Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
срсп.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
784.38 Кб
Скачать

Тақырып бойынша бақылау жұмысы: Материалды қорлар. Қорды басқару жүйесі. Кезекті уақыт аралығындаға тапсырыстар мен тапсырыс көлемінің топтастырылған жүйесі.

Карта №1.

  1. Материалдық қор түсінігіне анықтама беріңіз.

  2. Қорды басқару жүйесіндегі түрлерін көрсет.

Карта №2

  1. Материалдық қордың пайда болуының себептерін атаңыз.

  2. Топтастырылған және кезектестірілген тапсырыстардың жүйесін сипаттаңыз.

Карта №3

  1. Қорды басқару стратегиясын көрсетіңіз.

  2. Материалдық қор түсінігіне анықтама беріңіз.

Карта №4

  1. Қорды басқару жүйесіндегі шығын түрлерін көрсетіңіз.

  2. Материалдық қордың пайда болу себептерін анықтаңыз.

Карта №5

  1. Топтастырылған және кезектестірілген тапсырыстардың жүйесін сипаттаңыз.

  2. Қорды басқару стратегиясын көрсетіңіз.

Карта №6

  1. Материалдық қор түсінігіне анықтама беріңіз.

  2. Қорды басқару жүйесіндегі шығындарды түрлерін көрсетіңіз.

Карта №7

  1. Материалдық қордың пайда болу себептерін анықтаңыз.

  2. Топтастырылған және кезектестірілген тапсырыстардың жүйесін сипаттаңыз.

Карта №8

  1. Қорды басқару стратегиясын көрсетіңіз.

  2. Материалдық қор түсінігіне анықтама беріңіз.

Карта №9

  1. Қорды басқару жүйесіндегі шығын түрлерін көрсетңіз.

  2. Материалдық қордың пайда болуының себептерін атаңыз.

Карта №10

  1. Топтастырылған және кезектестірілген тапсырыстардың жүйесін сипаттаңыз.

  2. Қорды басқару стратегиясын көрсетіңіз.

Фармацевтикалық факультет

«Фармацевт-менеджер» модулі

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік

жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар (ОЖСӨЖ)

КУРС: 4

ПӘН: «ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЛОГИСТИКАНЫҢ НЕГІЗДЕРІ»

ТАҚЫРЫП: ЛОГИСТИКАДАҒЫ ҚОЙМАЛАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОЙМАЛАУ ПРОЦЕССТЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ «DAMU» ИНДУСТРИАЛДЫ- ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫН МЫСАЛҒА АЛА ОТЫРЫП ҚОРЛАУ ЛОГИСТИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ.

Құрастырушылар:

доц. Шопабаева А.Р.

Адибаева Г.К.

Елшибекова К.М.

Алматы, 2015ж.

ТАҚЫРЫП: ЛОГИСТИКАДАҒЫ ҚОЙМАЛАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОЙМАЛАУ ПРОЦЕССТЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ «DAMU» ИНДУСТРИАЛДЫ- ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫН МЫСАЛҒА АЛА ОТЫРЫП ҚОРЛАУ ЛОГИСТИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ.

Мақсаты: Қоймалау логистикасы мен оның мәнінің негізгі анықтамалары бойынша студенттердің білімін қалыптастырады.

Оқыту тапсырмалары:

Пәнге түсініктеме беріп, қоймалау логистикасын сипаттау.

Фармацевтикалық мекемелердегі қоймалардың функциялары мен міндеттерімен таныстыру.

Қоймаларда жүретін негізгі операцияларды үйрету.

Қоймалардың түрі, функциясы, классификациясы туралы түсінік беру

Сабақты өткізу формасы: тапсырмаларды орындау, тақырып бойынша сұрақтарды оқытушымен бірге талқылау, ситуациялық есептерді шешу.

Тақырып бойынша тапсырмалар:

Тапсырма №1

1: Логистикадағы «қойма» терминіне анықтама беру.

2:Логистикалық жүйедегі қоймалық шаруашылықтың негізгі функциясын анықтау.

