Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кіріспе.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
432.64 Кб
Скачать

6. Талдау әдістері

Жалпы талдау Ол селекция мәселеріне сәйкес келетін элиталық өсімдектерді негізгі популяциядан сұрыптаудан тұрады. Олардың тұқымдарын біріктіріп жаңа популяция құрастырады /сүрет/. Бұл әдісте, сұрыпталған өсімдіктердің фенотиптері генотиптеріне сәйкес деп болжамдайды. Ондай болжам аутогамдық популяцияларға іске асырылады, егер моногендік және кейбір жағдайда өте жағады тұқымқуалаушы полигендік белгілерімен сұрыпталса. Кейінгілерге жататындар: вегетациялық кезеңнің ұзақтығы, гүлдеу мерзімі, өсімдіктер биіктігі, тұқымдардың абсолюттік массасы.

Жалпы талдау бір-және көп қайтармалығы бөлінеді. Жалпы талдауда элиталық өсімдектірдің біраз тұқымы келесі вегетациялық кезеңде қолданылады сұрааыптаудың нәтижелерін бастапқы жатығатпен және стандарттық сорпен салыстыра отырып тепсеру үшін. Тұқымдардың екінші жартысын элиталық өсімдектіктердің ұрпағының бірінші жалғасы ретінде егеді талдаушы жалғастыру үшін /егер талғауды сандық белгімен жүргізсе/. Аутоғамдық популяцияларда талдауды сапалық белгімен жүргізсе, онда бір қайталаумен тоқтайды. Кейбір дақылдардың сорттарында белгілі көрсеткіштерін қолдау үшін, мысалы қант қызылшасында қанттылықты, онда үзілмес жалпы талдауды қолданады.

Егер сортсынау талдаудың тиімділігін дәлелдесе, онда оны бірінші ұрпақтың өсімдектрінің ішінде жалғастыруға болады оларды жақсарта беру үшін. әр жаңа талдаудан кейін келесі ұрпақтарда талдаудың нәтижесін жоғарғы әдіспен жүргізеді, тек экологиялық сортсынауды қосады. Бұл сынау жаңа популяцияның әртүрлі сыртқы әсерлерге төзімділігін көрсетеді және қай жағдайда жоғары өнім беретінін. Егер жаңа популяция селекцияның талаптарына сәйкес болса және өндірістегі стандарттық сртан асып түссе , онда жаңа сорттың тұқымын көбейтіп оны мемлекеттік сортсынауға береді.

Аллогамдық түрлердің де селекциясында жалпы тандау қолданылады. Гүлдеуге дейінгі байқалатын белгілермен жүргізілетін талдауды жоғарғы принциппен жүргізеді.

Аллогамдық түрлерде жалпы сұрыптады бақыланатын тозаңдырумен араластырған дұрыс. Ол үшін екі негізгі әдіс дайындалған: жалпы сұрыптау бақыланатын тозаңдандыруда және қайталанатын /рекуррепттік/ сұрыптау фенотиппен .

Жалпы сұрыптау бақыланатын тозаңдыруда.Элиталық өсімдектерді бір-бірімен тозаңдырғанға қарағанда элиталық өсімдіктердің барлық популяцияның тозаңымен тозаңдандырылғаннан кейінгі көрсеткіштің талдау көрсеткіші екі есе кем. Бақыланатын тозаңдыруда гүлдеуге дейін бастапқы жадығаттан селекция мәселеріне сәйкес емес дарақтарды алып тастайды, ол бастапқы популяциялардың 90 % құрады. Бұл жағдайда гүлдеу уақытында айқас тозаңдану тек элиталық өсімдектер арасында болады. Бірақта тозаңдандырудың бұл түрі гүлдеу алдында байқалатын белгілермен сұрыптау жүогізгенде қолданылады. Егер талдауды гүлдеуден кейін көрінетін белгілермен жүргізсек, онда қанағаттандыратын тозаңдандыруды, гүлдегенше жаналса белгілерімен талдау жасаған соң, жүргізеді.

