Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арал кітап.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.22 Mб
Скачать

Іі. Арал теңізін зерттеу

Арал теңізі ертеден-ақ көптеген ғалымдар мен саяхатшыларды қызықтырған. Бұл орайда мемлекеттер алдында теңіз арқылы жол қатынасын кеңейту, баулық аулау, түрлі шаруашылық саласын дамыту мәселесі тұрды. Ол үшін Аралды зерттеп білу, стратегиялық маңызға айналды. Кезінде араб зерттеушілері де теңіз жайлы мұсылман дәуірінен бастап түрлі мағлұматтар берген. Осы ғасырдың 950 жылы Ибн-Рүстемнің заманындағы Масуда Әмудария бірнеше сағаға бөлініп, бір тарауы Ховаризи (Қият) қаласының төмеңгі жағымен Көне Үргеніш жиегінде тұрған көлге (Арал) құяды деп жаазған. Мұндай мәліметтер Қытай әскери басшыларының және саяхатшыларының , елшілерінің қолжазбаларында да орын алған.

Шығыстың ғұлама ғалымы Әбу Райхан Әл Беруни Арал теңізінің географиялық және геодезиялық салаларын зерттеген. Ол Тұран аймағында бірнеше жер қозғалысынын болғанын, өзендер арнасының асқанын, жер бетінің бірнеше рет көтерілгенін, төмен түскенін дәлелдеп жазған. Тасқын су Хорезм бағытына қарай ағып, Сейхун (Әму) Арал теңізіне құйған. Берунидің бірсыпыра қорытындыларын қазіргі заманда растауда. 1221 жылы Моңғолдар Хорезмді жаулап алған кезде Әмудария Сарықамыс көліне құйып, сол арқылы Хазар (Каспий) теңізіне барады, ал бір тарауы Аралға құйғаны айтылады. Жейхун (Әму) жоғарыдан алты тарау болып келіп бір арнаға құйған. Арал теңізі осы атауды иеленгенге дейін түрліше атанған. Мысалы 865 жылы Ибн-Хордадбек “Күдер көлі” десе, 943 жылы Масуди “Құрджани”, 961 жылы Истахари “Казбин” теңізі деп атаған. Ал, 1339 жылы Хафизи “Абруда”, ХІІІ ғасырда Бәкрон “Джент” көлі деп жазылған. Бүгінгі Арал атауы негізінен ХVII ғасырдан бері аталып келеді.

Зерттеудің нәтижесінде Арал өңірінен суда өмір сүрген аса ірі жануарлардың акуланың тісі мен сүйігі табылған. Теңіздің терістік бетіндегі Сарышығанақ, Ақеспе тұсынан, 80 метр тереңліктен қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйіктері тасқа айнала бастаған күйінде табылды.

Арабтың саяхатшысы жазушысы Әл-Балхиди бұдан мың жыл бұрын балық аулана бастағанын өз еңбектерінде көрсеткен.

Саяхатшылар Арал теңізін әруақытта картаға түсірген, бірақ олар анық түрде сақталмаған. Мысалы 1558 жылы ағылшын Джинкенсон, 1664 жылы Голландиялық Николай Витсен, 1723 жылы Далилия, 1734жылы Крылов, 1741жылы Муравин, 1843 Лашвин картаға түсірген. Олар бұл зерттеулерінде белгілі мақсатты қстады – теңіздің байлығын пайдалану Шығыс және Орта Азия мемлекеттеріне барудың жолын іздеді.

1714 жылы І Петрдің жарлығына сәйкес князь Бекович Черкасский Арал теңізіне экспедицияға шығады. Олар Хиуаға дейінгі Арал теңізі ммен Әмудария бойындағы су жолдарын зерттемекші болған. Бірақ бұл мақсатты орындамай қалды. өйткені экспедицияны хиуалық Шерғазы хан жойпып жіберді.

1737 жылы екінші рет Кирилов басқарған экспедиция жіберілді. Оның мақсаты Арал теңізінің пристанына кеме жеткізуге мүмкіндік жасау, теңізбен сауда жасау үшін зерттеу жолдарын анықтау болды. Өкінішке орай бұл тапсырмада орнындалмады.

Арал теңізін нақты түрде алғашқы зерттеуші-саяхатшы, кантрадмирал Алексей Иванович Бутаков (1816-1869) болды. Ол Ресейдің Орскі қорғанында жасақталған экспедицияны басқарды. Экспадиция құрамында 27 адам болды. Олардың арасында тонограф А.И.Акишев, украин халқының ұлы ақынын, «рә суретші Т.Г.Шевченко, зерттеші К.Е.Поспелов және Ресейге жер аударылып келген саяси тұтқындағы поляктар болды.

