- •1.Персоналды басқаруДың теориялық- әдістемелік негіздері
- •1.2. Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі персоналды басқару ерекшеліктері
- •1.3. Мемлекеттік қызмет персоналын басқару тиімділігін бағалау әдістемесі
- •2. Қазақстан республикасындағы мемлекеттік қызмет жүйесінің персоналын басқару жағдайын талдау
- •2.1. Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің қазіргі даму жағдайын талдау
- •2.2. Мемлекеттік қызметтегі кадрларды іріктеу жүйесін талдау
- •3.Мемлекеттік қызмет персоналын басқаруды жетілдіру
- •3.1. Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі персоналды басқарудың шет елдік тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері
1.2. Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі персоналды басқару ерекшеліктері
Әкімшілік құқықтың құрамдас бір бөлігі мемлекеттік қызмет болып табылады.Мемлекеттік қызмет – мемлекет қызметінің бір саласы және мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі болып табылады.
Мемлекеттік қызмет әрқашан да мемлекет қаражат қорынан қаржыландырылады, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы мен жолсапар шығындары бюджеттен өтеледі және қажет болған жағдайда арнайы баспанаға, ғимаратқа орналастырылып, өздеріне жүктелген өкілеттілікті атқаруға қажетті арнаулы керек-жарақпен жабдықталады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкердің айрықша мәртебесі болады. Қызмет мерзімі ішінде мемлекеттік қызметшілерге өз өкілеттігін жүзеге асыруға керекті міндеттер мен арнайы құқықтардан бөлек әлеуметтік артықшылықтар мен жеңілдіктер беріледі. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 21-бабында әрбір адамның өз елін басқаруға қатысуға құқы танылған. ҚР сол декл арацияға қосылушы мемлекет ретінде өзінің әрбір азаматының Мемлекеттік қызметке кіруге деген тең құқығын Конституцияда белгіледі. Мемлекеттік қызметке үміткерге қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына қарай әртүрлі болады. Соған орай азаматтың Мемлекеттік қызметке кіруіне кедергі болатын негіздер де заңдарда көрсетіледі. Басты негізге азаматтың қасақана қылмыс үшін сотталғандығы жатады. Шет ел азаматтарының ҚР-ның Мемлекеттік қызметіне кіруіне құқы жоқ. Конституцияға сәйкес, мемлекеттік қызметкердің жасы 60-тан, ерекше жағдайларда 65- тен аспауы тиіс екендігі көрсетілген.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайларын Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы реттейді.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен атқарылуы келесі принциптермен негіз алады:
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк қызмет: 1) заңдылық; 2) қазақстандық патриотизм; 3) мемлекеттiк өкiметтiң заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы; 4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы; 5) жалпы қол жетiмдiлiк, яғни Республика азаматтарының мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге және өз қабiлеттерi мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттiк қызмет бойынша жоғарылатылуға тең құқығы; 6) азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруiнiң ерiктiлiгi; 7) мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiбилiгi мен жоғары бiліктiлiгi; 8) мәнi бiрдей жұмыстарды орындағаны үшiн еңбекке ақыны тең төлеу; 9) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдердi орындаудың бағынысты мемлекеттiк қызметшiлер мен төменгi мемлекеттiк органдардың қызметшілерi үшiн мiндеттiлiгi; 10) мемлекеттiк қызметшiлердiң бақылауда болуы және есептiлiгi; 11) мемлекеттiк құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып есептелетiн қызметтi қоспағанда, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру; 12) мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы; 13) мемлекеттiк қызметшiлердi қызметтiк мiндеттерiн адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн көтермелеу; 14) мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны және өздерiнiң өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны үшiн жеке жауаптылығы; 15) мемлекеттiк қызметшілердiң бiлiктiлiгiн арттыруды үздiксiз жүргiзу принциптерiне негiзделедi. / http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z990000453_/
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының құрамына мемлекеттік қызметшілердің саяси және әкімшілік лауазымдары кіреді. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке тағайындау, не сайлау негізінде кіруі, ал мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуы конкурстық негізде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға мынадай талаптар қойылады: олар Қазақстан Республикасының азаматтары болу, жасы 18-ден кем болмауы, қажетті білімі, кәсіби даярлық деңгейі болуы керек және т.б.
