Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стилистика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
303.15 Кб
Скачать

Ерте жастан ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуге көрнекілік әдісі негізінде оқыту әдістемесі

 

Мақалада көрнекі құралдарды шетел тілінде ауызекі сөйлеуге оқытуда міндетті түрде есепке алуға жататын жетекші жалпы дидактикалық және әдістемелік қағида ретінде және психология мен таным теориясында қабылданатын нысандардың психикалық бейнелерінің қасиеті ретінде қарастырылады; бейнелік көрнекілікті бастауыш мектеп оқушыларын ауызекі сөйлеуге оқыту тиімділігін арттыру құралы ретінде негіздеу беріледі. Көрнекілік оқытудың жетекші дидактикалық қағидаларының бірі болып табылады және оқушыларда білім, дағдылар мен икемділіктер қалыптастыру мақсатында, зерттелінетін нысанның немесе іс-әрекеттің бейнесі түрінде көрнекі ұғымдарды жасауды көздейді [1]. Көрнекілік қағидасы алғаш рет ұлы дидакт және ойшыл Я.А.Коменскиймен айтылды (1592-1670). Оқытуда көрнекілікті қолданудың негізін салушы Я.А.Коменский, ХVII ғасырдың өзінде айқындаушы дидактикалық қағидалар ретінде ізігілік, табиғатпен тектестік және сенсуализм қағидаларын атады. Балаларды оқытуда ол сезімдік әсерленуді таным көзі деп есептей отырып,  «...мүмкін болатындардың барлығын сезімдермен қабылдауға ұсынуға» шақырды. Көрнекілік қағидасы  ХVIII ғасырдағы белгілі швейцарлық ғалым, бастауыш оқыту теориясының негізін салушы И.Г.Песталоццидің (1746-1827) еңбектерінде айтарлықтай байытылды. Оқытудағы көрнекліктің қажеттілігін жақтай отырып, И.Т.Песталоцци оқушыларда ұғымдарды қалыптастыру үшін олардың қоршаған дүние туралы сезімдік әсерлерін, соңыра жақын және біртектілерді біріктіру мақсатында, бастапқыда нәрселерді ажырату арқылы реттеу қажеттігін меңзеді. ХIХ ғасырдағы атақты орыс педагогы К.Д.Ушинскийдің (1824-1870) педагогикалық жүйесінде көрнекілікті оқытуда қолдану ана тілін оқытумен органикалық түрде байланысты. Көрнекі оқыту туралы идеяны дамыта отырып, К.Д.Ушинский мұғалімнің жетекшілігімен «... баланың түйсігі ұғымға айналсын, ұғымнан ой құралсын, ал ой сөзге айналатындай» пән тікелей қабылдануы тиіс деп санады. Басқаша айтқанда, көрнекіліктің басты мақсаты, Ресейдегі ғылыми педагогиканың негізін салушылардың пікірінше, «байқампаздықты, қисындылықты нығайту және өз байқауларын сөздермен дұрыс айта білу және олардан қисында тұжырымдар жасауда» тұр. Бұдан басқа, К.А.Ушинский көрнекілікті сөз дарынын дамыту үдерісінде балалардың өз бетіншелігінарттырудың ең жақсы құралы ретінде қарастырды. Осылайша, өткен заманның ұлы оқымыстылары оқушылардың (ең алдымен бастауыш мектеп оқушыларының) көрнекілік-сезімдік оқуы баланың психологиялық-физиологиялық әлеуетін барынша жүзеге асыруды ескере отырып, оны кешенді дамытуға мүмкіндік жасайтын тиімді құрал болып табылады деп меңзеді. Шетел тілінде сөйлеуге оқыту проблемасына арналған психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу көрнекілік-сезімдік оқыту біздің кезімізде де өзінің өзектілігін жоғалтпағандығын дәлелдейді. Шетел тіліне  оқытудың жалпы психологиясы мен педагогикасы саласындағы көптеген отандық зерттеушілердің күш салуымен шетел тілінде сөйлеуге оқытуда көрнекіліктің маңыздылығы айқындалды; көрнекі-сезімдік бейне құру тетігінің психологиялық табиғаты мен тетігі, осы бейненің ұғыммен байланысы, көрнекілік түрлері, оларды қолдану ерекшеліктері мен оқытудың (шетел тіліне) түрлі мақсаттары, сатылары мен тәсілдеріне тәуелділігіне қарай өзара байланыстары анықталды Шет тіліне оқыту әдістемесінде көрнекілікдеп тілдік және экстралингвистикалық  материалды түсіндіруді жеңілдету, игеру және сөйлеу қызметінде қолдану мақсатында арнайы ұйымдастырылған көрсетілім түсініледі [2; 168 стр]. Шетел тіліне оқыту кезінде материалды көрнекілікпен ұсынудың құндылығы мына мүмкіндіктермен тұжырымдалады:

