Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИСЛАМДАҒЫ ӘЗІЛ ӘДЕБІ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26.94 Кб
Скачать

9. Әйел адамдардың еркектермен әзілдесуден сақтануы, сондай-ақ, олармен сөйлеу барысында дауыстарын құбылтпауы қажет.

Аллаһ Тағала Құранда: «Әй Пайғамбардың әйелдері! Сендер әйелдерден әлде біреу сияқты емессіңдер. Егер тақуалық қылсаңдар, қылымсып сөйлемеңдер. Онда жүрегінде дерті бар әлде кім дәмеленеді. Әдеттегі сөзді сөйлеңдер.» (Азхаб сүресі, 32)

Егер тақуалықтың шыңына жеткен Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдеріне Аллаһ осылай әмір етіп жатса, күнә мен күдіктің ортасында өмір сүріп жатқан қазіргі әйел қауымына не деуге болады?!

 

Пайғамбарымыздың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кейбір әзілдері туралы

 

1. Бір күні Умму Айман Пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп күйеуінің қонаққа шақырып жатқанын хабарлайды. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сенің күйеуің көзінің ағы бар кісі емес пе еді?»-дейді. Умму Айман: «Менің күйеуімнің көзінде ешқандай ақ жоқ» - деп жауап береді. «Бар ғой»- деп Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқанынан қайтпайды. «Аллаһтың атымен ант етемін, жоқ» - дейді әйел. Сонда Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Көзінде ақ болмайтын (яғни, қарашықтың айналасындағы ақ бөлік) адам болмайды» - деген екен. 

 

2. Бір ер кісі Пайғамбарымыздан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түйемен қыдыртуды өтінеді. «Мен сені түйенің баласымен серуендетемін» - деп жауап береді Пайғамбарымыз(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын). «Мен түйенің баласымен қалай қыдыра аламын. Ол мені көтеруге шамасы жетпейді ғой» - дейді әлгі кісі. Пайғамбарымыз(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әрбір түйе – басқа бір түйенің баласы» - деген екен.  (Әбу Дәуд)

 

 

3. Бір күні Пайғамбарымызға(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кәрі әйел келіп Аллаһтан жәннатқа бағыттауды сұрап дұға етуін өтінеді. Пайғамбарымыз(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кәрі әйелдер жәннатқа кірмейді» - дейді. Қария әжей жылай бастайды. Сонда Пайғамбарымыз(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жәннатқа кіргенде сен кәрі болмайсың, жас боласың» - деп айтқан. (Тирмизи)

 

4. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахаба Әнәс ибн Мәлікке (Аллаһ оған разы болсын) «Ей, екі құлақтың иесі!» деп әзілдейтін. (Тирмизи)

 

Қорыта келгенде айтарымыз, шариғат тек шындық арқылы болған, сондай-ақ қоғамға зиянсыз және дінді тәлкек етпейтін әзілдерге оң баға береді. Десе де, оны жиі қолдану, әзілдесуді жақсы көру адамды жақсылыққа жетелемейді. Әзілдің көптігінен адамдар көп күледі, ал асқан күлкі адам рухын сөндіреді, Аллаһты зікір етуден және арғы өмірді ойлаудан тосады, адамның қадірін төмендетеді және әдеп шегінен шығарады, кей-кезде басқаларда қызғаныш сезімін тудырады.

Бұл жайлы Аллаһ Тағала айтады: «Сондай-ақ жүрегі Бізді еске алуды ұмытқан, әуесіне ерген және шектен шыққан біреулерге бағынба». (Кәһф, 28)

Сонымен бірге, бұл адамды бейпіл ауыз, сөзі көп, мылжың болуға алып келеді. Ал біздің әрбір сөзіміз періштелердің қаламының ұшына ілінуінде.

Аллаһ Тағала Құранда: «Аузынан бір сөз шығарса болды, алдында аңдушы дайын». (Қаф сүресі , 18)

Сол үшін де, амал дәптерімізді хайырлы сөздер мен зікірлермен толтыруға асығуымыз керек

Сүйікті Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім Аллаһқа және Қиямет күніне иман келтірсе жақсы сөз сөйлесін болмаса үндемесін» - деген. (Бухари)

Сондай-ақ, адамның әзілмен жиі айналысуы оның жиі қателесуіне әкеледі.

Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және айтады: «Шын мәнінде, адам еш мән берместен сондай бiр сөз айтуы мүмкін, бiрақ сол сөздiң кесiрiнен тозаққа жетпiс жыл құлайды» (Тирмизи, ибн Мәжә)

 

Сөз соңында,

Аллаһ бәрімізге әзіл мен қалжыңда әдеп шегін сақтауда күш-қуат берсін! Әмин!