
Оқу жұмысындағы элементтер тізімі
Оқу жұмысының |
Оқу жұмысының түрі элементтері |
Дп |
|
Мұқаба, Титулдік бет |
+ + |
Тапсырма |
+ |
Андатпа |
+ |
Мазмұны |
+ |
Кіріспе |
+ |
Негізгі бөлім |
+ |
Қорытынды |
+ |
Қабылданған қысқартулар терминдері тізімі |
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі |
+ |
Қосымша |
|
Техникалық шарттар құжаты |
|
Дп/Др – дипломдық жоба |
4.1.2 Дипломдық жоба (жұмыс) көлемі, әдетте 70-90 беттен тұруы керек. Кейбір жеке мамандықтар тобы бойынша бұл көлем 100 бетке дейін жетуі мүмкін. Бұл көлемге қосымшалар кірмейді.
Компьютерлік баспа қолданған кезде оқу жұмыстарының мәтіні жазылатын парақта мынадай ақ шеттер қалуы тиіс: жоғарыдан - 20мм; төменнен – 25мм; сол жақтан – 30 мм; оң жақтан - 10 мм;
5.1.4 Компьютерлік баспа қолданған кезде мәтінді Microsoft Word редакторында Times New Roman (KZ Times New Roman, Times Kaz, Times/Kazakh) №14 қарпімен бір интервал арқылы жазу қажет. Кесте басында №12 қарпімен бір интервал арқылы жазуға рұқсат етіледі. Мәтін тығыздығы бірдей болуы тиіс. Абзацтық шегініс мәтін шектерінде бірдей және бес таңбаға тең (абзац 1,27).
Титулдік бет А4 форматтағы параққа жазылады (1сурет).
Оқу жұмыстарының мұқабасы мен титулдік беттерінің орындалу үлгілері Г,Д, Қосымшаларында келтірілген.
4.3 Тапсырма
Оқу жұмыстарының тапсырмасын ғылыми жетекші береді. Тапсырмаларды рәсімдеу үлгілері Е, В (2-ші бет), Қосымшаларында көрсетілген.
4.4 Аңдатпа
Аңдатпа оқу жұмысының мақсаттары мен міндеттері көрсетілген қысқаша сипаттама болып табылады. Ол мемлекеттік, орыс және шетел тілінде жазылады. Аңдатпа оқу жұмысының түрі, баяндалатын нысан және оның негізгі сипаттамалары (жұмыс мақсаты, оны қамту тематикасы мен аспектісі), жұмыстың ерекшеліктері (мәселе қою, жеке мәселелерді шешу, ұсыныстар) көрсетіледі. Аңдатпада жұмыс мазмұнын баяндап жазуға болмайды.
Аңдатпа көлемі 0,5 – 1 парақ шектерінде болады. «АҢДАТПА» сөзі бас әріптермен парақ ортасына қою қара қаріппен жазылады және нөмірленбейді.
Мазмұны
Оқу жұмысының мазмұнында бөлімдер, бөлімшелер сондай–ақ кіріспе, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымша сияқты элементтер, олардың нөмірлері мен басталатын беттер нөмері көрсетіледі.
Мазмұн жұмыстың жалпы парақтар санына қосылады. «МАЗМҰНЫ» сөзі бас әріптермен парақ ортасына қою қара қаріппен жазылады және нөмірленбейді. Мазмұнға енгізілген элемент атаулары кіші әріптермен жазылады. Тек бірінші әріп қана бас әріп болып қалады.
Бет нөміріне дейінгі аралықты нүктелермен толтыруға болмайды.
4.7 Кіріспе
Кіріспе оқу жұмысының бірінші құрылымдық элементі болып табылады. «КІРІСПЕ» сөзі бас әріптермен парақ ортасына қою қара қаріппен жазылады және нөмірленбейді. Кіріспеде оқу жұмысына арналған ғылыми –техникалық мәселенің қазіргі жағдайы мен қысқаша сипаттамасы, жұмыс мақсаты мен мәселелері, ғылыми жаңашылдығы, актуальділігі, теориялық және методологиялық негіздері, жұмысты орындаудың практикалық базасы мен қажеттілігін негіздеу көрсетіледі.
4.8 Негізгі бөлім
Оқу жұмысының негізгі бөліміне маман дайындаушы кафедралар жасаған нормативтік құжаттардың талаптарына сай жазылған бөлімдер кіреді. Негізгі бөлімде орындалған жұмыстың мәнін, мазмұнын, әдістерін және негізгі нәтижелерді көрсететін деректер келтіріледі.
Қорытынды
4.9.1 Қорытындыда тапсырмаға сәйкестік тұрғысынан алып қарағандағы жұмыс нәтижелері жазылады. Қорытындының мәтіндік бөлігінде орындалған жұмыстың техникалық –экономикалық бағасы беріліп, жұмыс нәтижелерінің ғылыми, әлеуметтік немесе танымдық құндылығы көрсетіледі.
Қорытындыда жұмыс қандай нәтижелермен аяқталғандығын көрсету керек (зерттеудің жаңа әдістері мен қағидаларын алумен, нысандардың сапалық немесе сандық сипаттамаларын алумен, ұсыныстар мен әдістердің жобаларын, жаңа технологиялық үдерістер мен режимдердің жобаларын жасаумен, өндіріске енгізумен т.б.). «ҚОРЫТЫНДЫ» сөзі бас әріптермен парақ ортасына қою қара қаріппен жазылады және нөмірленбейді.