Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арал кітап.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.22 Mб
Скачать

Арал қаласы

1924 жылы шілде айының бірі күні Қазалы уездік комитетінің шешімімен Арал поселкасі аудан орталығы болып бекітілді.

Бір ескертетін жағдай 1923 жылдың 3 наурызында Арал болысы құрылып, ол Қазалы уезінің құрамына енген. 1924 жылы Ақмешіт және Қазалы уездері Қазақ АКСР- і Сырдария губерниясының құрамына енген. 1927 жылы 17 қаңтарда Қазалы уезі тартылып, оның болыстарынан Қызылорда округінің аудандары құрылды. Арал және Қамыстыбас негізінде арал ауданы құрылды.

Арал қаласы 1905 жылы Ташкент темір жолы құрлысына байланысты жұмысшы қыстағы ретінде салынған. 1938 жылы қала мәртебесін алған. Аральсулфат 1932 жылы натрий сульфат тұзын өңдеуге байланысты пайда болған. 1974 жылдан қыстақ деп аталады.

Арал қаласы «Алты құдық» деп аталған. Алғашында теңіз жағалауында бірнеше үйден тұратын шағын ғана елді мекен еді. Ол кезде теңіз жағасында тұщы су алатын құдық болмағандықтан жергілікті халық ауыз суды теңзіз жиегіндегі қиыршық арасынан құдық қазып, жиналған суды ішуге пайдаланған. Жергілікті тұрғындар мал бағып өсірумен, балық аулау кәсіпшілігімен айналысты.

Арал қаласының ірге тасы 1901-1910 жылы теміржол салынғаннан бастап қаланды. Темір жол қатынасы басталысымен теңіздің оңтүстік жағалауындағы Қарақалпақ, Түрікменстан елдері мен жол қатынастары дамыды, ол қаланың өркендеуіне ықпал етті.

Арал қыстағына теңіз жағалауынан, Қарақұм өңірінен жергілікті қалықтар көшіп келіп қоныс аударып, отырықшылыққа айналды Алғашқы кезде казіргі Арал қаласы теңіз жағасында бөлек бөлек сорлар арасындағы үйлер болатынды, олар негізінен қамыстан, қамкірпіштен тұрғызылған еді. Балық өнімінің өсуіне байланысты қалада сауда саттыққа кең жол ашылды. Жеке кәсіпкерлер, саудагерлер өздерінің дүкендерін, базарларын және тұрғын үйлерін салды.

1901-1910 жылдары арал елді мекенінде темір жол вокзалы, су мұнарасы, жүк тиеп және түсіретін орны, қоймалар, мектеп, клуб және тұрғын үйлер бой көтерді. Құрылыс материалдарына жергілікті жерден дайындалған күйдірген кірпіш, қамыс, тастарды пайдаланды, ағаш материалдарын басқа жерлерден тасымалдады.

Қамыстық құрлыстық маңызы зор. Одан шом жасап, байланыстырып үй қабырғасын тұрғызу осы күнге дейін орын алып отыр. Ол үйлер қыста жылы, жазда салқын болады, бойына ылғал тартпайды. Бұдан қамыстық маңызды құрылыс материалы екенін білуге болады.

Арал балық тресінің балықшылар мәдениет үйі, бұрынғы аудандық кеңістік екі қабат үйлері қамыстан жасалынған еді. Ұзақ тұрды, қаланың ажарын келтірді. Балықты аулауды көбейту әртүрлі қосымша шаруашылық үйлерін салуды қажет етті. Балық өңдейтін, тұздайтын, кептіретін және ақтайтын цехтар, қоймалар балық комбинатынының ішінде салынды. Олардың әрқайсысы балықшылар өмірін елестететін. Аралда Марков, Патекеев атты кәсіпшілер болды, олардың үйлері 1910 салынған. Казіргі Мақатаев көшесінде ағаштан соғылған 7-үй бар.

Теңіз жағалауында балыққа байланысты қайықтар тоқтайтын, жүк тиейтін және түсіретін порттар қоймалар салынды. Бұлар теңіздің бір жиегін алса, екінші жиегін мемлекеттік Арал параходствасы өзінің қайықтар тоқтайтын, жүй тиейтін және түсіретін порттарымен, алып крандарымен қалаға көрік беріп тұрды.

