Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКСИКАНЫ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
65.7 Кб
Скачать

І бөлім. Лексиканы аудару ерекшеліктері

1.1. Аударма кезіндегі лексикалық трансформациялар

Аудармалық немесе тіларалық трансформация дегеніміз - қайта жасап өзгертудің көмегімен оригинал бірліктерінен аударма аударма бірліктерінен өтуді айтады. Аудармалық трансформация мазмұн мен мәнері бар тіл бірліктерімен жасалатындықтан олар формальды-семантикалық сипатқа ие, әрине бастапқы бірліктерді форма жағынан да мағына жағынан да өзгертеді.

Аударма процесін сипаттау шеңберінде аудармалық трансформация статистикалық жағынан, яғни бастапқы тіл бірліктерімен олардың сөздіктегі сәйкес келушілігінің арасындағы қатынасты талдау емес, динамикалық жағынан, яғни аударма тәсілі (әдісі) ретінде, аудармашы әртүрлі оригиналды аудару кезінде сөздік сәйкестігі жоқ, контекст бойынша қолдануға келмейтін жағдайда қолдана алатын аударма тәсілі ретінде қарастырылады.

Бастапқы тіл бірліктерінің сипатына (түріне) қарай аудармалық өзгертулер лексикалық және грамматикалық болып 2-ге бөлінеді.

Сонымен бірге күрделі лексика-грамматикалық өзгертулер, яғни бір мезгілде оригиналдың лексикалық және грамматикалық өзгерту немесе деңгей аралық, яғни лексикалық бірліктен грамматикалық бірлікке не керісінше грамматикалық бірліктен лексикалық бірлікке өту түрі болады.

Аударма процесінде қолданылатын лексикалық өзгерулердің негізгі типтері мынандай аудармалық тәсілдерден тұрады: аудармалық транскрипция және транслитерация, калькилендіру және лексикалық-сематикалық ауыстырулар (конкретизация-нақтылау, генерализация-жалпылау және модуляция).

Ең көп тараған грамматикалық өзгертуге: синтактикалық ұқсасу, сөйлемді мүшелерге бөлу, сөйлемдерді біріктіру, грамматикалық ауыстыру (сөздің формасын, сөз табын немесе сөйлем мүшесін) ауыстыру жатады.

Күрделі лексикалық-грамматикалық өзгертуге: антонимдік аударма, экспликация және компенсация жатады.

Транскрипция және транслитерация дегеніміз – оригиналдық лексикалық бірліктерінің формасын аударма тілінде әріптердің көмегімен қайта жасайтын аударма тәсілі.

Транскрипция бойынша (арқылы) бөгде сөздің дыбыстық формасы қайта жасалынды, ал транслитерация арқылы сөздің графикалық формасы (әріптік құрамы) қайта жасалынады.

Қазіргі заманғы аударма практикасында транскрипция транслитерацияның кейбір элементтерін сақтай отырып басты тәсіл болып табылады. Тілдердің фонетикалық және графикалық жүйелері бір-бірінен өзгеше болатындықтан бастапқы тілдің сөздерінің формасын аударма тілінде беру шартты және жуық түрде алынады: absurdist –абсурдист, kleptocracy – клептократия, skateboarding – скейтбординг.

Әрбір қатар тілдер үшін бастапқы тілдің сөзінің дыбыстық құрамын берудің ережелері жасалынады, транслитерацияның элементтері сақталынғаны жайлы көрсетіледі.

Ағылшын-қазақ аудармаларында ең көп кездесетін транскрипцияларда транслитерация элементтері негізінен кейбір айтылмайтын дауыссыз дыбыстармен редукцияға ұшыраған дауысты дыбыстар боп келеді. Мысалы: dorset [do:sit] - дорсет, Campbell [‘kœmbәl] - кэмпбелл), сонымен бірге дауысты дыбыстар арасындағы қос дауыссыз дыбыстарды және сөздің аяғындағы дауыстыдан кейін келетін дауыссыз дабыстарды беру: Bonners Ferry – Боннерс Ферри, (boss-босс), аудармада әлдеқашан белгілі үлгіге сөздердің дыбысталуын жақындастыратын, сөздердің орфографияларының кейбір ерекшеліктерін сақтау: (Hercules missile – ракета «Геркулес», deescalation – деэскалация , Columbia – Колумбия). Әдеттегі кейбір бағынбайтын сөздер: тарихи тұлғалардың есімдері және кейбір географиялық атаулар: (Charles I – Карл І, William III – Вильгельм ІІІ, Edinborough - Единбург).

Калькилендіру дегеніміз – оригиналдың лексикалық бірліктерін, олардың құрамдас бөліктерін – морфеманы немесе сөзді, олардың аударма тіліндегі лексикалық сәйкестіктерін ауыстыру жолымен болатын аударма тәсілі.

Калькилендірудің мәні бастапқы лексикалық бірліктің структурасын көшіре отырып, аударма тілінде қайтадан жаңа сөз немесе тұрақты сөз тіркесін жасау болып табылатын. Мысалы: mass culture – «бұқаралық мәдениет», green revolution – «жасыл революция». Кейбір жағдайларда, калькилендіру тәсілін қолдану калькаланатын элементтердің тәртібін өзгерту жағдайында болады: rapid deployment force – жедел өрәстеу. Кейде аударма процесінде транскрипция мен калькилендіру бірмезгілде болады: transnational – трансұлттық, petrodollar – нефтедоллар.

