Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_518.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
800.77 Кб
Скачать

Биология

1. Тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер

A) Ядро

B) Вакуоль

C) Пластидтер

D) Қабықша

E) Цитоплазма

2. Қарағайлы ормандарда өседі

A) Жапырақ қына

B) Бұта қына

C) Қабыршақ қына

D) Талшық қына

E) Жіп тәрізі қына

3. Қылқан жапырақты өсімдік

A) Қарағай

B) Усасыр қырықжапырағы

C) Далалық қырықбуын

D) Көкек мүгі

E) Плаун

4. Құрылымы мен қызметіне қарай нейрондар неше топқа бөлінетіндігін көрсетіңіз.

A) 2

B) 4

C) 3

D) 5

E) 8

5. Жүректің сыртқы қабаты

A) Перикард

B) Эпикард

C) Миокард

D) Эпидермис

E) Эндокард

6. Тіршіліктің қалыптасудың төртінші кезеңі

A) Ағзалық заттардың абиогенді синтезі

B) Коацервация үдерісі

C) Коацервация эволюциясы

D) Алғашқы прокариоттардың пайда болуы

E) Эукариоттардың пайда болуы

7. Мұртшалары арқылы көбейеді

A) Қойбүлдірген

B) Терек

C) Тобылғы

D) Қарақат

E) Бидайық

8. Құрғақ көпжаңғақшалы жемісті өсімдік

A) Алма

B) Шие

C) Алмұрт

D) Құлпынай

E) Қияр

9. Құстар мен сүтқоректілердің жүрегі

A) Екі бөлім

B) Үш бөлім

C) Бір бөлім

D) Бес бөлім

E) Төрт бөлім

10. Раушангүл тұқымдастығының күрделі жапырақты өсімдігі:

A) Алмұрт ағашы.

B) Алма ағашы.

C) Өрік.

D) Итмұрын.

E) Долана.

11. Қарапайымдылардың сыртынан қаптайтын, өте жұқа майысқақ немесе қатқыл плазмалы қорғаныш қабат:

A) Қабыршақ

B) Пелликула

C) Спора

D) Кутикула

E) Мембрана

12. Сүтқоректілердің мойын омыртқа саны

A) 5

B) 6

C) 12

D) 8

E) 7

13. Құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар жиынтығы:

A) Жасуша.

B) Дене.

C) Мүше.

D) Ағза.

E) Ұлпа.

14. Ауаның көмейден соң баратын мүшесі

A) Мұрын қуысы.

B) Кеңірдек.

C) Аңқа.

D) Өкпе.

E) Ауа тамыры.

15. Асқазан мен ішектің қауіпті аурулары

A) Дизентерия, тырысқақ

B) Зоб, Адиссон ауруы

C) Кретинизм, миксидема

D) Анемия, гипертония

E) Даун, қант диабеті

16. Тері ауруларын емдейтін дәрігер:

A) Хирург

B) Уролог

C) Дерматолог

D) Окулист

E) Невропатолог

17. Биологиялық полимер

A) нәруыз

B) минералды тұз

C) крахмал

D) кальций

E) су

18. Көмірсудың жасушада атқаратын қызметі

A) Энергетикалық

B) Қозғалыс

C) Катализаторлық

D) Тұқымқуалаушылық қасиет сақтау

E) Тасымалдаушы

19. Тіршілік үшін күрес нәтижесі.

A) Қолдан сұрыптау.

B) Жаппай сұрыптау.

C) Жасанды сұрыптау.

D) Жеке сұрыптау.

E) Табиғи сұрыпталу.

20. Тоздың ішкі жағында қабыққа беріктік қасиет беретін қабат

A) Тоз

B) Тін

C) Камбий

D) Өң

E) Сүрек

21. Вольвокстің жеке жасушалары байланысады:

A) Талшығы арқылы.

B) Қабықша арқылы.

C) Цитоплазмалық көпірше арқылы.

D) Арнайы жіпше арқылы.

E) Байланысы жоқ.

22. Оба бактериясы топырақта сақталады

A) 1 күн

B) 5 жыл

C) 3 ай

D) 25 күн

E) 1 жыл

23. Адамда омыртқалардың саны

A) 32-33

B) 36-37

C) 33-34

D) 34-35

E) 30-31

24. Гетерозис әдісімен алынған будан:

A) Әулиеата сиыры

B) Арқар-меринос қойы

C) Көшім жылқысы

D) Қашыр

E) Еділбай қойы

25. Құрлықтағы организмдердің биомассасының 90% жуығын құрайды:

A) Омыртқалылар.

B) Дала өсімдіктері.

C) Омыртқасыздар.

D) Орман өсімдіктері.

E) Микроорганизмдер.

БИОЛОГИЯ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]