Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ұлпаның қабынбалы аурулары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
81.47 Кб
Скачать

Ұлпаның қабынбалы аурулары

Тістің ең маңызды жұмсақ тісндерінің бірі – тіс ұлпасы (пульпа зуба – pulpa dentis). Тіс ұлпасы – дәнекер тінде құрылым тісі қуысында орналасады және екі бөліктен тұрады. Тістің сауыт қуысында жатқан бөлігі сауыт ұлпасы (коронковая пульпа – pulpae coronare), ал түбір өзектерінде жатқан бөлігі түбір ұлпасы (корневая пульпа – pulpae radicis dentis) деп аталады. Біртүбірлі тістерде сауыт ұлпасы анық шекарасыз түбір ұлпасына ауысады, ал көптүбірлі тістерде сауыт және түбір ұлпасының арасында анық шекара – түбір өзектерінің ауызы болып табылады. (сурет)

Тістің түбірі ұшында орналасқан тесік (түбір ұшы тесігі-верхушечное отверстие) ұлпа мен периодонттың шекарасы болып саналады.

Ұлпаның гистологиялық құрылысы

Тіс ұлпасы негізгі немесе клеткааралық заттан (основное вещество), клеткалық және талшықты элементтерден туратын қан тамырлары мен нервтерде бай борпылдақ дәнекер тінге жатады.

Көптеген зерттеушілер (Файлин Л.И., 1953, Зихерман С.З.ғ 1966) клеткалық құрылымдарының ерекшеліктеріне қарай ұлпада 3 клеткалық қабатты ажыратады:шеткейлік (периферический) немесе одонтобластық (одонтобластический), одонтобластарасты (пододонтобластический) немесе аралық (промежуточный), орталық (центральный).

Шеткейлік қабат арнаулы клеткалардың-одонтобластардың 2-4 қабат құра орналасуы нәтижесінде құрылған. Шағын аймақтың өзінде орналасқан клеткалардың құрылымдары әртүрлі, әлі жете дамыған клеткалармен қатар толық жетілген клеткалар да кездеседі.

Одонтобластар – полярлы құрылымды клеткалар, денеден және екі өсіндіден тұрады (орталық және шеткейлік).

Шеткейлік өсінділері предентин мен дентинде (дентин өзекшелерінде) кіреуке-дентин шекарасына жете, кейде кіреукеге қабатына өтіп барып аяқталады. Орталық өсінділері (1-2) ұлпада орналасады. Жетілген одонтобластардың пішіні цилиндрге ұқсас, адамның ұлпасы ұлғайған сайын пішіні алмұртқа ұқсай бастайды. Одонтобластар қалыпты дентин қабатын сақтауда және екіншілік дентин құруда үлкен рөл атқарады.

Одонтобластарасты қабаты жұлдызға ұқсас пульпоциттерден тұрады. Олар көптеген өсінділерге бай. Бұл клеткалар бір-бірімен және жоғарғы қабаттағы одонтобластармен десмосомдар арқылы бірігеді. Қажет кезінде одонтобластарға айналады.

Орталық қабатта фибробластар, гистиоциттер, плазматикалық клеткалар, лимфоциттер және моноциттер орналасқан және жинақталған атаумен «пульпоциттер» деп аталады.

Ұлпаның қанмен қамтылуы

Жоғарғы жақ тістерінің ұлпасы қанды әрбір тіске келетін тіс артериясы (зубная артерия) арқылы a. infraorbitalis және a.a.alveolaris superior et posterioris-дан, ал төменгі жақ тістерінің ұлпасы a.alveolaris inferior-дан алады.

Аталған үш қабат бір-бірінен талшықты құрылымдарының ерекшелігімен де бөлінеді. Орталық қабатта жетілген коллагенді және преколлагенді (аргирофилді) талшықтар, ал одонтобласты және одонтобластарасты қабаттарында радиалды бағытта орналасқан тек преколлагенді талшықтар ғана анықталады және олар предентинге дейін өтеді. Ұлпада эластикалы талшықтар жоқ.

Құрылымдарының біртектілігіне қарамай сауыт және түбір ұлпасында біраз айырмашылық бар. Түбір ұлпасында жақсы жетілген клеткалар аз, одонтобластар қабаты бір қатар клеткалар орналасқан. Қорыта келгенде сауыт ұлпасы клеткаларға бай, ал түбір ұлпасында – талшықтар басым. Сауыт ұлпасында ірі магистралды қантамырлары мен нерв бағаналары аз. Түбір ұлпасына қоректік заттар периодонт қантамырлары арқылы да келеді. Осы ерекшеліктердің барлығы ұлпа қабынуы кезінде түбір ұлпасын сақтап емдеу жүргізуге бірден-бір негіз бола алады.

Басты-басты деген қантамырлары (бір артерия, оған ерген екі көктамыр (вена) периоднттан өтіп тістің түбірұшы тесігі арқылы тіс түбіріндегі ұлпаға енеді. Олар ұсақ тамырларға тарамдалып, ұлпаның қантамырлар торын құрайды. Олар ұлпаны қанмен қамтудың негізгі көздері бола тұрса да, түбір ұшындағы өзен ажырауына ұқсас көптеген өзек тармақтары арқылы қосымша артериялар мен веналар енеді және қанмен қамтамасыз етудің қосымша көзі болып саналады. Е.И.Гавриловтың (1969) ұйғаруы бойынша ұлпаның артериялар жабық аяқталатын артериялар (артерии концевого типа) болып табылады, сауыт ұлпасы мен түбір ұлпасы артериялары бір-бірлерімен және периодонт қантамырларымен анастомоз жасайды.

Ұлпа тінінің қоректік заттармен қамтылуы ұсақ қылтамырлар (капиллярлар) деңгейінде жүреді және ұлпада капиллярлық екі өрім орын алады: біреу одонтобластар қабатына қатар орналасады да одонтобластарасты өрімі, ал екіншісі ұлпаның орталық аймағында орналасады. Ұлпа капиллярларының диаметрі 0,1-3 мкм.