
- •1. Өсімдіктер селекциясының қысқаша даму тарихы
- •2. Сорт тұралы ұғым және өсімдік селекциясындағы бастапқы материал
- •3. Өсімдіктердің белгілері мен қасиеттері
- •4. Сорт туралы ұғым
- •5. Бастапқы материал түрлері және оларды алу тәсілі
- •6. Талдау әдістері
- •7. Түршілік будандастыру
- •Будандастыру селекциялық жадығатты (материалды) құрастырудың негізгі тәсілі
- •8. Экспериментальдік мутагенез
- •9. Өсімдіктер селекциясында полиплоидияны, анеуплоидияны және гаплоидияны қолдану
- •10. Гетерозистік будандардың селекциясы
- •11. Жалпы ережелер
- •12. Тұқым шаруашылығының теориялық негіздері
- •13. Жоғары сапалы тұқымдар өндіру технологиясы
- •14. Тұқымдарды жинау мерзімдері мен тәсілдері, тазалау, сақтау және сату
- •15. Тұқым шаруашылығын ұйымдастыру
13. Жоғары сапалы тұқымдар өндіру технологиясы
Егістік материал ретінде қолданылатын тұқымдардың құндылығы жинақталған факторларға байланысты. Тұқымдардың сапасы сорттың генотиптік табиғатымен және қалыптасу, даму және сақтау кезеңіндегі қоршаған ортаның жағдайларымен анықталады. Агрономиялық жағынан өте маңызды, тұқымдардың қасиеттері, мемлекеттік стандарттарда келтіріледі және арнайы көрсеткіштермен шектеледі, оларды тұқымдық зертханаларда анықтайды. Тұқымдардың егуге жарамдылық деңгейін сипаттайтын және егістіктің орынды болуын анықтайтын (себу мөлшері ж.т.б.) осы барлық көрсеткіштерді, тұқымдардың егістік сапалары деп атайды.
Бірақта тұқымдар сапасының биологиялық ерекшеліктерінің жиынтығын көрсететін бір біртұтас көрсеткіш-өнімділік қасиеттері. Тұқымдардың өнімділік қасиеттері тек тұқым қуалаушылықпен емес, ал қоршаған ортаның әсерімен болатын модификациялық өзгерістермен анықталады. Оның тұқымдардың қалыптасуына әсері зор, сондықтан тұқым өндіргенде және дайындағанда ескеру керек.
Тұқымдарды өсіру тәсілдерінің өнімділік қасиеттері мен сапасына әсері
Бір сорттың әртүрлі тұқымдар өсімдіктерінің өнімділігінің біркелкі болмауы өсімдіктердің тек өсу жағдайлары әсері емес, сонымен қатар тұқымдардың қалыптасу жағдайлары, сондықтан химиялық және биологиялық құралдарымен, физиологиялық ерекшеліктерімен айырмашылықтар болуы мүмкін. Ал ол айырмашылықтар метаболизмнің әртүрлі белсенділігін және өсімдіктердің өнімділігінің біркелкі болмауын анықтайды.
Академик П.Н.Константиновтің зерттеулерінде, жаздық арпаның әртүрлі экологиялық аймақтан алынған бір сорттың тұқымдарын, өсіп-даму жағдайы біркелкі жағдайда, еккенде өнімділік айырмашылығы 83,3% болды.
Яғни, жоғары өнімді тұқымдар алудың бірінші шарты-тұқым өндірудің жағдайлы аймағын анықтау.
Тұқымдардың өнімділік қасиеттерін қалыптастырғанда жәйлі жағдайлар жасайтын, дақылдың тұқым шаруашылығында, арнайы өсіру технологиясының орынды болуы көп мағналы. Оның ішінде агротехникалық іс-шаралар, ауруларға шалдықпаған өсімдіктер алуды және тозаңдануды, ұрықтану мен дәндердің қалыптасуына жәйлі жағдайларды, жасайтын.
Тұқымдық егістіктерде орынды тәсілдер қолдана отырып, жақсы дамыған тозаңдардың көп болуына және тозаңданудың жәйлі жағдайда өтуіне, мүмкіндік жасау керек. Бұл жерде егу мерзімі, ара ұяларын қою т.б. маңызды.
