- •Дәрістің қысқаша жазбашасы
- •3.Халықаралық жария құқық пен халықаралық жеке құқықтың нормалары
- •§ 2. Халықаралық жеке құқықтың мазмұны мен мәні
- •§ 3. Халықаралық жеке құқықтың қуқык саласы ретіндеп мәні
- •§ 4. Халықаралық жеке құқықтың құқық жүйесінде алатын орны
- •2 Модуль . Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері
- •§ 2. Коллизиялық ереженің құрылымы және оның түрлері
- •3 Модуль . Халықаралық жеке құқықтың субъектілері. 4 сағат
- •§ 2. Жеке тұлғаның құқық қабілетілігі және әрекет қабілетілігі
- •2.Жеке тұлғаның құқыққабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі.
- •3. Жеке тұлғаның жеке заңы туралы түсінік
- •§ 2. Сыртқы экономикалық мәміленің коллизиялық ережелері және оларды жою шаралары
- •§ 3. Англия, германия, ақш және
- •§ 2. Сыртқы экономикалық мәміленің коллизиялық ережелері және оларды жою шаралары
- •§ 3. Англия, германия, ақш және
- •§ 2. Жүкті тасымалдау шарты бойынша жауапкершілік
- •§ 3. Жолаушыны және теңдеме жүкті тасымалдау
- •1.1. Теңіз тасымалдауы
- •1.3. Теміржол тасымалдауы
- •1.4. Автокөлік тасымалдауы
- •§ 2. Жүкті тасымалдау шарты бойынша жауапкершілік
- •§ 3. Жолаушыны және теңдеме жүкті тасымалдау
- •3.1. Жолаушыны және тевдеме жүкті тасымалдау шарты бойынша жауапкершілік
- •§ 1. Отбасы құқығы саласындағы коллизиялық сұрақтар
- •§ 2. Некеге отыру және некені тоқтату
- •2.2. Консулдық некелер
- •2.3. Қазақстан Республикасы азаматтарыныц шетелдіктермен басқа мемлекетте некеге отыруы
- •§ 3. Ерлі-зайыптылар арасындағы және ата-ана мен бала арасындағы құқықтық қатынастар
- •3.1.Балалармен ата-аншіардың арасындагы қатынастар Балалармен ата-аншіардың арасындагы қатынастар
- •§ 2. Некеге отыру және некені тоқтату
- •§ 3. Ерлі-зайыптылар арасындағы және ата-ана мен бала арасындағы құқықтық қатынастар
- •§ 4. Халықаралық жеке құқықтағы бала асырап алу,
- •Халықаралық жеке құқықтағы интеллектуалдық меншік
- •§ 2. Патент берілетін интеллектуалдық меншіктің негізгі объектілері
- •§ 3. Қазақстан республикасының аумағында
- •§ 4. Патент жүйесін қалыптастыратын халықаралық құқық органдары
- •§ 5. Қазақстан республикасында патент қатынастарын реттейтін ұлттық заңнама
- •§ 6. Қазақстан республикасында патент қатынастарын жүзеге асыратын органдар
- •§ 2. Халықаралық еңбек құқығы мен қазақстан республикасының еңбек құқығы
- •§ 3. Шетелдік жұмыс күшін тартудағы мемлекетпң саясаты
- •3.1. Еңбек көші-конынын Қазақстандық еңбек нарығыныц жағдаііына және ұлттық заңнамаға әсер етуі
- •§ 1. Халықаралық коммерциялық арбитраж -халықаралық дауларды шешудің бір жолы ретінде
- •§ 2. Халықаралық коммерциялық арбитраждың қызметін реттейтін маңызды актілердің мазмұны
- •§ 3. Қазақстан республикасының аумагында шетел коммерциялық арбитражының шешімдерін тану мен орындау
- •§ 2. Халықаралық коммерциялық арбитраждың қызметін реттейтін маңызды актілердің мазмұны
- •§ 3. Қазақстан республикасының аумагында шетел коммерциялық арбитражының шешімдерш тану мен орындау
§ 3. Қазақстан республикасының аумағында
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІК БОЙЫНША ӘРЕКЕТ ЕТЕТІН
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНВЕНЦИЯЛАР
Қазақстан Республикасы аумағында ұлттық заңнаманың бір бөлігі ғана емес, кей жағдайларда ұлттық заңнамадан да басым түсетін бірқатар халықаралық келісімдер, шарттар, конвенциялар іс әрекет етуде.