Гүлдеу ұзақ болатын жағдайда бақыланатын тозаңдырудың басқа тәсілі қолданылады. Бірінші гүл шоғырларын бағалай отырып жарамсыз дарақтарды жояды. Танапта тке элиталық өсімдектер қалады, солардың гүл шоғырлары бір-бірімен тозаңданады. Алынган тұқымдарды келесі ұрпақ алу үшін қолданады.

Фенотиппен қайталама /рекурренттік/ талдау. Талдаудың бұл әдісі байқаланатын тозаңданудың жоғарғы көрсеткішін береді-аутогамияны. Оны өздігінен стерильсіз немесе инцукт болдырмайтын механизіледері бар өсімдіктерде қолдануға болады.

Бастапқы популяцияларда сұрыпталған элиталық өсімдіктерді өздігінен тозаңдандырады,изолятордың ішінде собық пен шашақгүлі қалдырып. Бұл тәсіл гүлдеуге дейін жүргізілетін талдауға онай. Ал егер талдау гүлдегеннен кейін болса, онда талдау мен өздігінен тозаңдандыруға екі жол бар:

1. өміршендік элиталық өсімдіктердің барлық дарақтарын зорлап өздігінен тозаңдандырады. Ол бастапқы популяциялардың 10% көп дарақтар. Гүлдегеннен кейін белгілері байқалғаннан кейін элиталық өсімдіктерді сұрыптайды. Бұл тәсілге көп қаржы керек, ойткені көп өсімдектерді изоляциялайды, олардың аздағаны элиталық болады.

2. гүлдегеннен кейін көрінетін белгімен талдау үшін, олармен гүлдегенге дейінгі белгілермен корреляцияда болатын беолілермен талдайды.

Элиталық өсімдіктердің дәндерін, өздігінен тозаңдандырғаннан алынған, араластырады сосын бірінші ұрпақ алу үшін егеді. Талдаудың нәтижесін көруге болмайды, өйткені өздігінен тозаңдандырылған аллогамдық түрлерде инцукт-депрессия пайда болады. Элиталық өсімдіктердің ұрпақтарын араластырп өсіру мәселесі инцуктталған өсімдіктердін инцукт-депрессиядан арылту. Тек содан кейін жалпы талдау әдісінде қолданылатын әдістемемен талдаудың нәтижесін анықтайды.

Реурренттік талдаудын бірінші циклі табысты болса, онда екінші циклді бастайды. Циклдерді қайталай береді генетикалық өзгертіштін таусылғанша, яғни талдаудың тиімділігі аяқталғанша.

Жеке талдау. Жалпы талдаудағыдай жеке талдауға бастапқы популяциялардан элиталық өсімдіктер алады, бірақта дәндерін араластырмайды. Жеке сұрыптаудың негізгі осында. Ір элиталық өсімдіктің ұрпағын танаптық жағдайда бағалайды генетиптік бағалылыққа.

Элиталық өсімдіктерді сұрыптағанда жіберілген қателіктерді түзету үшін, әр ұрпақты бөлек бағалап генотиптік бағалылығын анықтайды. Жеке талдау жүогізіп сандық, яғни полигендік төмен және орташа тұқым қуалаушылығымен және доминанттық генотиптерімен сұрыптауға болады. Көптеген белгілердің орташа әлде төмен тұқым немесе аллельаралық әсерде қуалаушылығы болғандықтан өсімдіктерселекциясында жеке сұрыптаудың жалпы талдауға қарағанда маңызы зор.

өздігінен тозаңданатындарға жеке талдау әдісі көбінесе бір-қайтармалы және, негізінде, сұрыпталған элиталық өсімдіктер селекциялық үрдістің /процесс/ барлық звеноларынан өткізуге байланысты.

Аллогамдық түрлеріңде селекциясында жеке талдау қолдануға болады. Бірақта бұл жағдайда схема бірнеше қиындатылады,өйткені берілген дақылдардын гүлдеу биологиясына бейімдеу керек.