3: Қойма жұмыс жасау нәтижелелерін атап көрсету ..

4: Фармцевтикалық логистикадағы қойманың жіктелуіне сипаттама беру

5 Қойманың негізгі функцияларына сипаттама беру

6 Қоймалаудың негізгі артықшылықтарын атау.

7 «Қоймадағы технологиялық процесс» - ке анықтама беру

Тапсырма №1 топқа бөлініп, мына тақырыптар бойынша хабарлама дайындаңыз:

Топ №2: Қазақстандағы қоймалық логистиканың «DAMU» орталығы үлгісінде өнеркәсіптік-логикалық дамуы.

Тарату материалдары:

Логистикадағы қойманың ролі. Қойма түсінігі.

Қойманың негізгі түсінігі - қор концентрациясы, оларды сақтау және тұтынушылардың тапсырыстарын тоқтаусыз және ырғақты жабдықтауды қамтамасыз ету.

Қойма немесе қоймалардың жиынтығы қызмет етуші инфражүйемен қоймалық шаруашылық құрастырады. Өндірістік кәсіпорында қоймалық шаруашылықтың негізгі қызметі қоймалық операцияларды қамтамасыз етуде тиісті материалдық ресурстарды түзу.

Логистикалық жүйеде қойманың ролі мен орны. Қоймалар логистикалық тізбектің негізгі жүйелерін құрайды. Логистикалық жүйе қоймаларға ұйымдық және техника экономикалық талаптар қалыптастырады, қойма жүйесінің мақсаттары мен үйлесімді жұмыс жасау белгілерін орналастырады, жүктердің өңдеу шарттарын анықтайды. Материалдардың қоймалау ұйымы өз кезегінде (қоймалардың орналастыру орнын таңдау, материалдарды сақтау тәсілі және т.б) логистикалық тізбектің әр түрлі орындарында қорлар қозғалысына, мөлшеріне ықпал етеді.

Логистикада қоймалардың теріс және оң ролі бар. Қоймалаудың теріс жағы тауар құнының артуы болып табылады. Бұл қойма операцияларының шығындары, қойма арендасы, ағымдағы шығындар. Сонымен қатар, қоймалық қорлардың жасауы маңызды қаражаттық қорлардың иммобилизациясына әкеледі.

Қоймалаудың оң жағы жүктердің жинақталуына, қорлар концентрациясы мен орналасуына қажетті техникалық және ұйымдық шарттар қалыптастырады.

Қойманың түрлері мен функциялары. Қоймалардың жіктелуі. Қорларды қамтамасыз ету материалдық ағынның қозғалысында бастапқы шикізатты өндіруден бастап соңғы тұтынушыға дейінгі барлық сатыларында жүзеге асырылады. Бұнымен қойма түрлерінің саны көп екендігі түсіндіріледі.

Логистикалық тізбектегі орны мен тауар қозғалысы процесіндегі роліне қарамастан төмендегідей бірнеше топтарға бөлінеді:

  • өнім кәсіпорын-өндірушілердің қоймалары;

  • өнім тұтынушы қоймалары (өндіріс сферасында);

  • өтім фирмалардың қоймалары;

  • делдалдық ұйымдардың қоймалары.

Өнім кәсіпорын өндірушілердің қоймаларышикізат, материалдарды сақтауда, өндіретін тұтынушылардың жабдықтауын қамтамасыз етуінде мамандандырады.

Өндірістегі қоймалар технологиялық процесстердің үздіксіздігін қамтамасыз етуге арналған. Бұл қоймаларда аяқталмаған өндіріс қорлары, құралдар, аспаптар, қосалқы бөлшектер сақталынады. Өндіріс қоймалары қызмет ету сферасының тәуелділігіне байланысты жалпы заводтық(орталық), цехтық(орталық қоймалардың бөлімдері) және цех басшылығына бағынатындар болып бөлінеді.

Өтім фирмалардың қоймалары өндіріс сферасынан тұтыну сферасына дейінгітауар қозғалысының үздіксіздігін қолдауда қызмет етеді. Олардың негізгі маңызы өндірістік ассортименттің әр түрлілігінде, бөлшек саудамен қоса алғанда тұтынушылардың тоқтаусыз қамтамасыз етуіне негізделген.