Экспедиция Райым бекінісін мекендеді, бүкіл теңізді тексеріп, тереңдігін өлшеп, ендігін анықтайды. Барсакелмес және Возрождение аралдарын суретке, теңізді картаға түсірді. Зерттеушілердің қажырлы еңбектерінің арқасында теңіз түрнің сипаты, ағыстар жылдамдығы мен бағытары анықталып, теңіздегі пайдалы қазбалар мен балық, құстар туралы мағлұматтар алынды. Аралдың географиялық сипаттамасы жасалды, картография, физика, география, геология, геобатаника мәліметтері жиналды. Экспедиция аяқталғаннан кейін гидрогеологиялық карта құрастырылды, ол 1850 жылы басталып шықты.

1848 жылы мамырда жүк артқан 300 арбамен 1000 түйесі бар үлкен керуен Орскіден шығып Аралға бет алды. Экспедицияны Райым бекінісіне (қазіргі Арал) жеткізіп салуға, керуен күзетіне 2 рота солдат пен 200 қазақ берілген. Керуен жүгі негізінен теңізде жүзуге арналған “Константин” кемесінің жабдықтары болатынды. Керуен 40 күнде Арал жағасына жетеді. Бір айда Райым қорғанында 2 кеме жасалды. Оның бірін “Никалай” екіншісен “Константин” деп атаған. Кеме Райымнан шығып дария бойымен ашық теңізге шығады. Қосарларға келіп тоқтайды. Зерттеу жұмысын одан әрі жүргізеді. Ғылыми зерттеудің нәтижесінде 1850 жылы алғаш рет Арал теңізінің картасы жасалынды. Атақты географ Александр Гурболдь “бұл географиялық жаңалық” деп жоғары бағалады. А.И.Бутаковтың экспедициясының құрамында болған зерттеуші А.М.Маушев (1822-1892) 1851 жылы Сырдарияның төмеңгі ағысы алқабының алғашқы сипаттамасын жасаған.

Тарас Григорьевич Шевченко Украин халқының белгілі ақыны, өз халқының болашағы үшін күрескен. Сол үшін 1847 жылы Киев қаласында тұтқындалған, Орскі қорғанына қатардағы жануынгер есебінде жіберілген.

1848 жылы А.И.Бутаков Арал теңізіне экспедиция жасауға дайындық барысында А.Г.Шевченконы суретші ретінде бірге алып баруға патша үкіметінен ұлықсат алады. Экспедицияның теңізде жүзетін кемесі, қыста мұз үстінде шанысы басқа да құралдары болды. Экспедиция екі жылдай, қысы-жазы, теңіздің оңтүстігі мен солтүстігін, шығысы мен батысын, ұзындығы мен енін барлық қолтық шұқырын, аралдарды тегіс картаға түсірген. Экспедицияның осы жұмысына баға берген халық Арал теңізінің аралдары мен бұғаздарын А.И.Бутаков, Лазеров, Шевченко атымен атаған.

Т.Г.Шевченко 2 жылдай Арал теңізінде өмір сүреді, негізінен Қаратерең поселкасында. Сондықтан да Қаратереңдегі ментеп Шевченко атымен аталады. Сонымен қатар оның бютінде орнатады.

ХІХ екінші жартысындағы белгілі орыс ғалым, табиғат зерттеуші Н.А.Северцов (1807-1855) Арал маңынан Сырдарияның жағасына экспедиция жасаған, оны Ресей Ғылым Академиясы жабдықтаған.

Атақты географ және натуралист Лев Семенович Берг (1876-1950) Арал теңізін бірнеше қайтара зерттеген, соның негізінде монография- ғылыми еңбек жазған (1908жылы). Л.Берг геологиялық, зоологиялық, ботаникалық каллекциялар, топырақ, су үлгілерін жинастыру, соның негізінде метеорологиялық журнал құрастырған. Академик Л.С.Берг Арал теңізін зерттеп жүріп оны “Керіағысты теңіз” деп атаған. Оның мәнісі Солтүстік жарты шарда барлық денелер жердің айналу бағытының әсерімен оңға қарай қозғалады. Гольфсорим ағысы да солай. Ал, Арал бұл заңға “бағынбайды”, солға қарай ағады. (иіріледі).

Ғалым зерттеуші Г.В.Никольский Арал теңізінің ихтологиялық фаунасын және суретке түсірген.

Міне осы кезеңнен бастап Арал бейнесі айқындалып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп келеді.