Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кіріспе.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
432.64 Кб
Скачать

7. Түршілік будандастыру

Популяциялардан ең жақсы өсімдіктерді сұрыптау селекцияның негізгі әдісі болғаны белгілі. Бірақта бұл әдіс қазіргі уақыттағы күрделі мәселелерді шеше алмайды, әсіресе жаңа көрнекті сапаларымен.

Айта кету керек, бұл түсінік барлық дақылдар мен елдерге жатпайды. Кейбір дамып келе жатқан елдерде көп селекциялық әсерленбеген дақылдарда талдаушы селекция қолданылады.

Ал селекция жоғары дамыған еодерде аталған селекцияның орнына синтетикалық /құрастырушы/ селекцияны, яғни ұрпақтарда бағалы белгілер мен қасиеттер құрыстыратын будандастыруды қолданады.

Бір немесе бірнеше тұқым қуалаушылық белгілері және қасиеттерімен айырмашылығы бар екі немесе одан көп аталық-аналықтардышағылыстыру будандастыру деп аталады. Алынатын ұрпақтар будандық деп аталады. Шағылыстырумен ағзаларда бірнеше белгілер мен қасиеттерді қосуға болады, жарамсздарын жойып, өте қасиеттерін сақтап. Бірақта 1900 ж. дейін, Мендель заңы бірнеше рет қайта ашылсада, бұл әдіс өсімдіктер селекциясында сирек қолданылады. Тек генетиканың алға дамуымен, яғни гендердің тіркесуі, кроссинговердің ашылуы, хромосомалардың бірінші генетикалық карталарының құрастырылуы және сандық белгілердің тұқым қуалау заңшылықтарының табылуы, будандастыруды жаңа генотиптер құрастыруға қолдануға мүмкіншілік берді.

    1. Будандастыру селекциялық жадығатты (материалды) құрастырудың негізгі тәсілі

Будандастыра отырып будандық ұрпақтарда аталық-аналықтардық пайдалы белгілерімен қасиеттерін сақтауға болады. Бірақта будандық ағза қосылған белгілермен қатар өз ерекшелерімен белгіленеді, өйткені аталық-аналық гаметалардың тұқым қуалау мүмкіншілігіне және дамуына, олардың үйлесуіне байланысты.

Будандастыру негізінде кейбір жағдайда жаңа белгілер мен қасиеттер пайда болады ( мысалы, гендердің комплементарлық қарымқатынасымен), олар аталық – аналықтарға ешқандай ұқсас болмайды. Соңдықтан, будандастыруды тек көрсеткіштер қосылуы десек, қателік болады.

Аталық- аналықтардың құнды белгілері мен қасиеттерін қосып және дамытып жаңа көрсеткіштерді болдыру бұдандастыруы әдіс ретінде кенінен қолдануға мүмкіндік берді.

Будандастыру-селекциялықжұмыстың негізгі әдісі, оны сұрыптау мен қатар жүргізе отырып жаңа сорттар мен өсімдіктердің жаңа түрлерін құруға болады. Қазіргі сортардын көпшілігі осы жолмен алынған.

Бұл әдістің шешетін мәселелері көп, бірақта негізгі екеуі мыналар: колебинациялық және трансрессивтік будандастыру.

Комбинациялық бурандастырудың мағынасы-аталық-аналықтардың керек белгілері мен қасиеттерін қосып және жоғары өнім беретін сорттарды құрастыру. Онымен қатар бұл әдісті басқа белгілері мен қасиеттерін жақсарту үшін қолданады, мысалы вегетациялық кезенінің мерзіміне, жапырып қалмауға, біркелкі пісуге, ауруларға төзімділік т.б.

Трансрессивтік селекция- өнімділік немесе жеке белгілерімен тиімді трансрессия алу үшін жүргізілетін жоспарлы будандастырулар.

Шаруашылықта пайдалы трансресиялар алу мысалдары көп. Мысалы, жүздік бидайдын тез пісетін сортарын шығарғанда:Ардито (Италия), Аврора (Австралия), Маркиз (Канада).

Жиналған эксперементтік көрсетткіштер мынаны көрсетеді, егер генетикалық жағынан будандастырылатындардын көп айырмашылығы болса, онда трансрессия алу мүмкіншілігі күшейеді.

Будандастыруға аталық - аналықтарды талдау.

Будандастырудың нәтижесі, яғни керек генотип алу, аталық пен аналықты дұрыс тағайындаумен көп байланысты. Ал ол алғашқы жадығатты білумен және керек белгілерімен қасиеттерін анықтаумен байланысты,өйткені олар жаңа, қайта құрылған ағзаларда болады.

Егер бұдан талдау мөлшерленіп жасалса, аталық-аналықты терең зерттемей, қазір селекция мақсатына қарап көптеген критершілердің негізінде сұрыпталады.

Будандарды керек белгілерімен құрастыру үшін будандастыруға керек белгілері бар түрлерді алу керек. Мысалы: жоғары өнімді ауруға немесе бірнеше ауруларға төзімді сорт шығару үшін, онда өте жоғары өнімді және төзімді үлгілер алу керек. Сонда ғана көздеген мәселелерді шешуге болады.

