Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кудай каласа, кызыл диплом1!!! АМИН!!!.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133.14 Кб
Скачать

2. Қазақстан республикасындағы мемлекеттік қызмет жүйесінің персоналын басқару жағдайын талдау

2.1. Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің қазіргі даму жағдайын талдау

Басы

Мониторинг мемлекеттік қызметшілердің сандық және сапалық құрамын, сондай-ақ персоналды басқару саласындағы қазіргі ахуалды айқындауға бағытталған.

Мемлекеттік қызметшілердің саны

2015 жылдың 1 қаңтарында мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны 99 318 бірлікті құрайды (саяси – 406 бірлік, «А» корпусы – 513 бірлік, «Б» корпусы – 98 399 бірлік).

Кейбір елдерде мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін шенеуніктер ғана жатқызылса, басқаларында – барлық мемлекеттік сектордағы жұмысшылар жатқызылатындығын атап өту қажет.

Мысалға, Ұлыбритания мен Германияда жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер болып табылмайды, ал Францияда олардың қатарына полицияның және денсаулық сақтау жүйесінің жұмысшылары жатқызылған. Бұл әдістемелік айырмашылық мемлекеттік қызметшілер санын талдауға да әсерін тигізеді.

Халықаралық стандарттарды салыстыру және шетелдік сарапшылардың бағалау қорытындылары Қазақстанда ықшам мемлекеттік аппарат қалыптастырылғанын көрсетеді.

Экономикалық белсенді халықтан мемлекеттік қызметшілер санының үлесін талдау, бұл көрсеткіштің Қазақстанда бар-жоғы  1,1%-ды көрсетеді. Бұл ретте, бір мемлекеттік қызметшіге 171,6 жуық адам келеді.

ЭЫДҰ-ның 9 елінде (Австралия, Финляндия, Ирландия, Нидерланды, Ұлыбритания, Канада, Франция, Жаңа Зеландия, АҚШ) орташа алғанда бір мемлекеттік қызметшіге 116 адам келеді, ал экономикалық белсенді халықтан мемлекеттік қызметшілер санының үлесі 2,43%-ды құрайды.

Мемлекеттік қызметтің сапалық көрсеткіштері. Қазақстанда мемлекеттік қызметте гендерлік баланс сақталуда: қызметшілердің 54,2%-ын әйелдер құрайды, 45,8%-ын – ерлер.

Әйелдердің үлесі орташа еуропалық көрсеткіштен 3,5%-ға артық екендігін атап өту қажет.

Мемлекеттік қызметшілердің 89,7%-ы жоғары білімді, бұл өте жоғары көрсеткіш болып табылады. Салыстыру үшін: АҚШ, Австралия, Канада сияқты бірқатар дамыған елдерде, мемлекеттік қызметтің төменгі лауазымдарын иелену үшін жоғары білім тіпті қажет етілмейді.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшінің орташа жасы 39 жылды құрайды.

Бұл ретте, ең қыруар жік – 30-40 жас, 31%-ға жуық. 30 жастан кіші – 25%, 40-50 – 22%. 50 жастан астам – 22%.

Бұл жас құрамы баланстандырылғанды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте орнын басушылықтың сақталғанын көрсетеді.

5 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар мемлекеттік қызметшілердің саны 30%-ды құрайды, 5 жылдан 10 жылға дейін – 24%, 10 жылдан астам – 46%.

Бұл ретте, мемлекеттік қызметтегі орташа жұмыс өтілі 10,5 жылды құрайды. Соңғы екі жылда ол бір жылға өскен, яғни тұрақтылық тенденциясы көрінуде.

Еліміз тұрақты даму кезеңінде болғандықтан, қазіргі таңда Қазақстанда күрт жасарту тренді байқалмайды, жастардың мемлекеттік органдарға келуі табиғи қарқынмен өтуде, соның ішінде «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің қатарынан.

Мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін бұл бағдарлама түлектерінің саны 2012 жылдан бері екі есе ұлғайды.

Өткен жылы оңтайландыру өткізілген мемлекеттік органдар бойынша кадрлар мониторингі оң нәтижелер көрсетті.