Арал қыстағы күн санап үлкейіп, өнеркісіп орталығына айнала бастады. Мұнда 1913 жылы 1926, 1930 жылы 4400, 1940 жылы 6270 адам тұрды. Казір Арал қаласының 35 мыңға тарта тұрғыны бар.

Сол жылдарда Аралда бастауыш мектебі ашылды, соның негізінде № 14 орта мектеп ашылды.

Арал теңізі порты да кеңейе түсті. Мұнда алғашқы уақытта ағаштан жасалған және бумен жүретін кемелер саны көбейе түсті, олар басқа елдерге жүк және жолаушылар тасыды. Отан соғысында және соғыс жылдарында портты жүк тиеу және қолмен атқарылды. Бұл кезде грузчик (жүк тиеуші немесе тасушы) мамандығы артықшылықпен пайдаланды. Көптеген қазақ жігіттері осы қызметті атқарды, жалақылары да жоғары болатын.

Соғыстан кейінгі жылдары бұл жұмыстар механикаландырылды. 1930 жылы портқа темір жол тармағы тартылып, екі үлкен кран да құрастырылды.

Порт жанында су вокзалы болды, оның әсемдігі кез келген жақсы безендірілген темір жол, әуе вокзалдарынан бірде кем емес еді. Оның жанында ағаштан соққан екі қабатты көркем асхана, мейманхана және қона үй болатынды. Порттық қала бетінде екі қабатты кірпіштен салынған тұрғын үйлер де бар. Сөйтіп сол су вокзалы халыққа қызмет көрсетіп келді. Жиекті жағажай(пляжъ) болды. Бұл жерде, су болды. Бұл жерде, су 30-40 метр тереңдікте қазылып қойылған еді. Суға сүнгейтін, қарғитын баспалдақтар болды, ертелі кеште балалар да, ересектер де сол жағажайда демалатын. Осылардың әсері болуы керек. Аралдың мектеп оқушылары, әсіресе Крупская атындағы мектеп оқушылары, жүзуден Республикадан бірнеше рет біріншілікті жеңіп алған. Оқушылардың бұл игілікті ісіне мұғалім Иван Данилович Шульга ұзақ жыл басшылық жасады.

Қайран Арал! Казір осы жерде тұрып көз салсаң сондай қызықты өмір болыпты деп ойлау да қиын.

Арал теңізі порты және балық тресі аралығында темір жолы тартылды, трест жанынан мұз қала-тоңазытқыш цехі іске қосылды. Ал көлемді, тәулігіне 30 тонна балық істейтін цех 1965 жылы ғана берілді.

Арал көркейген үстіне көркейе, әсемдене түсті. Аудандық байланыс торабының, балықшылар колхоздары одағының, жаса маряктар дайындайтын учелище үйі, банк және басқа да өндірістік орындар салынды. Аудандық балықшылар тұтыну одағының үйі, оның жанында дүкендер, жасақталған базардың үйі бәрі сәнді болып көрінетінді.

Алғашқы кезде 20-40 жылдарда, қала әр жерде ауыл-ауыл болатынды. Сойырғас төбе, Шіркеу төбе, Ермек төбе, Дермен төбе, Атшабар төбе т.б. деп бетін Шанхай деп атайтын, онда соғысқа дейін бастауыш мектеп, бірнеше типтік көркем тұрғын үй, аурухана болды.

Халықтың көбеюіне байланысты кейіннен бұл ауылдардың арасы қосылып, біртұтас көше көшеге бөлініп қала орталығына айналды. Шіркеу төбеде орыс мешіті болды. Жарбол ишанның мешіті қазіргі №14 орта мектеп жанында, Ноғай мешіті милиция кеңесінің орнында болатын. 1934 жылы Ленин көшесінің бойында аудандық өлкетану мұражайы құрылды, бірақ ол 1948 жылы таратылып, мүліктері облыстық мұражайға берілген. 1998 жылы қайта ашылды. 1936 жылы «Колхозшылар үйі» деп аталатын екі қабат қонақ үйі осы күнгі орталық алыңға салынған еді, ғимарат 1967 жылы өртеніп кетті.

