
- •1. Өсімдіктер селекциясының қысқаша даму тарихы
- •2. Сорт тұралы ұғым және өсімдік селекциясындағы бастапқы материал
- •3. Өсімдіктердің белгілері мен қасиеттері
- •4. Сорт туралы ұғым
- •5. Бастапқы материал түрлері және оларды алу тәсілі
- •6. Талдау әдістері
- •7. Түршілік будандастыру
- •Будандастыру селекциялық жадығатты (материалды) құрастырудың негізгі тәсілі
- •8. Экспериментальдік мутагенез
- •9. Өсімдіктер селекциясында полиплоидияны, анеуплоидияны және гаплоидияны қолдану
- •10. Гетерозистік будандардың селекциясы
- •11. Жалпы ережелер
- •12. Тұқым шаруашылығының теориялық негіздері
- •13. Жоғары сапалы тұқымдар өндіру технологиясы
- •14. Тұқымдарды жинау мерзімдері мен тәсілдері, тазалау, сақтау және сату
- •15. Тұқым шаруашылығын ұйымдастыру
14. Тұқымдарды жинау мерзімдері мен тәсілдері, тазалау, сақтау және сату
Жинау мерзімдері мен тәсілдері
Жоғары сапалы тұқым алу жолында жинаудың дұрыс мерзімдері мен тәсілдерін анықтау тазалауға, сақтауға, сатуға, бір сөзбен айтқанда, тұқым сапасына көп әсер етеді. Көптеген дәнді, бұршақ дәнді ж.т.б. дақылдардың жинауының екі тәсілі бар-дестелеу және тік ору.
Дәнді дақылдарды балауызданып піскенде дестелесе, олардың егістік және өнімділік сапалары, тік орғанға қарағанда, төмендейді. Бірақта дестелерді жинаумен кешіксек тұқым сапасы төмендейді. Сондықтан, тұқымдық егістіктердің жинау тәсілін анықтағанда ауаның райын, дақылды және сорттыда ескеру керек.
Егер егістік бір келкі пісіп таза болса онда тік оруға кірісеміз.
Сапалы тұқым қалыптасуына қолайсыз жағдайларда көп әсер етеді, мысалы, қуаншылық, суық, егістің жапырылуы, аурулар және зиянкестермен зақымдалды ж.т.б. Олар дәннің әлжуаздығын, құрғақ заттардың азайуын, өнгіштігін төмендеуін тудырады.
Тазалау
Бұл процесс аңызда комбайнмен жинағанда басталады. Бірақта олар біркелкі егістік материал деуге болмайды, өйткені құрамында, тұқымнан басқа, жарақатталған, піспеген және әлжуаз дәндер, көптеген қоспалар және өлі қоспалар болады. Сондықтан, осы массадан жоғарғы сапалы тұқымды бөлу негізгі мақсат. Оған, дәннің келесі негізгі қасиеттерін ескере отырып, яғни сорттап, кептіріп, желдетіп жетуге болады:
-толықтығын, ұзындығын, енін ескере отырып дәндерді мөлшерлерімен бөлу;
-дәндерді ауаның көмегімен, аэродинамикалық қасиеттерімен бөлу;
-дәндерді, электромагнит көмегімен, сыртының (тегіс, кедір-бұдырлы) пішінімен бөлу;
-дәндерді, арнайы решеталар көмегімен, пішінімен (дөңгелек, ұзынша, сопақ т.б.) бөлу;
-дәндерді, пневматикалық сорттауыш стөлдер немесе ертінділер көмегімен, меншікті салмағымен бөлу.
Тұқымдарды кептірудің негізгі екі тәсілі бар-табиғи және қолдан жасалған. Бірінші күннің қуаты мен ауаны қолданумен, ал екіншісі-ауаны қолдан жылытып және желдетіп ылғалдан арылтады.
Сақтау
Тазартылған, керек болса кептірілген, егістік стандарттарға жеткізілген тұқымдар сақтауға қойылады. Ол үшін арнайы қоймалар керек. Тұқымдарды сақтаудың негізгі екі тәсілі бар: үйінді (жерде, бункерлерде, қамбада т.б.) және әртүрлі ыдыс қолданып (қаптар, контейлер ж.с.с). Қоймаларды қолдану мөлшерлері жылдың уақытына, сақтау мерзіміне, қоймалардың мүмкіншілігіне байланысты(1-кесте).
(1-кесте) Қоймаларды құрғақ тұқымдармен толтыру мөлшерлері.
