
- •Қорларды басқару жүйесіндегі шығындар.
- •2 Сурет. Тапсырыс жүйесінің тіркелген оралымдары
- •4. Қорларды басқару стратегиясы.
- •Тақырып бойынша бақылау жұмысы: Материалды қорлар. Қорды басқару жүйесі. Кезекті уақыт аралығындаға тапсырыстар мен тапсырыс көлемінің топтастырылған жүйесі.
- •4. Қ оймалау жүйесін қалыптастыру
- •2.Қойма түрлері және қызметтері.Қоймаларды бөлу.
- •5.Қойма жұмысын бағалау
- •Логистикалық ақпарат жүйесін қолдану иерархиясы.
- •Әдебиеттер:
|
|
|
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА |
«ФАРМАЦЕВТ-МЕНЕДЖЕР» МОДУЛІ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ |
Фармацевтикалық факультет
«Фармацевт-менеджер» модулі
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік
жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар (ОЖСӨЖ)
КУРС: 4
ПӘН: «ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЛОГИСТИКАНЫҢ НЕГІЗДЕРІ»
ТАҚЫРЫП: ЛОГИСТИКАНЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТӘЖІРИБЕДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ. ЛОГИСТИКАНЫҢ ПАЙДА БОЛУ ЭТАПТАРЫ. ЛОГИСТИКА ТҮСІНІГІ. МАКРО- ЖӘНЕ МИКРОЛОГИСТИКА. МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР. ҚОРЛАРДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ. ТАПСЫРЫС-ТАРДЫҢ БЕКІТІЛГЕН ӨЛШЕМІНІҢ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ТАПСЫРЫСТАР АРА-СЫНДАҒЫ УАҚЫТ. ТАПСЫРЫСТАРДЫ ЖҮЙЕЛЕНДІРУ ЖӘНЕ НОРМАЛАУ.
Құрастырушылар:
доц. Шопабаева А.Р.
Адибаева Г.К.
Елшибекова К.М.
Алматы, 2015ж.
ТАҚЫРЫП: ЛОГИСТИКАНЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТӘЖІРИБЕДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ. ЛОГИСТИКАНЫҢ ПАЙДА БОЛУ ЭТАПТАРЫ. ЛОГИСТИКА ТҮСІНІГІ. МАКРО- ЖӘНЕ МИКРОЛОГИСТИКА. МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР. ҚОРЛАРДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ. ТАПСЫРЫС-ТАРДЫҢ БЕКІТІЛГЕН ӨЛШЕМІНІҢ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ТАПСЫРЫСТАР АРА-СЫНДАҒЫ УАҚЫТ. ТАПСЫРЫСТАРДЫ ЖҮЙЕЛЕНДІРУ ЖӘНЕ НОРМАЛАУ.
Мақсаты: Логистика ұғымы мен оның мәнінің негізгі анықтамалары бойынша студенттердің білімін қалыптастырады. Қорларды логистика аумағында студенттерге білім ретінде қалыптастыру.
Үйретудің міндеті:
қорлардың логистикасына мінездеме және ұғым беру;
қорлардың материалдық түрлерімен студенттерді фармацевтикалық кәсіпорындарда таныстыру;
қорлардың күйін қадағалау туралы жалпы түсінік беру.
Оқыту тапсырмалары:
• Логистиканы қолданудың зкономикалық әсері туралы түсінік беру;
• Логистика и маркетингтің байланысын анықтау;
• Логистиканың концепциясы мен ұстанымдарымен таныстыру.
Сабақты өткізу формасы: Тапсырмаларды орындау, тақырып бойынша сұрақтарды оқытушымен бірге талқылау, ситуациялық есептерді, тапсырмаларды шешу.
Тақырып бойынша тапсырмалар:
Тапсырма №1:
1. Логистиканың негізгі даму этаптары схема түрінде көрсетіңіз.
2. Келесі сұрақтар бойынша дәптерге жазбаша жауаптар жазу:
«Материалдық қор» терминіне анықтама беру.
Қорларды қамтамасыз ету және жасаумен байланысты болатын негізгі шығындарды көрсет.
Қорлардың болмауымен байланысты болатын негізгі шығындарды көрсет.
Қорлардың материалдық классификациясын сипатта.
«Қорлар күйіне тексеріс» және «босалқы қорларды басқару жүйесі» түсініктеріне анықтама бер.
Фармацевтикалық кәсіпорындарда қорларды басқару кезеңін көрсет.
Қорларды басқарудың негізгі көрсеткіші қандай?
Тапсырма №2:
1. Логистика терминіне жазбаша түрде анықтама беріңіз және оның қолданылатын көптеген синонимдерін көрсетіңіз.