1993 жылы 16 ақпанда қабылданған өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы халықаралық шарттар туралы Қазақстан Республикасының Декларациясына сәйкес Республика аума-ғында өнеркәсіптік меншік саласындағы құқықтық қатынастар-ды реттейтін төрт маңызды Халықаралық конвенция әрекет етеді, олар:
1. 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы1.
2. 1891 жылғы 14-сәуірдегі Тауар таңбаларын халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі2.
3. 1967 жылғы 14 шілдедегі Бүкіләлемдік интеллектуалдық меншікті қорғау ұйымы конвенциясы;
4. 1970 жылғы 19 маусымда қабылданған Патент кооперациясы туралы келісім шарт.
1995 жылдын 5 карашасынан бастап еліміздің аумағында 1994 жылдың 9 кыркүйегінде Мәскеуде қол қойылған Еуразиялық патенттік конвенция әрекет етуде1.
Бұл халықаралық келісімдердің жасалуына өткен ғасыр бойы ұлттық заңнамалардағы айырмашылыққа байланысты өнеркәсіптік үлгініқорғау құқығын бір уақытта бірнеше елде алу киындығы себеп болды. Сонымен қатар,қорғау құжатын алу үшін өтініштер бір елде жариялануын болдырмау үшін және өзге елдерде өнертабыстың жаңашылдығын айырмау үшін, бар-лық мемлекеттерде бір уақытта берілуі тиіс.
Өткен ғасырдың екінші жартысында көптеген мемлекеттер өнертабыстарды қорғау жүйесін жасады, сонымен қатар, мемлекетаралық технологиялык айырбас дамып, Халықаралық сауда өсті. Өнеркәсіптік меншік туралы заңнаманы халықаралық деңгейде унификациялау қажеттігі туындады.
Париж конвенциясы өнеркәсіптік қорғау саласындағы халықаралық көпжақты әмбебап шарт болып саналады.
Өнеркәсіп меншік объектілеріне байланысты мәселелерді реттейтін негізгі халықаралық келісім болып табылады. (1-та-рау). Конвенцияның басты мақсаты — өнертабыстар, өнеркәсіп үлгілерін патенттеуде және бір мемлекет фирмалалары, ұйымдары мен азаматтарына өзге мемлекеттерде тауар белгілерін тіркеуде артықшылықты жағдайлар жасау.
Конвенцияға 1883 жылдың 20 наурызында Парижде кол қо-йылды. Кейінол 1900, 1911, 1925, 1934 жж. конвенцияларда, ал соғыстан кейінгі жылдары, 1958 жылы Лиссабонда және 1967 жылы Стокгольмде қайта қаралып, толықтырылды.
Қазақстан Республикасы аталған конвенцияға 1993 жылдын 16 ақпанында қабылданған Өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы Халықаралық, шарттар туралы Қазақстан Республикасының Декларациясына сәйкес қосылды.
Аталған Конвенцияның 1,3-баптарына сәйкес конвениия мүшелері өнеркәсіп меншігін қорғау жөніндегі Халықаралық
Одақты (Париж Одағы) күрайды. Оған Россия, УҚРаина, Бела-русь т.б. сияқты 105 мемлекет мүше.
Мемлекет қай баспаны ратификациялағанына сәйкес, әр түрлі мүше мемлекеттер үшін конвенция түрлі баспаларда әрекет етеді. КСРО Париж конвенииясына 1965 жылдың 1 шілдесінен бастап, барлық, баспаларына косылды, ал оның Стокгольмдік мәтінін 1968 жылдың 19 қыркүйегінде ратификациялады.
