- •Исламдағы әзіл әдебі
- •Тіпті, ең өткір әзілдің өзінде қатты, қарқылдап күлуге болмайды.
- •3. Адамдарды күлдірту үшін өтірік айтуға болмайды.
- •4. Әзіл-қалжың жастары шамалас адамдар арасында ғана орын ала алады.
- •5. Әзіл мағыналы және орынды болуы керек. Әзіл реніш тудырмайтын, адамның абыройына, ата-тегіне және ойына қол сұқпайтындай болуы керек.
- •6. Әзіл салмақтылық деңгейінен асып түсіп, сені сайқымазақ атап кетуі мүмкін болатындай жағдайда әзілдемеген абзал.
- •9. Әйел адамдардың еркектермен әзілдесуден сақтануы, сондай-ақ, олармен сөйлеу барысында дауыстарын құбылтпауы қажет.
5. Әзіл мағыналы және орынды болуы керек. Әзіл реніш тудырмайтын, адамның абыройына, ата-тегіне және ойына қол сұқпайтындай болуы керек.
Аллаһтың, Оның Пайғамбарының(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) есімін, Құран мен хадистерді қолданып әзілдеуге болмайды.
Аллаһ Тағала Құранда: «Егер олардан бұл қылықтарын сұрасаң: «Біз тек еріккен соң, қалжындап едік», - деседі. (Оларға былай де): «Сонда сендер Алланы, Оның аяттарын, пайғамбарын келеке етіп, ойнайды екенсіңдер ғой. Жалтармаңдар. Сендер иманға келген соң қайта кәпір болдыңдар. Сендердің бір тобыңа кешірім жасасақ, енді бір тобыңды күнәхар ретінде жазалаймыз» (Тәубе сүресі, 65,66)
6. Әзіл салмақтылық деңгейінен асып түсіп, сені сайқымазақ атап кетуі мүмкін болатындай жағдайда әзілдемеген абзал.
Бұл адамның абыройын түсіреді. Оны салмақты қабылдамайтын болады. Басқалар да оны келеке ететін болады. Пайғамбарымыз(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өте көп әзілдесуге тыйым салған: «Кей-кейде жүректеріңді әзілмен қуантыңдар және тыныштандырыңдар», - деп айтқан. Яғни, Пайғамбарымыз(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге әрдайым әзілдеп жүріңдер деп айтқан жоқ. Мұсылманға жөнсіз әзілдеу жараспайды. Құран үнемі әзілдеп жүретін адамнан аулақтаған адамды қолдайды. Бір дана кісі айтқан екен: «Егер сен құрметті, сыйлы адамды әзілге айналдырсаң, ол сені жек көріп кетеді. Ал егер жексұрын адамды әзілге айналдырсаң, ол сені тарпа бас салып, шабуыл жасайды».
7. Діндес бауырына әзілдеп қару кезену, көлікпен қағып кету қаупін тудыру ислам әдебінің бұзылғандығы болып табылады. Сонымен бірге, өзара қару кезеніп немесе мүлкіне зиян тигізуі арқылы әзілдесу де шариғат құп көрмеген амалдардан.
Хадисте: «Өз бауырларыңа қаратып қару кезенбеңдер! Себебі шайтан оның қолын тайдырып, соның нәтижесінде ол тозақ орнына түсіп кетуі мүмкін» - делінген. (Бухари, Муслим)
Тағы бір хадисте: «Кімде-кім бауырына өткір затты кезенсе, затын тастамайынша оған періштелер қарғыс айтады. Тіпті, ол бір әке, бір анадан туған бауыр болса да» - дейді. (Муслим)
«Сахабалар Пайғамбармен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге сапарда жүрген кез болатын. Араларынан біреуі ұйықтап жатқанда, достары оның қойнына әзілдеп арқан салып жібереді. Ұйқыдағы кісі қорқып кетеді. Сонда пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мұсылманды мұсылман қорқытуына болмайды»,-деген.» (Әбу Дәуд)
Және бір хадисте: «Ешбіреуің бауырының таяғын әзілдеп немесе шындап алушы болмасын. Кімде-кім бауырының таяғын алған болса, өзіне қайтарып берсін. (имам Тирмизи, Әбу Дәуд, имам Ахмад)
8. Сондай-ақ, адамдардың кейбір кемшіліктерін айтып, әзілдеуге болмайды. Және әзілдеу уақытында, оның кемшіліктерін қимылмен, ишарамен көрсетіп, күлкі қылуға да тыйым салынған. Бұл ғайбаттаушы, өсек тасушы адамның сипаты.
Аллаһ Тағала Құранда: «Бүкіл қорлаушы, өсекшіге нендей өкініш! – деп ескертті. (Һумәзә сүресі, 1) .
Аллаһ Тағала аятты «уәйл» сөзімен бастады. Біз оның мағынасын жоғары да баян еттік. Ал, аяттағы «Лумәзә» сөзі - «тілімен келемеждеуші» , ал «һумәзә» сөзі - «адамдарды іс-әрекетпен мазақ қылушы адам» деген мағына береді.
«Бауырыңның үстінен күлуші болма, Алла тағала оған мейірімділік етіп, сені пәлеге ұшыратуы мүмкін» (Муслим)
Аллаһтың азабына ұшырағандардан болудан пана сұраймын!