2. Қорлардың тексеріс жүйе күйінің классификациясын схема түрінде салып көрсет.
Тапсырма №3: Логистиканың функциялары мен қызметтерін жазбаша түрде көрсетіңіз.Логистиканың тану объектісін анықтаңыз және макро–, микро логистикаға анықтама беріңіз.
Тапсырма №4: 2 топқа бөлініп, мына тақырыптар бойынша хабарлама дайындаңыз:
Топ №1: Фармацевтикалық мекемелерде логистиканы қолданудың негізге артықшылықтары.
Топ №2: Логистиканы қолданудың экономикалық әсері.
Хаттамаларды бір-біріңізге көрсетіңіз.
Тапсырма №5: Тарату материалдарын қолдана отырып, логистика мен маркетинг сферасындағы заттық зерттеу мен объектіге салыстырмалы сипаттама беріңіз.
Тапсырма №6: 7R ережесіне жазбаша түрде анықтама беріңіз .
Тапсырма №7: Логистика концепциясын сипаттаңыз .
Тапсырма №8: Логистиканың негізгі принциптерін көрсетіп және олардың әрқайсысына сипаттама беріңіз :
Тапсырма №9: Мына сұрақтар бойынша өз біліміңізді тексеріңіз.
1. Логистиканың дамуының негізгі этаптарын айтыңыз.
2. «логистика» терминіне анықтама беріңіз. «логистика» терминінің көп қолданылатын синонимдерін көрсетіңіз.
3. Логистиканың функциялары мен тапсырмаларын ғылым ретінде көрсетіңіз.
4. Логистиканы оқу объектісі болып не табылады ?
5. Фармацевтилық мекемелерде логистиканы қолданудың қандай негізгі артықшылықтары бар?
6. Логистиканы қолданғанда экономикалық әсерін қалай дәлелдеуге болады?
7. Логистика мен маркетинг сферасындағы заттық зерттеу мен объектіге салыстырмалы сипаттама беріңіз.
8. «7R» ережесін айтыңыз.
9. Логистиканың концепциясы және системалық принцип болып не табылады ?
10. Логистиканың негізгі принциптерін көрсетіңіз және олардың әрқайсысына сипаттап беріңіз.
ТАРАТУ МАТЕРИАЛДАРЫ:
Практикалық логистиканың пайда болуы мен дамуының тарихы бұрыннан келе жатыр. Гамбург университетінің профессоры Г. Павеллектің айтуы бойынша сонау Рим империясы кезінде «логисттер» немесе «логистиктер» деген титулды иеленген қызметкерлер болған. Олар азық- түлікті таратумен айналысқан. Біздің эрамыздың 1-ші мыңжылдығында әскери лексиконда логистиканы қарулы күштер, материалды ресустар және олардың қорын қамтамасыз ету бойынша қызметпен байланыстырамыз.
Византиялық император Лев VI (865-912 ж.б. э.) кезінде логистиктердің қызметі әскери қаруландыру, оларды қарумен қамтамасыз ету, аз уақытта қажеттіліктерін толтыру және әскери жорықтың әрбір актісін жоспарлап отыру болып табылған.
Жеңіске жетуде өз уақытылы керек жерде қолда болған оқ дәрілер, жанармай, тамақтың болуы үлкен рөл атқаратынын дарынды әсери басшылар жақсы түсінген. Адам тарихын да болған барлық соғыстар ұйымдастырылған қарумен қамтудың арқасында жеңіске жетіп немесе ұтылып отырды. Мысалы: Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс британдықтардың жеңілісі әскерлерін қарумен қамтамасыз ету жеткіліксіз болғандығымен түсіндіріледі. Соғыстың қызған кезінде америкалық континенттегі британ әскерінің құрамында 12000 отряд болды. Олар Англиядан тек қана оқ-дәрілер емес , сонымен қатар тағам өнімдерін алып отыру қажет болды. Соғыстың алғашқы алты жылында осы өмірлік маңызды жеткізілімнің ұйымы әскерлердің талаптарына мүлдем жауапсыз қарады. Бұл әрекет әскери қызметтің сипаты мен әскерлердің моральды жағдайына әсер етті. Жауынгерлерді нақтылы қамтамасыз ету 1781 жылы ғана орнықты, бірақ тым кеш еді.
Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде, әсіресе америкалық әскерлер логистикалық жол табу кең қолданды. Әскери өндірістің нақты байланысы америкалық әскери жанармай, материалдарын, оқ-дәрілерді, тамақ өнімдерін керек мөлшерде уақытымен және систематикалық түрде қамтамасыз етіп отыруға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда «logistics» сөзін үлкен ағылшын – орыс сөздігі былай аударады: 1. Қорғаныс және қамтамасыз ету; 2. Материалды – техникалық қамтамасыз ету; 3. Мекеме және қорғаныс жұмысын жүзеге асыру.
