
Қазақ әдебиеті
1. Ақан сері өмірінің трагедиялық сипатын суреттеген поэма жазған қаламгерді табыңыз. A) С.Жүнісов. B) Т.Әлімқұлов. C) С.Мұқанов. D) І.Жансүгіров. E) Ғ.Мүсірепов. |
2. Ақмола облысының Көкшетау уезіне қарасты 5-ауылда дүниеге келген «әнші ақындар» деп аталатын үлкен бір өнерпаз топтың көрнекті өкілін көрсетіңіз. A) Жаяу Мұса Байжанұлы. B) Әсет Найманбаев. C) Ақан сері Қорамсаұлы. D) Ыбырай Сандыбайұлы. E) Ілияс Жансүгіров. |
3. Абай дүниеден өткенде Мұхтар Әуезов неше жаста екенін табыңыз. A) 11 жаста. B) 5 жаста. C) 8 жаста. D) 7 жаста. E) 9 жаста. |
4. М.Әуезовтің пьесасын белгілеңіз. A) «Бақыт жолына». B) «Мансапқорлар». C) «Бәйбіше-тоқал». D) «Ант». E) «Ш.Уәлиханов». |
5. Абай Қ±нанбай±лы туралы кµлемді туындыны белгілеңіз. A) «Кім жазықты?» B) «Абай жолы». C) «Кµшпенділер». D) «Қалыњ мал». E) «¤мір мектебі». |
6. Ж.Молдағалиевтің «Мен-қазақпын» шығармасы арқылы қандай ерекшелігі байқалатынын табыңыз. A) Лирик ақын. B) Романтик ақын. C) Сыншы ақын. D) Патриот ақын. E) Реалист ақын. |
7. Әл-Фараби туындысын анықтаңыз. A) Поэтикалық мадақ . B) Китаб аш шеер (Өлең кітабы ). C) Ақырзаман кітабы . D) Бақыт кітабы . E) Диуани хикмат . |
8. Зорлықшыл, қиянатшыл, озбыр адам бейнесін бейнелейтін аңның түрін белгілеңіз. A) Арыстан. B) Қой. C) Қоян. D) Түлкі. E) Түйе. |
9. Алпамыстың ұлының есімін табыңыз. A) Қараман. B) Асыл. C) Құлтай. D) Жәдігер. E) Ұлтан. |
10. Бұқар жыраудың өмір сүрген жылдарын табыңыз. A) 1706-1778 жж. B) 1668-1781 жж. C) 1670-1730 жж. D) 1465-1560 жж. E) 1675-1768 жж. |
11. С.Торайғыровтың 5 бөлімнен тұратын, сюжетсіз поэмасын белгілеңіз. A) «Бір адамға». B) «Адасқан өмір». C) «Кедей». D) «Қамар сұлу». E) «Кім жазықты?». |
12. Абайдың алғаш жарық көрген өлеңдері кімнің атынан жарияланғанын табыңыз. A) Уәйіс. B) Ақылбай. C) Мағауия. D) Әріп. E) Көкбай. |
13. «Топ көргенде Әмірқан аруақтанып, көтеріліп кетеді екен», - деген жолдар алынған шығарманы көрсетіңіз. A) І.Жансүгіров «Әнші». B) Ж.Аймауытов «Әнші». C) Ж.Аймауытов «Қартқожа». D) С.Сейфуллин «Жер қазғандар». E) С.Мұқанов «Өмір мектебі». |
14. І.Жансүгіровтың «Дала» поэмасындағы 1916 жыл оқиғасына арналған тарауын көрсетіңіз. A) “Толқын”. B) “Құрбандық”. C) “Баяндама”. D) “Ақтабан”. E) “Сандал”. |
15. Қасым Аманжоловтың ²Болдым ғашық, туған дала, мен саған² деген өлең жолдары бар шығармасын табыңыз. A) ²Домбыра². B) ²Туған жер². C) ²Өзім туралы². D) ²Дала². E) ²Сарыарқа². |
16. "Пірім бар жыр нөсерін аспанға атқан, Сұңқардай саңқылдаған ер Сүйінбай". Үзінді Жамбылдың қай айтысынан алынғанын анықтаңыз. A) Құлмамбетпен айтысы. B) Сарбаспен айтысы. C) Бақтыбаймен айтысы. D) Шашубаймен айтысы. E) Досмағамбетпен айтысы. |
17. С.Мұқановтың қаламына тән поэманы табыңыз. A) «Аққудың айрылуы». B) «Ботагөз», «Сырдария». C) «Аққулар ұйықтағанда». D) «Көкшетау». E) «Сұлушаш», «Батырақ». |
18. Ақ дария толқын күшейтер, Құйрығын күн шалмаған балығым. Ортамнан ойран салар деп,- деген үзіндіде көркемдегіш құралдың қай түрі кездесетінін белгілеңіз (Қазтуған жырау). A) Теңеу. B) Ассонанс. C) Эпитет. D) Кішірейту. E) Шендестіру. |
19. Олжас Сүлейменовтің шетелдік қазақтар туралы жазған өлеңін анықтаңыз. A) «Қыз қуу» B) «Ришад – қыр қазағының баласы» C) «Талма түсте тағы да бір қайталап» D) «Әр күн – арайлы таң» E) «Арғымақ» |
20. Мына өлең жолдары Шәкәрім Құдайбердіұлының қай өлеңінен алынғанын белгілеңіз. «Еңбекке шыда ебін тап та, Сабырдың түбі – сары алтын…» A) «Жас өтті тынымсыз». B) «Мал жимақ». C) «Шын сырым». D) «Анадан алғаш туғанымда». E) «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек». |
21. А.Байтұрсынұлының «Маса» жинағында берілген шығармасын табыңыз. A) «Балықшы мен балық». B) «Қасқыр мен тырна». C) «Маймыл мен көзілдірік». D) «Айна мен маймыл». E) «Ат пен есек». |
22. Б.Майлиннің «Неке қиярда» негізгі тартыс түйінін қай кейіпкердің іс-әрекеті арқылы шешкендігін табыңыз. A) Қалампыр. B) Ылаңбай. C) Жомарт. D) Қайралап. E) Рахмет. |
23. Ғ.Мұстафиннің бітірген оқуы туралы мәліметті белгілеңіз. A) Институт бітірген. B) Орысша-қазақша мектептің 4-сыныбын бітірген. C) Медреседе оқыған. D) 8 сыныптық мектепті аяқтаған. E) Мұғалімдер семинариясын тамамдаған. |
24. «Көп жайлаған жабының Жал-құйрығы сұйылар... Сол сияқты Жамбылдың Жұқарыңқы түрі бар», - деген Алғадай баласын жоқтауға арналған жырында ақын қандай көркемдегіш тәсіл қолданғанын табыңыз. A) Теңеу. B) Параллелизм. C) Гипербола. D) Литота. E) Метафора. |
25. М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» атты шығармасындағы бір-біріне қайшы мінезді кейіпкерлерді табыңыз. A) Ахмет пен Нартай. B) Нартай мен Ертай. C) Дәуренбек пен Ертай. D) Ахмет пен Зекен. E) Дәуренбек пен Ахмет.
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |