
- •1. Арал теңізінің тарихы және географиялық орны.
- •Арал тағдары толғатқанда
- •Іі. Арал теңізін зерттеу
- •Арал қазан төңкерісі, Азамат соғысы жылдарында
- •Балық шаруашылығы
- •Ауыл шаруашылығы
- •Көлік, жолдар және байланыс
- •Халыққа білім беру
- •Арал мұнайының болашағы
- •Арал қаласы
- •Аманөткелаулықтық округі
- •Бөген ауылдық округі
1. Арал теңізінің тарихы және географиялық орны.
Арал ауданының географиялық жағдайы Арал теңізімен тікелей байланысты. 1950 жылғы мәлімет бойынша Аралдың ұзындығы 426, ені 284 шақырым, ең терең жері 68 метр. Теңіздің 96 пайызы су, 4 пайызы құрғақ жер құраған. Су ащы болғандықтан теңіз атаған. Су көлемі 1092 текше шақырым, 200-ге тарта аралдар болған, үлкендері "Көкарал", "Барсакелмес","Қасқақұлан", "Көзжетпес", "Ұялы", "Кентөбе", "Возвраждения" тағы басқа.
Сыр бойының інжу-маржан деректі тарихын айтар болсақ, алдымен ауызға арал ілігеді. Өйткені Орта Азия, Қазақстан Арал теңізі, Әму мен Сырдария жайлы алғашқы мәліметтер араб, грек, моғол мен жоңғар шапқыншылықтарың жорықтары барысында жиналған. Алғашқы жинақталған деректердің шындыққа жанаспайтын жансақ жақтары көп болған. Біздің заманымызға дейінгі IV-V ғасырларда парсы патшасы І Дарийдің атынан құрастырылған БЕХИСТУН жазбаларында Арал мен Каспий теңіздері мен өзендері жайында мәліметтер болған. Ал Александр Македонский сақтар елін басып алған кезде Сырдарияны Дон деп ойлаған. Бірде Яксарт, бірде Танаид деп атаған. Оныңда Арал теңізі мен Орта Азия туралы жаңсақ, яғни қарама-қайшы пікірлері болған. Клавдшт Птолемейдің картасында Әмудария мен Сырдарияның Каспий теңізіне құяды деп белгіленген, сондықтан Каспийден Индияға дейін үздіксіз су жолы бар деген пікір айтылған. Бұл қате пікір. Ресей патшасы І Петр кезінде анықталған.
Жер бетіне көрік берген Арал тарихта өте ерте кезден белгілі болған. Әбілғазының жазбасында (1630ж.) Арал теңізі деп аталуыӘмударияның құяр сағасын мекендеген елге байланысты деген дерек бар. Ал араб зерттеушілерінің "Үлкен сызба кітабында" Ховарезм (Хиуа) болмаса Сырдарияның құйылысындағы Жанкент қаласының аталуымен Жент деп аталған. Бір кездерде ол Көк теңіз, Сақтар теңізі оның жағалауын мекендеген тайпаның атымен Кердері теңізі деп аталған. Арал теңізі деп алғаш рет араб жазушысы Ибн-рушд атады.
Арал теңізі жайлы деректер Москва мемлекетінің картасынан (1627 ж.) Көктеңіз деген атпен берілген.
Жер бетіне көрік берген айдынды Арал тарихтан ерте кезден белгілі. Арал төңіргеніндегі өсімдіктер мен жануарлар туралы былай деп жазады:
"Бұл жерде бірімен-бірі жарысып өскен ну ағаштармен көмкерілген, жабайы қабандар ерсілі-қарсылы жүріп салған бұралаң да тар сүрлеумен болмаса, оған ену мүмкін емес". Арал теңізі мен Орта Азия өзендерінің байлықтары жайлы деректер Рузбих ақынның еңбегінде де кездеседі. "Сырдарияның Аралға дейінгі созылып жатқан, түрлі-түсті гүлдерге бөлінген жағалауларында әр түрлі қанаттылар, жабайы есектер, киіктер және басқа да жануарлар мекендейді, жел де, орман перісі де өте алмайтын қалың тоғай өскен".
Арал тұрғындары мен табиғаты туралы орыс елшілері мен саяхатшыларының құнды мағлұматтары болды. Сібір жеке корпусының тілмашы Филлип Назаровтың 1821 жылы Петерборде жарияларған жазбаларында Сыр бойындағы көшпелі қазақтардың өмірі мен тұрмысы суреттелеген. Оның жазуынша далада көшіп жүрген қазақтар көп жағдайда орта бойлы, қараторы болып келеді, тұрақты климат олардың дендерінің сау болуына әсер етеді. Ғасырлар бойы таза ауада өмір сүріп, көшпелі өмір салтын ұстанған олар ыстық пен суыққа төзімді келеді, жазда қымыз бен сүт, қыста қамыр салынған жылқы етінен тұратын дәмді тағамдарды пайдаланады. Ол “қазақтардың өте адал, берген сертін ешқашанда бұзбайтынын” ерекше айтады.