Артықшылыққа құқық, негіз болатын бірінші өтініш күніне дейін үшінші тұлғалардың алған құқықтары Одаққа мүше әрбір мемлекеттің заңнамаларына сәйкес қорғалады.
Артықшылық мерзімін есептеу күні болып табылатын бірінші өтінім Одақтың тиісті мемлекеттегі бірінші өтініш объектісіне келесі өтінім есептелуі тиіс. Келесі өтініш берілген күніне дейін алғашқы өтінім жарияланбай қайтарып алынса, қозғаусыз қалдырылса немесе одан бас тартылса, сонымен қатар, оған қатысты ешқандай құқықтар жүзеге асырылмаса және артықшылыққа құқықтық негіз болмаса, сонда ғана бірінші өтінім артықшылыққа құқық негіз бола алмайды.
Алғашқы өтініш негізінде артықшылықтар қолданғысы келетін кез келген тұлға өтінімді берген күнін және жасалған мемлекетін көрсетуі тиіс.
Одақтыңешқандай мемлекеті өтініш беруші бірнеше артықшылыққа, сонымен қатар, әр түрлі мемлекеттерде бекітілген артықшылыққа үміттелуі негізінде немесе бір я бірнеше артықшылыққа ие өтініште артықшылық сұратылып отырған өтініш немесе өтініштерде көрініс таппаған элементтерге қатысты — кейінгі етініш беру қалыпты жағдайдағы артықшылық құқығын
туындатады.
Париж конвенциясы оған мүше мемлекеттің біреуінде беріліп, өзге де мемлекеттерде әрекет ете алатын халықаралық патент жасауды көздемейді. Өнертабыс Халықаралық, Одақтың кандай болмасын мемлекетінде патенттелмеген болса, онда ол ешқандай сыйақы төленбестен еркін қолданыста бола алады. Сол сияқты конвенция халықаралық тауар белгісін жасауды өзіне мақсат етпейді.
Париж конвенциясының негізгі принциптерінің бірі болып Ұлттық режим принципі табылады. Конвенция енеркәсіп меншігін қорғауда берілген мемлекеттің заңнамасы бойынша өз азаматтарына берілетін немесе болашақта берілуі мүмкін дәрежеде оған мүше кез келген мемлекеттің азаматтары мен фирмаларына беруді көздейді (2-бап). Одақка мүше мемлекеттердің біреуінде тұрғылықты жері немесе әрекет етуші және шынайы өнеркәсіптік немесе тұрғылықты жері немесе сауда ұйымы бар Одаққа мүше емес мемлекеттердің азаматтары Одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарымен теңдестіріледі. '
Аталған мемлекеттердің азаматтары осы конвенциямен қорғалады және өзінің азаматтарына қатысты талаптарын сақтамаса, онда олар өз құқықтарын заңмен керсетілген қорғау кұралдарын қолдануға мүмкіндік алады. Алайда,қорғауталап етілетін мемлекеттерде тұрғылықты жердің немесе ұйымның болуы туралы шарттар өнеркәсіп меншік құқықтарын қолдану үшін алғышарттар ретінде одаққа мүше мемлекеттің азаматтарына қойылмайды.
Өнеркәсіп меншік туралы заңдардың негізінде сақталуы тиіс өнеркәсіп меншігіне құқықтарға қатысты Одаққа мүше мемлекеттердің әрқайсысының заңнамаларының ережелері соттық, әкімшілік процедураларға және соттык, әкімшілік органдардың құзыреттеріне, сонымен қатар, тұрғылықты жерді таңдау немесе іске сенімдіні тағайындауға қатысты қатынастарды реттейді.