Аллогамдық түрлерде жеке талдауды қолдануға кезенгі жасайтын негізгі проблемалар, мыналар: а/ өсімдіктердің бір-бірімен тозаңдаудын бақылай алмау; б/ жақын туыстастық тозаңдану әсерімен инцукт-депрессия болуы. Егер белгілері гүлдегенше байқалса, онда бақылайтын тозаңдандыруды ұйымдастару жеңіл. өйткені керек жоқ белгілері бар өсімдіктерді жойып тек элиталық өсімдіктерді қалдырады. Бұл жағдайды семьяларды бағалағанда қолдануға болады. Егер белгілері гүлдегеннен кейін байқалса, онда жартылау әдісі қолданылады.

Жартылау әдісі. Оның мағнасы мынада, элиталық өсімдіктер мен олардың ұрпақтарының дәндері екіге бөлінеді, бір бөлігі ұрпақтарды сынауға, ал екіншісі сұрыптауды жалғастыруға қолданылады. Жартылау әдісінің схемасы сүретте келтірілген. әдеттегідей элиталық өсімдіктерді бастапқы популяциядан алады. Жарамсыз генотиптерден арылу үшін және олар гүлдегенше көрінсе онда сұрыптау жүргізеді.

Элиталық өсімдіктердің дәндерін екіге бөледі. Дәндердің бір жатысын 1-ші жылғы зерттейтін семьяларды /А-семья/ сынау үшін қолданады.Еркін айқас тозандандыру сынаудын дәлділігіне әсер етпейді, сондықтан бағалы семьяларды табуға болады, оларды сұрыптап болашақ семетриялық жұмыста қолдануға болады. Бұл жұмысты дәндердің екінші жартымен жалғастыруға болады. Егістікте тек ең жақсы семьяларды қолданады (А-семья). А-семьяларынан алынған тұқымды тағы екіге бөледі. Бір бөлігі В-семьяларды санау және В-семьяларды бөлу үшін қолданылады, олармен семетриялық жұмыс жалғастырылады. Егісте жақсы семьялардың қалған тұқымдарын егеді.

Негізінде, жартылау әдісін қолданғанда бақылаулы айқас тозаңдандыруды екі реттен артық қолданбайды талданған семьялардын діндерін бөліп отырады. Ал семьяларды әрі қарай сынау жеке талдау әдісімен жүргізіледі.

Талдаудың жеке-семьялық және семьялық – топтық әдістері. Айқас тозаңданатын дақылдарды жеке сұрыптағанда инцук-депрессия болады, сондықтан ол мәселені шешу керек. Шешімі жеке-семьялық-топтық әдістер қолдану. Ақырғы әдісті инцукт көп әсер ететін дақылдарда қолданады.

Жеке- семьялық әдіс. Бұл әдістің схемасы сүретте келтірілген. Бастапқы жадығаттан сұрыпталған элиталық өсімдіктердің ұрпағы, семья деп аталатын, бір-бірінен бөлек өсіріледі. Бөлек өсірген уақыта, жеке талдауға қарағанда, әр семьядан қайтадан элиталық өсімдіктер алады. Бұл екінші рет сұрыпталған элиталық өсімдіктер тек семьяның тозаңымен тозаңдырылады. Бұл бақыланатын айқас тозаңдыру бірнеше гомозитоталыққа соқтырады, сондықтан бір жағынан аддитивтік гендік тиімділікті қолдануға мүмкіндік береді, ал екінші жағынан инцукт-депрессияны байқалтады, оны ұрпақтарды әрі қарай сынағанда ескеру керек.

Екінші жеке сұрыпталған элиталық өсімдіктердің ұрпақтарын семьялап бөлек егін қайтадан бағалайды, ал талдауды ұрпақтарымен жүргізеді. Семьялардың өте жақсы ұрпақтарын біріктіреді, сынайды және көбейтеді.

Жеке-семьялық талдау әдісі жеке және жалпы талдаулардың жақсы көрсеткіштерін біріктіреді: екі реет және талдап құнды генотиптерді табуға болады, ал жақын туыстастық көбейтудің негізінде болатын қолайсыз жағдайларда әр семьяның өте жақсы ұрпақтарын біріктіріп шешуге болады, жалпы талдаудағыдай.