Делдалдық ұйымдардың қоймалары(ең алдымен транспорттық) материалдық құндылықтармен байланыстыуақытша қоймалауға арналған. Бұған: теміржол қоймаларының станциялары, автотранспорттың жүк терминалдары, теңіздік және өзендік порттар, ауа транспорт терминалдары жатады.Жүкөңдеу операцияларының орындалу маңыздылығы бойынша олар транспорттық-қайта тиейтіндерге жатады.

Қоймалар функционалды тағайындауы бойынша бес түрге бөлінеді:

  • қайта тиеу қоймалары араласқан, кешенді және басқа да тасымалдау түрлерін орындайды;

  • сақтау қоймалары қажетті материалдар концентрациясын және өндірістегі тиісті талапқа сай келуін қамтамасыз етеді.

  • комиссионды қойма клиенттердің талабы бойынша тапсырыстардың орындалуын қамтамасыз етеді;

  • сақтау қоймалары қоймалау өнімдерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етеді;

  • арнайы қоймалар (мысалы, кедендік қоймалар, уақытша сақтаудағы қоймалар,, таралар, және т.б).

Қорлау жүйесі қоймада жүктің оптималдық орналасуын және тиімді басқаруын болжайды. Қорлау жүйесінің жасалуында барлық өзара байланыстар мен сыртқы (қоймаға кіруші және одан шығушы) және ішкі (қоймалық) объект ағындарының өзара тәуелділігін және оған байланысты ықпалдарын (қойма параметрі, техникалық жабдықтар, жүк артықшылықтары және т.б.) ескере отыру қажет. Мөлшерлік және сапалық баға тәсілі бойынша қойылған

Әртүрлі логистикалық процесстарда қойма уақытша материалдық қор сақтаудың ұқсас қызметтерін атқарады, материалдық ағындарды қайта жаңартады, логистикалық сервисті қамтамасыз етеді, сондықтан әртүрлі қорларда орындалатын жұмыстар жинағы шамамен бірдей.

Қазақстанда ғылыми тәсілдер мен тәжірибелік әдістердің талап етілуі еліміздің рыноктық қатынастарға өтуінің бастапқы кезеңінде пайда болды. Экономикалық талдаудың егжей- тегжейіне жетпей-ақ, Қазақстандағы логистикалық тұжырымдаманың даму жолындағы принципті қиындықтарды жалпы түрде тұжырымдайық.

Біріншіден, ұзақ уақыт бойы отандық экономикада, Батыстық логистикада басты ұстаным болған, айналым саласының (өніммен жабдықтау және өткізу) ролі жете бағаланылмай келді. Тарихи біздің елімізде айналым саласының дамуы өндірістік саланың дамуынан алде қайда артта қалған еді, әсіресе тауарлар мен қызмет көрсету өтілімінің ұйымдастырылуы. Ол тауарлардың өндірушіден тұтынушыға баяу жылжуымен, қанағаттандырылмаған сураныстың жоғары дәрежесімен, жеткіліксіз сенімділікпен және тұтынушыларға қызмет көрсету дәрежесінің жетіксіздігімен сипатталды. Айналым саласы қашанда қалдықтық принцип бойынша қаржыландырылды; жетекші, басқарушы қызметкерлердің экономикадағы айналым саласының ролін жете бағаламауда берік психологиялық тосқауылы болды.