Ерікті еңбек ету құқығы. Қазақстан Республикасы Конституцияның 24-бабына сәйкес: “Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар”. Бұл Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз қалауынша жұмысқа тұра алады және одан өз еркімен шығып кете алады дегенді білдіреді. Жұмыспен айналысқысы келетінін, қанша жұмыс істегісі келетінін азамат өзі шешеді. Конституцияның келтірілген бабында: “Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша, не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі” делінген. Бұл егер адам қылмыс жасаса еріксіз еңбек ету қолданылуы мүмкін дегенді білдіреді. Сондай-ақ жағдай қоғам мен адам қауіпсіздігіне қауіп төндірсе олар құтқару жұмыстарына еріксіз тартылуы мүмкін.
Қызмет түрін ерікті түрде таңдау мынаны білдіреді. Азамат қайда жұмыс істегісі келсе, сонда істей алады. Ол мемлекеттік ұйым немесе жеке меншік болуы мүмкін немесе үйінде отырып, үй жұмысымен айналысуы мүмкін. Сондай-ақ ол кітап жаза алады, сурет сала алады және де басқа еңбекпен айналыса алады. Ол кәсіпкерлікпен, мал өсірумен, бақташылықпен, т.б. айналысуы.
Қағида талаптардың бірі бойынша, мемлекеттік қызметті мемлекеттік шенеунікке «өз қызметтік парызын адал атқаруға кедергі болатын қандай да бір жеке немесе өзге де қаржылық мүдделерден» тыс қарастырылатын қызмет саласы.
Мемлекеттік қызметкерлер жеке мүдде мақсатында жабық үкіметті ақпаратты немесе сол тектес ақпаратты қолданылу көзделетін қаржылық операцияларға қатыспау керек.
Қызметкерлерге «олардың қандай да бір ресми әрекеттенуіне итермелейтін, олармен қандай да бір ортақ істері бар немесе осы қызметкерлер қызмет істейтін мемлекеттік органмен реттелетін қызметті жүзеге асыратын» кез келген тұлға немесе тұлғалар тобынан сыйлықтар алуға немесе қандай да бір нысанда болмасын олардың іс әрекетін көтермелеуге тыйым салынады. Сонымен қатар, мүдделері белгілі бір деңгейде сол қызметкерлердің қызметтік міндеттерін жүзеге асырумен немесе асырмауымен байланысты болатын тұлғалардан да сыйлықтар алуға тыйым салынады.
Мемлекеттік механизм қызметіндегі кәсібиліктің маңызының жоғарылығы сонша, халықаралық қоғамдастық лауазымды тұлғалардың жұріс-тұрыс ережелері, қойылатын талаптары және т.б. бекітілген бірқатар құжаттарды қабылдады. Бұл құқықтық тәртіпті сақтауда қамтамасыз етуге тиіс қызметтерге қатысты, мұнда адам құқығының бұзылуы жоғары, сондықтан осы қызметкерлердің кәсіби қызметі ерекше басқарылуы тиіс.
Мемлекеттік қызметшілер әкімшілік құқықтық субьектілері ретінде демократия мен құқық негізінде экономика, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік-саяси аяларын басқару, қазақстан мемлекеттілігінің нығайту және қоғамды реформалау сияқты міндеттерді шешуде аса маңызды рөл атқарады. Елімізде қоғам мен мемлекет өмірінің барлық аяларында жүргізіліп жатқан қайта құруға байланысты түбегейлі өзгерістер мемлекеттік қызметшілерге қойылатын жаңа талаптар туғызды. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында мемлекеттік аппараттың — қызметі нарықтық реформаларды жүзеге асырудың міндеттеріне толығынан сай келмейтін болғандықтан мемлекеттік қызметті реформалаудың қажеттілігі пайда болды. Реформалаудың мақсаты қазіргі және келешектегі саяси және экономикалық жағдайларда жұмыс істей алатын қабілеті жаңа үлгідегі мемлекеттік аппарат, жоғары кәсіби білікті, құзыретті, тиімді және тәртіпті аппарат құру. Бұл міндетті шешу мемлекеттік қызметшілердің тиісті әкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілеуді де қамтиды.
