- •Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ - түрік университеті
- •5В 130100 –Жалпы медицина
- •Түркістан 2014-2015 оқу жылы
- •2. Сабақтың мақсаты:
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •4.1. Базистік білім бойынша.
- •4.2. Сабақтың тақырыбы бойынша:
- •6. Негізгі әдебиеттер:
- •2. Сабақтың мақсаты:
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •4.1. Базистік білім бойынша.
- •4.2. Сабақтың тақырыбы бойынша:
- •6. Негізгі әдебиеттер:
- •2. Сабақтың мақсаты:
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •4.1. Базистік білім бойынша.
- •4.2. Сабақтың тақырыбы бойынша:
- •6. Негізгі әдебиеттер:
- •10. Неліктен науқасты жуындырған кезде суды жыныс мүшелерінен тік ішекке бағыттап ағызады?
- •11.Науқасты жуындыру үшін қандай температурадағы суды қолдану керек?
- •2. Сабақтың мақсаты:
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •4.1. Базистік білім бойынша.
- •4.2. Сабақтың тақырыбы бойынша:
- •6. Негізгі әдебиеттер:
- •2. Сабақтың мақсаты:
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •4.1. Базистік білім бойынша.
- •4.2. Сабақтың тақырыбы бойынша:
- •6. Негізгі әдебиеттер:
- •2. Сабақтың мақсаты:
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •4.1. Базистік білім бойынша.
- •4.2. Сабақтың тақырыбы бойынша:
- •6. Негізгі әдебиеттер:
2. Сабақтың мақсаты:
оқыту: қызба туралы түсінік, оның түрлері және кезеңдері. Дене қызуын өлшеу ережесі. Дем алу туралы түсінік, оның түрлері. Қан қысымын өлшеу.
тәрбиелік: қызбаның әртүрлі кезіндегі науқастардың күтімі, қан қысымын өлшеу кезіндегі этика-деонтологияның заңдылықтарын ұстану.
дамыту: ентігудің түрлерін және тамыр соғуы туралы түсінік, әртүрлі физиологиялық және патологиялық тамыр соғуды анықтаудағы жұмыс істеу қабілетілігін дамыту.
3. Оқыту мақсаты:
Студент білуі тиіс:
- қызба туралы түсінікті;
- қызбаның түрлерін (тұрақты, гектикалық, бұрыс интермиттерлеуші, ремитирлеуші, атипті);
- қызбаның кезеңдерін ;
- қызба кезінде күтімді ұйымдастыру шараларын;
Студент жасай алуы тиіс:
- қызбасы бар науқастарды термометрмен өлшеуді;
- термометрді өңдеуді;
- қызбаның алғашқы сатысындағы күтім шараларды;
Дағдыларды игерген болуы тиіс:
Науқастың дене қызуын өлшеуді;
Науқастың қызба парағын толтыруды.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
4.1. Базистік білім бойынша.
1. қызба орталығының құрылысы мен қызметі.
2. ағзадағы жылу реттелу механизмі.
3. зат алмасу және жылу реттелу.
4. жылу реттелудің маңызы
4.2. Сабақтың тақырыбы бойынша:
- қызу туралы түсінік;
- қызудың түрлері;
- қызудың кезеңдері ;
- қызуы бар науқастарға күтім жасау ерекшелітері;
- гипертермия кезінде алғашқы көмек алгоритмі;
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: инновациялық оқыту әдістерін қолдану: шағын топтар, жұптасып жұмыс істеу, жаттығуларды орындау (аудиотаспа, бейнетаспа, электрондық оқулық, плакаттар, көрнекі құралдар мен ақпараттық материалдар), тақырыптық науқастарды курациялауға белсенді қатысу, тақырыптық науқастарға талдау жасау, клиникалық есептерді талдау.
6. Негізгі әдебиеттер:
Қазақ тілдерінде:
1.Елікбаев Ғ.М. Клиникаға кіріспе.Түркістан, 2013жыл.-304 бет
2.Мұратбекова С.К. Мейірбике ісінің негіздері.-Астана, 2007жыл.- 412 бет
Орыс тілдерінде:
1.Обуховец Тамара Павловна. Сестринское дело в терапии: практикум: Учеб.пос./ Обуховец Тамара Павловна .-Ростов н/Д: Феникс, 2007.- 352 с. -(Медицина).
2.Яромич И.В. Сестринское дело:Учеб. пособие/И.В. Яромич.- Изд. 5-е,испр.-М.:ОНИКС 21 век,2005.-464с.:ил.-(Для мед. училищ) .-ISBN 532901347Х:850с.
Қосымша әдебиеттер:
1.Давлицарова К.Е., Миронова С.Н. Манипуляционная техника:Учебное пособие.-М.:ФОРУМ:ИНФРА - М,2005.- 480 с.
