
- •Исламдағы әзіл әдебі
- •Тіпті, ең өткір әзілдің өзінде қатты, қарқылдап күлуге болмайды.
- •3. Адамдарды күлдірту үшін өтірік айтуға болмайды.
- •4. Әзіл-қалжың жастары шамалас адамдар арасында ғана орын ала алады.
- •5. Әзіл мағыналы және орынды болуы керек. Әзіл реніш тудырмайтын, адамның абыройына, ата-тегіне және ойына қол сұқпайтындай болуы керек.
- •6. Әзіл салмақтылық деңгейінен асып түсіп, сені сайқымазақ атап кетуі мүмкін болатындай жағдайда әзілдемеген абзал.
- •9. Әйел адамдардың еркектермен әзілдесуден сақтануы, сондай-ақ, олармен сөйлеу барысында дауыстарын құбылтпауы қажет.
Исламдағы әзіл әдебі
ﻢﻴﺣﺮﻟﺍ ﻦﻤﺣﺮﻟﺍ ﻪﻠﻟﺍ ﻢﺴﺑ
Ислам - жан-жақты дін және өмір салты. Сондықтан да ол мұсылмандардың әзіл-қалжың әдебін де қамтиды. Әзіл немесе қалжың деп жүректе қуаныш пен шаттық тудыратын және соның әсерінен адам жымиып-күлетін, жүзі жайдарланатын әңгіме не болмаса іс-әрекетті айтады. Келесі кезекте, әзділдесу кезінде төменде көрсетілген әдеп қағидаларын ұстанған абзал болып табылады:
Тіпті, ең өткір әзілдің өзінде қатты, қарқылдап күлуге болмайды.
Сыпайы күліп, өз таңданысыңды әдеппен білдіруің – бұл сенің айналаңдағы адамдарға деген сыйластығыңды білдіреді. Ислам қатты және шектен тыс күлкіні қош көрмейді.
Тирмизи, Ахмад және Мәлік жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қатты күлмеген, тек қана жымиған», - делінеді.
2. Әзіл шынайы болуы керек.
Себебі, сахабалар Пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «О Аллаһтың Елшісі, сен де әзілдейді екенсің ғой!»,-дегенде Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мен әзілдеймін, бірақ әзілдесем де тек шындықты айтамын»,-деп айтқан (Тимрмизи). Яғни, әзілдесу кезінде тек қана шындықты тілге тиек ету керек.
Ислам өтірікті қолданып әзілдеуге тыйым салады. Өйткені өтірік әрқашан өтірік болып қала бермек.
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтады: «Өтіріктен сақтаныңдар! Себебі ол бұзықтыққа апарады. Ал бұзықтық тозаққа апарады. Адам өтірікті әдетке айналдырса Алланың алдында өтірікші болады» дейді. (Бухари)
Және имам Әбу Дәуд жеткізген хадисте: Әзілдеп болса да өтірік айтудан тосылған адамға жәннаттың ортасынан үй берілуге кепілмін» деп, ақиқат астарланған әзілдің құнын түсіндірген.
3. Адамдарды күлдірту үшін өтірік айтуға болмайды.
Имам Ахмад жеткізген хадисте Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):
«Расында біреу отырғандарды күлдіру үшін бір сөз айтады да, жұздыздардан да алыс болған отқа қарай құлдырайтды» дейді.
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және де айтады:
«Адамдарды күлдірту үшін өтірік сөйлеген адамға «уәйіл болсын»! Оған «уәйіл болсын!». Оған «уәйіл болсын!» (имам Ахмад, имам Әбу Дәуд, имам Нәсәи т.б).
Бұл хадистен мәлім болғандай, Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өтірік арқылы күлдіруші адамды өте үлкен апатқа кіретінін баян етуде. Өйткені, «уәйіл» сөзінің бір мағынасы «өкініш» болса, тағы бір мағынасы «тозақтағы бір ойпаттың аты». Бұл сондай ойпат, ол ойпатқа тозақтағылардың денелерінен аққан іріңдер жиналады. Ол ең қатты азап болатын орын. Өйткені, сол ойпатқа әрбір тозақы адам батырылады әрі сол одан ішкізіліп, жегізіледі.
Аллаһ бізді ондай азаптан сақтасын!
Бұл хадистен алынатын тағы бір пайда, қазіргі күнде қоғамда үлкен рөлге ие әзіл-қалжың ұйымдарын құру, КВН ойнау сияқты өнер салаларымен айналысудың қауіптілігін ескертеді.
4. Әзіл-қалжың жастары шамалас адамдар арасында ғана орын ала алады.
Жасы үлкен кісілермен, діни тұлғамен, патшамен, әзілді түсінбейтін және оған ренжитін адаммен және де бөтен әйелмен әзілдеспеген жөн. Әйелге де жат адаммен әзілдеспеу керек. Ұят – иманның белгісі және де әйелдің ізгі амалдарының ең көркемі. Құранда Шұғайыб пайғамбардың қызы ұяты үшін мақталады.