Бізге белгілі болғандай Шыңғысхан және оның балалары көптеген жерді басып алды. Оның бұл жетістіктері ең ұлы қолбасшылардың жетістіктерінен асып түскен болатын. Осындай үздік әскери стратегияның құпиясы дұрыс жүргізілген логистика болып табылады. «Әртүрлі уақытта өз әскерлеріне басшылық еткен екі қолбасшы, алдында тұрған соғыс тапсырмасына дұрыс төтеп беруге тырысты. Бірақ қарлы Ресейдегі тапсырманы Наполеон ғана шеше алмады, ал Шыңғысханның және оның немересі Батыйдың көмекшісі Субедей ол тапсырманы үлкен жеңіспен орындап шықты. 100 жыл бұрын болған үлкен соғыстарда ең бірінші әскердің өндірісі туралы сұрақ қойылып отыратын. Бұл сұрақ монғолдардың атты әскерлерінде (150 мың жылқыдан астам) шегіне дейін қиындай түсті. Моңғолдың жеңіл атты әскері әрдайым қозғалысты қиындататын ауыр обоздарды сүйреп жүре алмады. Амалдың жоғынан бұл мәселені шешуге жол іздей бастайды.
Шыңғысхан және оның қолбасшылары соғысқа базисті кеңейтетін және күш жинайтын пайдалы жұмыс деп қарады. Олардың стратегияларының негізі осы болып табылады. Ортағасырлық қытайлық жазушы, қарсыласының есебіне өз әскерін асырап-сақтап қала алатын қасиеті бойынша ең жақсы қолбасшыны анықтап алуға болады деген екен. Үлкен көлемді жерді басып алу барысында Моңғолдық стратегия – жауынгерлердің қатарын толтыру көзін, қару – жарақ қорын, күш элементтерін қарастырып отырды. Неғұрлым Азияға баса көктеп кірсе, ол соғұрлым көптеген табындар мен басқа да байлықтарды жаулап ала білді. Сонымен қатар, жеңіліс тапқандар, жеңімпаздардың күшін көбейте отырып, солардың қатарына өте тез кіре берді » - деп Г. Анисимов жазған екен.
Моңғолдардың басып кіруі, қозғалысының әр қадамы күшейе беретін қар көшкіні сияқты. Батыйдың әскерлерінің үштен екі бөлігіне жуығын Волгадан шығысқа қарай көшкен түркі бауырлары құрады. Алда жатқан облыстарға орнықтандыруды көшіру идеясы Шыңғысхан үшін негізгі болатын. Монғолдық атты әскерлер әрдайым базаны өздерінде ұстады. Көбіне жергілікті ақы-пұлдармен қанағаттануды қажет ету монғолдық стратегияға айқындалған із салды. Үнемі монғол әскерлерінің жылдамдығы, ұтқырлығы аштықтан кейін әлсіреген жылқылардың денесі жататын пайдалы жайылымдарға тез қол жеткізуімен түсіндірілді. Жем-шөптер болмаған жерде, сөзсіз, ешқандай соғыс операциялары жүргізілмейді.
ХІХ ғасырдың басында «логистика – жауынгерлермен практикалық өнер» деген түсінікті берген француздың әскери маманы Джоминиді, әскери логистика бойынша бірінші ғылыми еңбекті жаратушы деп санаған. Ол логистиканы тек қана тасымалдау емес, сонымен қатар, жоспарлау, басқару, қамсыздандыру, жауынгерлердің дислокациялау орнын анықтау, көпір, жол салу және т.б сұрақтардың кең ауқымын қарастырады деп бекіткен. Логистика әскери ғылым ретінде тек ХІХ ғасырдың ортасында қалыптасты деп саналады.