2.Кулешова Л.И. Инфекционная безопасность в лечебно профилактическом учреждении.: Ростов н/Д Феникс, 2005.-316 с.
3.Ужегов Г.Н. Справочник по уходу за больными.- М: Центрполиграф,2006.-366 с.
4.Морозова Г.И. Основы сестринского дела. Ситуационные задачи: Учеб.пособие для мед училищ и колледжей/ Г.И.Морозова.- М.: ГЭОТАР- Медиа, 2009.-240 с
5.Обуховец Т.П. Основы сестринского дела: учеб.пособие для студ. обуч. в мед. училищах и колледжах / Т.П. Обуховец, О.В.Чернова.- 14-е изд., доп. и перераб.- Ростов н/Д: Феникс, 2009.- 792 с. -(Медицина для Вас)
Тест сұрақтары:
1.Қызбаның бірінші кезеңінде науқасты қалай күтеді /дене қызуының жоғарлау кезеңі/
А. науқасқа ыстық шай беріп, жылы қымтап, грелкаларды қою
Б.төсек орнын ауыстыру
В.маңдайына суық компресс қою
Г.сірке қышқылы ерітіндісімен орау
Д.бөлмені желдету
2.Қызбаның екінші кезеңінде науқасты қалай күтеді /максималды дене қызуының жоғарлау кезеңі/
А.науқасты жылытып, грелка қою
Б.пульс пен тыныс алу жиілігін, қан қысымын, орталық жүйке жүйесінің В.жағдайын байқау
Г.маңдайына суық компресс қою
Д.сірке қышқылы ерітіндісімен орау
3.Дене қызуы критикалық жағдаймен түскенде науқасты қалай күтеді:
А. жүрек- қантамыр жүйесін бақылау /пульс, қан қысымы/
Б.ауыз қуысын бақылау
В.теріде ойылған жерлер болмау үшін алдын ала шаралар жүргіу
Г.орталық жүйке жүйесінің жағдайын бақылау
Д.эндокрин жүйесін бақылау
4. Қызбаның бірінші кезеңінде науқастар мынадай шағымдар айтады:
А.дірілдеу, бұлшықеттердің ауырсынуы, дірілдеуі
Б.ыстық сезіну
В.ауыз қуысының кебуі
Г.бас ауруы
Д.әлсіздік
5. Дене қызуының бірінші кезеңінде терморгеуляциялық процесстер қалай өзгереді:
А. терінің қан тамырлары тарылады
Б.терінің қан тамырлары кеңейеді
В.тер шығу күшейеді
Г.түнгі несептің көлемі артады
Д.күндізгі несептің көлемі артады
6. Қай температура субфебрильды деп аталады:
А.38-38,9 оС
Б.37-37,9 оС
В.35-35,9 оС
Г.40 оС-тан жоғары
Д.41 оС-тан жоғары
7. Қай температура гиперпиретикалық деп аталады:
А.35-36 оС
Б.38-38,9 оС
В.37-37,9 оС
Г.35-35,9 оС
Д.40 оС-тан жоғары
8. Тік ішекте қолтық асты ойыққа қарағанда температура жоғары болады және аспайды
А.0,1-0,2оС
Б.0,4-0,6оС
В.0,3-0,5оС
Г.0,2-0,3оС
Д. 0,6-0,7оС
9.Тұрақты қызбада температура жоғары санда болады және аспайды
А.1оС
Б.2оС
В.3оС
Г.4оС
Д.5оС
Ситуациялық есептер
1. Мейірбике ауыр жағдайдағы науқастың қасына барып оның тыныс алу жиілігін науқасқа білдіре отырып және де оның бір минуттай әдеттегідей демалу қажеттігін айтты. Мейірбикенің тактикасын бағалаңыз.
2. Науқастың екі қолына да гипс қойылған. Тамыр соғуын білезік артериясында анықтап болмайтын жағдай. Мұндай жағдайда науқастың тамыр соғуын қалай анықтайды.
3. Науқастың тамыр соғуын санау кезінде, мейірбике науқастың ырғақсыз тамыр соғуын анықтады. Мұндай жағдайда пульсті қалай дұрыс анықтап температура парағын жазу керек. Тамыр соғуын анықтау үшін қанша уақыт қажет.
4. Мейірбике науқастың қан қысымын –өшеу кезінде тонды есітпеді. Манжеттен ауаны шығармастан 10 секунд өткеннен кейін мейірбике қан қысымын қайта өлшеді. Және де тондарды естімеді. Үшінші рет қайта өлшегенде тондарды есітті. Мейірбикенің іс-әрекетін бағалаңыз.
1. Тақырыбы: Науқастарды тамақтандыру. Емдік тағам мәзірі.