Екіншіден, бүгінгі таңда Қазақстан экономикасының ішкі құрылымының (әуелі тауар айналымы саласында) дамуы бойынша тіпті орташа дүние жүзілік дәрежеден айтарлықтай артта қалып отыр. Бұл жерде келесідей негізгі жағымсыз сәттерді атап көрсетуге болады:

  • Тауар жеткізуші құрылымдардың тиімсіз дамуы (ойланып ақылға салынған өндірістегі және саудадағы тауар дистрибьюция жүйесінің даму стратегиясының жоқтығы, ірі және орта котерме деңгейіндегі тауар рынгінің ұйымдастырылуының тапшылығы);

  • Қазіргі заманғы электрондық байланыс жүйесінің, электрондық желі, байланыс және телекоммуникация жүйесінің даму деңгейінің әлсіздігі;

  • Көліктік ішкі құрылымның мешеулігі, ең әуелі автокөліктік жол облысында; жүк автокөліктерінің, мултимодальдік және кедендік терминалдардың жеткіліксіз мөлшері және технико- технологиялық төмен деңгейі;

  • Дүние жүзілік стандарттарға жауап беретін, қазіргі заманғы көлік құралдарының жоқтығы; көліктің жылжымалы құрамының физикалық және рухани тозуының жоғары дәрежесі;

  • Қойма шаруашылығының өндірістік-техникалық негізінің дамуының төменгі деңгейі; тауарды қазіргі заманғы технологиялық жүкөңдеу жабдықтарының жоқтығы;

  • Қойма жұмыстарын механикаландыру және автоматтандыру деңгейінің әлсіздігі;

  • Қазіргі заманғы қораптар және орауыштар т.с.с. өндіру өнеркәсібінің даму әлсіздігі.

Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Савенкова Т.И. Логистика. – Москва: Омега-Л, 2010.

  2. Тулембаева А.Н. Логистика. – Алматы: Триумф «Т», 2008.

  3. Аникина Б.А. Практикум по логистике. – Москва: Инфра-М, 2007.

  4. Сербин В.Д. Основы логистики. – Таганрог: ТРТУ, 2004.

Қосымша:

  1. Альбеков А.У., Федько В.П., Митько О.А., Логистика коммерции. Ростов- на-Дону: Феникс, 2001.

  2. Ардатова М.М. Логистика в вопросах и ответах: Учеб. Пособие. - М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2004.

  3. Бауэрсокс Д. Дж., Клосс Д. Дж. Логистика: интегрированная цепь поставок/Пер. с англ. - М.: Олимп-Бизнес, 2001.

  4. Бахарев В.О. Производственно-заготовительная и сбытовая логистика фир­мы. - СПб.: Изд-во СПбГУЭФ, 1997.

  5. Берков М.В. Информационные технологии в логистике. - М.: Финансы и статистика, 1999.

  6. Внешнеторговые операции и логистика: Учебное пособие/Под ред. Николаева Д.С. и др. - М.: АНКИЛ, 1998.

  7. Голиков Е.А. Маркетинг и логистика: Учебное пособие. - М.: Изд. дом «Дашков и К», 1999.

  8. Гордон М.П., Карнаухов С.Б. Логистика товародвижения. - 2-е изд., перераб., доп. - М.: Центр экономики и маркетинга, 2001.

  9. ДжонсонДж.С. и др. Современная логистика. - 7-е изд. - М.: ИД «Вильямс», 2002.

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

Карта №1.

  1. Қойма түсінігіне анықтама бер.

  2. Логистикада қойманың функциясы мен түрлері?

Карта №2

  1. Өндірісте қойма жұмысының ұйымдастыруын сипаттап бер.

  2. Қоймалау формасын таңдау.

Карта №3

  1. Қойма ауданының есебі.

  2. Қойма жұмысының көрсеткіштірі.Прямоугольник 3

Карта №4

  1. Қойма түсінігіне анықтама бер.

  2. Қойма жұмысының көрсеткіштірі.

Карта №5

  1. Өндірісте қойма жұмысының ұйымдастыруын сипаттап бер.

  2. Қоймалау формасын таңдау.

Карта №6

  1. Логистикада қойманың функциясы мен түрлері?

  2. Қойма ауданының есебі.

Карта №7

    1. Қоймалау формасын таңдау.

    2. Қойма жұмысының көрсеткіштірі.

Карта №8

  1. Қойма түсінігіне анықтама бер.

  2. Выбор формы складирования.

Карта №9

  1. Қойма түсінігіне анықтама бер.

  2. Қоймалау формасын таңдау.

