Қазақстан тарихы
1. Тас пен мыстан жасалған еңбек құралы қатар қолданылған кезең: A) Қола B) Мезолит C) Энеолит D) Неолит E) Темір |
2. Геродот шығармаларында Орталық Қазақстанды мекендеген ежелгі тұрғындар: A) Аргиппей, исседондар B) Аргиппей, аримаспылар C) Исседон, тиграхаудалар D) Массагет, дайлар E) Массагет, аримаспылар |
3. 1710 жылы қазақ жүздерінің белгілі өкілдері бас қосып, жоңғарларға соққы беру мәселесін талқылаған жер: A) Түркістан B) Ұлытау C) Ордабасы D) Сарыарқа E) Қарақұм |
4. Кенесарының баласы Сыздық бастаған топ қарсы күресті: A) Қоқан ханына B) Хиуа ханына C) Бұқар ханына D) Цинь императорына E) Ресей патшасына |
5. 1848 жылы Қарқаралы уезінде көпес Ботовтың есімімен аталған ірі жәрмеңке ашылған жер: A) Бөкей Ордасы B) Алтай өңірі C) Тайыншакөл D) Жетісу E) Талды-Қоянды |
6. 1941 жылы лениградтықтарға «Ленинградтық өренім!» деген жырын арнаған қазақ ақыны: A) Д.Нұрпейісова B) Ж.Жабаев C) Қ.Аманжолов D) Н.Байғанин E) Ж.Саин |
7. ХІ ғасырда қыпшақ хандығының қолына толығымен көшкен қағанат жері: A) Оғыз B) Түрік C) Түркеш D) Қарлұқ E) Қимақ |
8. 1374-1375 жылдары Кама бұлғарларын бағындарған Ақ Орда ханы: A) Қойыршақ Оғлан B) Ұрұс хан C) Мүбарак D) Темір мәлік E) Ерзен |
9. Шайбани ұлысының билеушісі Әбілқайыр хан ойраттардан жеңілді: A) 1450-1451 жж. B) 1456-1457 жж. C) 1423-1424 жж. D) 1471-1472 жж. E) 1454-1455 жж. |
10. XV ғ. жазылған «Тарих-и Рашиди» еңбегінің авторы: A) М.Х.Дулати B) А.Йасауи C) Әл-Фараби D) Әл-Бируни E) М.Қашғари |
11. 1716-1720 жылдары Ертістің жағалауында салынған бекіністер: A) Ор, Петропавл B) Омбы, Семей C) Верный, Орынбор D) Қапал, Райым E) Атбасар, Семей |
12. 1844 жылы Кенесары Қасымұлына қарсы шыққан отрядты басқарған сұлтан: A) Шерғазы Айшуақұлы B) Досалы сұлтан C) Ахмет Жантөреұлы D) Қаратай сұлтан E) Жәңгір Бөкейұлы |
13. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Қазақстандағы облыстар саны: A) Алты B) Үш C) Төрт D) Бес E) Екі |
14. Ы.Алтынсариннің «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінде уағыздаған кәсіп: A) Егіншілік B) Қолөнер C) Мұғалімдік D) Құрылысшы E) Малшылық |
15. Патша үкіметінің сайлау заңына сәйкес «Түземдік» халық арасынан екінші мемлекеттік Думаға Жетісудан сайланған: A) Ш.Қосшығұлов B) М.Шоқай C) М.Тынышпайұлы D) Х.Нұрекенұлы E) А.Бірімжанұлы |
16. 1917 жылы басталған Қазақ АКСР-н құру жөніндегі жұмыстың уақытша тоқтап қалу себебі: A) Қаржының жетіспеушілігі B) Ұлттық кадрлардың аздығы C) Орталықтың қарсылығы D) Азамат соғысының басталуы E) Жер даулары |
17. Репрессияға ұшыраған, қазақ тілі ғылымының негізін қалаған қайраткер, ғалым: A) А.Байтұрсынов B) Ж.Аймауытов C) М.Дулатов D) Қ.Жұбанов E) М.Жұмабаев |
18. Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғаш өнімін берді: A) 1946 жылы B) 1947 жылы C) 1945 жылы D) 1949 жылы E) 1948 жылы |
19. Н.Назарбаевтың 1990 жылдың сәуірінен бастап атқарған қызметі: A) Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы B) Қазақ КСР-нің Президенті C) Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы D) Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы E) «Қазметаллургқұрылыс» тресінің жұмысшысы |
20. Алғаш Жібек сататын орындары болған Жапония астанасы: A) Хаката B) Нарга C) Эдо D) Хиого E) Киото |
21. XI-XII ғғ. жататын «қоржын үй» табылған қала: A) Сығанақ B) Құйрықтөбе C) Отырар D) Тараз E) Ақбешім |
22. Моғолстан ханы Саид шайбандықтарға қарсы күресте көмек сұрады: A) Қасым ханнан B) Тәуекел ханнан C) Шығай ханнан D) Тоғым ханнан E) Бұрындық ханнан |
23. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде және жазалау нәтижесінде Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны кеміді: A) Жарты миллионға жуық B) Екі миллионға жуық C) Сегіз жүз мыңдай адамға D) Бір миллион E) Екі жүз мыңға |
24. ХХ ғ. 60 ж. ғылыми техникалық-прогресс негізінде электротехникалық машина жасау жөніндегі пайда болған ірі кәсіпорындардың бірі: A) Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты B) Өскемен конденсатор зауыты C) Ақтөбе трикотаж фабрикасы D) Шымкент гидролиз зауыты E) Шымкент қорғасын зауыты |
25. Қазақстанда жекешелендірудің II кезеңі басталды: A) 1991 жылдың қысында B) 2004 жылдың қарашасында C) 1993 жылдың жазында D) 1993 жылдың күзінде E) 1994 жылдың көктемінде
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |
