
- •1. Өсімдіктер селекциясының қысқаша даму тарихы
- •2. Сорт тұралы ұғым және өсімдік селекциясындағы бастапқы материал
- •3. Өсімдіктердің белгілері мен қасиеттері
- •4. Сорт туралы ұғым
- •5. Бастапқы материал түрлері және оларды алу тәсілі
- •6. Талдау әдістері
- •7. Түршілік будандастыру
- •Будандастыру селекциялық жадығатты (материалды) құрастырудың негізгі тәсілі
- •8. Экспериментальдік мутагенез
- •9. Өсімдіктер селекциясында полиплоидияны, анеуплоидияны және гаплоидияны қолдану
- •10. Гетерозистік будандардың селекциясы
- •11. Жалпы ережелер
- •12. Тұқым шаруашылығының теориялық негіздері
- •13. Жоғары сапалы тұқымдар өндіру технологиясы
- •14. Тұқымдарды жинау мерзімдері мен тәсілдері, тазалау, сақтау және сату
- •15. Тұқым шаруашылығын ұйымдастыру
12. Тұқым шаруашылығының теориялық негіздері
Тұқым шаруашылығының, селекцияның да негізінде генетика жатыр. Тұқым шаруашылығының мақсаты-сорт немесе буданның өнімділік мүмкіншіліктерін кеңінен қолдана отырып шаруашылық-биологиялық қасиеттерін сақтап қалу. Екінші жағынан, тұқымдардың өнімділік сапалары генетикалық негіздерімен қатар, аналық өсімдіктердің даму жағдайларымен байланысты. Тұқымдардың егістік сапаларына аурулар және басқа факторлар, механикалық зақымдануларды қоса отырып әсер етеді. Сондықтан тұқым шаруашылығын ұйымдастырғанда көптеген факторларды ескере отырып қатарлас ғылыми пәндерге сүйене отыру керек, яғни тұқымдар мен өсімдіктер физиологиясына, биохимияға, фитопологияға ж.т.б.
Тұқым шаруашылығы дербес пән ретінде өз әдістері мен жұмыстар жүргізу тәсілдері бар, теориялық негізделіп көп жылдық тәжірибемен тексерілген. Тұқым шаруашылығының обьектілері ретінде әр типтес сорттар мен гетерозистік будандар саналады.
Көптеген мәселелердің ішінде, ең бастысы-көбейту процесінде көбейтілетін сорттың генетикалық негізін сақтау, мүмкіндік болса оны жақсарту сонымен қатар тұқымдардың жоғары егістік сапаларын сақтай отырып оларды аурулар мен зиянкестермен сақтау. Сондықтан тұқым шаруашылығының қарқынды дамуы түрдің, сорттың немесе буданның биологиясын, олардың көбею тәсілдерін, жыныстық процес және ұрықтың дамуына қоршаған ортаның әсерін білу негізінде мүмкін.
Дақылдың көбею тәсілі және тұқым шаруашылығын ұйымдастыру
Қандай болмасын дақылдың тұқым шаруашылығын ұйымдастыруына көбею тәсілі көп әсер етеді.
Вегетативті көбейетін дақылдар. Вегетативтік көбеюдің негізінде жасушаның митоздық бөліну тәсілі жатыр, сондықтан тұқымқуалаушылық ақпарат өзгермейді. Осы негізде сортклонның тұқым шаруашылығын ұйымдастыру үшін бір ұрпақ бастаушы өсімдік жеткілікті, соның негізінде барлық ұрпақтарда бір генотип алуға болады. Яғни бұл өсімдіктерде генетикалық тұрақтылықты сақтауда көп қиыншылықтар болмайды. Екінші жағынан отырғызатын материалды сақтау, тасымалдау проблемалары болады. Сонымен қатар ол дақылдарда көбею коэфициенті төмен, мысалы картоп, яғни сорт жаңарту мен сорталмастыру қиындайды.
Өздігінен тозаңданатын дақылдар. Бұл топтың сорттары бөлек гомозиготалық линия(линиялық сорт) немесе арнайы комбинациялардан құралған линия(мультимедиялық сорт) болуы мүмкін. Мультимедиялық сорттың құрамына кіретін сорт немесе линияға, бір дәннің әлде гомозиготтық өсімдік жеткілікті, бірақта тұқым шаруашылығын ұйымдастырудың айырмашылығы бар. Қатал өздігінен тозаңданатындарда(арпа, арахис) басқа сорттар әлде түрлер мен тозаңдану мүмкін емес, сондықтан оларда тұқым шаруашылығын ұйымдастыруды бірнеше ұрпақ бастауыш өсімдіктерден бастау керек.
Айқас тозаңданатын дақылдар. Бұл топтың дақылдарының сорты генетикалық жағынан күрделі гетерогендік популяциялар, әртүрлі гетерозиготтылығы бар гетерозиготты дарақтардан құрастырылған. Негізінде бұл популяция болашақ ұрпақтарда өздеріне ұқсастық қалдырады, бірақта сұрыптаумен өзгерістер енгізуге болады. Сондықтан аналықтың көрсеткіштерін сақтап қалу үшін, тұқым шаруашылығын ұйымдастырғанда, алғашқы ұрпақ беретін өсімдіктердің саны көп болу керек.