Карта №10

  1. Логистикада қойманың функциясы мен түрлері?

  2. Қойма ауданының есебі.

Фармацевтикалық факультет

«Фармацевт-менеджер» модулі

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік

жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар (ОЖСӨЖ)

КУРС: 4

ПӘН: «ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЛОГИСТИКАНЫҢ НЕГІЗДЕРІ»

ТАҚЫРЫП: ҚОЙМАДАҒЫ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ПРОЦЕССТЕР. ТҮРЛЕРІ, ФУНКЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ҚОЙМАЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ. ҚОЙМАЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ.

Құрастырушылар:

доц. Шопабаева А.Р.

Адибаева Г.К.

Елшибекова К.М.

Алматы, 2015ж.

ТАҚЫРЫП: ҚОЙМАДАҒЫ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ПРОЦЕССТЕР. ТҮРЛЕРІ, ФУНКЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ҚОЙМАЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ. ҚОЙМАЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ.

Мақсаты: Қоймалау логистикасының қызметтік аймағының негізі жайлы студент білімін қалыптастыру. Студенттерді қоймалардың жұмыс істеуі мен ұйымдастыруының маңыздылығымен таныстыру.

Оқыту міндеттері:

  • Қоймалау логистикасына сипаттама және пәні бойынша түсінік беру.

  • Фармацевтикалық мекемелердегі қоймалардың міндеті және қызметімен таныстыру.

  • Қоймада орындалатын негізгі қызметтерді үйрету.

  • Қоймалардың жіктелуі, қызметі және түрі, сонымен қатар қоймадағы әртүрлі логистикалық үрдістер туралы ой қалыптастыру.

  • Қойма ұйымының сипаттамасы мен маңыздылығы туралы түсініктеме беру.

  • Қоймалық технологиялық үрдістің қызметі мен міндеттерін оқыту.

  • Қоймалық логистикада шешім қабылдаудағы негізгі міндеттермен таныстыру.

ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ: тапсырмаларды орындау, оқытушымен сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтарды талқылау, ситуациялық есептерді шешу.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

Жұмыс даптерлеріңізде жазбаша түрде келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. Логистикадағы «қойма» терминіне анықтама беріңіз.

  2. Логистикалық жүйедегі қоймалық шаруашылығының негізгі қызметі мен міндеттерін қарастыру.

  3. Қойма қызметінің кемшілік критериін атаңыз.

  4. Фармацевтикалық логистикада қойманың жіктелуін сипттау..

  5. Қойманың негізгі қызметтерін сипаттау.

  6. Көтерме саудадағы қойма қызметінің ерекшеліктерін сипаттау..

  7. Қоймалаудың негізгі артылықшылықтарын атаңыз.

  8. «Қоймалық технологиялық үрдіс» түсінігіне анықтама беру.

Тақырып бойынша тапсырмалар: Жазу дәптерге келесі сұрақтарға жауап беріндер:

1.«Қоймалық технологиялық үрдіс» терминіне түсінік беру

2. Логистикада қоймаға қою үрдісіне не жатады?

3.Қоймалардың негізгі қызметтерін атап шық. 4. Орналастыру барысында қоймалардың оптимальды санын қалай анықтауға болады? 5.Қоймаға анықтама бер, қойма классификациясын ата. 6.Орналастыру жүйесінде қоймалардың оптималды санын графикалық әдіспен анықтағанда қандай жағдайлар зерттеледі?

ТАРАТЫЛУ МАТЕРИАЛДАРЫ:

1.Қоймалардың логистикадағы рөлі. Қойма түсінігі. Қойма түсінігіне арнайы технологиялық құрылғылармен жабдықталған, барлық келген тауарларды қабылдау, сақтау, орналастыру және тарату қызметтерін атқаратын ғимараттар, құрылыстар және әртүрлі құрылғыларды жатқызамыз.

Қойманың негізгі міндеті – қор концетрациясы, оларды сақтау және тұтынушылардың тапсырысын тоқтаусыз және ырғақты түрде орындау.

