Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кіріспе.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
432.64 Кб
Скачать

11. Жалпы ережелер

Жоғары өнім алуға себепкер болатын іс-шаралардың ішінде тұқым шаруашылығының қосатын үлесі мол.

Тұқым шаруашылығы-тұқымдарды өндіру, дайындау деп іс-шаралар кешенін қамтитын қызмет, сондай-ақ мемлекеттік бақылау, оның ішінде сорттық және тұқымдық бақылау.

Тұқым шаруашылығы процесінде екі біртұтас мәселе шешіледі-жоғары сапалы сорттық тұқымдарды көбейту және сорттық, өнімділік сапаларын сақтау.

Тұқым шаруашылығында екі негізгі процесс жүргізіледі: сорт жаңарту және сорт ауыстыру.

Сорт жаңарту-өндірісте пайдалану кезінде сорттық және биологиялық сапасы нашарлаған тұқымдарды сол сорттың жақсы тұқымдарымен ауыстыру.

Сорт ауыстыру-тұқым өсірушілердің өндірісте егіліп жүрген ескі сорттарды неғұрлым шығынды немесе ауыстырылатын сорттан шаруашылық-бағалық белгілері мен қасиеттері жағынан артық жаңа, пайдалануға рұқсат етілген сорттармен ауыстыруы.

Екі жағдайда да қамтамасыз ету керек:

1) сорттық тұқымдарды керек мөлшерге дейін көбейту;

2) өндірілетін тұқымдардың жоғары сорттық сапаларын сақтау, яғни сорттың немесе буданның генетикалық сапаларын сақтау;

3) сорттық тұқымдарды залалсыз және өміршең қалпында сақтау.

Ал айқас тозаңданатын дақылдардың тұқым шаруашылығында қосымша мәселе сорттарды көбейткен уақытта оларды жақсарту, өйткені олар генетикалық жағынан гетерогендік популяциялар.

Тұқым шаруашылығын жүргізу сортты қайтадан көбейту процесінде негізделеді, яғни элита мен қайтадан көбейтілуде және тұқымдардың сорттық тазалығының өзгеруінде.

Элиталық тұқымдар, әлде элита, селекциялық немесе тұқым шаруашылық мекемелері шығаратын бастауыш тұқымдар. Элита (фр. еlite-ең жақсы, таңдалған)–сорттың белгілері мен қасиеттерін ұрпақтарға бері білетін ең жақсы, сұрыпталған өсімдіктер.

Суперэлита (лат. Super-үстем+элита)-элита алатын тұқымдар. Суперэлиталық тұқымдар өте жоғары сорттық және егістік сапаларымен сипатталады. Оны элита өндіргенде көбейту көшеттігінен алады.

Элитаны көбейтіп алған тұқымдарды көбейтілген деп атайды.

Тұқымдар категориялары. 2003жылы қабылданған, Қазақстан Республикасының "Тұқым шаруашылығы туралы" Заңына сәйкес, ауылшаруашылық өсімдіктерінің тұқымдары көбейту кезеңіне сәйкес, келесі категорияларға бөлінеді:

  • бірегей

  • элиталық

  • көбейтілген

Бірегей тұқымдар-ауыл шаруашылық өсімдігі сортының авторы, ол уәкілдік берген адам немесе сорттың оригинаторы өсіріп шығарған және элиталық тұқымдарды өндіруге арналған тұқым.

Элиталық тұқымдар-ауыл шаруашылық өсімдіктерінің бірегей немесе суперэлиталық тұқымнан алынған және мемлекеттік стандарттар мен тұқым шаруашылығы саласындағы өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сай келетін тұқымдары.

Бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдар-тұқымдар элитасының жылдар бойынша кейіннен өсіріп-өндірілуі: бірінші жыл-бірінші көбейтілген тұқым; екінші жыл-екінші көбейтілген тұқым, үшінші жыл-үшінші көбейтілген тұқым.

Тұқымдар класстары. Тұқымдардың егістік сапаларына сәйкес: тазалық(негізгі дақылдың тұқымдарының болуы), басқа өсімдіктер дәндерінің қоспасы, ылғалдылығы, өнгіштігі т.б. тұқымдарды үш классқа бөледі - 1-ші, 2-ші, 3-ші. Тұқымдардың негізгі сапалық көрсеткіштері мемлекеттік стандарттармен анықталады.