Қазақстан Республикасының 1999 жылы 23 шілдеде қабылданған «Мемлекеттік кызмет туралы» заңы бойынша мемлекеттік қызметші болып мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не ҚР-сы Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыратын ҚР-ның азаматы болып табылады. Мемлекеттік қызметші әкімшілік және саяси қызметші болып бөлінді. Ал Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне жаңа модель бойынша енгізілген өзгерістерге сәйкес мемлекеттік қызметшілер саяси қызметшілер, «А» және «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілер болып үшке бөлінді. Тиімді мемлекеттік қызмет жүйесін қалыптастыруды қамтамасыз етуге байланысты мемлекеттік қызмет заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Нәтижесінде мемлекеттік қызметтің кәсіби деңгейін көтеруді мақсат ететін реформаға байланысты ҚР Президентінің 7 Жарлығы және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның 4 бұйрығы қабылданды.
Осындай өзгерістерге сәйкес, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурстың талаптары мен шарттары өзгерді. Конкурс екі кезеңнен тұратын болды. Бірінші кезеңде «Б» корпусына үміткерлер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне немесе оның аумақтық департаменттеріне өтініш білдіріп, тестілеуге қатысады. Яғни, азаматтар мемлекеттік қызметке тест тапсыру үшін бұрынғыдай конкурс жариялануын күтпейді. Тестілеудің оң қорытындысын алған азаматтарға сертификат беріліп, оларға конкурстарға қатысуға құқық беріледі. Екінші кезеңде мемлекеттік орган бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс өткізеді. Конкурсқа тестілеудің оң қорытындысы туралы сертификаты бар азаматтар қатысады. Осы арқылы, мемлекеттік органдардың конкурстық рәсімдерді өткізу уақыты 50-60 күннен 15-20 күнге дейін қысқарды.
Тест тапсыру үшін үміткерлер Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігіне немесе оның аумақтық департаменттеріне келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) білімі туралы құжаттардың (диплом) көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариатта куәландырылған);
3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариатта куәландырылған);
4) ЖСН бар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Егер азамат еңбек қызметін атқармаған болса немесе оның өтінішінде көрсетілген лауазым санаты бойынша жұмыс өтілі талап етілмесе еңбек кітапшасын ұсыну талап етілмейді. Қарауға тест тапсыруға үміткерлер немесе олардың өкілдері (сенімхат бойынша) қолма-қол немесе пошта бойынша толық көлемде ұсынған құжаттары қабылданады.
Мемлекеттік саяси қызметшілер үшін лауазым санаттары белгіленбейді.
ҚР Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер,олардың орынбасарлары
Конституцияға сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік қызметшілер
Саяси лауазымдар
ҚР Президентінің палаталары және олардың Төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары
орталық атқарушы органдармен ведомстволарды басқаратын мемлекеттік саяси қызметшілер
Cурет 2 - Саяси лауазымдардың жіктелімі
Ескерту: сурет [15] әдебиет негізінде автормен құрастырылған
Жаңа модельге сәйкес әкімшілік мемлекеттік қызметшілер»А»басқарушылық корпусы мен «Б» корпусына бөлінген.