Іс жүзінде аталық - аналықтарды тек екі көрсеткішпен талтамайды, ал бірнеше белгілер мен қасиеттерімен және ло көрсеткіштер қалай тұқым қуалайтынын білу керек.

Егер будандарды өсіру және сұрыптау әдістемесі сақталса, құрастырылатын жадығатты зерттеу және бағалау жұмыс көлемі дұрыс жүргізілсе, сонда ғана жаңа сортты алуға болдалы.

Төменде, селекцияда қолданылатын, будандастыруға жұптар талдау принциптері қаралады. !с жүзінде лоардын баолығы бірге ескеррілсу керек.

Жұптарды экологиялық-географиялық жіктелу

негізінде талдау

Табиғи және қолдан сұрыптау үрдісінде өсімдіктер бір топырақтық және климаттық жағдайларға оңтайланған, сондықтан өскен жерлерінде өсімдіктердің әртүрлі экотиптері қалыптасқан. Мысалы, солтүстікте төменгі температураға , ал оңтүстікте қуаңисылыққатөзімді т.б.

Бұл әдістің мақсаты – жаңа сорта әртүрлі экотиптердің жағымды белгілері мен қалиеттерін мүмкіндік болғанша қосу. Географиялық алшақ формаларды будандастырғанда трансгрессия жиі пайда болады. Ең бастысы – формалардлың алшақтығы емес, ал олардың генетикалық айырмашылығы.

Будандастыруға жұптарды талдау экологиялық принципі бірінші ұсынылып және іс жүзінде И.В. Мичуринмен қолданылды. Түрлерді будандастыру алдында ол оларды мұқият зерттеген. Өйткені керек белгілерді алу үшін бастапқы жадығаттың биологиялық ерекшелерін білу керек. Селекцияның дұрыс генетикалық теориясының негізі – бастапқы түрлердің күрделі беогілерін білу деп, атаған Н.И. Вавилов.

Экологиялық принциппен жұптарды іс жүзінде былай табады. Әр экотиптің жалпы, көзге түсетін ерекшеліктерін табады. Сосын олардың ішінде керек бағдардағысын анықтайды. Экотипке тен ең жақсы белгілері бар түрлерді будандастыруға қосады.

Бұл тәсілді қолданып академик П.П.Лукьяненко скороспелка-1, скороспелка- 2 сорттарын шығарған, ол үшін күздік бидай Колеред-х Фулькастер 26627 ( АҚШ) аргентиналық жаздық бидаймен Клейн 33 будандастырылған. Скороспелка-2 Безостая-4 шығарылған, ал одан Безостая-1 сұрыпталған.

Вегетация кезеңдерінің ұзақтығы негізінде

жұптарды талдау

Жаңа өнімді сорттарды құрастырғанда өнімділік пен тез пісуі үйлестіру керек. Өйткені кеш пісетіән сорт не қуаншылықтанн не ерте болатын аяздардан сорлайды. Бірақта Кеш пісетін сорттарда органикалық заттарда көп болдады.

Тез пісетін сорттар селекциясында ескеру керек, вегетациялық кезеңнің жалпы ұзақтығы – күрделі белгі екенін. Ол вегетацияның әр фазасының ұзақтығынан құрастырылады. Сондықтан, әртүрлі ұзқтығы бар сорттарды будандастыруға талдай отырып буданда қысқа мерзімі бар көрсеткіш тудыруға болады. Және бір сорта бір фазасы қысқы болу керек, ал екіншісортта екінші фазасы. Бұл талдауда негізгі талап-екі сорттың фенологиясын білу керек.

Аурулар мен зиянкестерге әртүрлі төзімділік негізінде жұптарды талдау

Төзімді сорттар алу мынадай жағдаймен байланысты, яғни иммунитетпен – ағзаның ауру тудыратын микроағзалардың, вирустердің және олардың улы бөліністерінің әсерін қабылдамау. Бұл генетикалық белгі сондықтан будандық ұрпаққа көшуі мүмкін.

Өсімдіктер имммуниті, немесе резистенттік, әртүолі жағдайлармен байланысты.

  1. Морфологиялық төзімділікте жасушаның, лептесіктін немесе ұлпаның ерекше құрамына байланысты жұққыш өсімдікті зақымдамайды.

  2. Физиологиялық төзімділік зақымдалған жасушаның жұқтырғышқа қарсыласуымен байланысты.

  3. Химиялық төзімділік өсімдіктегі бар химиялық заттармен (алколоидтар, илік заттармен) немесе жасуша нәрінің ауруды қоздырғыштарына қарсы тұруымен байланысты төзімділіктің бұл түрі зиянкестергеде төзімділік береді.

Есте сақтау керек, төзімділік барлық мәселені шешетін жағдай емес екенін, өйткені аурудың бір расасына төзімді өсімдік екінші расасына төзімсіз болады . сондықтан расалардың түрлерін білу керек және оларға өсімдіктің табиғи немесе қолдан жасалған жағдайларында төзімділін анықтау керек. Кейбір сорттарда төзімділіктің ұзақтығында әртүолі болуы мүмкін, ол ерекшілігіне байланысты.

