Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
баяндама.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
43.3 Кб
Скачать

1.3 Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің  сомасы «Қазақстан Республикасының  бюджет кодексі» мен тиісті қаржы  жылына арналған «Республикалық  бюджет туралы»  заңда белгіленген тәтіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.

Қазақстанның салық жүйесі салықтардың және басқа да міндетті төлем түрлері бойынша сараланған. Салық қызметі органдары ҚР Қаржы  Министрлігі Салық комитеті мен  жергілікті салық органдарынан тұрады. Салық органдарна облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аймақаралық салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері, сонымен бірге қаржы полициясының бөлімшелері жатады.

Салық қызметі органдары  салық және бюджетке төленетін басқа  да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық  және дер кезінде аударылуын қамтамасызету  жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің  салықтық міндеттемелерін   орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады.

6

2 Ұлыбританияның салық жүйесі

1.1 Жергілікті салықтар

Салық заңдарын үкімет бекітеді. Салык қызметін ұйымдастыру Қазынашылықка бағынышты екі бірдей үкімет департаменттеріне жүктелген. Олар: Ішкі табыстар басқармасы (ІТБ) және БАЖ бен акциздер басқармасы (БАБ).

Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастырудағы салықтардың үлесі шамамен 90%.

Ұлыбританияның  салық жүйесінің кұрылымы мынадай:

орталык салықтар:

халықтан алынатын табыс салығы; (10%-дан 40% дейін)

корпорациялардан алынатын табыс мұраға салынатын салық (мұра саласы 223000 ф.ст. дейін - 0% жэне одан жоғары 40%),  бұл салық 1965 жылы енгізілген;

жанама салықтар: ҚҚС (17,5%)  1975 жылы енгізілген,

сондай-ақ акциздер, баждар, мұнайдан түскен табысқа

салықтар, елтаңбалық алым.

2) Жергілікті салықтар:

мүлікке салынатын салық.

Жеке табыс  салығын Ұлыбританияның табысы бар  барлық халқы төлейді. Дегенмен, салық салу тәртібі салык төлеушінің мәртебесіне байланысты. Салык заңдылығына сәйкес салык төлеушілер резиденттер жэне резидент еместерге бөлінеді. Резидент еместер тек осы мемлекет территориясынан тапқан табысынан ғана салық төлейді. Ұлыбритания территориясында алты айдан астам уақыт болған тұлға резидент есебінде санала бастайды.

Ұлыбритания салык  жүйесінің бір ерекшілігі, табыс  салығы жиынтық табыстан емес (шедула), яғни бөлектемелі жүйесі арқылы алынады. Салық салу түрлі алты шедулалар аркылы жүзеге асырылады:

А шедуласы бойынша, жер, құрылыс меншігінен тапқан

пайдасына салық салынады; 7

В шедуласы бойынша коммерциялық мақсатта қолданы- 

латын орман алқаптарынан түскен табысқа салык салы- 

нады;

С шедуласы бойынша белгілі бір үкіметтің кұнды қа- 

ғаздарынан түскен табыстарға салық салынады;

Д шедуласы бойынша, өндірісті - коммерциялык саладан 

түскен табыстарға (сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылыгы, 

көлік);  еркін  мамандык иелерінің табыстарына; пайыз 

түрінде табылған табыстарға салынады;

Е шедуласы бойынша, еңбек табыстарына: еңбек ақы, 

зейнетакы т.б., салық салынады;

Ғ   шедуласы   бойынша,  дивиденттерге   жэне  баска  да 

бөлінетін компания табыстарына салык салынады.

Ал, корпорациялық  табысына салык салу, олардың шағын  немесе ірі сиякты түрлеріне байланысты алынады. Салықтың негізгі мөлшерлеме - 30%. Ал, табыс мөлшері 30000 ф.ст. дейінгі (шамамен 465000$) корпорацияларға бекітілген мөлшерлеме - 20%. Табысы 300000 ф.ст.-тен 1,500 мың ф.ст. корпорациялар үшін (бұл шамамен 2340000$) қолданылатын мөлшерлеме 32,5. Ал, Ұлыбританияда тұрақты өкілеттілігі жок резидент емес корпорацияларға - 23%. Тұрақты өкілеттілігі бар резидент корпорациялар үшін бекітілген мөлшерлеме - 33% құрайды. Діни бағыттағы кәсіпорындарға, қайырымдылық ұйымдарына, зейнетақы қорлары, кәсіподақтар және жұмысшылар мен тұрғын-үй қауымдастықтарына салыұқ салынбайды.

Салықтар ішінде ҚҚС ерекше рөл атқарады. Ұлыбританияда  ҚҚС-тың үш мөлшерлемесі қолданылады:

0%, тауарлардың 17 тобына қолданылады: азык-түлік тағамдары, сумен қамтамасыз ету, кітаптар, соқырлар мен мүгедектердің жәрдемақысы,

17,5% стандартты мөлшерлеме көптеген тауарлар мен 

қызмет түрлеріне;

8%  коммерциялық  емес  сипаттағы кәсіпорындар  мен 

ұйымдардың қызметіне қолданылады. 8

ҚҚС-тан босатылатындар: жер, сақтандыру, патша кызметі, бизнес, лотерея, каржылар, білім беру, денсаулық сақтау, жерлеу қызметі, спорт жарыстары, өнер шығармалары т.б. Жылдық айналымы 52000 ф.ст. асқан салық төлеуші салық органына ҚҚС-төлеуші ретінде тіркелуі тиіс. Ал, акциздер темекі, алкоголь, авто жанармайы, автокөліктерге салынады. Спирттік ішімдіктер мен жанармайға тауар бірлігінің сомасынан алынады.Темекі өнімдеріне тауар бағасының қосымшасы ретінде (пайызбен) бекітіледі. Акциз төлемдерінің мөлшерлемесі 10-30% аралығында.

Елтаңбалык алым болса,Ұлыбританиядағы  ең көне салыктар. Ол 1694 жылы енгізілген. Бүл құжаттарға салынатын салық 1891 жылы заң негізінде жүзеге асырылып жаткан - тұлғалар арасында азаматтык-құқықтық келісім шарттар бекітілген жағдайларда алынады. Елтаңбалық алым келісімшарттардағы меншік құнының белгілі бір пайызы ретінде алынады. Мысалы, меншік құны 60000 ф.ст.-ке бағаланса, елтаңбалык алым мөлшерлемесі 1% т.с.с. Ал мұнай өндірумен айналысатын компаниялар табыс салығынан бөлек тағы екі түрлі салықтар төлеуге міндетті. Оларға арнаулы салык режимі карастырылған.

9