Философиялық энциклопедияда келесі анықтамаларды табуға болады: «логистика (математикалық ой) – ойлаудың заманауи түрі». Ол ескі, дәстүрлі ойдан өзінің формализденгенімен және логикалық есептеу оның негізгі әдісі болып табылатынымен ерекшелінеді. Логистика кең мағынада – логикалық есептеулер және оның алғышарттары мен қолданысы туралы ілім. Ал тар мағынада – тек қана логикалық есептеу. Есептеу – бұл белгілердің жүйесі және олармен жұмыс істеу. Мұндай есептеуге шахмат ойыны мысал бола алады: егістік пен тұрпаттар символдар жүйесі болса, ал жүру ережесі операциялық ереже болып табылады. Логикалық есептеудің формальды алғышарттары металогиканы, логикалық есептеудің философиялық негізі туралы ілімді қарастырады; бұл жерге синтаксис (белгілердің өзара байланысы туралы ілім), семантика және прагматика (белгілер және оны қолданатындардың байланысы туралы ілім) жатады. Г.В.Лейбниц логистика бағытына бірінші болып амал жасады. Оның идеясын Г.Плокке және И.Г.Ламберт іліп әкетті. Заманауи логистиканың нағыз негізін қалаушылар Готтлоб Фреге, А.Н.Уайтхед және Б.Рассел логистика сферасында «Principia mathematica» деген еңбек жазды.
Логистиканы дамытудағы басқа бағыт – экономикалық. Бұл жерде логистика ұғымының астында өндіріс және айналым сферасындағы ақпарат пен қаржылық ағынмен байланысқан материалды басқарудың нәтижесімен қорытындылайтын, шаруашылықта ғылыми-практикалық бағыт екенін түсінуге болады.
Әскери логистика, математикалық есептеуімен логистика, экономикалық логистика арасында, мақсаттарының бірдейлігі және оған жетудің негізгі әдістерімен қорытындылайтын тығыз байланыс бар. Нақты математикалық есептеулер әскерилерді, сонымен қатар материалдық ағынның қозғалысын максималды оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Логистиканы қолданудың экономикалық әсері: Бүгінгі таңда батыс елдерінде бастапқы шикізаттан соңғы тұтынушыға дейін әртүрлі материалды – техникалық қамтамасыз ету каналдарынан өтуге, ең бастысы сақтауға, тауар қозғалысының 93%-ы уақытқа кетеді. Меншікті тауар өндірісі уақыт өлшемінің 2%, ал тасымалдау – 5% ғана алады. Осы елдерде тауарқозғалысы өнім үлесінің 20%-дан артық мөлшерін жалпы ұлттық өнім құрайды. Бұл ретте осындай шығынның құрылымында 44% шикізаттың қорларын, жартылай фабрикаттарды және дайын өнімдерді сақтауға, 16%- қорлау және экспедицияға, 23%, 9% - жүктерді магистралды және технологиялық тасымалдауға кетеді. Қалған 8%-ы дайын өнімнің өткізуінің қамсыздандыруы бойынша шығынға түседі.
Логистиканы қолдану кезінде қорлардың қысқаруы логистикалық процесстің қатысушаларының келісімді әрекеттерінің жоғарғы деңгейінің, жеткізілімдер сенімінің жоғарылауының және қорларды рационалды бөлуінің, сонымен қатар басқа да себептердің есебімен қамсыздандырылады.
Логистиканы қолдануда экономикалық әсерді құраушылар логистикалық тізбек бойынша өтетін тауарлардың уақытын қысқартудан түзіледі. Бүгін қорлауға, өндірістік операцияларға және жеткізілімдерге, сонымен қатар өндірудің өзіне кететін уақыт шығыны жалпы уақыт шығынның орташа есеппен 2-5% құрайды. Ал уақыт айналымының 95%-нан астамы логистикалық операцияларға жұмсалады. Осы құраушылардың қысқаруы өзіндік тауар құнының төмендеуін, осыған орай, капитал айналымын тездетіп және пайданы жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Логистиканы қолданудағы экономикалық әсер тасымалдау шығынын төмендетуден де туындайды. Транспорттың қозғалыс маршруты оптимизацияланады, графиктер сәйкестендіріліп, бос жүрістер қысқарады және транспортты қолданудың басқа да көрсеткіштері жақсарады.
Логистикалық жол табу техникалық жабдықталған жүктасымалдаушы жүйе сферасындағы тауарқозғалысы қатысушаларының жоғары дейгейлі келісімдерін болжамдайды. Логистиканы қолдануда экономикалық әсерді құраушылар, яғни, біртипті механизация заттарын, бірдей тараларды және барлық логистикалық тізбектегі жүктасымалдау үшін технологиялық әдістерді қолдану – қол жұмысының шығыны мен жүкке байланысты операциялардың шығынын қысқартады.
Логисткалық жол табу, сонымен қатар, материал өткізуші жүйені функциялаудың басқа да көрсеткіштерін жақсартуға жағдай туғызады, себебі, оның жалпы мекемесі ұшталады, бөлек буындардың байланысы жоғарылайды және басқару жақсарады.
