Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кіріспе.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
433 Кб
Скачать

2. Сорт тұралы ұғым және өсімдік селекциясындағы бастапқы материал

Жаңа сорттарды шығару үшін бастапқы материал қажет. Оны түрлі мәдени және жабайы өсімдіктерді пайдалану, будан жасау мен жасанды мутация тудыру арқылы алады.

Бастапқы материалды зерттеу және қолдану өсімдіктердің систематикасы біліміне негізделген.

Мәдени дақылдардың экологиялық - географиялық систематикасы

Систематикалық бірліктің негізгісі түр болып табылады. Бір түрге жататын дербек өсімдіктер ұқсас қасиеттерге ие болып, өзара жеңіл шағылысып, жемісті тұқым береді. Нақты жағдайда олар тіршілікке тез икемделіп, мұның нәтижесінде егіс себілетін ауданға жерсініп кетеді.

Ботаникалық систематика түрлі таксономиялық бірліктің ұқсастығы, өзгешелігі және шығу тегі туралы мәлімет бергенмен, бұл практикалық селекция үшін жеткіліксіз. Дақылдың түрлік және әр түрлілік құрамын біліп қана қоймай, олардың өсуіне бейімделуінің биологиялық ерекшеліктерінің дифференциясын білу қажет. Ботаникалық әр түрлілікке жататын бір өсімдіктің өзі түрлі географиялық жағдайда бейімделуіне байланысты құрғақшылыққа, төмен температураға төзімділігі, ауруларға шалдығуы мен зиянкестерге бойалдыруы мен биохимиялық қасиеттері жағынан бір біріне ұқсамайды. Сонымен бірге екі формадағы өсімдік әр түрліге жатқанымен биологиялық ерекшеліктерінің ұқсастығымен сипатталады.

Бір түрге жататын өсімдік формаларының биологиялық қасиеттері ерекшеліктері бойынша ерекшеленуіне байланысты селекцияда өте маңызды ұғым-экологиялық тип немесе экотип ұғымы қалыптасқан. ЭКОТИП ( грекше EIKOS-үй, тұрғын жай; TIPOS-орын) өсімдіктің ұрпақ қуалау тұрақтылығынан, топырақ –климат жағдайынан және қалыптасқан тіршілікке бейімделген формасы. Мәселен, солтүстік пен оңтүстікке өсірілетін дақыл талшығының формасы-бұл түрдің екі бөлек экотипі биологиялық ерекшілігі бойынша түбірлі өзгеріс бар.

Өсімдіктердің өзара байланысын және қоршаған орта, экотиптердің қалыптасу заңдылығын зертейтін ғылым-экология деп аталады.

Экология жалтыға тән өсімдіктің үш экотипін анықтайды: ксерофит, гигрофит және мезофит. Құрғақшылық жерлерде өсіп-өнуге бейімделген өсімдік-ксерофильді, ылғалы мол жерлерде өсетіндер-гигрофильді, орташа (жеткілікті) ылғалды жерде өсетіндер-мезофильд деп аталады.

Селекциялық жұмыста табысқа жету үшін бір өсімдіктің түрлі формаларының түрлі топырақ –климат жағдайында өсу ерекшіліктерін білу аса қажет. Оған мынадай маңызды көрсеткіштер қатысты:

  1. вегетациялық кезеңнің ұзақтығы;

  2. дамудың жеке фазаларынан өтуі-вегетациялық кезеңнің құрылымы;

  3. өнімді анықтайтын сандық белгілер, өнім құрылымы (дәннің саны мен салмағы және басқалары);

  4. вегетациялық белгілері (сабақ ұзындығы, жапырағы, түрлі зиянкестерге бейімділігі);

  5. құрғақшылықтың түрлі формадағы көрінісіне төзімділігі (топырақтағы, атмосферадағы, комбинациялық, көктемгі және жазғы);

  6. төмен температыра әсеріне қатысты (күздік өсімдік үшін қысқа төзімділігі»;

  7. гүлдеу ерекшеліктері (ашық, жабық түрде түрлі температырада және ылғалдылығы бірдей емес жағдайда гүлдеу типінің өзгеруі);

  8. зиянкес құрамының тегіне қарай аурулардың түрлерін қаздырушыларға төзімділігі»;

  9. зиянкестерге төзімділігі;

  10. өнімді механикалық жинауға икемін аңықтайтын, жатып қалмайтын, шашылмайтын белгілері бойынша төзімділігі;

  11. өнімнің биохимиялық құрамы (белок, қант, крахмал, май құрамының өзгергіштігі);

  12. ылғалды жағдайда қатысы (ксерофильді, гигрофильді немесе мезофильді типтері).

Осы аталған және басқа биологиялық ерекшіліктеріне қарай өсу формасын, ұқсастық дәрежесін және олардың арасындағы өзгешеліктердің сипаттамасы экологиялық-географиялық топтау нәтижесінде анықталады. Түрлі географиялық формадағы өсімдіктер түрлі жағдайда өсіп-өнуіне байланысты экологиялық форма ретінде сұрыпталу жолымен бейімделеді. Сондықтан географиялық формалар экологиялық формалар ретінде қаралады.

Мәдени өсімдіктердің экологиялық – географиялық систематикасы негізін қалаған-академик Н.И.Вавилов. ол экологиялық-географиялық заңдылығын анықтады. әрбір экологиялық-географиялық топ барлық дақылдар үшін бірыңғай табиғат-географиялық жағдайда сұрыпталу әсерінен қалыптасқан белгілердің ұқсастығымен сипатталады.

Эк. - геогр. систематика селекционерге мәдени өсімдіктердің орасан сан алуандарының ішінен қажетті формалар мен сорттарды іздеп табуға мүмкіндік береді.

Бұрынғы КСРО-да көптеген дақылдардың эк?-геогр? сипатамасы жасалып, өсу ортасына, жерсіну жағдайына байланысты негізгі экотиптер сипаты жасалды. Мәселен, бидай үшін мынадай негізгі Экологиялық топ анықталды: далалық, далалы орманды, батыс еуропалық, тау етегіндегі әзербайжандық.

Эк.-геогр. принциптер негізінде мәдени өсімдіктерді зерттеу табиғм және жасанды сұрыптау ролін және түрлі экотиптердің қалыптасуына сыртқы әсердің маңызын анықтауға мүмкіндік береді. Дарвин іліміне толық сәйкес эк. – геогр. систематика анықтағандай, мәдени өсімдіктердің түрлі географиялық жағдайда эволюциялық өсуі адамның өндірістік қызметімен-сұрыптау және өсіру ісімен байланысты.

Н.И.Вавилов экол. – геогр. принципке негізделген мәдени дақылдардың ішкі түрлі систематикасының схемасын ұсынды:

Т Ү Р

I

Экологиялық – географиялық тип

I

Формалар мен сорттар

I

Н.И.Вавиловтың өсімдік түрлерінің бастапқы материалары туралы ілімі бөлшектенген географиялық және экологиялық типтердің анықталған, дискреттелген, динамикалық морфофизиологиялық жүйесі болып табылады. Сондықтан да өсімдіктер селекциясындағы бастапқы материалды зерттеу түрлі системадағы бөлшектенген экол.-геогр. негізде жүргізімді тиіс.