Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГТ СРСП каз 14.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
859.65 Кб
Скачать

3.Оқыту міндеттері

  1. ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсіптерінің ерекшелiгiн және қолданылатын қондырғылардың баламасын бағалау білімін және іскерлікті қалыптастыру;

  2. ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсіптерінің еңбек жағдайларының ерекшеліктерін бағалау бiлiмін және іскерлігін қалыптастыру;

  3. ағаш дайындаушылар, ағаш шабушылар, мебель жасаушылардың еңбек жағдайларын гигиеналық бағалау ерекшелiктерi бойынша білімді және іскерлікті қалыптастыру;

  4. ағаш өңдеу және жиhаз өнеркәсiбiнiң кәсiпорындарына ескертпелі санитариялық бақылауын жүзеге асыру дағдысын қалыптастыру;

  5. осы саладағы жұмысшылардың аурушылдық көрсеткiштерiн бағалау дағдысын қалыптастыру;

  6. өндiрiстiң ерекшелiгiне сүйене отырып сауықтыру шараларының кешенді жоспарын белгiлеу дағдысын қалыптастыру.

4.Өткiзу формасы: : топтық дискуссия әдісі, комбинирленген әдіс.

5.Тақырып бойынша тапсырмалар.

Сабақ сұрақтарын талқылау және орындау. Тест есептерiн шешу.

6.Тарату материалдары: (ҚРның ДМ, ҚРдың № ДМ, №1.04.042-94) кәсiпорындар үшiн санитарлық нормалар және ережелер.

7.Әдебиет

Негізгі

    1. Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы: Оқу құралы. – Тоғызбаева Қ.Қ. Алматы. – 2010. – 201-220 б.

    2. Измеров Н.Ф., Кириллов В.Ф. Гигиена труда. Оқулық. Москва, 2008.- 574-577 б.

    3. Гигиена. Кенесариев У.И., Тоғызбаева Қ.Қ. және т.б., Оқулық. Алматы. 2010 г.476-482б.

Қосымша

    1. Руководство к практическим занятиям по гигиене труда (под ред. В.Ф. Кириллова) – М., 2001.-233-245 б.

    2. Өндіріс кәсіпорындарының реконструкциясы мен жаңадан құрылыс салыну кезіндегі санитарлық сақтық қадағалау. Оқу әдістемелік құрал /Тоғызбаева Қ.Қ.- Алматы, 2010.- 20-28 б.

8. Бақылау

Сұрақтар

  1. Қазақстан республикасының экономикасы үшiн жиhаз, ағаш өңдеу және орман өнеркәсіптерінің маңызы

  2. Орман өнеркәсiбiндегi технологиялық үрдiс

  3. Ағаш дайындаушылардың еңбек жағдайы

  4. Орман өнеркәсiптерiнде кездесетін негiзгi қолайсыз өндiрiстiк факторлар

  5. Ағаш дайындаушылардың еңбек жағдайларының сауықтыруының негiзгi жолдары

  6. Орман өнеркәсiптерiндегi жұмысшылардың ауруының негiзгi формалары

  7. Ағаш өңдейтiн өнеркәсiптегi технологиялық үдерiсiнiң кезеңдерi

  8. Фанера - сiрiңке комбинаттарының технологиялық прцессi

  9. Ағаш-жоңқалы тақталар (двп ), ағаш - талшықты тақталарды жасау

  10. Ағаш өңдейтiн өнеркәсiптер комбинаттардағы еңбек жағдайы

  11. Жұмысшылардың аурушылдығы

  12. Профилактиканың негiзгi шаралары

Тестiк бақылау сұрақтары

1. Ағаш өңдейтiн өнеркәсiп келесi технологиялық үдерiстерден тұрады:

а) ағаш дайындайтын жұмыстар

б) ағаштың өңдеуi

в) әр түрлi құрылыс материалдарының жасауы

г) жиhаздың жасауы

д) барлық жауаптар дұрыс.

2. Ағаш дайындау процессіне кіререді:

а) бөрененiң гидротермиялық өңдеуi

б ағаш шабу әзiрлеу және жүк тиеу пункті

в) валканы сату және тасымалдау

г ) арнайы пештердегi бөрененi құрғату

д ) барлык жауаптары дұрыс.

3. Төменгi қоймалар қандай жұмысқа арналған

а) ағаштың iрiктеуi

б) штабелді жатқызыу және тиеу

в) ағашты өңдеу

г) раскряжевка қамшы

д) барлык жауаптар дұрыс.

4. Жоғары қоймалар қандай жұмысқа арналған:

а) раскряжевка қамшы

б) iрiктеу

в) текшелеу

г ) жүк тиеу

д ) барлық жауаптар дурыс.

5.Ағаш дайындаушылардың еңбек жағдайларының негiзгi қолайсыз факторларын атаңыз

а) табиғи-климаттық факторлар

б) таулы жер бетi

в) кернеулiлік

г ) шу және дiрiл

д ) барлык жауап дурыс.

6.Орманшылардың аурушылдық құрылымында уақытша жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі аурудың қандай нозологиялық түрінде кездеседі

а) тыныс мүшелерiнiң аурулары

б) шеткi жүйке жүйесiнiң аурулары

в) тері және терi асты клетчатканың аурулары

г ) өндiрiстiк жарақаттану

д ) барлық жауаптар дұрыс.

7.Орман және ағаш өңдейтiн өнеркәсiптерiнде еңбек жағдайларының сауығуы бойынша шараны атаңыз:

а) шудың деңгейi және дiрілдiң шектеулерi

б) жүйелi түрде медициналық бақылау жұмыс

в) жұмыс аймағы зиянды заттардың шоғырландыруын бақылау

г ) ауада жұмыс орынындағы инфра дыбыстың деңгейiнiң төмендетуi

д ) сiбiр энцефалитiне қарсы вакцинация

8. Фанера - сiрiңке комбинаттарына технологиялық үрдiстiң кезеңдерiн атаңыз:

а) берілген ұзындықты мүшелеу

б) гидротермиялық өңдеу

в) жеке парақтар жасау

г ) сiрiңке жасауы

д ) ағаш - талшықтарынан тақталарды жасау

9. Ағаш өңдейтiн өнеркәсiп кәсiпорындарында шаңдар қандай формалы болады:

а) өткiр өлкелерi бар керiлген форма

б) дөңгелек

в) кристалды

г ) талшықты

д ) барлық жауаптар дұрыс

10.Зиянды заттар қандай жиhаздың өндiрiсiндегi ауада ыдырайды:

а) формальдегид

б) мұсатыр

в) фенол

г ) көмiртектiң оксидi

д ) барлық жауаптар дұрыс

1.Тақырып №2. Компьютер орталығының жарықтануына, жылуына, ауа ортасына, желдетуіне, микроклиматына қойылатын талаптардың ерекшеліктері.

2. Сабақтың мақсаты: Компьютер орталықтарындағы жұмысшылардың еңбек жағдайынын жақсарту, қажуды төмендету, еңбекке қабілеттілігін жоғарлату және денсулығын сақтауда қойылатын талаптарды орындау сұрақтарын іске асыру бойынша білімді және іскерлікті дұрыс құрастыру.