Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кіріспе.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
432.64 Кб
Скачать

4. Сорт туралы ұғым

Селекциялық ТШ-ғы жұмыстарын табыспен жүргізу үшін және АШ-ғы өндірісінде сорттарды дұрыс пайдалану үшін сорттың не екенін, сорт таптарының өзара ұқсастығы мен олардың бір-бірінен айырмашылығын білу аса маңызды.

Өсімдіктер систематикасындағы "форма" және "сорт" бір ұғымды білдіреді. Бірақ бұл ұғымдардың бірлестігі олардың арасындағы ботаникалық және экологиялық ұқсастықтарға қатысты. Алайда, сорттар мен ботаникалық формалар арасында түбірлі өзгерістер бар. Сорт адамның өндірістік қызметі арқасында шығарылады. Ол ауыл шаруашылығы өндірісінің құралы болып табылады.

Сорт деп, өнім түсімі мен өнім сапасын көтеру мақсатында тиісті табиғи және өндірістік жағдайларда өсіру үшін сұрыпталған әрі көбейтілген мәдени өсімдіктердің шаруашылық-биологиялық қасиеттері мен морфологиялық белгілері бойынша ұқсас топтарын айтады. Мындай негізгі шарттарды атап өту қажет:

1) Сорт құрамына кіретін өсімдік топтарының шығу тегінде жалпыламалық бар. Ол бір немесе бірнеше өсімдік тұқымынан көбейтілуі.

2) Өсімдіктің бастапқы тегін көбейте отырып, шыққан тұқым шаруашылық-биологиялық қасиеттері мен морфологиялық белгілері бойынша сұрыптау жолымен алынады.

3) Сорт анық бір аймақтағы табиғат жағдайында өсірілу үшін шығарылады. Ол бір топырақ-климат аймағында жоғары өнім берсе, екінші аймақта ондай өнім бермеуі мүмкін.

4) Сорт нақты өндірістік жағдайда өсіру үшін жасалады және механикаландыруда қол жеткен деңгейде, егіншілік мәдениетіне сай болуы қажет.

5) Тиісті табиғи және өндірістік жағдайларда сорт тұрақты және жоғары сапалы өнім беруі қамтамасыз етуі тиіс.

АШ-ғы өсімдіктерінің сорттары шығу тегі бойынша және шығару тәсіліне сәйкес бөлектенеді. Шығу тегі бойынша олар жергілікті және селекциялық болып бөлінеді.

Жергілікті сорт деп, дақылдардың нақты бір жерде өсірілуіне қарай ұзақ, табиғи және жасанды сұрыптаудың қарапайым әдістерімен жасалған сорттарды айтады. Түрлі дақылдардың жергілікті сорттарының үлкен бөлігі халықтық селекция процесімен алынған. Көптеген жергілікті сорттар шаруашылық-биологиялық қасиеттері бойынша сан алуан, сондықтан селекциялық сорттар шығару үшін, бағалы, бастапқы материал болып табылады.

Селекциялық сорт деп, селекциялық ғылыми әдістері негізінде ғылыми-зерттеу мекемелерінде шығарылған сорттарды айтады. Олар морфологиялық белгілері және шаруашылық-биологиялық қасиеттері бойынша біркелкі болуымен ерекшеленеді.

Сорт шығару тәсілі бойынша сорт – популяция, линиялық сорт, сорт-клон, буданнан шыққан сорт, мутант сорты болып бөлінеді.

Сорт-популяция айқас және өзін-өзі тозаңдандыру нәтижесінде жаппай сұрыптау арқылы алынады. Олар тұқым қуалаушылығы жағынан біркелкі емес. Өздігінен тозаңданатын сорт-популяция көп ретте гомозитоттық линиялардың қоспасы болып келеді, морфологиялық белгілері және шаруашылық-биологиялық қасиеттері бойынша әр түрлі. Сорт-популяциялар айқас тозаңдану тұрақты жүретіндіктен олар біркелкі болуымен ерекшеленеді.

Барлық өздігінен тозаңданатын жергілікті сорттар және айқас тозаңданатын дақылдардың сорттары сорт-популяцияға жатады.

Линиялық деп, өздігінен тозаңданатын дақылдарды және сұрыптау арқылы алынатын сорттарды айтады. Линиялық сорт – біртекті өсімдіктің көбеюі, сондықтан олар барлық белгілері мен қасиеттері бойынша біркелкі болады. Табиғи қайта тозаңдану, механикалық ластану және мутация әсерінен линиялық сорттар бірте-бірте өз қасиеттерін жоғалта бастайды. Линиялық сорттарға жаздық бидайдың – Лютесценс 62, сұлының – Победа, арпаның – Винер және Нутанс 187, тарының Саратов 853 сорттары жатады.

