
- •Түсініктеме хат
- •Халықаралық жария құқығы
- •Тақырып. Халықаралық құқық түсінігі, қайнар көздері және негізгі қағидалары
- •2 Тақырып. Халықаралық құқықтағы құқықсубъектілік
- •3 Тақырып. Халықаралық құқықтағы аумақ. Сыртқы қатынастар құқығы
- •4 Тақырып. Халықаралық жауапкершілік және халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу құқығы
- •5 Тақырып. Халықаралық қауіпсіздік құқығы. Қарулы қақтығыстар құқығы
- •6 Тақырып. Халықаралық әуе, ғарыш, теңіз, экономикалық және экологиялық құқығы
- •Халықаралық жеке құқық
- •1 Тақырып. Халықаралық жеке құқықтың жалпы түсінігі
- •2 Тақырып. Халықаралық жеке құқықтағы заңды және жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы
- •3 Тақырып. Халықаралық жеке құқықтағы заттық құқықтар
- •4 Тақырып. Халықаралық жеке құқықтағы сыртқы экономикалық шарттар
- •5 Тақырып. Халықаралық жеке құқықтағы халықаралық тасымалдау
- •6 Тақырып. Халықаралық жеке құқықтағы дауларды сот тәртібімен қарау
- •Мемлекеттік емтихан сұрақтары
- •1. Халықаралық жария құқық
- •2. Халықаралық жеке құқық
- •Пояснительная записка
- •Международное публичное право
- •Тема 1. Понятие, источники и основные принципы международного права
- •Тема 2. Правосубъектность в международном праве
- •Тема 3. Территория в международном праве. Право внешних сношений
- •Тема 4. Право международной ответственности и право мирного разрешения международных споров
- •Тема 5. Право международной безопасности. Право вооруженных конфликтов
- •Тема 6. Международное воздушное, космическое, морское, экономическое и экологическое право
- •Международное частное право
- •Тема 1. Общие понятия международного частного права
- •Тема 2. Правовое положение физических и юридических лиц в международном частном праве
- •Тема 3. Вещные права в международном частном праве
- •Тема 4. Внешнеэкономические договоры в международном частном праве
- •Тема 5. Международные перевозки в международном частном праве
- •Тема 6. Рассмотрение споров в судебном порядке в международном частном праве
- •Вопросы государственного экзамена
- •1. Международное публичное право
- •Международно-правовой статус снг и его перспективы.
- •Внешняя политика Республики Казахстан в соответствии со Стратегией «Казахстан-2050».
- •2. Международное частное право
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
«БЕКІТЕМІН»
Оқу жұмысы бойынша проректор
_____________ Ахмед-Заки Д. Ж.
ҒӘК хаттамасы №_____
« »______________2015 ж.
«5В030200 –Халықаралық құқық»
мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан
БАҒДАРЛАМАСЫ
Алматы 2015
«5В030200 – халықаралық құқық» мамандығы бойынша бағдарлама «Халықаралық жария құқық» және «Халықаралық жеке құқық» пәндерінің Типтік бағдарламалары негізінде жасалды.
Автор: С.Ж. Айдарбаев з.ғ.д., халықаралық құқық кафедрасы профессоры, Ж.С. Жүнісов халықаралық құқық кафедрасы аға оқытушысы, халықаралық құқық магистрі.
Бағдарлама халықаралық құқық кафедрасы мәжілісінде қарастырылды
Хаттама № « » 2015 ж.
Кафедра меңгерушісі __________________ Айдарбаев С.Ж.
Бағдарлама халықаралық қатынастар факультеті Әдістемелік бюросы мәжілісінде бекітілді
Хаттама № « » 2015 ж.
Әдістемелік бюро төрайымы ____________ Сайрамбаева Ж.Т.
Бағдарлама Факультеттің Ғылыми Кеңесінде бекітілген
Хаттама №___, «___»____________________2015 ж.
Халықаралық қатынастар факультетінің
Ғылыми кеңесінің төрағасы
з.ғ.д., профессор Шакиров К.Н.
Түсініктеме хат
Мемлекеттік емтиханның мазмұны «5В030200 – Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бакалавриаттың оқу жоспарларындағы пәндердің оқу бағдарламаларына сәйкес академиялық, әлеуметтік-тұлғалық және кәсіби құзіреттіліктер негізінде бакалаврларды дайындау деңгейінің талаптарына сай анықталады.
«5В030200 – Халықаралық құқық» мамандығы бойынша мемлекеттік емтиханның мақсаты – бітірушілердің дайындықтары деңгейі білім беру стандарттары талаптарына сай келуі дәрежесін анықтау. Сонымен қатар студнттердің мамандық және біліктілікке сәйкес теориялық білімдері мен тәжірибелік машықтары текеріледі. Мақсаттарына, сонымен қатар халықаралық жария құқықтың халықаралық қатынастарды құқықтық реттеу құралы ретінде студенттердің толық көлемде түсінігін қалыптастыру.
Халықаралық ынтымақтастықтың қарқынды дамуы Сыртқы істер министрлігі мен сыртқы экономикалық ведомство қызметкерлерінің ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік құқықшығармашылық, атқарушылық және құқық қорғау органдарында, сондай ақ кәсіпкерлік салада қызмет атқаратын кез келген заңгердің халықаралық жария және жеке құқық саласындағы білімді иленеуін талап етеді.
Мемлекеттік емтиханның міндеттері:
- жоғарғы білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша оқу кезінде оқушылардың жинаған теориялық және тәжірибелік білімдерінің деңгейін анықтау;
- «5В030200 – Халықаралық құқық» мамандығы бойынша білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары талптарына оқушылардың алған білімі мен машықтарының сәйкестігін анықтау;
- Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығын реттейтін ұлттық заңнамасымен танысу;
- халықаралық құқық саласындағы заңгер ретінде әртүрлі мемлекеттік органдар мен жеке құрылымдарда жұмыс істеу үшін қажетті машықтарды қалыптастыру.
Бағдарламаға кіретін пәндер тізімі:
Базалық компоненттегі міндетті арнайы пәндер:
Халықаралық жария құқық.
Халықаралық жеке құқық.
Мемлекеттік емтиханды қабылдау нысаны: аралас жазбаша-ауызша емтихан. Емтихан тапсырушы емтихан билетінің сұрақтарына өз жауаптарын жауап қағазына жазады және емтихан комиссиясына ауызша жауап береді. Апелляция жағдайында шағымды қарауға жауап парағындағы жазбалар негіз болады.
Халықаралық жария құқығы
Тақырып. Халықаралық құқық түсінігі, қайнар көздері және негізгі қағидалары
Қазіргі халықаралық жария құқығының түсінігі, белгілері және ерекшеліктері. Халықаралық құқықтық және ұлттық құқықтық жүйелердің арақатынасының негізгі теориялары. Халықаралық құқық қайнар көздері түсінігі мен түрлері. Халықаралық құқықты кодификациялау және оның прогрессивті дамуының мәні мен маңызы. Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының түсінігі, маңызы мен олардың жіктелуі. Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының нормативтік мазмұны.
Әдебиеттер тізімі:
1. Айдарбаев С.Ж. Международное право. Уч. пособие. - Алматы, 2013.
2. Айдарбаев С.Ж., Шумилов В.М. Международное публичное право. Учебное пособие. – Алматы, 2012.
3. Ерджанов Т.К. Международное право. Учебник. - Алматы, 2006.
4. Құлжабаева Ж.О. Халықаралық жария құқық. Оқулық. - Алматы, 2003.
5. Сарсембаев М.А. Международное право. Уч. пособие. - Алматы, 1996.