Мәдени өсімтіктердің көпшілігі көп жылдар қолданылғандық мүлделі немесе бірнеше табиғи төзімділігін жоғалтқан. Ал табиғи түрлерде ол сақталған, сондықтан оларды төзімділікке селекция жүргізгенде қолданады. Бұл әдісті қолданғанда болашақ сортта төзімділіктің әртүрлі және қоздырқыштардың әр расаларына төзімділік болғанына тырысу керек.

Будандастыруды жүргізу жолдары және әдістемесі

Будандастыруды жүргізу жолдары өсімдіктің түріне, оның биология ерекшіліктеріне, гүлдің құрамы мен мөлшеріне гүлдеу тәсілі мен ұрықтауына байланысты. Ол гүлді піштіру мен оқшауладан, аталық өсімдіктің тозаңын жинаудан және аналық өсімдікті тозаңдандырудан құрастырылады.

Бір гүлдің беретін дәндер санына көп мағна беріледі. Мысалы, бидайдың, арпаның, күріштің, қарабидайдың піштірілген гүлі бірақ дән береді, сондықтан керек будан дәндерін алу үшін көп еңбектену керек. Керісінше, дақылдарда бір піштірілген және тозандырылған гүл жүзден әлде мыңдаған дәндер берсе (көкнәр, темекі), онда жұмыс жеңілдейді.

Өздігінен тозаңданатын дақылдарда будандық дәндер алу. Бұл жағдайда бақыланатын будандастыру жүргізу үшін піштіру мен қолдан тозаңдыру жүогізу керек.

Будандастыруға жақсы дамыған, жақсы дамыған будандық дәндер Бере алатын гүлдерді таңдайды. Сондықтан, мысалы, бидайда масақтын ортаңғы жағында 10-12 масақша, әр масақшаларда екі төиенгі жақсы дамыған гүлдер қалдырады.

Аналық өсімдіктерінің гүлдерінен тозаңдықты алып тастайды өз тозаңымен тозаңданбау үшін. Аналық аузын зақымдамау керек. Заң ретінде, піштіруді тозаң қаптар пісер алдында жүргізген дұрыс.

Өсімдіктердің көптеген түрлерінде механикалық піштіруді қиынға соғады, мысалы гүлдердің ұсақтығынан. Ол жағдайда басқа әдістерді қолданады, термопіштіруді және химиялық. Олар андроцейдің гинецейге қарағанда экстремальдық жағдайларға сезімділігін қолдануды.

Химиялық піштіруде селективтік заттар, әлде гаметоцитер қолданады, олар аталық пен тозаңның дамуын тоқтатады, аналыққа әсері болмайды. Гаметоцидтермен оңдеуді гүлдегенше бірнеше күн бұрын жүргізеді. Тиімді заттар молеин қышқылының гидразиді, ...?

Піштіргеннен кейін гүлдерге оқшаулаушылар кигізеде, оны пергаментен, целлофан, нейлон, органдиден жасайды. Оқшаулаушыға немесе этикетқаға аналық сорттардың атауларын, піштірген және тозаңдандырға күнін.

Аталық өсімдіктің тозаңын аналық өсімдіктің аналықтың аузына апарады, оны піштіргеннен кейін 2-5 күнде жүргізеді. Аналық аузының тозаң қабылдауға дайындығын жабысқақтығымен анықтауға болады.

Жаңа ашылған гүлдердің тозаңын қолданған дұрыс. Оның оңгіштігі қысқа бірнеше минуттерден бірнеше сағатқа дейін. – 20 гр.С және ылғалдылық 25% тозаң өнгіштігін бірнеше айға сақтайды.

Тозаңдандыруды ерте таңғы сағаттарда жүргізген дұрыс, өйткені аналық аузы тозаңды жақсы қабылдайды. Тозаңды қондыруға пинцет, пипетка т.б. қолданады.

Аталық пен аналықтың гүлдеуі уақытта болады, ол жағдайды сорттарды әр уақытта сеуіге, күннің түсуін өзгертіп немесе гүлшоғырын жұлып тастап қайтадан өсірумен шешуге болады.

Айқас тозаңданатын дақылдарда будандық тұқымдар алу. Бұл дақылдардың түрлері қос үйлі, ұялас, қосжынысты болуы мүмкін. Сондықтан айқас тозаңданатындарда піштіруді аутостерильділік сирек немесе жоқ болса жүргізеді.

Қос үйлі өсімдіктерде (кенепшоп, құлмақ (хмель) гүлдегенше аналық сорттың аталық өсімдіктердін жояды, ал қалқан аталықтарды тозаңдандыруға қолданады. Оларды бір оқшаулауды астында ұстайды. Ұялас өсімдіктерде бір жынысты гүлдердің аталық гүлшоғырын аналықта жояды, ал тозаңдыруға аталықты қолданады.

Нолекомдармен тозаңданатын өсімдіктерде піштірілген гүлдерге оқшаулаушылар кигізеді; желмен тозаңданатын өсімдіктерде де оқшаулаушылар қолданады.