Елбасының Жарлықтары негізінде мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімі, кадр саясаты жөніндегі Ұлттық комиссия туралы және аймақтық кадрлық комиссиялар туралы ереже, «А» корпусының кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының лауазымдарына іріктеу ережесі, мемлекеттік қызметті өткеру, бағалау және аттестация, жалпы кадр резервін қалыптастыру ережелері бекітілді, «А» корпусының лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарының тәсілі мен тәртібі анықталды. «А» корпусына жататын қызметшілерді тағайындау Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясатымен айналысатын Ұлттық комиссияның шешімін қажет етеді. Ұлттық комиссия «А» корпусының кадр резервіне іріктеу жүргізеді. Қызмет жасап жүрген мемлекеттік қызметшілер «А» корпусының лауазымдарына үміткерлермен бірге тестілеуден және әңгімелесуден өтеді.
Сурет 3 – Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер корпустары
Ескерту: Сурет [15] әдебиет негізінде автормен құрастырылған
Сурет 4 - Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің «Б» корпусының санаттары
Ескерту: Сурет [15] әдебиет негізінде автормен құрастырылған
Мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеу жүйесіне тоқталатын болсақ, жоғарыда аталып өткендей, саяси лауазымдарға мемлекеттік қызметшіліер тағайындалады немесе сайланады. Ал конкурстық іріктеу әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің «Б» корпусына қатысты жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметтің сапасының өзіндік стандарты болатын, білімі мен тәжірибесі бойынша лауазымға сай келетін азаматтардың тағайындалуына кепілдеме беретін әкімшілік лауазымдардың әрқайсысына біліктілік талаптары бекітілген (3-сурет). Алдағы уақытта мемлекеттік қызметтің лауазым иелерінің ағылшын тілін меңгеруі талаптар қатарына енгізілетін болады.
Сурет 5 - Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының «Б» корпусының біліктілік талаптары [16]
Агенттік төрағасының бұйрығымен «Б» корпусының лауазымдарына типтік біліктілік талаптары бекітілді. Енді А-1, А-2, В-1, В-2, С-1, С-2 санаттарының лауазымдарына қойылатын еңбек өтілі көтерілді. Алғаш рет «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда қызмет этикасы мен мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеті бойынша бөлек тарау қарастырылған.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 453 Заңы бойынша персоналды басқару(кадр қызметі) өз құзыреті шегінде:
1) мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын орындауы жөніндегі қызметін үйлестіреді; 2) тәртіптік, аттестаттау, конкурстық және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастырады; 3) аттестаттауды және конкурстық іріктеуді жүргізу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бойынша жоғарылату, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметінен босату рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді; 4) кадрларды іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдейді; 5) мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді; 6) мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасын, тәлімгерлігін, қызметін бағалауды, оқуын, қайта даярлығын (қайта мамандануын) және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу түрлерін және оларды қолдану тәртібін әзірлейді; 7) мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, бағалау, аттестаттау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алуды жүзеге асырады; 8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен ұйымдық жағынан дербес болады, жауапты хатшыға немесе аппарат басшысына, ал жауапты хатшы және аппарат басшысы лауазымы енгізілмеген мемлекеттік органдарда мемлекеттік органның басшысына тікелей бағынады. 3. Облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, аудандарда, қалаларда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес персоналды басқарудың бірыңғай қызметін (кадр қызметін) құруға жол беріледі. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық, қалалық атқарушы органдардың персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар адамның шешімімен құрылады. Орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесінде персоналды басқарудың бірыңғай қызметін (кадр қызметін) құруға жол беріледі. Аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелердің персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесі басшысының шешімімен немесе жоғары тұрған органның шешімімен құрылады.
Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға мынадай талаптар қойылады: олар Қазақстан Республикасының азаматтары болу, жасы 18-ден кем болмауы, қажетті білімі, кәсіби даярлық деңгейі болуы керек және т.б.
Ерікті еңбек ету құқығы. Қазақстан Республикасы Конституцияның 24-бабына сәйкес: «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауынақұқығы бар”. Бұл Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз қалауынша жұмысқа тұра алады және одан өз еркімен шығып кете алады дегенді білдіреді. Жұмыспен айналысқысы келетінін, қанша жұмыс істегісі келетінін азамат өзі шешеді. Конституцияның келтірілген бабында: «Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша, не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі” делінген. Бұл егер адам қылмыс жасаса еріксіз еңбек ету қолданылуымүмкін дегенді білдіреді. Сондай-ақ жағдай қоғам мен адам қауіпсіздігіне қауіп төндірсе олар құтқару жұмыстарына еріксіз тартылуы мүмкін.