1891 жылғы «Таңбаларды Халықаралық тіркеу туралы» Мадрид келісімі қазіргі уақытта тауар белгілерін қорғауда аумақтық қағидасын жеңуге бағытталған негізгі халықаралық шарт болып табылады. Қазақстан Республикасы бұл келісімге 1993 жылы қосылды бұл келісімнің мәні — интеллектуалдық меншік Халықаралық бюросында (Женевада) тіркелген тауар таңбасы келісімге қатысушы мемлекетте ол жерде тікелей өтінім бергендегідей, қорғау алады бұл Мадрид келісімінің барлық қатысушы мемлекеттерде тауар таңбасының біртұтас құқықтық. режимін құрмайтындығын көрсетеді, тек тауар таңбасын әрбір елде тіркеу қажеттігінен болатын, көптеген елде қорғау алу процедурасын жеңілдетеді. 1996 жылдың 1 сәуірінен бастап келісімге қатысушы мемлекеттердің бәрінде әрекет ететін біртұтас қорғау құжатын алу мүмкіндігі пайда болды.
1891 жылы Мадридте қабылданған Тауар таңбаларын халықаралық тіркеу туралы келісім жағдайды жаксартуда маңызды қадам болды. Келісімге сәйкес шығындар құнын елеулі түрде төмендетуге көмектесетін қатысушы мемлекеттердің барлығында танылатын ұлттық және халықаралық тіркеу үшін біртұтас тауар таңбасын беру мүмкіндігі ашылды. Алайда Мадрид келісімінде ақаулықтар да болды. Біріншіден, ол қабылданған кезде елдердің көбісінде тіркеу таңбаны зерттемейақ өткізілетін бұл факт келісімнің бірқатар ережелерінде көрініс тапты. Ен алдымен, тіркеудің екі кезеңді процесі туралы ережелерінде: алдымен ұлттық, кейін халықаралық денгейде, таңбаның егжей-тегжейлі зерттелуі өтетін немесе оның тіркелуге дейін тәжірибелік қолданылуы міндетті мемлекеттен өтінім беруші тиімсіз жағдайға ұшырайды. Екіншіден, ұлттық тіркеу инстанцияларының тіркеуден бір жыл ішінде ғана бас тарта алу фактісі тауарды зерттеуге берілетін мерзімді тыңғылықты жұмыс жүргізу үшін өте қысқа етеді. Үшіншіден, ұлттық қызметтегі тіркеу жөніндегі қызмет құнының төмендігі өтінімнің дұрыс зерттелуін жүргізуге кеткен шығындарды қамти алмайды. Төртіншіден, алғашқы тіркеу еліндегі тіркеуді жарамсыз деп тану барлық мемлекеттерде тауар таңбасының жарамсыздығына алып келетін бірорталықтандырылған шағымдану жүйесі таңбалардың шағымдануы жиі болатын мемлекеттердің өтінім берушілерін қанағаттандырады. Осыған байланысты тауар таңбаларымен қамсыздандырылған ен үлкен тауар нарығы бар АҚШ Мадрид келісіміне кірмейді.
«Патент кооперациясы туралы келісім шарт» (РСТ) -өнеркәсіптік меншік жеке объектілерін (өнертабыстарды) құқықтық қорғауалуына көмекті қамтамасыз ететін келісім бұл келісім шартты жасасу идеясы 1960 жылы өнертабыстарға өтінімдерді караумен байланысты патенттік ведомстволардың жұмысын қиындататын мәселелерді шешу қажеттілігімен байланысты туындады. Ол мәселелерді атап айтсак, мыналар:
- патенттік ведомстволар жұмысында қайталамаларды жою;
- өтініштерге сараптама жүргізуді тездету;
- сарапшы есепке алуы қажет құжаттама көлемін шектеуді қамтамасыз ету;
- жана техникалык жетістіктер туралы ақпараттың таралуын жеңілдету;
- өтінімдерді шетел мемлекеттеріне беру процедураларын
жеңілдету.