Қойма немесе қоймалардың тобы және қызмет етуші инфраструктурамен бірге қоймалық шаруашылықты құрады. Қоймалық шаруашылықтағы негізгі мәселелерге өндірісті тиісті материалдық ресурстармен жабдықтау, олардың тұтастығын және қоймалық операцияларды жүзеге асыруда шығынның көлемінің азаюын қамтамасыз ету.

Логистикалық жүйеде қойманың рөлі мен орны. Қойма логистикалық тізбектің негізгі бөлігін құрайды. Логистикалық жүйе қойманың ұйымдастыру және технико-экономикалық талаптарын құрайды, қоймалық жүйенің мақсаты мен оптимальді қызметін бекітеді, жүктердің қайта өңдеу шарттарын анықтайды. Өз кезегінде қоймалау материалдарын ұйымдастыру (қоймалардың орналасу орнын таңдау, материалдарды сақтау әдісі және т.б.) логистикалық тізбектің әртүрлі бөліктерінде қорлардың көлемі мен қозғалысына айтарлықтай әсерін тигізеді.

Логитикада қойма жағымды және жағымсыз рөль ойнайды. Қоймалаудың жағымсыз жағына қоймада тауардың көп уақыт турып қалуына байланысты тауар бағасының көтерілуі жатады. Бұл – ағымдағы қойма құрамына, қойманы жалға алуына, қойма қызметіне кететін шығын. Сонымен бірге қойма қорын құру басқа мақсатта қолдануға болатын, маңызды ақшалай ресуртардың иммобилизациясына (қату,тоқтау) әкеледі. Сондықтан өнімді қоймалау тек усталуды төмендететін немесе логистикалық қызметтін сапасын жоғарлататын болса ғана рұқсат.

Қоймалаудың жағымды жағы өндірісті түзетуді қамтамасыз етеді, жүктердің кешені, қорлардың конценрациясы мен бөлінуі үшін қажетті техникалық және ұйымдастыру шарттарын құрайды.

2.Қоймалардың түрі мен қызметтері. Қоймалардың жіктелуі. Қорлардың сақталуы арнайы құрылған орындарда болуының объективті қажеттілігі материалды ағынның қозғалысының кез келген сатысында, шикізаттың біріншілік көзінен соңғы тұтынуына дейін болады. Мұнымен қойма түрінің санының көп болуы түсіндіріледі.

Оларды логистикалық тізбектегі орны мен тауар қозғалысы үрдісініндегі маңызына байланысты келесі топтарға жіктейді:

  • Өндіруші-ұйым өнімінің қоймасы (қамсыздандыру сферасында);

  • Тұтынушылар өнімінің қоймасы (өндіріс сферасында);

  • Өндіруші фирмалардың қоймалары (тарату сферасында);

  • делдал ұйымдардың қоймалары.

Өндіруші-ұйым қоймалары шикізатты, материалды, өнірістік мақсаттағы өнімді сақтауға және өндіруші тұтынушыларды қамсыздандыруды (бірінші кезекте) жүзеге асырады.

Өндірістегі қойма технологиялық үрдіс ағымының тоқтаусыз қызмет атқаруына арналған. Бұл қоймаларда аяқталмаған өндіріс қоры, құрылғылар, құрал-саймандар және құрал-жабдықтар, т.б. сақталады. Өндіріс ұйымдарында өндіріс үрдісіндегі роліне және бағыныштылығына байланысты қоймалар қамсыздандыратын (материалдытеникалық қамсыздандыру бөліміне бағынады), өндірісті материалдармен жабдықтайтын , жинақтаушы өнімдер, сатып алатын жартылай фабрикаттар және т.б. деп жіктеледі; өндірістік (жоспар-өндірістік немесе жоспар-диспетчерлік бөлімге бағынады), өз өндірісінің жартылай фабрикаттарын және сақтауға аранлған; өзіндік өндірілген жартылай фабрикаттарды және технологияық қамсыздандыру заттарын сақтауға арналған; предназначенные для хранения полуфабрикатов собственного производства и технологической оснастки; сатуға жіберілетін материалдық құндылықтарды сақтауға арналған өтім бөлімі (өтім бөліміне бағынады). Қызмет көрсету сферасына байланысты ұйым қоймалары жалпы зауыттық (орталық), цех бастықтарына бағынатын цех алды (орталық қойма филиалдары) және цехтік болып жіктеледі.