-        оқушылардың психикалық белсенділігін жұмылдыру;

-        тіл сабақтарына қызығушылықты ояту;

-        еркін зейінді еркіндіктен кейінгіге ауыстыру;

-        еңсерілетін материалдың көлемін кеңейту;

-        шаршауды азайту;

-        оқушылардың шығармашылық қиялдарын жаттықтыру [3; 228].

Бұдан шығатыны, шетел тілінде сөйлеуге оқытуда түрлі көрнекілік құралдарды қолдануда шетел тілінің мұғалімі, ең алдымен, баланың сезімін ойлау қызметіне тартуы және оның сезімдік әсерлері ұғымдарға айналуына ықпал етуі тиіс.

Бастауыш мектеп оқушыларын ауызекі сөйлеуге оқытуда ең тиімді көрнекі құралдарды анықтау мақсатында шет тіліне оқыту дидактикасы мен әдістемесінде қабылданған көрнекі құралдар жіктемесін қарастырамыз, бастауыш мектеп оқушыларын ауызкекі сөйлеуге оқытуда көрнекі құралдарды қолдану мақсатының мұғалімнің алдында тұрған міндеттерге тәуелділігін анықтаймыз.

Дидактикада көрнекілік қағидасы түрлі көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқытуда жүзеге асады, оларды шартты түрде екі топқа бөледі:

1.Табиғилар (нысандар, заттар, құбылыстар, үдерістер), олармен оқушылар олар табиғатта және қоршаған ортада қандай түрде болса сол түрінде танысады.

2.Бейнелеу (өнер және техника құралдарымен бейнелеуші заттар мен құбылыстар).

Бейнелеу көрнекі құралдарын бейнелеу тәсілдері бойынша ажыратады және өз кезегінде оларды да екі топқа бөледі, оларға жататындар:

1) бейнелік көрнекі құралдар, заттар мен құбылыстарды шынайы, бейнелі түрде көрсететіндер (модельдер, макеттер, муляждар, фотосуреттер, картиналар, суреттер, иллюстрацяилық кестелер, магнитофон жазбалары, диапозитивтер, бейнефильмдер т.б.).

2) шартты (схемалық) көрнекі құралдар, шартты графикалық таңбаларды, шартты түстерді және символикаларды (карталар, схемалар, диаграммалар т.б.) пайдалану арқылы нәрседегі немесе құбылыстағы тек ең негізгіні белгілі қисынды өңдеумен беретіндер. Шет тіліне  оқытуда әдіскерлер тілдік (сөздік-сөйлеу) жәнетілдік емес (заттық-бейнелеу) көрнекіліктерді бөліп алады. Тілдік көрнекілік деп тілдің өзінің құбылыстарын көрсетуге қатысты қызметті меңзейді, оны қабылдау мен қайта жаңғырту көрнекі-сезімдік сипатта болады. Тілдік емес көрнекілік түрлі оқу картиналарын, кино-бейнефильмдерді, кестелерді және т.с.с. пайдалануды меңзейді. Ауызекі  сөйлеуге оқытуда тілдік көрнекілікке бірінші кезекті роль беріледі. И.А.Зимняя көрнекі құралдарды қолдану мақсаттарының оқушыларға тілдік білімді хабарлауда және оларда түрлі сөйлеу дағдылары мен сөйлеу икемділіктерінің өзін қалыптастыруда шет тілі мұғалімінің алдында тұрған міндеттерге тәуелді екендігін анықтайды. Білімді хабарлауда көрнекіліктің екі түрі де мына мақсаттарда қолданылады:

1) семантизация (тілдік бірліктер мен тілдік ережелердің ұғымдық, семантикалық-мағыналық жақтарын ашу);

2) ақиқаттың вербалды және көрнекі-сезімдік бейнесі арасында берік байланыс орнату арқылы есте сақтауды ұйымдастыру [4; 154].