Қызмет түрін ерікті түрде таңдау мынаны білдіреді. Азамта қайда жұмыс істегісі келсе, сонда істей алады. Ол мемлекеттік ұйым немесе жеке меншік болуы мүмкін немесе үйінде отырып, үй жұмысымен айналысуы мүмкін. Сондай-ақ ол кітап жаза алады, сурет сала алады және де басқа еңбекпен айналыса алады. Ол кәсіпкерлікпен, мал өсірумен, бақташылықпен, т.б. айналысуы мүмкін.
Қызмет түрін ерікті таңдауға қойылатын шектеудің мәні мынада, адам сауда жасауға заңды тыйым салынған заттарды ста алмайды, адамдарды заңсыз емдеуді жүзеге асыра алмайды. Мысалы, есірткі заттарын сатумен айналысу және т.б.
Еңбек шарты. Қазіргі жағдайларда еңбек қатынастарына тұру үшін еңбек шартын жасау керек. Оның қарастырылған «Азаматтық құқық” тарауындағы азаматтық құқық шартынан айырмашылығы мынада: еңбек шартының міндеті – қызметкердің және жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттерін белгілеу. Еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушінің арасында заңнамаға сәйкес жасалуы керек.
Еңбек шартының мерзімі. Еңбек шарты әрқашан уақытша шеңберде әрекет етеді. Бірқатар жағдайларда уақытша шеңберлер шарттың әрекет етуі мерзіміне байланысты болады. Шартқа отырған тараптар оның әрекет ету мерзімін түрліше белгілеуі мүмкін. Дәлірек айтқанда, екі ұшты мерзім қояды. Ол қызметкер жұмысқа тұрақты мерзімге қабылданады деген сөз. Бұл жағдайда қызметкер шарттың мерзімі өтуіне байланысты жұмыстан шығарылмайды.
Жұмысқа қабылдау кезеңіндегі сынақ мерзімі. Қызметкердің тапсырылған жұмысқа сай келетінін тексеру үшін сынақ белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімі туралы қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде ескертіледі. Сынақ мерзімі үш айдан аспауы тиіс. Ол қызметкердің ауырып қалуына, басқа да дәлелді себептерге байланысты тоқтатылуы мүмкін. Олар «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы” заңның 30-бабында көрсетілген. Қызметкер әскери қызметке шақырылуы мүмкін. Бұл жағдайда қызметкер шақыру туралы құжатын көрсеткен соң үш күндік мерзім ішінде жұмыстан босатылады.
Егер қызметкер қылмысы үшін сотталса, шарт бұзылады және қолданылған жаза бұрынғы жұмысын одан әрі жалғастыруға мүмкіндік бермейді.
Еңбек жағдайларында жұмыс беруші, қызметкерге оның атқаратынынан артық талап қоя алмайды. Қызметкер еңбек шарты бойынша өзіне алған міндеттерді орындаудан жалтара алмайды.
Еңбек жағдайлары қызметкердің өмірі мен денмаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, гигиена талаптарға сай болуы тиіс.Қызметкердің толық қанды демалуға, қажетті материалдық қажеттіктерін қанағаттандыруға мүмкіндігі болуға тиіс. Оның білім алуға(жалғастыруға), т.б. мүмкіндігі болуы керек. Еңбек жағдайлары бойынша заңнамалық талаптар азаматтардың табиғи, әлеуметтік мұқтаждарына(сұранымдарына) сәйкес белгіленеді.
Жұмыс уақыты. Қызметкердің денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету және басқа себептермен шаршап шалдыңуына жол бермес үшін жұмыс уақытының нормалары қойылады. Оларды белгілеудің зор тәжірибелік маңызы бар. Айтылғандардан байқалғандай, қызметкердің денсаулығы қорғалады.