Аналық өсімдіктерге жақсы коректену жағдайлар жасауда маңызды. Ол дәндерде азоттың, фосфордың, калийдің болуына әсер етеді. Мысалы, фосфордың дәндерде көп болуы өсімдіктердің бастапқы өсуіне жақсы әсер етеді, ал ол өнімділікке әсер етеді. Фосфор, тұқымдағы тіршілік әрекетінің барлық процесстерін, коректік заттардың түсуін, өсімдіктердің ауруларға төзімділігін күшейуін, тамыр жүйесінің жақсы дамуын, олардың даму мерзімінің ұзаруын, реттейді. Сондықтан тұқымдық егістікте өсімдіктер бұл элементпен толық қамтамасыз етілу керек.
Азотты орынды қолдану керек, артықтығы генеративтік органдардың дамуын нашарлатып вегетативті күшейтеді және тұқымдардың сапасын төмендетеді: өнгіштігі төмендейді, ұрықтық тамырлардың дамуын нашарлатады. Әсіресе зиянды анорганикалық азот, оның ішінде нитраттық, өйткені тұқымдардың биологиялық қасиеттерін нашарлатады. Сондықтан азотты қолдану өсімдіктердің жақсы дамуына әсер ету керек.
Калийдің өсімдіктерде ақсылдың жаңаруы және синтезделуіне әсері зор. Калий топырақта өте көп, сондықтан оны көп қолданып керегі жоқ.
Жоғары сапалы тұқымдар қалыптасуға микроэлементтердіңде қосатын үлесі көп. Мысалы, бор, марганец, мырыш ж.т.б.
Сонымен, тұқым өсіретін егістіктерде минералдық тыңайтқыштарды қолданғанда өсімдіктердің өсіп-дамуына қолайлы жағдайлар тудыру керек.
Тұқымдардың сапасына алғы дақылдардыңда әсері бар. Өйткені әр дақылдан кейін топырақтың ылғалдылығы мен коректік затпен қамтамасыз етілуі әртүрлі болады.
Тұқымдық егістіктерде топырақтан суды және коректік заттарды аз алатын дақылдар ең жақсы алғы дақыл болып есептеледі. Бұл көрсеткіштермен дақылдарда айырмашылықтар бар. Мысалы, арпа ас бұршаққа қарағанда 1г құрғақ затқа суды екі есе көп кетіреді.
Алғы дақылға қойылатын екінші арнайы талап-сорттық егістіктердің қиын бөлінетін дақылдар және сорттармен ластанбау. Ең жақсы алғы дақыл-сүрі танап.
Себу тәсілі мен мөлшері жоғары өніммен қатар біркелкі және жоғары өнімді тұқымдар қамтамасыз ету керек. Астық дақылдарын сирек егуге болмайды, өйткені түптену көбейген соң негізгі және қосымша сабақтардың дәндерінің өнімділік қасиеттері әртүрлі болады. Ал егер жиі ексек, өсімдіктер су және коректік заттармен нашар қамтамасыз етіледі, сондықтан дәндердің физикалық және өнімділік қасиеттері төмендейді. Сондықтан себу мөлшерін аймақтық ерекшеліктерге оңтайлау керек.
Сонымен қатар, егістіктерді жапырылудан сақтау керек, өйткені ондай егістіктердің өнімділігі 14-16% төмендейді.
Тұқым егістіктерінде келесі егу тәсілдерін қолданады: қатардағы, тарқатарлы, кеңқатарлы, тоғыспалы. Себу мөлшері төмен және тоғыспалы тәсілді тапшы және болашағы мол сорттарды көбейтуге қолданады. Оны жиі бастапқы тұқым өсіру көшеттіктерінде және элиталық тұқымдарды тез көбейткенде қолданады.
Себу мерзімі жәйлі болса керек, әсіресе ерте егілетін жаздық дақылдарға. Өйткені тек өнім төмендемейді, сонымен қатар өнімділік қасиеттері нашарлайды. Ал, мысалы, тары мен қарақұмықты екі мерзімде сепкен дұрыс, өйткені екі мерзімнің біреуін талдап алуға болады.