Дақыл |
Жылдың суық уақыты |
Жылдың жылы уақыты |
||
Үйіндінің биіктігі, м |
Қатарлап үйілген қаптардың қатар саны |
Үйіндінің биіктігі, м |
Қатарлап үйілген қаптардың қатар саны |
|
Бидай, қарабидай, арпа, сұлы, қарақұмық |
3,0 |
8 |
2,5 |
8 |
Асбұршақ, нұт |
2,5 |
8 |
2 |
6 |
Күріш, тары |
2 |
6 |
1,5 |
4 |
күнбағыс |
1 |
5 |
1 |
4 |
Тұқымдарды сақтау мерзімі тағайындауына, дақылға және жағдайына (ең бірінші ылғалдылығы) байланысты. Көктемгі егіске арналған тұқымдар 7-9 ай, ауыспалы қор – 1 жыл, сақтандырушы қор – 1-3 жыл. Көптеген а.-ш. дақылдардың тұқымдарын 3 жылға дейін сақтауға болады. Тұқымдар бүлімбеу және өнгіштігін төмендетпеу үшін, оларды құрғақ немесе орташа құрғақ кезінде қоймаға сақтау керек(2-кесте).
(2-кесте) Тұқымдардың ылғалдылық көрсеткіштері
Дақыл |
Құрғақ |
Орташа құрғақ |
Дымқыл |
Ылғалды |
Бидай, қарабидай, арпа, сұлы, қарақұмық |
14 |
14-15,5 |
15,5-17 |
17< |
Асбұршақ, нұт |
14 |
14-16 |
16-18 |
18< |
Тары, қонақ жүгері |
13,5 |
13,5-15 |
15-17 |
17< |
Күнбағыс |
7 |
7-8 |
8-10 |
10< |
Сату
Қазіргі нарықтық қатынаста бұл бизнестің мағнасы зор, оны дұрыс жүргізуінен тұқым шаруашылықтарының қаржылық жағдайы көп байланысты. Тұқымды тиімді сату өз бағасымен, сату бағасы және тұқымның сапасымен анықталады.
Ал тұқымдардың егістік және сорттық сапалары мемлекеттік стандартпен анықталады. Ол көрсеткіштер кестелерде көрсетілген. Тұқымды сатуға өндіргенде оның керек мөлшерін білу керек, ал ол егістік көлемімен, сорт жаңарту және ауыстыру көлемімен байланысты. Және әрқашан бәсекелестікті ескере отырып жүргізетін жұмыстарды, оның ішінде тұқымды сатуды, дұрыс есептеліп және ойластырылған бизнес – жоспарлардың негізінде жүргізу керек.
3-кесте Астық дақылдарындағы категориялармен сорттық тазалық көрсеткіштер
Дақыл |
Көрсеткіш |
категория |
||
первая |
вторая |
третья |
||
Бидай, арпа, сұлы, тары, асбұршақ |
Сорттық тазалық %, кем болмау керек |
99,5 |
98,0 |
95,0 |
Қарабидай, қарақұмық |
Көбейтілген саны |
Екінші-үшінші |
Төртінші-жетінші |
сегізінші-жалпы |
4-кесте. Астық дақылдары мен ас бұршағының егістік сапалары
Дақыл |
Класс |
Негізгі дақылдың дәндері, % |
Басқа өсімдіктердің дәндері, дана\кг, көп болмау керек |
Өнгіштігі,% |
|
Барлығы |
Оның ішінде арамшөптердің |
||||
Бидай: жұмсақ
қатты |
1 2 3 1 2 3 |
99,0 98,0 97,0 99,0 98,0 97,0 |
10 40 200 10 40 200 |
5 20 70 5 20 70 |
95 92 90 90 87 85 |
Қарабидай |
1 2 3 |
99,0 98,0 97,0 |
10 80 200 |
5 40 70 |
95 92 90 |
Арпа, сұлы |
1 2 3 |
99,0 98,0 97,0 |
10 80 300 |
5 20 70 |
95 92 90 |
Тары |
1 2 3 |
99,0 98,0 97,0 |
16 100 200 |
10 75 150 |
95 90 85 |
Қарақұмық |
1 2 3 |
99,0 98,5 97,0 |
10 40 150 |
5 20 100 |
93 90 87 |
Ас бұршақ |
1 2 3 |
99,0 98,0 96,0 |
5 10 50 |
0 2 5 |
95 92 90 |