- •Ұлпаның қабынбалы аурулары
- •Ұлпаның гистологиялық құрылысы
- •Ұлпаның қанмен қамтылуы
- •Ұлпаның нервтенуі
- •Ұлпадаға жас ұлғайған және әртүрлі патологиялық жағдайдағы өзгерістер
- •Ұлпада дамитын қабыну үрдістері
- •Ұлпа қабынуының жүйесі.
- •Әртүрлі тістердің аурулары кезіндегі ауыру сезімінің проекциялану (таралу) аймақтары
Ұлпаның нервтенуі
Түбірұшы тесігі арқылы қантамырлармен қатар жоғарғы және төменгі жақ нервтерінің тармақтары түбір ұлпасының құрамына енеді. Олар алдымен тіске алдыңғы, артқы таңдай, ұрт және тіл жақтарынан жақындап, периодонтқа өтеді, содан кейін миелин текті бірнеше талшықтар қантамырларымен қатар ұлпаға енеді.
Сауыт ұлпасына жақындай келе нерв талшықтарының диаметрі кішірейе түседі, бағыттары тангенциалды бола бастап, предентинге жақындағанда желпуішке ұқсап тарай бастайды. Біртіндеп сауыт ұлпасында миелинді қабықтары жойылады да, миелинсіз талшықтар мен нерв ұштары орын алады. Нерв талшықтары екі өрім құрайды және бұтаға, колбаға (құтыға), тоғаға ұқсаған нерв ұштарымен аяқталады.
Ұлпаның лимфалық тамырлар жүйесі де жақсы дамыған.ұлпаның орындайтын қызметтері әртүрлі, олардың ішіндегі ең маңыздылары – трофикалық, пластикалық және қорғаныс немесебарьерлік функциялары. Бұл функциялар бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірін толықтырады.
Трофикалық қызметі. Ұлпада қан тамырлар мен лимфалық тамырлар жүйесі жақсы дамыған. Оның негізгі заты арқылы клеткалық құрылымдарға қаннан – қоректік заттар келеді, ал зат алмасуынан пайда болған керексіз заттар кері көктамырлар жүйесіне түседі. Осы уақытқа дейін мәлім ақиқат – тістің қатты тіндерінде қантамырларының болмауы. Осыған байланысты тіс дентині ұлпадан келетін қоректік заттармен одонтобластар өсіндісі арқылы қоректенеді. Макроэлементтер (кальций және фосфор) кіреукеге ұлпадан да және сілекейден де келеді. Қоректенудің үшінші жолы – тіс тіндеріне қоректік зат периодонт арқылы келуі.
Қорғаныс немесе барьерлік (кедергілік) қызметі. Бұл қызмет ұлпада ретикулоэндотелиалдық жүйе клеткаларының көмегімен орындалады. Олардың ішінде ең негізгілері – гистиоциттер, патологиялық үрдіс кезінде олар жылжымалы макрофагтарға айналып, фагоциттер қызметін атқарады. Ал плазмоциттер антидене құру арқылы қорғаныс қызметін атқарады. Фагоцитоздау және клеткаіштік қорыту қызметін нейтрофильді гранулоциттер де орындайды.
Пластикалық қызметі. Пластикалық немесе құру қызметі қорғаныс қызметімен үйлесе орындалады. Пластикалық қызметі тістің қалыптасуынан басталып, адам өмірінің соңына дейін жалғасады. Тіс тіндерінің даму барысында біріншілік дентин құрылады, тіс шыққаннан кейін бұл үрдіс тоқтамай, екіншілік дентиннің (орнынбасушы дентиннің) құрылумен жалғасады.
Екіншілік дентиннің құрылуы (дентиннің ұлпа жақ бетінде құрылады) біртіндеп тіс қуысының тарылуына, ал кейде бітіп қалуына да әкеп соғады. Үшіншілік немесе иррегулярлы дентин патологиялық тітіркендіргіштер әсерінен құрылады.
Дентин өзекшелерінің тарылуын және үшіншілік дентиннің құрылуын ұлпаны инфекция түсуден және сыртқы әсерлерден қорғайтын тосқауыл деп санауға болады.
Ұлпадаға жас ұлғайған және әртүрлі патологиялық жағдайдағы өзгерістер
Адам өмірінің ұзақтығына байланысты ұлпада функционалдық және морфологиялық өзгерістер байқалады.
Жас ұлғайған сайын тіс қуысы, көбінесе оның түбір бөлігі тарыла береді, ұлпа клеткаларының, оның ішінде одонтобластардың синтетикалық және энергетикалық функционалдық белсенділігі төмендейді. Клеткалар саны азайып, талшықты құрылымдардың саны көбейеді, фиброздану, торлы атрофиялану және петрификаттану байқалады. Жалпы соматикалық аурулар, пародонт қабынулары және тісжегі кезінде ұлпадағы өзгерістер ерекшелінбейді және төмендегі өзгерістермен сипатталады. Олар – одонтобластар қатарының вакуольдену, ретикулярлы дистрофиялану және петрификаттану.
Одонтобластардың вакуолизациялануы. Вакуолизацияланудың алғашқы белгілері митокондрийдің вакуольденуінен басталады, одонтобластар цитоплазмасында вакульдер пайда болады. Кейінірек цитолиздену ошақтары пайда болып, клеткалардың орнында сұйыққа толған қуыстар қалады. (сурет)
Ұлпаның ретикулярлы дистрофиялануы. Кейде вакульдену үрдісі одонтобластар қабатының барлық қатарларына және ұлпаның басқа қабатарына тарайды. Бұл кезде ұлпа жиі торды, ұяшықтарды еске түсіреді. (сурет)
Ұлпаның петрификаттануы. Бұл үрдіс ұлпада минералды тұздардың шөгуімен тығыз байланысты. Мұның алдында ұлпада дистрофиялық өзгерістер орын алады.
Петрификаттану үрдісі ошақты түрде немес жайыла орын алуы мүмкін. Ошақты петрификаттанудан пайда болған көлемдері және пішіндері әртүрлі дентинге ұқсас құрылымдарды дентиклдер деп атайды. Дентиклдер еркін орналасқан және тіс қуысы қабырғасымен байланысқан және интерстициалды болып үш түрге бөлінеді.
Интерстициалды дентикл – екіншілік және иррегулярлы дентиннің құрылуы нәтижесінде дентиннің ішінде қалған дентикл.
Дентиклдер жоғары құрылымды және төмен құрылымды болып бөлінеді. жоғары құрылымды дентиклдың құрылысы қалыпты дентинге ұқсас келеді, ал төмен құрылымды дентиннің құрмында өзекшелер болммайды. Жоғарғы құрылымды дентиклдер бұзылмаған тістер қуысында жиі байқалады және көп жағдайда тісте өз бетімен қозатын ауыру сезімін туындатуы мүмкін.