Лексикалық-семантикалық ауыстырулар дегеніміз - оригиналдың лексикалық бірліктерін аударма тілінің бастапқы тілдің бірліктерімен мағыналық жағынан сәйкес келмейтін, бірақ белгілі бір логикалық қайта жасаудың көмегімен жасалынатын тәсіл. Мұндай ауыстыруларға негізінен нақтылау, жалпылау және модуляция (мағыналық даму) жатады.

Нақтылау дегеніміз – бастапқы тілдің кең көлеміндегі заттық-логикалық мағыналы сөздері мен сөз тіркестерін аударма тіліндегі тар шеңбердегі мағыналы сөздер мен сөз тіркестерімен ауыстыру.

He was at the ceremony.

Ол рәсімде болды.

Кейбір жағдайда нақтылау әдісін қолдану аударма тілінде кең мағыналы сөздердің жоқтығына байланысты. Мысалы: ағылшын зат есімі thing өте абстрактылы мағына береді және қазақ тіліне үнемі нақтылау әдісімен аударылады: «зат, пән, іс, факт, жағдай, жанды нәрсе». Кейде аударма тіліндегі нақтыланған сөз мағыналардың коннотативті компоненттерінің алшақтығынан қолданыла алмайды. Мысалы: ағылшын сөзі meal әртүрлі сөйлеу стилинде кең қолданылады.

Сондықтан аудармада meal сөзі неғұрлым нақты сөзбен ауыстырылады: «таңғы ас, түскі ас, кешкі ас т.б.»

At seven o’clock an excellent meal was --- in the dining room. - Асханада сағат жетіде керемет түскі ас берілді.

Жалпылау дегеніміз – нақтылауға қарама-қарсы яғни тар мағынадағы бастапқы тілдің бірліктерін аударма тілінің кең мағыналы бірліктерімен ауыстыру. Жасалынған сәйкестік жаңа ұғым (жаңадан туған) яғни бастапқы түрді сақтай отырып жаңа ұғым білдіреді.

He visits me practically every week-end. Ол маған апта сайын келеді. Жалпылама мағынасы бар сөзді қолдану аудармашыға автордың «уик – энд» айта отырып, сенбі ме жексенбі ме анықтап жатудан сақтайды. Кейде мұндай ауыстырудың қажеттілігі стилистикалық себептерге байланысты. Әдеби шығармаларда қазақ тілінде адамдардың бойын белгілі бір өлшем бірліктерімен тура өлшеп айту деген болмайды. Ал ол ағылшын тілінде солай қалыптасқан. Мысалы: A young man of 6 feet 2 inches дегенді аудармада неғұрлым жалпылау әдісімен кең ұғымды қолданамыз: «ұзын бойлы, орта бойлы, тапал».

Модуляция немесе мағыналық даму дегеніміз – бастапқы тілдің сөздері мен сөз тіркестерін аударма тіліндегі, яғни мағыналары логикалық түрде бастапқы тілдің бірліктеріне шығатын бірліктермен ауыстыру өте жиі аударма мен оригиналдың сәйкес келетін сөздерінің мағыналары себеп – салдарлық қатынасы байланыста болады: I don’t blame them. Мен оларды түсінемін. Мен оларды кінәламаймын, себебі мен оларды түсінемін. Себеп-салдармен ауыстырылып отыр. He always made you say everything twice. – Ол үнемі бір нәрсені қайта сұрайтын. (Сіздің айтқаныңызды қайталауға тура келетін, себебі ол қайта сұрайтын). Модуляция тәсілін қолдануда себеп –салдарлық қатынас үлкен мәнге ие, бірақ дегенмен логикалық байланыс әрқашан сақталады. Мысалы: He would cheer up somehow, begin to laugh again and draw skeletons all over his state, before his eyes were dry.

Синтактикалық ұқсасу (сөзбе – сөз, өзгеріссіз) аудару дегеніміз – оригиналдық синтактикалық құрылысын аударма тілінің ұқсас структурасымен қайта жасау әдісін айтамыз. «Нольдік » ауыстырудың бұл типі оригинал мен аударма тілінде параллель синтактикалық структуралар болған жағдайда қолданылады. Синтактикалық ұқсасу оригинал мен аудармадағы тілдік бірліктердің санының толықтай сәйкес келуін және олардың орын тәртібінің сәйкес келушілік жасайды: I always remember his words. – Мен үнемі оның сөздерін есімде ұстаймын. Бірақ, кейде синтактикалық ұқсасуды қолданғанда, кейбір структуралық компонентерді өзгертуге тура келеді. Ағылшын тілін қазақ тіліне аударғанда мысалы: артикльдер, байланыстырушы – етістік, кейбір көмекші сөздер, түсіп қалуы мүмкін, сонымен бірге морфологиялық форма мен лексикалық бірліктер өзгеруі мүмкін1.