
- •3. Кен орнының аймағының геологиялық-экологиялық қысқаша сипаттамасы
- •3.1. Геологты – барлау жұмыстарының Төменгі-Күмісті аумағындағы қоршаған ортаға әсерін бағалау
- •3.1.2. Берілген ауданның аумағындағы кендер мен орын ауыстыратын жыныстардың экологиялық ерекшеліктері
- •3.1.3 Жобалық геологты-барлау жұмыстарының қоршаған ортаға мүмкін болатын әсері
- •3.2. Әлеуметтік-демографиялық өзгерістерді болжау және мүмкін болатын экологиялық оқиғаларды бағалау
- •3.3. Қоршаған табиғи ортаны ластағаны үшін төлем
3.1.3 Жобалық геологты-барлау жұмыстарының қоршаған ортаға мүмкін болатын әсері
Геологты-барлау жұмыстары «Бірыңғай қауіпсіздік ережелері» талаптарына сәйкес, ҚР заңнамасымен бекітілген гигиеналық шарттардыі санитарлы ережелері мен нормаларын ұстану арқылы жүргізіледі.
Қоршғана ортаға әсердің негізгі факторы – атмосфераның газдармен, шаңмен ластануы және топырақты қабаттың тұтастығының бұзылуы.
Ауаға әсер етуі
Ауаның ластануы келесі өндірістік үрдістермен байланысты:
Ұңғылау жұмыстары кезінде таулы массаны шаңдату (жыраларды мех әдіспен өткізу);
Авто көлік қозғалысы кезінде авто жолдарын шаңдату;
Автокөлік және механизмдердің жұмысы кезінде зиянды заттарды лақтыру;
Бұрғылау қондырғыларының жұмысы.
Атмосфераға лақтырылатын ластаушы заттардың құрамы келесідей: органикалық емес шаң мен күйе, көміртек қышқылы, азот қышқылы, күкірт қышқылы, көмірсутектер. Егер геолог-барлаушылар жылына 50,0 т дизель отынын және 10,0 т бензинді қолданған деп есептесе, зиянды заттарды лақтыру көлемін есептеу төменде көрсетіледі.
3.2. Кесте
Дизель отынының жануы кезінде жылына зиянды заттарды лақтыру көлемі
Зиянды заттардың атауы |
1 т жану кезінде меншікті лақтырулар |
Отын шығыны, т/жыл |
Зиянды заттарды атмосфераға лақтыруы |
|
г/сек |
т/жыл |
|||
Көміртек тотығы |
0,1 т/т |
500,0 |
30,0 |
50,0 |
Көмірсутектер |
0,03 т/т |
9,0 |
15,0 |
|
Азот екі тотығы |
0,04 т/т |
12,0 |
20,0 |
|
Күйе |
15,5 т/т |
4,6 |
7,75 |
|
Күкіртті газ |
0,02 т/т |
6,0 |
10,0 |
|
Бенз(а)пирен |
0,32 т/т |
0,000095 |
0,00016 |
3.3. Кесте
Бензин жануы кезінде жылына зиянды заттарды лақтыру көлемі
Зиянды заттардың атауы |
1 т жану кезінде меншікті лақтырулар |
Отын шығыны, т/жыл |
Зиянды заттарды атмосфераға лақтыруы |
|
г/сек |
т/жыл |
|||
Көміртек тотығы |
0,6 т/т |
100,0 |
4,76 |
60,0 |
Көмірсутектер |
0,1 т/т |
|
0,79 |
10,0 |
Азот екі тотығы |
0,04 т/т |
|
0,32 |
4,0 |
Күйе |
0,58 кг/т |
|
0,46 |
0,058 |
Күкіртті газ |
0,002 т/т |
|
0,016 |
0,5 |
Бенз(а)пирен |
0,23 т/т |
|
0,000032 |
0,000023 |
Қорғасын |
0,3 кг/т |
|
0,0024 |
0,03 |
3.4. Кесте
Көліктен зиянды заттардың шығуының жалпы көлемі
Зиянды заттардың атауы |
Зиянды заттарды атмосфераға лақтыруы |
|
г/сек |
т/жыл |
|
Көміртек тотығы |
34,76 |
110,0 |
Көмірсутектер |
9,79 |
25,0 |
Азот екі тотығы |
12,32 |
24,0 |
Күйе |
5,06 |
7,808 |
Күкіртті газ |
6,016 |
10,5 |
Бенз(а)пирен |
0,00127 |
0,00183 |
Қорғасын |
0,0024 |
0,03 |
Барлығы |
|
177,338183 |
зиянды заттардың лақтырудан Ауа ортасына әсері тұрақты түрде болатын желдердің себебінен азаяды, олардың жылдамдығы 4-8 м/сек.
Сонымен қатар, таулы массалар мен мерзімдік жүру жолдарын шаңдатпау бойынша міндетті өндірістік іс-шараларының көмегімен шаңның ауа ортасына лақтыруын азайтады.
Топыраққа әсер етуі
Бұрғылау қондырғыларына орынды жобалау, жыраларды өткізу, ескі жолдарды қайта құрып және топырақты-өсімді қабаттың орындарында жаңа жолдарды құру үшін, алдымен топырақтың бұл қабатының 15 см қалыңдығын алып тастап, оны арнайы үйіндіге құрады. Осы алынған қабат кейін осы орындарды қайта өңдеуге немесе басқа орындарда жынысты қабаттарды жақсартуға қолданылады.
Жыраларды құжаттау мен сынаудан кейін қайта жыбылып, беті қйта құрылады.
Геологты-барлау жұмыстары кезінде экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы болмайды, себебі жыныстар мен топырақтардың құрамында активті және токсиндік химиялық заттар шекті рұқсат етілген мәндерден аспайды.
Автокөлікті, бульдозерлер мен бұрғылау қондырғыларын отынмен қамтуды арнайы құятын-автокөлік жүзеге асырады. Отынды жерге төгілмеу үшін, қозғалтқыш астына металл ыдыстарды қояды, олар төгілген отынды жинап алады.
Өсіндіге (өсімдіктерге) әсері
Берілген аумақта ерекше, сирек кездесетін және аса бағалы жабайы өсімдіктер жоқ.
Өсіндіге геологты-барлау жұмыстары кезінде топырақ қабатының алынуна байланысты, физикалық әсер ету болады. Топырақты – өсінді қабат тамырларымен, сабақтарымен және тұқымдарымен бірге уақытша үйінділерде сақталады.
Қайта құрудан кейін, сақталған тамырлар мен тұқымдардың әсерінен өсімдіктердің 60% мөлшері қайта құрылады. 2-3 жылда біртіндеп өсінді көлемі толығымен қайта құрылады.
Жануарлар әлеміне әсері
Барлау кезіндегі өндірістік қызметтер жануарлар әлемінің сирек түрлеріне қауіп төндірмейді. Қоршаған ортаға тікелей, жанама және басқа түрде әсер еткенде, жануарлардың бірінші кезекте өмір сүруіне тигізетін қаупі жоқ. Қорғауға қажетті, ерекше, сирек және аса бағалы жабайы жануарлар мен құстардың түрлері кездеспейді.
Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау
Жоба аймағында қорғауды қажет ететін тарихи және мәдени ескерткіштер жоқ.