Әму мен Сыр және Арал тарихы жер жүзі ғылымынан үлкен орын алған. В.Бартольдтан басталған зерттеуді С.П.Толстев сияқты ғалымдар жалғастырды. Тұранның төрінде жатқан Арал, Әму, Сыр тарихы жөнінде ғылым, ертегі, аңыз, эпос әртүрлі мағлұматтар береді. Оның бәрі жай ғана айтылған емес.
Археологтар Арал төңірегінен табылған тас дәуірінің ескерткіштері екі замандық уақытқа – неолит пен энеолитке жатады деген тұжырымдар айтады.
Сексеуіл – 1. Ақеспе тұрақтарынан табылған заттардың ішінде екі жағы өңделген жебе мен сүңгі ұштары жоқ. Бірақ оның есесіне қырланған пышақ тәрізді көптеген қалақтар бар, ыдыстардың сынықтарында тісті-қалыптың сирек таңбалары қалған.
Сексеуіл – 2 жебелердің ұштары екі жағынан мұқият өңделген, ойықтау сағалы, қалақша бітімі жасалған.
Аралдың оңтүстік төңірегімен біздің заманымыздан бұрынғы ІІ мың жылдықтың екінші жартысында өзара жақындасу шығысқа таман емес, тен қана Іңкәрдария мен Ақшадария аралдары өңірінде болған. Арал жағалауының жерлеу кешендерінен қару-жарақ, көбінесе жебе ұштары мен аттың ер-тұрманы әбзелдері табылады. Олар Евразияның әуелі сақ заманындағы шығыс аудандарына тән. Арал маңы сақтарының жерлеу орындарында ең көп табылатын заттардың бірі- ер-тұрман. Ноқта-жүгеннің қалдықтары, сондай-ақ тартпалардың айырбастары ұйғарықтағы молалардың жартысына дейін табылған.
Біздің заманымызға дейінгі VIII-IX ғасырларда Сыр бойы мен Арал өңірінде ғана емес, қазақтың сайын даласының бар айнағында тарихтың атасы Герадот Скиф деп, грек географы Страбон сақ деп атаған тайпалар өмір сүрді. Арал теңізі маңында оның оңтүстік -шығыс бөлігінде және Сырдарияның оң жағында парадарйа сақтары өмір сүрген. Ежелгі грек жынамашылары сақ тайпаларының осы бөлігін массагеттер немесе яксаттар деп атаған. Парадарйа сақтардың құрамына дәйлер немесе дейхшілер кірді, олар Арал маңында және Сырдарияның жоғарғы ағысында қоныстанды.
Арал маңы далаларының тұрғындары сонау қола дәуірінің соңғы кезеңінен бастап, Орта Азия егіншілік қойнауларының тұрғындары мен үнемі байланыста болған. Сырдария атырабының табиғат жағдайлары, сол сияқты біздің заманымыздан бұрын VII-VI ғасырларда суармалы егіншілік әлдеқашан дамыған Әмударияның төменгі бойына жақын қоныстанған егінші тұрғындармен мәдени байланыстар Арал маңындағы сақтардың шаруашылығында егіншілік ролінің артуына, сөйтіп оларда жартылай көшпелі шаруашылықтың тарауына себепші болды.
Арал маңы сақтарының езгісінен батыстық, Савроматтық бағдардағы, бірақ азиялық төлтума ерекшеліктері көзге ұрып тұратын. Олар басты-басты екі аймақтың – Европалық және Сібірлік аймақтық мәдени жалғастырушылар ретінде танылды.
Бізге белгілі ІХ-Х ғасырларда Арал және Каспий теңізі маңындағы аймақ пен Сырдария алқабындағы Арал, Каспий теңіздері жағалауларын қазақтардың этикалық тарихында елеулі орын алды. Тарихи деректерде олар қазақ халқының арғы аталарының бірі ретінде айтылады. ХІ ғасырда Қазақстан даласына қыпшақ тайпаларының басып кіруіне байланысты Сыр бойындағы оғыздар мемлекеті туралы, Сыр өңірі мен Арал, Каспий теңіздерінің байлығын, Қорқыт жырларындағы батырлардың ерлігін, сол аймақты мекендеген көптеген рулардың, хандар мен бектердің өмірін аңыз етіп жырлайды. Оғыздардың аңыздарында “Құламамерген” сюжеттері бар. Ер Төстіктің аты Шалқұйрық Арал түбінен алтын қазанды алып шығады. “Құл Аралды” қазақтың алтын ошағы болған теңіз дегендік болса керек деген болжамды Ә.Қоңыратбаев жазады.