Логистиканы қолдануда экономикалық әсердің жиынтығы, ереже бойынша, көрсетілген көрсеткіштердің жақсаруынан нәтиже суммасын жоғарылатады. Бұл логистикалық ұйымдастырылған жүйелерде интегративті қасиеттің немесе барлық жүйеге тән сапаның пайда болуымен түсіндіріледі.
Логистикалық жүйенің интегративті сапасы осы жүйелердің соңғы мақсатын жүзеге асыра алатын логистиканың алты ережесін көрсетеді:
ЖҮК – қажет тауар
САПА – қажетті сапада
МӨЛШЕР – қажетті мөлшерде
УАҚЫТ – қажет уақытта
ОРЫН – қажет орынға
ШЫҒЫНДАР – минималды шығынмен жеткізілуі тиіс.
Егер де осы алты талап, яғни, «керек тауар қажетті сапада қажетті мөлшерде қажетті уақытта қажет орынға минималды шығынмен жеткізілсе», логистикалық қызмет мақсатына жетті деп саналады.
Логистика мен маркетингтің өзара байланысы. Логистиканы үнемі маркетингтің басқа бөлігі деп қабылдайды. Әрбір бизнестің негізгі аспектісі болып саналатын бұл екеуін ажырату қиынға түседі. Себебі, екеуінің арасындағы байланыс өте тығыз.
Маркетинг – мекеменің (фирманың) нәтижесін жоғарылату мақсатында нарықтың талабы мен мүмкіндіктеріне сай өндірісті максималды реттеп отыруға мүмкіндік беретін экономикалық қызметтің жүйесі.
ХХ ғасырдың ортасында бәсекеге қабілеттілікті жоғарылатуда шешуші фактор нарыққа қажет тауарды өндіру, сұранысқа маркетингтік әдістерді қолдану және сұранысқа әсер ету болып табылды. Маркетингті құраушылардың ең негізгісі – тауарқозғалысы мен тарату концепциясы. Маркетингтік басқарудағы дәл осы бөлігі логистикамен тығыз байланысады. Сонымен қатар, ол логистикалық технологияны қолданатын фирмалар үшін түрткі болды. Бүгінгі таңда маркетингті қолдану базасында ғана «алдыға шығу» талабы қолданылмайды. Айқындалған маркетингтік сұраныс дер кезінде тиянақты және тез жеткізіліммен қанағаттандырылуы тиіс. Туындаған сұранысқа мұндай «тез жауап» орныққан логистикалық жүйеде ғана болуы мүмкін.
Соңғы кезде экономикалық аренаға шыға отырып, тұтынушы, транспорт пен жеткізушіні мобильді технико-технлогиялық және жоспарлы-экономикалық келісімді жүйеге сабақтастыра отырып, логистика маркетингті толықтырып дамытуда. Логистикалық стратегия жарнама, тағам-өнімдік стратегия сияқты маркетингтік стратегияның интегралды элементі болып табылады.
Маркетинг туындаған сұранысты анықтап, «қандай тауар, қайда, қашан, қандай мөлшерде және қандай сапада керек» деген сұрақтарға жауап беріп отырады. Логистикалық интеграция керек тауарды қажетті уақытта қажетті орынға минималды шығынмен жеткізуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Маркетинг пен логистикалық интерфейстің анализі үшін батыс әдебиеттерде үнемі дәстүрлі маркетингтік «4P» миксін: «price-produkt-promotion-place» («баға-өнім-өрлеу-орын») және «логистиканың 6 ережесін» қолданады: өнім, сапа, мөлшер, уақыт, орын, шығындар. Сонда логистика мен маркетинг интерфейсін тұтынушының талаптарын қанағаттандыру мақсатында маркетингтік және логистикалық микс байланысын схема түрінде көрсетуге болады (1-сурет).
Тұтынушылардың сұранысын максималды қанағаттандыру
1-сурет. Маркетингтік микс пен логистиканың алты ережесінің өзара әрекеттесуі.
Маркетинг тауарқозғалысының мекемесіне жүйелі жол табудың тапсырмасын қояды: тауарқозғалысының нәтижелі ұйымдастырылуы кезінде әрбір этаптан бұл процесс қалыпты және логикалық құрастырылған жалпы жүйенің бөлінбейтін бөлігі сияқты жоспарлануы керек. Бірақ, тауарқозғалыс процессінің барлық қатысушыларын технико-технологиялық әдісімен интеграциялау маркетингтің емес, логистиканың негізгі уйрену пәні болып табылады.
Маркетинг пен логистика арасындағы байланыс және негізгі айырмашылықтары 1-кестеде көрсетілген.
