
- •3. Кен орнының аймағының геологиялық-экологиялық қысқаша сипаттамасы
- •3.1. Геологты – барлау жұмыстарының Төменгі-Күмісті аумағындағы қоршаған ортаға әсерін бағалау
- •3.1.2. Берілген ауданның аумағындағы кендер мен орын ауыстыратын жыныстардың экологиялық ерекшеліктері
- •3.1.3 Жобалық геологты-барлау жұмыстарының қоршаған ортаға мүмкін болатын әсері
- •3.2. Әлеуметтік-демографиялық өзгерістерді болжау және мүмкін болатын экологиялық оқиғаларды бағалау
- •3.3. Қоршаған табиғи ортаны ластағаны үшін төлем
3. Кен орнының аймағының геологиялық-экологиялық қысқаша сипаттамасы
Төменгі-Күмісті кен орнының телімі Қазақстан Республикасының Оңтүстік-Қазақстан облысының Созақ аумағында орналасқан. Орографиялық жоспарда Үлкен Қаратау жотасының солтүстік-шығыс тау етегінде орналасқан.
Жұмыс ауданының қазіргі экологиялық жағдайының қысқаша сипаттамасы:
- телімнің аумағында елді мекендер, жануар ұсату фермалары жоқ;
- ауданның және көршілес аумақтар, көршілес орналасқан ауылдардың ұсақ мүйізді жануарларды бағу үшін қолданылады;
- ластаушы нысандар: Шолақ-Қорған, Созақ, Бақболы, Ақсүмбе аудандық орталықтарды біріктіретін автокөлік жолы, АЗС ауылдық бекеттері, ГСМ қоймалары, қоқыс орындары жұмыс орнынан алыста, 15-50 км қашықтықта орналасқан. Жақын орналасқан Қызмолдақ, Тегістік және т.б. ауылдарда тұрғындық қоқыстардан басқа, ластаушы нысандар анықталмаған;
- қорғасын мен кадмийдің, бензол мен басқа мұнайлық өнімдер бойынша жоғары ШРК (ПДК) мәндерін тас жолдарының немесе бұлақтардың бойынан кездестіруге болады;
- фермерлік және шаруалық орындар, малдың қоқыстары, күл үйінділері, малды санитарлық тексерудің уақытша орындары қоршаған орта жағдайын нашарлатады;
- жартылай өндірістік өңдеу кезіндегі тәжірибелік қазбалар мен кенді өңдеуден пайда болатын зиян заттар: кеннің шаңы, азот қышқылдары, көміртек қышқылдары, альдегидтер, цианитті сутегі мен сілті (щелочь) булары. Жобалау кезінде техникалық жобаның көмегімен, қоршаған ортаға әсерін бағалау жүргізілді, мұнда атмосфераның ластануның барлық көздері, ластаушы заттар ескерілген, олардың шығырауын төмендету бойынша іс-шаралар жоспары дайындалған, ШРК деңгейінде жұмыс алаңындағы шаң мен газдардың концентрациясы қамтамасыз етілген.
- биіктігі 3-5 м бос және кенді жыныстардың штольды үйінділері, сондай-ақ, штольдан ағатын су, жер бетіндегі суға түсіп, оны қорғаныстың, кадмийдің, мырыштың, мыс пен машьяқтың зиянды қоспаларымен ластайды. Осындай экологиялық сәтсіз су ағындарына Шован мен Күмісті өзендерін жатқызуға болады.
Тау жұмыстары кезінде қоршаған ортаны ластаудың негізгі көздері: теспелер мен ұңғымаларды бұрғылау, таулы үйінділерді жару, тиеу-жеткізу жұмыстары, тасымалдау, іштен жану қозғалтқышымен жұмыс істейтін машиналар мен механизмдердің жұмысы және үйінділермен байланысты жұмыстары. Пайдалы қазбаларды байыту кезінде ластау көздері болатындар: минерал шикізатты гидрометаллургиялық өңдеу кешені бар зауыт және қалдық қоймасы.
3.1. Геологты – барлау жұмыстарының Төменгі-Күмісті аумағындағы қоршаған ортаға әсерін бағалау
Берілген бөлімде барлау жұмыстарының басындағы қоршаған ортаның жағдайы, топырақтардың, өсімдіктердің, жануарлар әлемінің, ауа мен су ресурстарының қысқаша сипаттамасы берілген.
3.1.1. Физика-географиялық және климатты шарттар (жағдайлар)
Төменгі-Күмісті кен орны Оңтүстік Қазақстанның Созақ ауданында Шалқия бұлағынан солтүстік-шығысқа қарай 60 км қашықтықта және Жаңақорған бекетінен (СШ қарай) 75 км қашықтықта орналасқан, олармен авто жолы арқылы байланысады. Шолаққорған аудан орталығы солтүстік-шығысқа қарай 120 км орналасады.
Телім бедері төмен таулы, бөлшектенген, төмпешіктері қатармен орналасады. Абсолютті белгілері 460 м ден 550 м аралығында, салыстырмалы жоғарылауы 40-70 м жетеді. Биіктіктердің баурайлары 20-300 егіс. Баурайында эллювиалды-делювиалды шақпақты-жақпарлы материал болады. Гидрографиялық желісі Күмісті өзенінің, төменгі ағысында, оң жағының бассейнінен тұрады. Олардың барлығы қар еру мен көктемгі-жазғы уақыттарда жауындан болатын мерзімді су ағындары түрінде болады. Жылдың көп уақытында су арналары құрғақ, сондықтан геологты-барлау жұмыстары кезінде техникалық және тұрмыстық сумен қамтылу арнайы автокөлігі арқылы жүзеге асырылады.
Климат шұғыл континенталды, жылдық орташа жауын-шашын мөлшері шамамен 150-180 мм, жауын-шашынның негізгі уақыты күздің аяғы мен көктемде. Қыста қар аз, -43,50С дейін суық, жаз құрғақ, +45,60С дейін ыстық. Қатты желдер жиі болады, кейде шаң борандары мен дауылдар болады. Аймақ сейсмикалық.
Өсімдіктері таулы-жазықты, шөлейтті, бұлақтар мен сайлар бойынша сирек ағаштар, бұталар байқалады. Ірі бұлақтардың бастауы және шоқының баурайларында елді мекендер өріс ретінде қолданады.
Аумақтың жануар әлемі кедей, жетуі қиын жерлерде арқарлар, жабайы шошқалар кездеседі. Жыртқыштардан Қорсақтар, қасқырлар және қорқау қасқырлар таралған. Құстары: таулы құрлар, жабайы аққулар, қарғалар, торғайлар, қара торғайлар, ал үкілер мен бүркіттер сирек кездеседі.
Бауырымен жорғалаушылардан жыландар, су жылан, қара бауыр жылан, кесіртке кездеседі.
Жәндіктер арасында ең қауіптілері – бүйі, сары шаян, қарақұрт.
Топырақты өсімді жабыны әлсіз дамыған, гумусты заттың болуы азғантай (0,4-0,95%), осыған орай, өсімдіктері езілген. Жерлерін елді мекендер маусымдық өрістер ретінде қолданылады.