Будан популяциясынан будандастыру және сұрыптау арқылы алынған сорттарды будандар деп атайды. өздігінен тозаңданатын будан сорттары линиялық сорттарға қарағанда, оншама біркелкі болмайды. Кейде олардан қайта сұрыптау жолымен жаңа сорттар шығарылады. Барлық дақылдардың көптеген аудандастырылған сорттары будан болып табылады. Дәнді дақылдар арасынан күздік бидайдың – Безантия 1, Прибой, Одесса 51, жаздық бидайдың – Саратов 29, Харьков 46, арпаның – Одесса 100, Носов 9.

Кейде будан популяциясынан тек бір ғана емес морфологиялық біртекті, бірақ биологиялық түрлі линиядағы түрлері таңдап алынды. Мұндай линиялардың біріккен ұрпағы көп линиялы будан сорттарды құрайды. Бұған жаздық бидайдың Московская 35, арпаның Донецк 4 және басқа сорттары жатады.

Сорт-клондар өсімдіктердің вегетативті көбейетін түрлерін жеке сұрыптау жолымен жасалады. Сорт-клон өсімдіктің біртекті вегетативті көбеюінен шыққан ұрпақ, сондықтан олар біркелкі болып келеді. Мұндай сорттар табиғи мутагенез әсерімен өзгеріске түседі. Картоптың сорт-клонына жататындар Зазерский, Скороспелка, Майкоп және басқалары.

Сортқа қойылатын өндірістік талаптар

Осы заманғы АШ өндірісі сортқа жоғарғы талаптар қояды. Олардың негізгілері мыналар:

1. Жыл сайын жоғары және тұрақты өнім берді. Сорт өнімді болуымен қатар, тыңайтқыш өсіруге және басқа агро әдістерге кеткен шығынды өз түсімімен өтеуі қажет.

2. Даму барысында ауа райының қолайсыз жағдайларына төзімді болуы тиіс. Сорттар құрғақшылыққа, төмен температураға, қыстап шығу барысында қолайсыз жағдайларға (күздік және көп жылдық дақыл сорттары), төзімді болуы шарт. Бұл қасиеттер өнімнің тұрақтылығын анықтайды.

3. Аурулар мен зиянкестерді қоздырушыларға да төзімді болуы керек. Оларға комплексті түрде төзімді сорттарды шығару осы заманғы егіншілікте бірінші кезекті мәселе.

4. Механикалық баптауға икемділігі. Бұл талаптар интенсивті технология бойынша баптауға арналған сорттарға қойылады.

5. өнімнің жоғары сапасы. Сорттар себілу мақсатына қарай қажетті өнімді (балық, қант, крахмал, май, талшық) мол беруі керек.

Белгілері мен қасиеттері бойынша сорттарға қойылатын талаптар бірнеше топтарға бөлінеді:

1. Өнімділік қасиеттері мен белгілері: бір мақсаттағы дән салмағы мен өнімдік түптілігі, собық салмағы және жүгерідегі оның саны, картоп түйіндерінің саны мен оның ірілігі т.б.

2. Өсу барысында ауа райының қолайсыздығына төзімділік қасиеттері мен белгілері: мәселен құрғақшылыққа төзімділігі, өсімдіктің ылғалды тиімді пайдалану мүмкіндігі және құрғақшылық жиі болатын жерлерде тамыр жүйесінің шығымдылығы.

3. Аурулар мен зиянкестерге төзімділік қасиеттері мен белгілері. Олар өсімдіктердің-морфологиялық, биохимиялық және физиологиялық қасиеттерімен байланысты. Мәселен, бидайдың кейбір сорттарының жабық түрде гүлдеуі қара күйеге ұшырауын төмендетеді. Күнбағыс дәнінің сыртқы панцир қабаты күнбағыс күйе зиянкестеріне кедергі болады.

4. Механикалық баптау және жинауға икемділік белгілері. Жатып қалмауға төзімділік (масақты дақылдар) сабағының қысқа және мықты болуына, тамыр жүйесінің жақсы дамуына байланысты. Бұршақтың мұртты сорттары жатып қалмайды. Жүгеріні комбайнмен жинау барысында дәннің шығын болмауы оның биітігіне байланысты, яғни бірінші собықтың биік орналасуына байланысты.

5. Алынған өнімнің жоғары сапалылығын анықтатын қасиеттер мен белгілер: жылтырлығы, белок проценті ұнның шығу, клейковинаның саны мен сапасы, бидай мен қара бидайдағы нанның шығу мөлшері мен көпсіп пісуі; крахмал мөлшері, картоптығ түйіндерінің жақсы пісуі мен дәмі, заттар мен витаминдердің мол болуы және басқалары.