Көрсеткіш |
Маркетинг |
Логистика |
Зерттеу объектісі |
Нақты тауар және ұсыныстардың нарығы мен конъюнктурасы. |
Осы нарықтағы материалды ағындар. |
Зерттеу пәні |
Тауар мен ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша нарықтық тәртіпті оптимизациялау. |
Материалды ағындарды басқару процессін оптимизациялау. |
Зерттеу әдістері |
Нақты тауар мен ұсыныстар бойынша конъюнктураны және сұраныстарды зерттеу әдістері. |
Материал өткізуші тізбектің жасалуына жүйелі жол табу, сонымен қатар, өндірістік пен экономикалық басқару және жоспарлау кезінде қолданылатын жалпыға танымал әдістер. |
Нәтижелер |
Компанияның тактикалық және өндірістік-тұрмыстық стратегиясы бойынша ұсыныстар:не өндіру, қандай көлемде, қандай нарықтарға және қандай мерзімге. Қандай қорытындылар болуы мүмкін. |
Логистиканың мақсаттарына жауап беретін жүйенің жобасы: керек тауарды қажетті уақытта қажетті орынға минималды шығынмен жеткізу. |
Осы кесте арқылы, айналым және қайта өндіру оптимизация сферасында логистика мен маркетинг өзара қызмет көрсетушілер мен өзара толықтырушы болып табылатынын көруге болады.
Қор түрілері
Материалды қор түсінігі. Материалды қорлар – бұл өндірістік немесе дербес қолдану үдерісіне қажетті шикізат, материалдар, дайын өнім және басқа да материалды құндылықтар.
Материалды қордың пайда болуы. Өндірісте қордың пайда болуының екі себебі бар:
Бір реттік қолдану көлеміне жеткізілген көлемнің сәйкес келмеуі;
Қолдану және түсім кезеңі арасындағы уақыт аралығы. Материалды шикізаттың жеткізілімі жүзеге асады, бірақ олардың жеткізілуі үздіксіз және келіп түсу уақытымен сәйкес келмейді. Сол себепті тоқтаусыз жұмысты қамтамасыз ету үшін әрбір кәсіпорын өзіне қажетті шикізаттың, материалдардың, шалаөнімдердің, отынның және басқа да ресурстардың босалқы қорын жасайды. Қорды жасауға болатын басқа да себептер бар. Олар бағаның маусымдық тұрақсыздығы; тағайындалған жеткізілу кестесінің бұзылуы; сұраныстың тұрақсыздануы және т.б.
Материалдық қордың түрлері. Шикізаттың бұйымға айналу жолы және осы бұйымның соңғы тұтынушыға жеткізілуінің екі негізгі түрі бар: өндірістік және тауарлық қор.
Өндірістік қорларлар. Тоқтаусыз өндірістік процесті қамтамасыз ету үшін және ұйымдар-тұтынушыларға белгілі нысан ретінде алынған. Тауарлық босалқы қор дайын өнімді дайындау кәсіпорындарда, сонымен қатар тауардың жеткізушіден тұтынушыға қажетті қорын ұсынады. Олар тұтынушыларды материалдық ресурстармен шектеусіз қамтамасыз ету үшін қажет.
Өндірістік және қор тауарлары даярлаушы, сақтандыру және маусымдық болып бөлінеді.
Ағымдағы қорларлар оптимальді мөлшердегі өндірістік өнімдерді қамтамасыз ету және екі жеткізілім арасындағы арақашықтықта тоқтаусыз жұмысты қамтамасыз ету үшін қажет. Қордың осы бөлігі жеткізілу мөлшерінің сәйкессіздігі және бір реттік қолданылуы кезінде біркелкі және күнделікті толықтырылуы үшін қалыптасқан.
Даярлаушы қордың өндірістік қордан айырмашылығы материалдарды қолдану үшін дайындау және оларды жұмыс орындарына жеткізу арасындағы тоқтаусыз жұмысты қамтамасыз ету.
Маусымдық қорларлар өндіру мен тұтынудың көлемдік тұрақсыздығына маусымдық негізделген. Осы қор үшін сұраныстың болжамды көбеюін қанағаттандыру үшін арналған.
Кепілді (сақтандыру) қорлар өндіріс мөлшерінің тұрақсыздануы және қамтамасыз ету процесінің ықтимал іркілісі кезінде кәсіп орындарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін қажет.
Қорларды басқару жүйесіндегі шығындар.
Шығынның түрлері. Материалдық басқару концепциясын практикалық жүзеге асыру жиынтық қордың оңтайлануымен байланысты. Шығын оңтайланған қордың өлшемі болып табылады.
Сатып алу жүйесі мен шығынның материалдық сақталуы келесі топтарға бөлінеді:
тапсырысты орындаудың шығындары;
сатып алу бағасымен анықталатын тікелей шығын;
қорларды қамтамасыз ету шығындары;
тапшылық шығындары.