Өтім қоймалары өндіріс саласынан тұтынушыға тауар қозғаласының ұзіліссіздігін қамтамасыз ету үшін арналған. Олардың негізгі қызметі тұтынушыларды үздіксіз қамтамасыз ету мен өндірістік ассортименттің құрылуына негізделген.

Делдал ұйым қоймалары (алдымен транспорттық) материалдық құндылық тасымалымен байланысты уақытша қоймалауға арналған. Бұған жатады: темір жол станциясының қоймалары, автотранспорт жүктік терминалы, өзен және көл порттары, әуе транспортының терминалы. По характеру выполняемых операций грузопереработки они относятся к транспортно-перевалочным. Қойманың бұл топтары қамсыздандыру немесе сол сияқты тарату логистикасында болуы мүмкін.

Барлық қоймалар қызметіне байланысты бес түрге жіктеледі:

  • аралас, комбинацияланған және басқа жүк тасымалдау түрлерін жүзеге асыруда қолданылатын жүкті ауыстырып тиеуге арналған қоймалар;

  • сақтау қоймалары,өндірістің дұрыс қызмет атқаруы үшін қажетті материалдардың концентрациясын және сақталуын қамтамасыз етеді;

  • түзуші қоймалар (комиссионирования), тұтынушының талаптарының спецификалығына байланысты тапсырыстарды түзуге бағытталған қойма;

  • сақтау қоймалары, қоймаланған заттардың тұтастығы мен қорғалуын қамтамасыз ететін қоймалар;

  • арнайы қоймалар (мысалы, кеден қоймасы, уақытша сақтау қоймасы, таралар, қайтарылған заттар және т.б.)

Қоймалар құрылу ерекшеліктеріне байланысты жабық, жартылай жабық (тек шатыры немесе шатыры, бір,екі немесе үш қабырғалары бар) және ашық алаңдар болып бөлінеді.

Қоймалар сақталатын материалдардың спецификасы мен номенклатурасына байланысты әмбебеп және мамандандырылған болып жіктеледі. Әмбебеп қоймаларда кең номенклатуралы материалдар сақталады. Мамандандырылған қоймалар бір текті материалдарды сақтауға арналған (мысалы, чугун қоймасы, лак бояйтын материалдар және т.б.).

Қоймалардың механизациялау дәрежесіне байланысты қоймалық қызмет жіктеледі: механикалық емес, механикалық, автоматтандырылған және автоматикалық.

Қоймалардың қызметі. Қойманың негізгі қызметіне келесілерді жатқызуға болады:

1. Тұтынушылардың сұранысына сәйкес қажетті ассортиментті құру. Сатып алу және өндірістік логистикада бұл қызмет әртүрлі өндіріс фазасының қажетті материалды-техникалық ресурстарын (саны және сапасы бойынша) қамтамасыз етуге бағытталған. Тарату логистикасында бұл қызметтің маңызы ерекше. Сату қоймасы тұтынушылық өндіріс ассортиментін клиенттің тапсырысына сәйкес жүзеге асуын құрайды. Қоймада қажетті ассортиментті құру тұтынушылардың тасырысын эффективті орындауға және клиентке қажетті көлемде тапсырысты орындауға мүмкіндік береді.

2. Қоймалау және сақтау. Осы функцияның орындалуы шығарылған өнімнің мезгіл арасындағы өзгешелігімен қоса өндірістік процесстің үзіліссіз жұмысы барысында артық мөлшердегі қорларымен тұтынушыны үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Реттегіш жүйе арқылы тауардың сақталуы заттардың маусымдық тұтынылуына байланысты жүргізілуі қажет.