Бұл дақылдардың сорттарының, будандарының немесе басқа дақылдармен ара қашықтық сақтау керек. Бұл ережені қатал сақтау керек.
Сортық тұқымдардың нашарлау себептері және сортты таза сақтау
Сорттың тұқымдық материалының нашарлауы механикалық және биологиялық ластанудан және өсімдіктердің аурулармен зақымдануынан болуы мүмкін.
Механикалық ластану. Тұқым шаруашылығының бірінші ережесі-тұқымдарды көбейткенде механикалық ластануды болдырмау (сепкіште, ыдыста, жинағанда, қоймада т.б.), яғни негізгі сорттың тұқымдарына басқа түрдің әлде сорттың дәндері қосылмау керек.
Механикалық ластанудың қандай түрі болмасын-тұқымды өсіргенде, сақтағанда, сорттағанда, тасымалдағанда ж.т.б. жіберілетін ұқыпсыздықтан оларды болдырмауғада болады, егер іс-шараларды орынды жүргізсек.
Тұқымдық егістіктерде механикалық ластану орынсыз, өйткені қоспаларды бөлу мүмкін емес немесе көп еңбек керек. Көбейтілетін сортқа морфологиясы мен биологиялық ерекшеліктерімен жақын өсімдіктер қоспасы ерекше қауіпті. Кейбір жағдайларда негізгі сорттың биотипін жоғалтып алуға болады, егер қоспаны көшеттікте бөлу қиын болса.
Тұқым шаруашылығына өте қауіпті(негізінде тазалаудың қиындығы және көбею коэффициентінің жоғарылығы) түрлік және туыстық қоспа: қарабидай бидайда, қарасұлы мен арпа сұлыда, қатты бидай жұмсақ бидайда ж.с.с.
Биологиялық ластану. Әртүрлі сорт немесе дақылдар табиғи айқас тозаңданудан әлде мутациялар болудан пайда болады.
Айқас тозаңданатын дақылдардың табиғи тозаңдануы. Әртүрлі сорттардың немесе дақылдардың бір-бірімен тозаңдану тұқым шаруашылығына көп қауіпті. Мысалы, қант қызылшасының мал азықтық немесе асханалықпен, қонақ жүгерінің судан шөбімен ж.т.б. сорттың жойылуына соғады.
Айқас тозаңданатын дақылдардың тұқым шаруашылығын ұйымдастырғанда сорттар мен дақылдарды орналастыруды қатал сақтау керек. Алшақ орналастыру көрсеткіштері анықталған, сондықтан оларды апробация жүргізгенде тексереді.
Бөліну. Сортты көбейткенде өздігінен тозаңданатын дақылдардың гетерозистік дарақтарында бөлінудің әсерімен жаңа сорттық қоспалар пайда болады.
Сонымен қатар әртүрлі генетиптері бар өсімдіктердің ойламаған жерде бір-бірімен тозаңданулары мүмкін, өйткені өздігінен тозаңдану абсолюттік іс емес. Яғни басқа морфологиялық ерекшеліктері бар өсімдіктер пайда болуы мүмкін
Мутанттардың болуы. Бұл өсімдіктер әлемінде әрқашан болатын биологиялық процесс. Табиғи мутациялар қандай да болмасын белгіге әсер етуі мүмкін, сондықтан олар сортты нашарлатады.
Байқалған мутанттардың саны көбейеді егер ескі тұқыммен ексе, егістікті гербицидтермен өңдесе, тұқымдарды ыстықпен залалдандырса, қолайсыз жағдайларда сақтаса ж.т.б. Бұл жағдайларда мұқият көңіл бөлу керек.
Өсімдіктермен тұқымдардың аурулармен зақымдануы. Мәдени өсімдіктерді зақымдайтын, саңырауқұлақтық, бактериялық, вирустік, аурулар жылдам генерациялар ауысуымен және көбею коэффициентінің өте жоғарылығымен көзге түскен. Көпшілік жағдайда олар тұқыммен жұғады, сондықтан өте қауіпті. Яғни тұқым шаруашылығын дамытқанда олардан арылудың барлық шараларын қолданған дұрыс.
Экологиялық депрессияның әсері. Сорттар экологиялық икемділігімен әртүрлі болуы мүмкін. Жоғары икемді сорттар әр аймақта жоғары өніммен қатар жоғары сапалы тұқым қалыптастырады, ал икемділігі шамалы сорттар жоғары өнімді арнайы аймақтарда бере алады.
Егер сорттың генетикалық құрылымы қоршаған ортаға сәйкес болмаса, ағзаның физиологиялық функцияларының бұзылуы әсерімен өсімдіктердің өмір шеңдігі нашарлайды, өнімділігі төмендейді, онымен қатар тұқымдар сапасы. Сондықтан тұқым шаруашылығын арнайы аймақтарды дамыту керек. Сортты көбейту процесінде тұқымның сорттық сапалары төмендейтіндіктен, оларды мезгіл сайын ауыстырып отыру керек.