Тапсырысты орындау шығындарының ішіне тапсырыстың жеткізілімі және орналастыруы кіреді. Оның құрамына мынадай шығын түрлері жатады: жеткізілім шартының зерттемесінің құны және оны бекітілімге дайындау; жарнамалық тізімдемені дайындау; транспорттық шығындар (егер алынған тауардың құны траспортпен әкелу құнына кірмеген жағдайда); тапсырысты қабылдап алу мен қоймалау шығындары.
Кейбіреуі көлеміне қарамастан тапсырысқа тіркеледі, ал басқа транспорттық және қоймалық шығындар тікелей тапсырыс көлеміне тәуелді.
Тапсырысты орындау шығындарына шығынның кезкелген түрі кіреді.
Тікелей шығындар материалдың сатып алу бағасымен анықталады және тапсырыс партиясының көлемі үлкейген кездегі көтерме баға жеңілдіктеріне байланысты өзгеріп отырады.
Қорларларды қамтамасыз ету шығыны материалды сақтау шығынымен және қорлардың өзіндік деректерімен анықталады. Осы топқа шығынның мынадай түрлері жатады: қорға жұмсалған қаржының ықтимал пайызы; қоймаға жұмсалатын және игерушілік үшін төлем немесе қойманы жалға алу шығыны; қойма бірлігіне тәуелді қойманы қамтамасыз етудің ағымдағы шығыны; материалдарды моралдік ескіру, сонымен қатар сақтандыру және салық шығындары. Қорлардың азаюы қоймалық шығындардың және қойма бөлмелерін қамтамасыз ету шығынын кемітеді.
Тапшылық шығындары өзге материалдық ресурстардың қандай да бір уақыт аралығында пайда болған шектеумен байланысты. Осы топқа шығынның үш түрі жатады:
қажетті материалдардың жоқтығына байланысты өндірістік процестің тоқтатылуы, сонымен қатар басқа баға бойынша материалдарды өзгертудің өндірістік шығыны;
егер тапсырыс беруші басқа жасаушыға қатынасатын болса, тапсырыстың орындалмауы сату құнының жоғалуы болып табылады;
тапсырыстың орындалуын күту барысындағы қосымша шығындар.
Қойма шығынының шамалары. Қойма шығыны түпкілікті және айнымалы шығын бөлігінің арақатынасына тең.
Қойма шығының шамасы
Н = А + В,
Бұл жерде, Н-қойма шығының шамасы; А-капиталға салынған қордың пайыздық мөлшерлемесі; В-қоймада материалдарды сақтаудың шығын шамасы.
В =
,
Бұл жерде, Г- белгілі кезең аралығында қоймада материалдарды сақтаудың шығыны; Д – қойма қорының орташа бағасы.
3. Қорлардың реттелу жүйесі
Негізгі анықтамалары. Қорлардың реттелу жүйесі – қорларды жасау және толтыру, үздіксіз тексеріс пен жоспарлы шұғыл жеткізілімді ұйымдастыру.
Қорды реттеу процесі кезінде әртүрлі сандық қор деңгейлері ажыратылады:
ең жоғарғы қор (максималды) кепілденген, даярланған және максималды ағымдағы қор сомасына тең. Нормативтен тыс ресурстарды қадағалау үшін өлщемі бекітіледі;
орташа немесе ауыспалы қор кепілденген және жартылай ағымдағы қор сомасына тең;
ең төменгі қор (минималді) кепілденген және даярлаушы қор сомасына тең. Қордың бұл деңгейге дейін төмендеуі қорды толықтырудың шұғыл белгісі болып табылады.
Қорды басқару процесі кезінде нақты тапсырысты және талап етілетін сандық материалды орнату маңызды.
Тапсырыстың өлшемі – қорды толықтыру мақсатында берілген тапсырыстың материалдық саны. Егер ең төмен қор жаңа партия алу кезінде жеткізілетін болса, онда қор максималды деңгейге жетеді.
Тапсырыстың өлшемін реттеу партияның көлемінің өзгерісімен болады, яғни ара қашықтықтағы жеткізілімің немесе көлеммен жеткізілімнің ара қашықтығының өзгерісімен болады.
Аралық тәуелділік осы басқарманың тәжірибесінде қорларлармен екі негізгі жүйені пайдаланылады:
жүйе тапсырыстың тіркелген өлшемімен;
жүйе тапсырыстың тіркелген оралымдарымен.