Арал ауданының республиканың экономикалық өміріндегі жоғары мәртебесін дәлелдейтін бір мысал келтірейік. 1928-1930 жылдары Қазақстан үшін одақтан бөлінген бір миллион сом қаржы Арал балықшыларына берілді. Бұл қаражатқа 3 отбасылық, 20тұрғын үй, балық кәсібіне мамандар дайындайтын оқу комбинаты, теңіз портының жұмысшы қызметкерлеріне орталық көше бойында бірнеше құрастырылмалы тұрғын ағаш үйлер бой көтерді.

Арал қаласында 30-40 жылдарда «судоремонтный» зауыты салынды. Судоремонтный зауытының негізгі 1909 жылы қаланған, жай ғана шеберхана болған, онда екі токор, екі слесарь және жүк тиеуші-түсіруші, бір шебер жұмыс істеген. 1925 жылы жаңа механикалық цех және электростанция салынды. Басқа да бірнеше цехтар болды. 1927-1930 жылдарда 1710 тонна жүк көтеретін қайықтар жасалынған. Шеберханаларда 128 жұмыс істеген. 1938 жылы жаңа өндірістік үй салынған, онда бірнеше жаңа техникалар орнатылып, 460 адам жұмыс істеген. Одан кейінгі жылдарды зауыт механикаландырылған ірі өндіріс орнына айналды. Өз өнімін бірнеше мекемелерге жіберіп отырды.

Қаланың зауыт орналасқан бөлігін халық «курорт» деп атады. Мұндағы монша 40-50 жылдай сақталды.

Арал қаласының көркін мынадан ақ байқаймыз: 2 мәдениет үйі «Балықшылыр», «Маяк», екі парк, 2спорт алаңы болды. Мұндай мәдениет орталықтары 50-60 жылдарға дейін көп жерлерде болған жоқ.

Арал қаласында 1934 жылы шағын астық өнімдерін тарту базасы ұйымдастырылды, ол кейінгі жылдары тәулігіне ондаған тонна шығаратын іргелі механикаландырылған кәсіпорындарға айналды.

Арал қаласында 1935 жылы «екінші бесжылдық» өнеркәіп артелі құрылды. Бұл өзін-өзі қамтамасыз еткен мемлекеттен ешбір қаржы алмай іс-әрекет ететін өнеркәсіп мекемесі болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында ауданның халқын байпақ, тон, терпіден тіккен құлақшын, костюм, пальто, көйлек т.б. дүниелермен қамтамасыз етіп тұрды. Артель жергілікті шикізат негізінде жұмыс істеді.

Осы жылдарда Қызылорда облысында 20-ға жуық осындай жергілікті шикізатқа негізделіп құрылған артелдьдер болды. Бұлар халықты құрылыс материалдарымен де қамтамасыз етті. Үйлерін, жөндеуден өткізді т.б. тұрмыстық мәселерімен айналысты. Облыс орталығында одағы болды, ол демократиялық негізде жұмыс істеп, беделі де жоғары еді.

Дегенмен 60 жылдардың басында бұларды қысқартты, мемлекеттік қарамағына алды. Арал халқын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 1963жылы Аманөткел-Арал су құбыры жүргізілген еді. Бірақ, ол дәрия аяғындағы судың сапасының нашарлауына байланысты су беруді тоқтатты. Ал, сол 1963 жылға дейін Арал қаласы ауыз суды теміржол су құбырынан пайдаланылды, халыққа атарбамен су тасылып сатылды. Ол су құбыры Райым су станциясы арқылы жүргізілген, оны 1904 жылы патша үкіметі жүргізді. Қазір қала халқы оның игілігін әлі көруде.

Арал халқын жарықпен қамтамасыз ету күрделі мәселенің бірі болатын. Бірсыпыра жылдар қатарынан ведомоства аралық электрстанциялар жұмыс істеді, халыққа жарық берді. Қалай болғанда да Арал қаласының да, ауданның селолық тұрғындары да барлық уақытта жарық қиындығын көрген емес. 1961 жылы Арал қаласына жылжымалы энергопоезд келді, қалаға толық жарық беріп, ол кейіннен жоғарғы кернеулі электр желісіне қосылды.