Семьялық-топтық талдау. Бұл әдістің схемасы сүретте келтірілген. Бастапқы жадығай популяциясынан элиталық өсімдіктер сұрыпталынады. Жеке сұрыптау принципін сақтай отырып, физиологиялық немесе морфологиялық қасиеттері мен белгілеріне сәйкес оларды біріктіреді. Үш-төрт топтар құрастырған дұрыс. әр семья тобының элиталық өсімдіктерінің ұрпақтарын бөлек өсіреді. Топтың ішінде гүлдегенше ең жақсы ұрпақтарды сұрыптап алады, ол қалғанын жояды. Топ ішіндегі ұрпақтарды бір-бірімен тозаңдандырады. Сонымен, ұқсас семьялар бір-бірімен тозаңданғандықтан, жақын туыстастық көбею мүмкіншілігі азаяды. әр топтың ең жақсы ұрпақтарының қосындылары сыналып көбейтіледі. Кейбір жағдайларда сұрыптауды екі реет жүргізуге болады /топ ішінде/.

Семьялық-топтық талдауда бағдарлы тозаңдандырудың артықшылығы сақталады, бірақ жақын туыстастық көбеюдің қауіптігі төмендеп және инцукт-депрессия азаяды. Селекциялық жадығайтың біркелкіліп, жеке-семьялық талдауға қарағанда, саябыр болады.

Клондық талдау. Жеке өсімдіктен немесе, бөлшектерінен алынған вегетативтік ұрпақты клон деп атайды. Бір клонның дарақтары генетипті біркелкі, егер араларында мутация болмаса.

Клондық талдау-вегетативті көбейетін өсімдіктерде жеке талдау. Бұл әдісте, генеративті көбейетін түрлердегідей, екі кезеңнен тұрады: элиталық өсімдіктерді сұрыптау және вегетативтік ұрпақты сынау /клондарды/. Бұл әдісте элиталық өсімдектерді бөлуде ерекшіліктер бар. Ол қандай генетикалық өзгергіштікті сұрыптауда қолдануға байланысты. Үш негізгі мүмкіншіліктерді бөлуге болады.

1. табиғи популяцияда, вегетативті көбейетін түоде, генетикалық өзгергішт.ік айқын көрінеді. Бұл жағдайда жеке талдау принципін қолданады: элиталық өсімдіктерді сұрыптап олардың ұрпақтарын бөлек сынайды.

2. Егер вегетативті көбейетін дақыл тағыда генеративті көбейсе, будаңдастыру жүргізіп, генотиптік өзгергіштікті көбейтуге болады, және олардан генеративтік ұрпақ алып. Аллогамдық түрлерде, әр клон гетерозиготты болғандықтан, жәй өздігінен тозаңдандыру көп өзгерістер әкеледі, ал еркін тозаңдандырсақ ол көрсеткіш бірнеше реет өседі. Генеративті көбейтілген өсімдіктерді бастапқы материал ретінде қолданып, олардан жеке сұрыптау схемасымен элиталық өсімдік алады.

3. Клондарда мутациялар пайда болуы мүмкін, яғни әртүрлі химералар. Ол генетикалық әртүрлі ұлпаларды мына тәсілдермен бөлуге болады.

Жиі қолданылатн тәсіл, әр дарқтың барлық бүршіктерін дамыту. Ол сабақтың басын кесумен істеледі, онда ұйқыдағы бүршіктер және жанынан өркендер дамиды. Өркендерді көміп жаңа өсімдіктер алады, яғни жаңа клондардың бастауы.

Ұлпаларды химералардан арылтудың перспективті әдісі-өсімдіктерді бөлек жасушалардан алу. Ұлпаларға ферменттермен әсер етіп стерильдік жағдайда бөлек-бөлек жасушалардан каллус дамыту, ал олардан өсімдіктер алу.