Мүдделі мемлекеттердің біріккен күшімен ғана жететін аталған проблемалер шешімін іздеу қызметтестіктін жаңа нысаны-иа - патенттік іздеуді және патенттік-құқықтық саладағы ха-льіқаралық еңбек белінісінін басымдылығын пайдалануға негізделген өтінім берілген шешімдерге сараптама жүргізуде халықаралық кооперацияға алып келді1.
Халықаралық кооперациясын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау мақсатында 1970 жылы 19 маусым күні Вашингтонда Дипломатиялык конференцияда осы келісім шартқа қол қойылып, оған сәйкес Патенттік кооперациясы Одағы құрылды. Париж конвенциясы сияқты, бұл келісім шарт Патент кооперациясы одағына мүше мемлекеттердің өнертабысқа патент беру немесе беруден бас тартуға байланысты құқықтарын реттемейді. Келісім шарттың негізгі ережелері халықаралық өтінім, халықаралық іздеу (РСТ 1-тармағын қараңыз) және халықаралық алдын ала сараптама туралы (РСТ 2-тармағын қараңыз) нормалары болып табылады. Келісім тарауларындағы ережелерді сақтау мүше мемлекеттердің барлығы үшін міндетті болып саналады.
Патент кооперациясы туралы келісімшарт БИМҰ-халықаралық бюросына бір өтінім беру жолымен барлық қатысушы елдердегі өнертабыс құқықтық қорғауды бір мезгілде алуды жеңілдетеді2.
Еуразиялық патент конвенциясы барлық қатысушы-мемлекеттер аумағында әрекет ететін біртұтас еуразиялык патент негізінде патент құқығы объектілеріне қорғау алуды кездейтін Еуразиялық патент жүйесін қалыптастырады.бұлжүйе ұлттық қорғау жүйесін жоққа шығармайды, мемлекеттер олардың дамуына байланысты толық егемендікті сақтайды . Ал Еуразиялык патент конвенциясының бұл актінің кез келген мүше мемлекеттің ұлттық патент | беру құқығын козғамайтындығын және оның кез келген Халықаралық ұйымға кіруін және өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы Халықаралық қызметтестік дамуына ықпал етуін шектемейтіндігі айтылған.
Еуразиялык патент жетістіктеріне баж төлеу мелшері мен тәртібін, сонымен қатар, өтінім берушілердің әр түрлі категориялары үшін артықшылықты тарифтердін болуын жатқызуға болады. Патенттеудін еуразиялык немесе ұлттық процедурасын таңдаудың экономикалық дұрыстылығы олардың әрқайсысы бойынша мына факторларға әсер ететін шығындарды салыстырумен анықталады:
— өтініш берушінің тұрақты орны немесе тұрғылықты жері;
- ЕАПК мүше мемлекеттері жасаған өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы әріптестік туралы екі жақты келісімдердің болуы мен олардың мазмұны;
- патенттеу елдерінің саны мен құрамы.
Жалпы айтқанда, ТМД-ға мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерінде шетелдік өтінім берушілер (2-категория) үшін патенттік баж мөлшері ұлттық өтініш берушілер (1-категория) үшін бекітілген бажға қарағанда әлдеқайда жоғары. Мысалы, Беларусь Республикасында өтінім беру кезеңінде шығындар ұлттық өтінім берушілер үшін 0,5-0,75 төменгі еңбекақыны, ал шетелдіктер үшін - 100-150 АК.Ш долларын құрайды, ал сараптама сатысында ұлттық өтінім берушілер үшін 4—10 төменгі айлық төлемін және шетелдіктер үшін 800-2080 АҚШ долларын кұрайды.
Атап өтілген конвенциялар Қазақстандық интеллектуалдық меншік жөніндегі заңнаманы қалыптастыруға және дамытуға елеулі ықпал етті, өйткені бұл конвенциялар көптеген елдердегі осы тақылеттес жүйелерді дамытуға қажетті халықаралық параметрлер мен шоғырландырылған ұлттық тәжірибені жинақтаған.