Жүйе тапсырыстың тіркелген өлшемімен. Материалдың тең түсімін қадағалайды, ілгері тағайынды үйлесімді партиялар арқылы уақыттың ара қашықтықтарының өзгерісін көздейді. Кезекті партияның жеткізіліміне тапсырыс беру қоймадағы қысылшаң деңгейдегі тапсырыстардың өлшемінің кемуіне акеледі-"тапсырыс нүктесі"сурет. 1.
Кезекті партияның қойма арасындағы жеткізілімдерінің ара қышықтығы материалдық ресурстардың шығынына тәуелді.
Босалқы қорлардың деңгейі тапсырыс нүктесіне лайықты, белгілі бір уақыттығы кезекті қажеттілікке тапсырыс кешіктірілсе онда кепілдік қоры қосылады.
Qтз =p *τ +qстр
Мұнда
Qтз –босалқы қорлардың тапсырыс нүктелері;
p - материалдың орташа тәуліктік шығыны;
τ - тапсырыстың алдын-ала ескертуінің кезі;
qстр – кепілдік қор.
Белгілі бір уақыт аралығында жеткізілімге тапсырыс беру және қоймаға партиялардың түсімі күнделікті қайталанады, және бұл шартты түрде қабылданады. Басқарманың мақсаты қорлармен байланысты, яғни қозғалысы жайлы деректерлерге сүйене келе -«тапсырыс нүктесін» анықтап және қажетті материалдардың жеткізіліміне өтінімді рәсімдеу керек.
1 сурет.. Жүйе тапсырысының тіркелген көлемі.
Жүйе тапсырысының тіркелген оралымдары. Басқарма жүйесі босалқы қорлардың тіркелген оралымдары арқылы материалдардың түсімінің тең болуын, әрдайым уақыт аралығында қайталанып отыруын болжайды (босалқы қорлардың барының тексерісінің кездерінде). Әрбір босалқы қорлардың тексерісінде қолма-қол қалдықты анықтайды, кейін тапсырысты рәсімдейді, қор көлемі материалға деген сұранысқа байланысты.
q = qmax - qнал + qстр,
мұнда: q – тапсырыс көлемі; qmax - тапсырыстың ең көп деңгейі; qнал – қордың тапсырыс кезіндегі көлемі ( материалдық тексерістер).
Тапсырыс саны мынадай жағдайда унемділік тапсырысын көбейтеді, егерде заттық сұраныс күтілмелі сұраныстан жоғары болса. Және керісінше, тапсырыс көлемі аз болады, егерде материалға деген сұраныс күтілмелі сұраныстан төмен болса. Мұндай жағдайда қорды қалыптастыруда кезекті жүйені қолдану арқылы тапсырыс беру әрқашанда өзгеріссіз қалады, ал тапсырыс көлемі сұранысқа байланысты өзгеріп отырады, яғни шамасының ауытқуына алып келеді. Осы әдіс арқылы қорды басқару сызбасы 2 суретте көрсетілген.
Реттеушілік барлық арақашықтықтардағы жеткізілімдердің арасында бір рет ғана жүзеге асады-бұл қарастырылған жүйенің нақтылығы болып табылады. Жетіспеушілік жүйесіне қарайтын сандар:
материалдың аз санына болсын тапсырыс жасау
қорды көп қолданғандықтан келесі қордың келгенінше қордың таусылып қалуы мүмкін. Сол себептен кезекпен беріліп отырған тапсырыс өте ыңғайлы, материалды аз жоғалтып және белгілі бір мөлшерде дұрыс қолдануға.
Босалқы қорлардың реттеу жүйесі. Базалық жүйемен қоймадағы дәрі-дәрмек реттеледі және де басқа да нұсқалары қарастырылады.
Біргелкі деңгейге дейінгі тағайындалған кезектердің жүйесі. (ТS стратегиясы). Бұл жағдайда тапсырыс кезекті уақытта қайталанып отырады. Тапсырыс нүктесінің деңгейінің төмендеуіне байланысты кезектен тыс тапсырыс беріледі.
«Максимум-минимум» -жүйесі (стратегия S - s). Бұл жүйе мынадай жағдайға негізделген, шығындарды есептеу және тапсырыстарды рәсімдеу соншалықты маңызды болғандықтан, қордың жетіспеушілігіне теңестіріледі. Сондықтан қарастырылған жүйеде тапсырыс тағайындалған уақытта ғана берілмейді, тек мынадай жағдайда беріледі, яғни қоймадағы заттардың теңестірілген деңгейінде немесе төменгі жағдайда болғанда ғана. Тапсырыстың түсу көлемі мынадай жағдаймен есептелінеді, яғни товардың түсімі қорды жоғарғы деңгейге дейін толтыруына.