
- •«Астана Медицина университеті» ақ
- •Объективті құрылымды клиникалық емтихан
- •«Астана Медицина университеті» ақ
- •Объективті құрылымды клиникалық емтихан
- •«Астана Медицина университеті» ақ
- •Объективті құрылымды клиникалық емтихан
- •«Астана Медицина университеті» ақ
- •Объективті құрылымды клиникалық емтихан
- •«Астана Медицина университеті» ақ
- •Объективті құрылымды клиникалық емтихан
- •«Астана Медицина университеті» ақ
- •Объективті құрылымды клиникалық емтихан
«Астана Медицина университеті» АҚ
№1 Балалар аурулары кафедрасы
«Балалар аурулары» пәні
СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
Жүрек аускультациясы
№1 есеп
Ұл бала, 10 жасар. Шағымдары: жүрек маңындағы ауырсынуға. Анамнезін де: Іріңді баспамен ауырғаннан соң 2 аптадан кейін жүрек маңындағы және буындарының ауырсынуын сезінген. Қарап тексерген де шынтақ, шынтақ-білезік, тізе және тізе-табан буындары ісініп, қызарған, қимыл-қозғалысы шектеліп ауырсынған. Жүрек пальпациясы мен перкуссиясында – өзгеріс байқалмаған.
Қазіргі сәтте:
Жүрек аускультациясын жүргізіңіз.
Жүректің соғу жиілігін санап жүрек ырғағынына сипаттама беріңіз.
Жүрек тоны мен шуларын анықтап, сипаттама беріңіз.
Қорытынды жасаңыз (болжам диагноз).
Станцияның ұзақтығы - 5 минут.
Алынған нәтижені бағалау және келесі станцияға өту – 2 минут.
«Астана Медицина университеті» ақ
№1 Балалар аурулары кафедрасы
Іс-әрекет алгоритмі
Объективті құрылымды клиникалық емтихан
4 - станциясы
Жүрек аускультациясы (10 жасар). Есеп №1. Тапсырма: Құрастырылған есеппен танысып және оны шешіп қорытынды жасаңыз.
№ |
Кезеңдері |
Іс-әрекеттердің сатылығы |
1 |
Жүрек ұшының аускультациясын жүргізу (митральді қақпақшаның проекциясымен аускультация). |
Сол жақтан, бесінші қабырға аралығының маңына, 1 см ішке қарай ортаңғы бұғана сызығы бойымен фонендоскопты қойыңыз. Талдау жасау: «жүрек ұшы– митральді қақпақша». |
2 |
Төстен оңға қарай екінші қабырға аралығымен аускультация жүргізу (қолқа проекциясымен аускультация). |
Төстен 1 см оңға қарай, екінші қабырға аралығының маңына фонендоскопты қойыңыз. Талдау жасау: «қолқа». |
3 3 |
Төстен солға қарай екінші қабырға аралығымен аускультация жүргізу (өкпе артериясының проекциясымен аускультация). |
Төстен 1 см солға қарай, екінші қабырға аралығының маңына фонендоскопты қойыңыз. Талдау жасау: «өкпе артериясы». |
4 |
Семсер тәрізді өсінді аймағында аускультация жүргізу (үш ашпалы қақпашасының проекциясымен аускультация). |
Семсер тәрізді өсінді маңына фонендоскопты қойыңыз. Талдау жасау: «үш ашпалы қақпақша». |
5 |
Боткина нүктесін де аускультация жүргізу (қолқа қақпашасы проекциясымен аускультация). |
Төстен солға қарай, төртінші қабырға аралығының маңына фонендоскопты қойыңыз. Талдау жасау: «Боткина нүктесі – қолқа қақпақшасы». |
6 |
Жүректің соғу жиілігін санау, интерпретация. |
Сол жақтан, бесінші қабырға аралығының маңына, 1 см ішке қарай ортаңғы бұғана сызығы бойымен (жүрек ұшына) фонендоскопты қойыңыз (жүрек ұшы– митральді қақпақша). Талдау жасау: ЖСЖ минутына 96 рет, орташа айқындалған тахикардия. |
7 |
Жүрек тондарын анықтап, сипаттама беріңіз. |
Талдау жасау: Жүрек тондары айқын, қатты, ырғақты. |
8 |
Жүрек маңындағы шуларды анықтап, сипаттама беріңіз.
|
Талдау жасау: Қолқа үстінен созылыңқы, дөрекі тембрлі – диастолалық шу естіледі. |
9 |
Қорытынды жасау |
Болжам диагноз: Жедел ревматикалық қызба, кардит (қолқалық вальвулит; студентке ескерту – бұл жер де басқаша айтуға болады – «қолқа қақпақшасының зақымдануымен эндокардит»), полиартрит. |
«Астана Медицина университеті» АҚ
№1 Балалар аурулары кафедрасы
«Балалар аурулары» пәні
СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
Жүрек аускультациясы
№2 есеп
Ұл бала, 10 жаста. Шағымдары: ентікпеге, тез шаршағыштыққа, әлсіздікпен дене салмағының аздығына. Анамнезін де: ерте жасынан жүрек маңында шулар естіледі, кардиолог бақылауында тұрады; пневмониямен жиі ауырады. Пальпация да жүрек ұшы солға ығысқан, перкуссия да – жүрек шекаралары кеңейген. АҚ 90/50 мм сын. бағ.
Қазіргі сәтте:
Жүрек аускультациясын жүргізіңіз.
Жүректің соғу жиілігін санап жүрек ырғағынына сипаттама беріңіз.
Жүрек тоны мен шуларын анықтап, сипаттама беріңіз.
Қорытынды жасаңыз (болжам диагноз).
Станцияның ұзақтығы - 5 минут.
Алынған нәтижені бағалау және келесі станцияға өту – 2 минут.