Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кіріспе.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
432.64 Кб
Скачать

3. Өсімдіктердің белгілері мен қасиеттері

Өсімдіктердің мутация және будан кезінде өзгеріске түсуі негізінде олардың арасында морфологиялық, физиологиялық және биохимиялық ерешелік туады.

Бұл жаңа сорттарды шығару барысындағы сұрыптау процесіне байланысты жүзеге асырылады. Сорттар сапасы жағынан бір-бірінен өзгеше болады. Сорт сапасы олардың белгілері мен қасиеттерінен көрінеді. өсімдіктің қайсы бір формасы немесе сорты болмасын, көптеген белгілері және қасиеттерінің жиынтығымен сипатталды.

Белгілер мен қасиеттер-организм дискретінің морфологиялық, физиологиялық немесе биохимиялық бірлігі. Өсімдік құрылымының морфологиялық ерекшелігі белгілер деп аталады.

Өсімдіктердің белгілері өлшеу, салмағын Тарту және көзбен баға беру жолымен анықталады. Оларға өсімдіктің биіктігі, жапырағының саны мен көлемі, сабағының жуандығы, масақ пен сыпырғының көлемі, түйіндердің, тамыр жемісінің, жемістің формасы, дән ірілігі, өсімдік тұлғасы, масақтығы және сыпырғыдағы дәннің толықтығы, тұқым мен жемістің түсі және тағы басқалар. Түрлі белгілердің шаруашылық құңылығы біркелгі емес: бірқатарының маңызы үлкен болғанмен, екіншісінің маңызы төмендеу.

Өсімдік белгілерін шартты түрде екі топқа бөлуге болады: сапалылық және сандық, математикалық көзқарас түрғысынан сандық және сапалық арасындағы айырмашылықтың алғашқысы топтастырылатын болса, екіншісінде вариациялық қатар бойынша топтастырылмайды. Сапалық белгіден көз өлшемімен айыру арқылы аңықтауға болатын айырмашылық, мәселен: масақтың қылтанақты және қылтанақсыз, қабыршақты және жаланаш дән, түйіндердің домалақ немесе сопақша формалары, сабақтың бос немесе тығыз болуы. Сандық белгілерден, көз өлшемімен айыруға келмейтін оны тек өлшеу, салмақтау, есептеу арқылы анықтауға болатын өлшеледі айтамыз. Оған масақтағы және сабақтағы дән саны, түйіндер мен тамыр түйіндерінің салмағы, дәннің ірілігі, күнбағыстың табақ диалятрі, сабақтың ұзындығы мен қалыңдығы т.б. жатады.

Белгілерді сандық және сапалық ретінде бөлу шартты сипатта болады. Қандай бір сапалық белгі болмасын сандық сипат беруге болады, бірақ көп жағдайда көз өлшемімен анықтама беріледі. Егер көз өлшемімен бағалау жеткіліксіз болса, онда айырмашылық сан өлшемі бойынша сипатталады. Мәселен, екі сортты салыстыру кезінде, бірі қылтанақты, екіншісі қылтанақсыз болса, бұл белгілер бойынша айырмашылық көз өлшемімен анықталады. Егер қылтанақты екі сортты салыстыру қажет болса, бұл белгілерге сандық сипаттама беру қажеттігі туады. Кейде сандық жөніндегі белгілер бойынша айырмашылық көз өлшемімен анықталады. Мәселен, сабақтардың ұзындығын анықтау: биік, орта, төмен; дәннің көлемін анықтау кезінде: ірі, майда болып бөлінеді.

Өсімдіктердің физиологиялық, биохимиялық және техникалық ерекшеліктерін олардың қасиеттері деп атайды. Өсімдіктердің физиологиялық қасиеттеріне олардың құрғақшылыққа, суыққа, қысқа, аурулар мен зиянкестерге төзімділігі, жарыққа реакциясы, жоғары агрофонға, оның ішінде теңайтқыш пен суды пайдалануға икемділігі жатады. Биохимиялық қасиет өсімдік бойынша болатын түрлі заттардың сандық және сапалық белгілері: белок, крахмал, қант, май, эфир майы, витаминдер, алкалоидтар бойынша анықталады. Өсімдіктердің технологиялық қасиеттері оларды өндірістік өңдеуге байланысты анықталады. Оған: дәнді тартқан кезде ұнның шығу мөлшері, жабылған нанның көлемі мен көпсуы, арпа дәніндегі экстративті заттар саны, мата тоқылатын дақылдардың талшықтарының техникалық мәліметтері жатады.

Сорт бағасының негізгі көрсеткіші – оның өнімділігі. Ол өсімдіктің көптеген шаруашылық-биологиялық белгілері мен қасиеттерін біріктіретін күрделі процесс болып табылады.

Әр ұрпақтың организміндегі қандай да бір белгілер мен қасиеттер бір немесе бірнеше гендердің негізінде қоршаған ортамен өзара байланысты қайтадан дамуға түседі. Организм өмір сүрген орта тұрақты болмағандықтан, бұрынғы белгінің қайта көрініс табуын модификация деп атайды. Сапалық белгілер гендермен қатаң бақыланып, олар тұрақтылық сипат алып, олардың дамуы сыртқы жағдайлардың әсеріне байланысты болмайды, сондықтан үзіліс сипатта болады. Сандық белгілер гендердің көп санымен айқындалып, олар қатаң бақыланбайды. Сандық белгілер тұрақты болмағандықтан олардың дамуы сыртқы ортаның әсеріне өте бағынышты болғандықтан, үзіліссіз сипатқа ие болады.

Өсімдіктердің сыртқы ортаның әсерінен сапалық және сандық өзгерістерге ұшырау деңгейі әртүрлі: бір белгілер өте өзгергіш болғанмен, екіншілердің өзгергіштік белсенділігі төмен экотиптер, формалар мен сорттардың ішкі түрлік саналуандығын зерттеу барысындағы селекция жұмысында мыналарды білу мен есепке алуды ұмытпау қажет:

1) түрлі формалар мен сорттардағы белгілер мен қасиеттердің мұрагерлік өзгергіштігінің дәрежесі;

2) өсудің түрлі жағдайларының әсерінен бір сорттың (оның реакция нормасы) айқын белгілердің өзгергіштік дәрежесі. Бұл жаңа сортты шығару барысында тиісті форманы сұрыптау және өсіріліп жатқан сорттарға өте қолайлы жағдайлар жасау үшін қажет.

Осы айтылғандарға түсініктеме ретінде бірнеше мысал келтірейік(30-31беттер "Егіс дақылдарының селекциясы").