3. Жүктің тасымалдануы мен артылған партияның тиелімі. Көптеген тұтынушылар " қоймадан вагонга қарағанда кем " немесе " трейлерге қарағанда азырақ " партиялары арқылы тапсырыс бергенде , бөгелістер айтарлықтай көбейеді. Мұндай тиелімдерді жеткізуге қатысты көлік шығынын азайту мақсатында қойма тарапынан тұтынушылардың осындай партиялық тапсырыстарын біріктіріп тиеп, толықтай көліктің толуын қамтамасыз ету арқылы жүргізіледі.

4. Қызмет көрсетілуі. Жоғары дәрежелі қызмет көрсету мақсатында қоймадағылар тұтынушыларға көптеген тауарларды сатуға даярлау, өнімді қаттау, өнімге сатылымдық түр беру, транспорттық экспедициялық қызмет көрсету сияқты т.б қызмет түрлерін ұсынады.

3. Қоймалау процессі. Қоймалық операциясының мінездемесі. Қоймалық операциясының кешені келесідей тізбектілікті ұсынады:

  • жүкті қабылдау және түсіріп алу;

  • сақтауға орналастыру;

  • топтау және тауардың тиелімі;

  • жүктің қоймаішілік тасымалы.

Жүкті түсіріп алу және қабылдау. Жасалған келісім шарттарда көрсетілген шарттарға сәйкес жүргізіледі. Бұл көрсетілген жұмысты атқару қоймада жүктің түріне (даналық, үгітілген), транспорттық (трейлер, контейнер ). Сонымен қоса қолданылатын механика түріне байланысты жүргізіледі. Жүктің параметрлері рәсімделген жолдамаға құжат деректерімен ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады.

Қабылданған жүк санына және сапасына қарай сақталу зоналарына жөнелтіледі. Сақтау процессі осыған сәйкес жасалуына және қорлардың қолма-қол тапсырылуын қатаң қадағалайды. Жүктің реттелуіне қарай және экономикалық орналасуына байланысты оларды қатаң (фиксирленген) және еркін ( жүктің кез келген бос орынға орналасуы). Қоймалау орнын таңдау ұстаныммен жүргізіледі. Топтау процессінде тапсырысқа сәйкес тауар даярлау, тауарды жөнелтуге даярлау, көлікке жүкті тиеу сияқты жұмыстар жүргізіледі.

Жүктің қоймаішілік тасымалдануына жүктің қоймалық түрлі зонадан ауысуын, ол жақтан сақтау зонасына және тиеу қоймасына жөнелтілуі жатады. Қойма арасында жүргізілетін жүк тасымалы белгіленген сызба бағыт арқылы жүзеге асырылуы қажет. Бұл қайта қоймаға оралудан сақтайды және операцияның мінсіз орындалуына мүмкіндік береді. Тасымал кезіндегі үзіліс мұнда минимальды дәрежеде болуы қажет.

Индустриялық кәсіпорынның қойма жұмысының ұйымы. Қойма оперативті өндірістің қызметі келіп түскен өнімнің орнына сақталуымен және босатылуымен тұтынушыға жетуін міндетке алады.

Жүкті материалдың қоймаға жеткізу зауыттық жоспарға сәйкес жүргізіледі. Өнім мен материалдар қоймада талапқа сәйкес техникалық құжаттар инструкцияларына сәйкес қабылданады. Қабылданған материалдар мен бұйымдар соларға арналған орындарда белгіленген тәртіпке сәйкес маркасына, өлшеміне сәйкес жайғастырылады. Көбірек және жиірек қолданылатын заттар жазып босатылатын ауданда , ал аз өтетін заттар алыстау алаңшаларда орналастырылады. Ұяшықтар мен стеллаждар және басқа да сақтау орындары заттың атауымен индексі жазылған тақтайшамен нөмірленіп жабыстырылады. Заттарды босатуға даярлау ерекше жоспар арқылы жүзеге асырылады. Заттарды өндірістік қолдануға , даярлауға тазалау, кесу сияқты операцияларынан кейін жасалынады. Қорды басқару арнайы картотека арқылы жүргізіледі. Қор деңгейі тіркелген тапсырыстың өлшем деңгейінің көмегімен басқарылып отырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]