Осы келтірілген топтауларды шартты түрде деп қарауға болмайды. Оны схема үлгісі ретінде қарап, осы заманғы сорттардан бойынан табылатын қасиеттері мен белгілердің күрделі комплексіне талдау жасау барысында пайдаланады. Бұлардың көпшілігі бірнеще топқа қатысты. Мәселен, сабағы қысқа да мықты масақты дақылдардың жатып қалмайтын қасиетін бір мезгілде үш топтың белгісіне жатқызуғп болады: өнімділігі, ауа райының қолайсыздығына төзімділігі және механикалық жинауға икемділік белгісі. өнімділік белгісі негізінен өсімдіктердің сыртқықолайсыз жағдайларға төзімділігі, ауруларға шалдықпайтындығы және зиянкестерге бой алдырмайтындығы сияқты қасеттерінен көрінеді.

Өсімдіктердің барлық белгілері мен қасиеттері өзара физиологиялық жағынан тығыз байланысты, олардың сипаты сыртқы әсерге байланысты көрінеді. Мұны селекцияның жұмыс кезінде, өндірістік сорттарды шығару кезінде есепке алу қажет.

Шығарылып жатқан сорттың белгілері мен қасиеттерінің нақты комплексі негізгі үш көрсеткіш бойынша анықталады:

1. болашақ сортқа арналған аймақтың топырақ – климат жағдайлары;

2. сорттың өндірісте өсірілуіне байланысты (тыңайтқыштың жоғары нормасы, суландыру т.б.) агротехникасы және механикаландыру дәрежесі;

3. дақыл бағдары және оны пайдалану (жүгеріде дәндік немесе сүрлемдік, арпада сыра қайнату мен мал азықтық, картоптың асханалық және техникалық, тағы басқа бағыттарда).

Барлық дақылдар үшін селекциялық жұмыстар программасында нақты жағдайда өсіру және өндіріс талаптарына сәйкес шығарылатын сорттардың моделдері жасалған.

Сорттың икемділігі сыртқы ортаның күрт өзгеру жағдайына биологиялық икемділігімен, ауа райының қолайлы және қолайсыз жағдайларында жоғары агротехника фонында мол өнім беру икемімен сипатталады. Экологиялық жағынан орта мерзімде пісетін сорттар мен будандар икемді. Дәнді дақылдардың экологиялық жағынан икемділігінің маңызды көрсеткіші – 1000 дәннің салмағы. Мәселен, жаздық бидайдың Мильтурум 321 сортында 1000 дәннің салмағы өте жоғары (26-дан 32г-ға дейін) болды. Басқа аудандарға себу кезінде бұл көрсеткіш күрт төмендеді: Башкирияда – 20-21, Орталық қара топырақты аймақта – 21-22г болды. Жаздық бидайдың танымал сорттарының ішінен Лютесценс 62 сортының 1000 дәнінің салмағы көп өзгеріске түспеді. Осыған орай ол жаздық бидай сорттарының ішінде егіс көлемі жағынан бірінші орында.

Повольжие, Заурал, Сібір және Солтүстік Қазақстанның үлкен егіс көлемінде себілетін жаздық бидайдың Саратов 29 сорты өте икемді сорттар қатарына жатады. Бұл сорт суды аз пайдаланады және тамыр жүйесі сіңірімділік қасиетімен сипатталады. Оның фотосинтетикалық қабілеті өте жоғары.

Жаздық бидайдың Харьков 46, жүгері буданы Буковинский 2, картоптың Лорх сорттары икемділігі жоғары сорттардың классикалық үлгісіне жатады.

Кейбір сорттардың кең көлемде себілуі олардың сапасы жоғары, икемділік қасиеттерімен ғана емес, кейбір топырақ-климат аймақтарында селекциялық жұмыс жеткіліксіз жүргізілгендіктен, сол жерлерге икемді сорттардың жоқтығынан. Мәселен, Оңтүстік-Шығыс (Саратов қ.) АШ институтының ғалымдары шығарған көп таралған жаздық бидай сорттары Батыс Сібірде, Солтүстік Қазақстанда жақсы жерсініп, мол өнім беруде. Дегенмен, кейінгі уақытқа дейін, бұл аймақтарда шығарылған өзінің сорттары аз. Демек, бұл селекциялық жұмыстардың жеткіліксіз дәрежеде жүргізілгенін көрсетеді. Батыс Сібірдің және Солтүстік Қазақстанның климат жағдайы Поволжьеден айтарлықтай өзгеше, сондықтан бұл аудандарда жеткілікті жерге бейімделген өздерінің сорттарын шығару қажет.

Барлық сорттар экологиялық бейнесі жағынан толық сипатталып, сұрыпталу бейімі және шығару мақсатына қарай нақты экологиялық жағдайда өз ролін атқарады. Н.Борлаугтың жұмысы көрсеткендей жоғары өнімді, икемді, жоғары экологиялық бейімі бар сорттар күн ұзақтығына сезімтал болмауы тиіс. Мұндай сорттарды шығару үшін бір будан популяциясының әр түрлі ұрпақ өкілдерінен сұрыптау – күзде қысқа күн болатын теңіз деңгейінде, ал жазда теңіз деңгейінен 2500 метр биіктікте күн ұзарған таулы аудандарда жүргізіледі.