі, отбасының жеке басқа ықпалы ата–ананың педагогика білім дәрежесінің жай – күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді. 2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету. Ондағы мақсат өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі бір мінез құлық нормалары балаға үйрету, жаттықтырудың жүйелілігін, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сол сыныптағы дәріс беретін мұғалімдерді ата – аналармен ортақ іске ұйымдастыру. 3. Ата–аналар ұжымын құру. Бұл күрделі әрі жауапкершілігі мол маңызды міндет. Бұл бағытта ата–аналар комитетін құру, оның жұмыс жоспарын жасау, оларды мектептегі қоғамдық жұмыстарға қатыстыру, атқарылатын істерге талдау жасап отыру т.б. жұмыстарды міндеттейді. 4. Ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру. Ол үшін ата–аналардың жаппай педагогикалық білім алуларын ұйымдастыру. Бұл бағытта баспасөз беттерінде, радио, көгілдір экран арқылы, пеадагогикалық білімдер жетілдіру универсистеттерінде лекторияларды, семинарларға, ғылыми практикалық конференцияларда, ата–аналар жиналыстарында педагогикалық білімдерін насихаттау. Ата–аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі
Сынып жетекшісі жоғарыда аталған міндетіне сай 5 қызметті атқаруы тиіс.
1. Ата–аналарды сыныптағы оқу тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру. Сынып жетекшісі ата – аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық қөзқарасын баяндайды. Оның мақсаты және міндеттерімен, соған сай әрекет ету бағдарламасы және тәсілімен тәрбие жоспарымен таныстырады. Ата–аналармен бірлесіп оны жүзеге асыру жолдары қарастырады. Осындай отырысқа сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерін және мектеп әкімшілігінде шақыру мүмкіншілігі қарастырылады. Мұғалімдер өздері жүргізетін пәндердің ерекшеліктері, мазмұнымен әдістемесі және оқушылардың үй тапсырмасын орындау жұмыстарынан қатысты мәселелерімен ата–аналарды таныстырады. 2. Ата–аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру. Сынып жетекшісі бұл бағытты ата–аналардың педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, балалар әлеументтік ортадағы мінез – құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет жүктейді. Қазіргі мектеп жағдайында ата – аналардың жалпы білім деңгейі сөзсіз артуда бұл олардың педагогикалық көзқарастарында қателіктің болмауынан сенімін орнықтырады. Дегенменде педагогикалық және психологиялық зерттеу нәтижесі ата – аналардың психологиялық педагогикалық мәдени деңгейлерінің төмендігіне үнемі назар аударады. Сол үшін, бүгінгі таңда қоғамның және ата-аналардың оған деген сұранысы күннен-күнге артуда. Осы орайда, әрбір сынып жетекшісінің алдында тұрған міндет ата-аналар және мектеп жағдайына тура келетін жұмыс істеу формаларын таңдау. Сондықтан, мұнда мектеп тәжірибесінде ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарына қатысты өзін-өзі ақтаған кейбір дәстүрлі формаларды атаймыз. 3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру. Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, оқушы тұлғасының дамуына ықпал ету өрісін арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру, осы әрекеттер барысында мұғалімдер, ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасын жақсарутды көздейді. Мектеп тәжірибесінде ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстырудың әр түрлі формаларын қолданады:
- сабақтан тыс әр түрлі тәрбиелік шараларға қатыстыру (мәдени жорық, саяхат, кеш, спорттық жарыстар, т.с.с.;
- жалпы мектеп көлемінде өткізілетін дәстүрлі шараларға қатыстыру (мектеп бітірушілермен кездесу, соңғы қоңырау, жаңа жыл шыршасы, халықаралық әйелдер мейрамы, наурыз, оқушылардың жазғы демалысы өткізу т.б.);
- балалардың сабақтарына, олимпиада, кештерге, апталықтарға, ата-аналардың ашық есік күніне т.б.;
- мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысу (еңбек адамдарымен кездесу, өндіріске саяхат, кәсіби бағдар бөлмесін жабдықтау жұмыстары);
- өздерінің мамандықтарына сай факультативтік және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру;
- балалардың аула клубтарын құруға;
- мектептің немесе сыныптың жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыру қатысу, кітапхана қорын молайтуға, көрмелер ұйымдастыруға;
- мектептің немесе сыныптың әртүрлі шараларын ұйымдастыру және оларды өткізуге өндіріс және фирмалар арқылы материалдық көмек сұрау т.б.
4. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру. Бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындап отырған мәселеге байланысты көмек көрсету, ақыл-кеңес беру. 5. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі. Сынып жетекшісінің бұл бағыттағы жұмыстары ата-аналардың комитетін құрып, оның мүшелеріне белгілі бір бағытта тапсырмалар беру, олардың жұмыстарын ұйымдастыруға кеңес беру, қолқабыс көрсетуден басталады. Кейбір ата-ана өз балаларының сыныпта атқарып жүрген қоғамдық жұмыстарына барынша қолдау көрсетеді. Мысалы,баласы спорттық шараға, мәдени жорыққа жауапкер болса, оның ата-анасы да өз мүмкіндігінше баласына қолдау көрсетіп, оған қажетті материалдарды табуға көмектесіп отырады. Мұндай ата-аналарды сынып өміріне араластырып отыру да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысына жатады. Сонымен бірге сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың жалпы мектеп көлеміндегі және аумағындағы қоғамдық ұйымдарымен де мектепке қатысты жалпы мәселелерді ортақтаса шешуде бірлесе жұмыс жүргізеді (ата-аналар комитеті, кеңесі, құқық қорғау мекемелері т.б.). Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысының формалары мен әдістері
Ата-аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісі ата – аналар педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттеледі. Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «Ата-аналарды тәрбиелеу» деген ұғым пайда болды. Ондағы көзделген мақсат ата–аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіры отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша, әр елде сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде сай ата – аналар балаларын тәрбиелеу барысында айтулы қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтанда олар мұғалімдердің ақыл – кеңестерін, практикалық көмектерін аса қажет етеді. Олардың ұйымдастыруындағы ақыл – кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата–аналарға ғана қажет емес. Сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата–аналарға да керек. Себебі: қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда. Сондықтан, ата–аналарға бала тәрбиесінде, біріншіден, педагогикалық білімдерді жинақтауға, екіншіден, олардың өздерінің тәрбиелі және дамуын міндеттейді. Егерде мектеп пен ата–аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл шешімін табатын міндеттер. Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімдердің ата–аналармен кездесуін, ата–аналар жиналысын ұйымдастыру, ата–аналар комитетін құру, ата–аналар белсенділерімен жұмыс істеу, ата–аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру, конференция өткізу секілді жұмыстар барысында атқарылады.
