Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Программа по ГАК 2015 каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
294.91 Кб
Скачать

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЗИКА-ТЕХНИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ

ҚАТТЫ ДЕНЕ ЖӘНЕ БЕЙСЫЗЫҚ ФИЗИКА КАФЕДРАСЫ

БЕКІТЕМІН

Физика-техникалық факультетінің

деканы А.Е. Давлетов __________

«____»________________2015 ж.

«Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША БАКАЛАВРИАТТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ

Алматы 2015

«5В071000- Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан бағдарламасы тәжірибелік білім беру бағдарламасы негізінде жасалынды.

Әзірлегендер:

Приходько О.Ю

Буранбаев М.Ж

Жумабекова В.Н

Манабаев Н.Қ

Бағдарлама қатты дене және бейсызық физика кафедрасының мәжілісінде қарастырылды

Хаттама № _________________________2015 ж.

Кафедра меңгерушісі _________________ О.Ю. Приходько

Факультеттің әдістемелік бюро кеңесінде мақұлданды

Хаттама № __________________ ____2015 ж.

Әдістемелік бюро төрайымы______________ А.Т. Габдуллина

Факультеттің Ғылыми кеңесінде бекітілді «____»_______________2015 ж.

Ғылыми хатшы ____________________ К.Н. Джумагулова

ТҮСІНДІРМЕ ХАТ

Бакалавриаттың «5В071000- Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасын меңгеру тәжірибелік білім беру бағдарламасына сәйкес мемлекеттік емтихан және дипломдық жұмысты қорғауды қамтитын мемлекеттік қорытынды аттестаттаумен (МҚА) аяқталады. Қорытынды аттестаттауға жұмыс оқу жоспарына және бакалавриаттың жұмыс жоспарының талаптарына сәйкес білім үрдісін аяқтаған студенттер жіберіледі.

Кешенді емтихан, дипломдық жұмысты қорғауға 1 ай қалғанда мамандықтың академиялық күнтізбесінде және жұмыс оқу жоспарында көрсетілген мерзімде өткізіледі.

Кешенді емтихан, бакалавриаттың білім беру бағдарламасының міндетті және кәсіптендіру пәндерінен тұрады. Кешенді емтиханды жақсы тапсырған студент дипломдық жұмысты қорғауға жіберіледі.

Қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер кешенді емтиханды келесі қорытынды аттестаттау кезінде қайта тапсырады.

Пәндердің жалпы тізімі және кредит саны

1. Материалдарды өндірудегі технологиялық қондырғылар– 3 кр;

2. Машинаның құралдары – 3 кр;

3. Материалдардың механикалық қасиеттері – 3 кр;

4. Материалдардың физикалық қасиеттері – 3 кр.

1.Базалық пәннің мазмұнына негізгі талаптар:

Студент білу керек:

- фазалық құрамның арасындағы өзара байланысты, материалдардың құрылымы мен қасиеттерін, технологиялық үрдістерді, ғылыми және технологиялық құрылғылардың құрылымы мен жұмысын;

- материалтану ғылымының негіздері туралы хабардар болу,оның дамуының негізгі бағыттарын және осы саладағы ғылым мен техниканың жетістіктері туралы;

-тәжірибе жүзінде материалдардың құрылымы мен қасиеттерінің зерттеу әдістерін қолдана білу;

2.Кәсіптендіру пәндерінің мазмұнына негізгі талаптар:

Студент білу керек: ғылыми зерттеулер қорытындысын математикалық өңдеу дағдысы.

- жаңа материалдар алуда және оларды өңдеуде жұмыс жасау дағдысы, технологиялық карталар құру,

- техникалық және экологиялық қауіпсіздік сұрақтарында құзыретті болу, адам өмірін қорғауда құзыретті болу, құқықтық нормалар және экономикалық жағдайларда құзыретті болу.

3. Кешенді емтиханға арналған тақырып тізімдері:

3.1 Материалдардың механикалық қасиеттері; Тақырыптар:

1. Материалдың механикалық қасиеттерінің түсінігі.

2 Созылуды зерттеуге арналған машиналар.

3. Зерттеу барысындағы созылуды анықтайтын негізгі мінездемелер.

4. Динамикалық зерттеуді анықтайтын механикалық қасиеттер.

5. Айналуды бақылау

6. Кесілген және тез бүлінген үлгілердің бақылау.

7. Серпімді және қалдық деформациялар.

8. Материалдың механикалық қасиеттерінің түсінігі

9. Металлдардың тозуы.

10. Ауыспалы (циклдік) күш кезіндегі механикалық қасиеттер.

11. Кернеу-деформация шартты қисығы.

12. Кристаллдардың гомогенді және гетерогенді пайда болуының айырмашылықтары..

13 Қаттылық. Бринелль, Роквелл, Виккерстердің әдісі бойынша қаттылықты зерттеу.

14. Бұзылу түрлері. Бұзылуларды тудыратын критикалық кернеуліктер.

15. Көміртекті болаттардың нәзік бұзылулары.

16. Шаршау кезіндегі бұзылулар. Мортты денелердің бұзылуы

17. Жорғалау (Ползучесть).

18. Теоретикалық төзімділік және Гриффитс жарықтары.

19. Қатты денелердегі шекаралық салмақтың күйі.

20. Төзімділік теориясы.

21. Серпімділік гистерезис және оның зарданы.

22. Пластикалық ағынның локализациясы.

23. Структуралық және процестік деформация арасындағы анализдің байланысы.

24. Металдардың коррозиясы. Биокоррозия.

25. Материалдардың коррозиялық-шаршаулы бұзылулары..

26. Нүктелік және сызықтық ақауларынің механикалық құрылымына әсер етуі.

27. Кристалдық құрамның материалдағы пластикалық механизм деформациясы. Тайғанау. Екі еселенуі. Атомдардың дұрыс орналасуынан ауытқу.

28. Статикалық , динамикалық және айнымалы салмақтарын тәжірибе арқылы негізгі механикалық қасиетін аңықтау.

29. Пластикалық және серпімділік деформацияны заңдылықтары.

30. Жоғарғы қысымдардағы материалдардың орналасу тәртібі. Полиморфизм.

31. Металдардың сығылуы. Металдардың сығылу модуліне қысымның әсер етуі.

32. Кернеуліқтык. Мор әдісі бойынша кернеуліқтың графикалық корсетілуі.

33. Гриффитс сынуының жылдамдыққа таралуы. Морттық материалдар ақаунің статикалық мінездемесі.

34. Бұзылу критериясы. Мықтылық шарты.

35. Сырғанаудың бұзылуы. Гриффитстің бұзылу және қаттылық теориясы.

36. Материалданың пластикалық деформациясының механизмы. Тайғанау. Екі еселенуі.

37. Аз көміртек болаттың ауысу температурасы.

38. Кристалдардың сегнетоэлектрлік құбылысының физикалық ұғымы. Кристалдардың пьезоэлектрлік құбылысының физикалық ұғымы.

39. Пластикалық ағынның сынуда пайда болуы.

40. Деформация. Қайтымсыз біржақты деформацияның аяқталуы. Жазықтық деформацияның аяқталуы. Біртекті деформация.