Соғыс жылдарында Шевченко атындағы мектепте және BOXP-дың (военоозированная охрана Аральского карта) уйінде Мәскеуден көшіріліп әкелінген мал дәрігерлік академиясы орналасты, ал оқушылар детдомның (жетім балалар) үйіне көшірілді.

Қалада 20-дан астам орыс, татар, украин, түрікмен, белорус, қалмақ, шешен, латыш, эстон, еврей, және басқада ұлттардың отбасы басқа жақтан келіп қоныс тепті.

Арал қаласының экономикасы Ұлы Отан соғыс жылдарында өркендей түсті. Севостопольден келген консерві зауыты балық комбинатында орналасты. Сонда кептірілген балықтар шығарылды. Осы жылдарда балық армияны тамақпен қамтамасыз етуге вагондап жиберілді.

Қалада сауда саласының екі түрі болды. Бірі қалалық кооперациясына бағынады, мал шаруашылығы саласында селолық тұтыну одағы қызмет көрсетті. Қалай болғанда да қала халқының тұрмыстық жағдайы төмен болған жоқ.

Нәбитжан Сариев қалалық кеңесті ұзақ уақыт басқарды, жемісті еңбек етіп, халық құрметіне кенелді. Нәкең өз ісіне берілген, халықтың нағыз жанашыр азаматы еді.

Қалада алғашқы балалар бақшасы, Қалада алғашқы балалар бақшасы, 520-30 жылдарда-ақ, порт балық тресі жанынан ашылды. Алғашқы дәрігерлік пункт Арал станциясының жанында жұмыс істеді. 1929 жылы 25 орындық аурухана іске қосылды. Тері ауруын, өкпе ауруын емдейтін арнаулы поликликалар салынды. 1960 жылы қалалық поликлиника ашылып, ал қонақ үйіне арналып салынған үйге орналасты. 1979 жылы қалада 175 орындық аудандық аурухана пайдалануға берілді, 1972 жылдан бастап 100 орындық перзетхана қызмет көрсетті.

Ал, Мұса Сәдібекоа Ұлы Отан соғысының ардагері. Ол соғыстан кейінгі жылдары ауданға оралды. Қамбаш, Тұзтресі, Сексеуілде, Арал қаласында мектеп директоры, қалалық кеңесінің төрағасы қызметін атқарды, адал, іскер, адамдарға қамқоршы, қадірменді ұстаз, аға, азамат болып аудан еңбекшілерінің есінде сақталуда.

Әбдіраш Сейілханов 1986 жылы Арал қалалық кеңесінің төрағасы болып сайланды. Әбдіраш осы жылдарда теңіздің қайтуына байланысты қиыншылықтарға қарамастан, қала экономикасын, халықтың әлеуметтік мәдени тұрмысын жақсартуға көп еңбек сіңірді.

Арал қаласының іргетасының қаланғанына 100 жыл толып отыр. Бүгінгі таңда Арал іргелі өндіріс, Мәдени ағарту орындарының орталығы болып табылады.

Қалада сан-салалы инфрақұрылымдар жетілген. Аудан орталығында 8 мектеп, 3 балабақша, өнер, спорт, мектептер мен оқушылар үйі жұмыс істейді. Денсаулық сақтау орындарының қызметі мен материалдық-техникалық базасы жыл сайын жақсарып келеді. Мәдени ошақтары халықтың рухани байлығын дамытуға қызмет етуде. Сонымен бірге телекоммуникацияны, байланыс, автокөлік, құрлыс салалары өркендеу үстінде.

Соңғы жылдары қалада құрлыс жұмыстары қолға алынып, көшелерді жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қала қақпасы-теміржол вокзалы жаңа сәулетке ие болды.

Орталық алаңды абаттандыру және көкалдандыру жұмыстары әрдайым назарда. Арал- үкіметтің шағын қалаларды дамыту бағдарламасына еніп отыр, соның аясында көп жұмыстар атқарылуда.

Қалада 170-тен астам көше бар. Көше комитеттері тұрғындармен тығыз байланыс жасай отырып, атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс істеуде.

Аралдың өсіп, өркен жаюы қуанышқа кенелтері сөзсіз. Туған қаланың тұғырлы, мәртебелі, сәнді де, әсем болуы әрбір тұрғын мақтанышы болатыны айдан анық.