Мысалы, орталық мемлекеттік органдарда бірінші басшылар саны 2 есе оңтайландырылды (17 министрден, агенттіктердің 8 төрағасынан және Президентке есеп беретін мемлекеттік органдардың  8 басшыларынан (БП, ҰҚК, Ұлттық банк, Сырбар, Президенттiң Күзет қызметi, Ұлан, МҚІА, ЭСЖҚА), 12 министр және Елбасына есеп беретін  6 басшы қалды.

Жауапты хатшылар саны 2 есеге азайды (20-дан 10-ға). Комитеттердің саны 27%-ға қысқарды (48-ден 35-ға).

Қажетті басшы буын санын нақты анықтау жұмысты тиімді ұйымдастыруды жоғарылатуда маңызды рөл атқарады.

Оңтайландырудың қорытындылары бойынша олардың саны қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органдарда 22%-ға қысқарды (8792-ден 6851-ге дейін).

Мемлекеттік қызметтегі кадрлар санын Қызылорда облысының мысалында қарастырайық. 2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қызылорда облысындағы жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілердің саны 1893 - бірлікті (2015 жылдың басында қосымша 102 бірлік берілді. Барлығы 1995 бірлік болды.) құрап отыр. Олардың 7-і саяси мемлекеттік қызметшілер, 1886 - мемлекеттік әкімшілік қызметшілер, оның ішінде – 8-і «А» корпусының қызметшілері. Облыстық деңгейде  437 қызметші және аудандық деңгейде 1456.

Облыс әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерінің гендердік-жас құрамы бойынша мемлекеттік қызметшілердің ішінде әйелдердің үлесі 51 % (нақты 409 адамның – 209-ы).

Облыс әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерінің нақты санының 29 жасқа дейінгілері - 83 немесе 20,5 %, 30-40 жас аралығындағылар - 150 немесе 36,8 %, 40-50 жас аралығындағылар - 91 немесе 22,4 %, 50-ден жоғары – 85 немесе 20,3%. 62-63 және 57-58 жастағы 2 қызметші, сондай-ақ, зейнет жасындағы 6 қызметші жұмыс жасайды. Орташа жас 37-ні құрайды. Барлық қызметшілердің жоғары білімі бар. Оның ішінде: жаратылыстану білімі – 0,5% (2); экономикалық білім – 45% (184); гуманитарлық -   2,4% (10); техникалық – 15,6% (64); заңгерлік білім – 14% (57); педагогикалық – 12,5% (51); мемлекеттік басқару – 0,5% (2); медициналық – 3,2% (13); ауылшаруашылық – 5,3% (22); мәдениет және өнер - 1% (4). Екі немесе одан да көп жоғары білімге ие – 93 қызметші 22,7% құрайды; 9 - қызметші ғылыми дәрежеге ие (2-доктор, 7-кандидат), «Болашақ» бағдарламасы бойынша – 3 қызметші және 12 мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясын бітірген.

Кадр ауысушылығы бойынша, 2014 жылы жергілікті атқарушы органдарда 259 мемлекеттік қызметші немесе жалпы штат санының 13,7 % түрлі себептермен ауысқан. Оның ішінде: мемлекеттік саяси лауазымға ауысуына байланысты – 2, мемлекеттік әкімшілік лауазымға ауысуына байланысты – 16, теріс себептермен – 10, зейнеткерлік жасқа толуына байланысты – 14, штат санының қысқартылуына байланысты – 5, өз тілегі бойынша – 208 және басқа да себептермен – 4.  

Қызылорда облысындағы мемлекеттік қызметшілердің 3216-сы жоғары білімді мамандар санатына кіреді. Олардың арасында 465-і екі және одан да көп диплом алған мамандық иелері болып келеді. Облыстық коммуникациялар орталығында өткізілген баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті-тәртіптік кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаев осылайша мәлім етті.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілер арасында 4 ғылым докторы, 14 ғылым кандидаты бар. Олардың жас құрамы бойынша тоқтала кететін болсақ, жалпы мемлекеттік қызметшілердің 35 пайыздайын 30-40, төрттен бір бөлігін 40-50, тағы ширек бөлігін 50 жастағылар құраса, қалғанын 30-ға дейінгі жастар еншілейді. Қызметкерлердің орташа жасы 41-ді құрайды. Жоғары білімді мемлекеттік қызметшілердің 37 пайызын экономистер құраса, заңгерлер 18, техникалық мамандық иелері 11,5 пайыз болып отыр.

Жалгасын табу